Право/ 9.Конституционное право

Тұрғынбек Г.Р., Рзабай А.И.

Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Адам құқықтарын қорғау-мемлекеттің негізгі мақсаты

 

Еліміздің басты саяси-құқықтық құжатын қабылдау Отанымыздың тарихындағы маңызды оқиға.Конституцияның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі принциптерін орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында адам құқығын сақтау, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру күн тәртібіндегі мәселе екендігі айтылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет, өзін әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырып, қоғамның бүгінгі таңдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістеріне, яғни нарықтық экономикаға көшу, көп партия құру, қоғамда демократиялық және құқықтық институттарды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Өткізілген реформалардың сәтті шығуы ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетін құқықтық сана деңгейіне әсер етеді, одан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары да шет қалмайды.Мемлекетте демократияның басты негізі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Барлық қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы да бұл мәселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарым-қатынаста болатындығын көрсетеді [1].Көпшілік мемлекеттер Конституциясымен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде негізгі құқықтар мен бостандықтарды жеке құжаттарда көрсету орын алады. Бұған, атап айтқанда 1789 жылғы француздың Адам мен азамат құқығы Декларациясын, 1982 жылғы канадалық Құқық пен бостандық хартиясын, 1992 жылғы Негізгі құқықтар мен бостандықтар Хартиясын жатқызуға болады. Бұл қадам басқа да конституциялық жағдайлардан жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бөліп алып қарастыруға мүмкіндік береді.Қазақстандық заңдық ғылымдарда конституциялық әділет органдарының қызметі, олардың жеке аспектілері, сонымен бірге адам құқықтарын қорғаудың жағдайлары зерттеушілердің назарын тек кейінгі уақытта ғана өзіне бұрды. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін реттеуде ірі қадамдардың бірі болды. Ол тек адам құқықтары облысында халықаралық құжаттардың ойларын ғана емес, сонымен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың конституциялық дамуының бұрынғы тәжірибесін де есепке алды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қазіргі уақытта қорғау жүйесі көп деңгейлі сипатта көрінеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің қызметі мен оның халықаралық- құқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы-демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы “Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық Өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған.

Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, бай-рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру- әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты. Сонымен қатар конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді жүзеге асыру объективтік және субъективтік факторлардың бірлігіне де байланысты. Демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан үшін аталған мәселені шетелдік тәжірибені қолдана отырып шешу тиімдірек екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары, мемлекет азаматтарының шетел азаматтарымен арасындағы қарым-қатынасы бұл тәжірибеге әсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге оған ылғи да жол ашуды көздеп отырады. Адам құқығы-қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды және ол адамның туған сәтінен бастап өзіне тиесілі. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, әлеуметтік және саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.

Арнасынан асып ағатын тасқын суды бөгеген сайын басқа арна тауып ағатыны секілді, бүгінде жемқорлықты да ауыздықтаған сайын ірілі-ұсақты арнасы көбейіп, сай-саланы жалмап барады. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жемқорлық етек алған мемлекеттік органдардың алғашқы ондығының көш басында білім саласы тұр. Осыған қарап «білімді ұрпақтың орнына-дәрменсіз, білікті маманның орнына-пәрменсіз парақор азаматтар мен азаматшаларды даярлап жатқан жоқпыз ба?» деген ойға қаласың.

Біздің қоғамда «барлық мәселені ақшамен шешуге болады» деген қағиданы ұстанатын адамдар жетерлік. Өкінішке қарай, мұны өздерінің өмірлік ұстанымы етіп алған студенттер көбейіп бара жатқан сияқты. Бұлай айтпасқа амал жоқ. Себебі соңғы кездері жоғары оқу орындарындағы парақорлық мәселесі белең алып барады. Жанын қинап білім алғысы келмейтін, оқуға құлқы жоқ жастар бағаны сатып алуды үйреншікті әдетке айналдырып алған. Студенттердiң сессияны ақшамен жабуы өкiнiшке қарай, күнделiктi өмiрдiң заңды құбылысы болып барады. Бұл ретте, өндiрiстен қол үзбей сырттай оқып жүргендердi ғана емес, күндiзгi оқу бөлiмiнiң студенттерiн айтуға болады. Мүмкiн заман талабына сай болар, әйтеуiр, студенттердiң арасында «оқытушының сұрағанын берiп, бас-аяғы не бары 3-4 күнде сынақ кiтапшасын жаптырған тиiмдi» деген қағида қалыптасып кеттi. Ең сорақысы соған бейімделген оқытушылар да жетерлік. Неге бұлай?

Азаматтық құқық бұл адамға жаратылысынан берілетін құқықтар. Кез келген мемлекет бұл құқықтарды тәуелсіз және ашық сот, тұрғын үйге қол сұқпау, еркін жүріп тұру, тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуды заңмен бекіту арқылы қамтамасыз етеді.Ал саяси құқықтар азаматтардың қоғам мен мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын қамтамасыз етеді. Бұл қатардағы құқтарға сөз еркіндігі, ар-ұждан еркіндігі, ақпарат алу құқы, сайлау және сайлану құқы, бірлестіктерге бірігу құқы жатады. Әлеуметтік-экономикалық құқтар бұл азаматтардың материалдық ресурстарды өндіру, алмасу мен пайдалану сала­сындағы мүмкіндіктері мен құқықтары.Адам құқықтары қоғам мен мемлекет дамуындағы негізгі бағыттарды айқындайды. Әрі этатистік мемлекеттің құқықтық мемлекет ретінде дамуының басты факторы болып табылады. Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтары мемлекет өміріне дербес тұлға ретінде ену құқын білдіреді. Сонымен бірге, адам қалыптасқан саяси-құқықтық институттар мен тиімді механизмдер арқылы өзін-өзі таныту мен мемлекет пен қоғам өміріне қатыс алу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Мемлекеттік заң ережелері адам құқық­тарын бұзбауы қажет. Адамның құқықтары мен бостандықтары жалпы мәні бар қажеттіліктер ретінде мемлекет, оның институттарымен қам­та­масыз етілуі тиіс. Ал азаматтар өз кезегінде билікке саяси партиялар, қозғалыстар мен қы­сым көрсетуші топтарды құру арқылы өз мүд­делері мен қажеттіліктерін білдіріп отырады.Қазақстан өзін құқықтық мемлекет ретінде жариялай отырып адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Яғни, мемлекет пен адам қарым-қатынасы мәселесінде адам мен оның құқығы пайдасына шешілуі тиіс. Себебі, Қазақстан Республикасының Кон­сти­туциясында адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп жарияланған.Әркімнің өмір сүруге құқығы басқадай құқықтар мен бостандықтардың негізін құ­райды. Әлемдік өркениеттегі ең басты құн­дылық деуімізге негіз бар, себебі адам қа­за болған жағдайда басқадай құқықтар өз­дерінің мәні мен мағынасын жояды. Сон­дықтан мақсатымыз құқықтық мемлекет құру болғандықтан 2003ж.17желтоқсанында қа­былданған «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Президент Жарлығының маңызы зор. Бұл жарлық елі­міздегі құқықтық саясат тұжырымында қарастырылған қылмыстық заңнаманы гума­низа­циялауды жүзеге асыруға бағытталған.Конституциямыздың 22 бабына сәйкес әр­кім­нің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Қандай дінді қалау немесе қаламау әрбір азаматтың жеке ісі, сондықтан мемлекет оған араласпайды. Мұның дәлелі бүгінгі күні Қазақстанда 40-тан аса конфессиялар қатар өмір сүруде. Ал ар-ождан және діни-нанымды таңдау құқығына кедергі келтіру қылмыстық Кодекспен жазаланады.Енді Қазақстан азаматтарының саяси құ­қық­тары мен бостандықтарына келетін болсақ, онда олардың қатарында азаматтардың бірлесу бостандығын, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен шерулер өткізуге құқығын, сайлауға және сайлануға құқығын, жеке және ұжымдық өтініштер жолдау құқығын айтуымызға болады.Сонымен бірге, азаматтардың саяси құ­қық­тары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде Қазақстанның халықаралық құжаттарды бекітіп мойындауы да маңызды. 1999 жылдан Қазақстан азаматтарының саяси құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету жаңа деңгейге кө­терілді. Бұл Қазақстанның халықаралық конвенцияларды мойындай бастауымен байланыс­ты.

Конституцияның 23 бабына сәйкес Қа­зақстан азаматтары бірлесу бостандығына құқылы. Яғни ортақ мүддеге негізделген қоғам­дық бірлестіктер құру арқылы азаматтарға ұйымдасқан түрде өз құқықтары мен бос­тандықтарын жүзеге асыру құқы берілген. Қо­ғамдық бірлестіктердің қызметі қосымша «Қоғамдық ұйымдар туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдармен реттеледі. Бұл құқық тек әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен соттарға қатысты шектеулі, олар партияларда, кәсіптік одақтарда мүшелік ете алмайды. Конституцияның 5 бабына сәйкес идеологиялық және саяси сан-алуандылықтың мойындалуы Қазақстан азаматтарының бірлесу бостандығын жүзеге асыруға толық мүмкіндік беруде. Саяси партиялардың құқықтық мәрте­бесі түбірімен өзгерді, енді саяси партиялар қоғамдық бірлестіктердің бір түрі ретінде қа­растырылады.Азаматтардың саяси құқықтары мен бос­тандықтарын жүзеге асырудың тағы бір жолы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар бостандығына кепілдіктің берілуі. Бірақ шеру, демонстрациялар, митингілерді өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу процедурасы, біздің ойымызша, оны ұйымдастырушылар үшін белгілі бір деңгейде кедергілер туындатады. Заңдағы митингілер мен жиналыстар өткізуге рұқсат алу азаматтарға өз құқықтарын еркін жүзеге асыруға кедергі келтіреді.Конституциядағы сайлау құқы ел азамат­тарының сайлауларға өз еркімен және ашық қатынасуына кепілдік береді. Қазақстан Рес­пуб­ликасының конституциялық заңына сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау негізінде Президент, мәжіліс және мәслихат депутаттары сайланады. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.

Азаматтардың сайлау құқы Конституциямен, «Сайлау құқы туралы» Конституциялық заңмен қамтамасыз етіледі. Қазақстан азаматтары тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағ­дайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, ті­лі­не, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғы­лықты жеріне қарамастан сайлауда дауыс беруге құқығы бар. Бұл сайлау құқын жүзеге асыруда барлық азаматтардың теңдігін қамта­масыз етеді. Он сегізге толған әрбір азамат Рес­публика Президентін, Парламент Мәжі­лісі мен мәслихаттарының депутаттарын сай­лауға қатынасуға құқылы. Сонымен бірге Қазақстан азаматтарының сайлауға қатынасу құқысымен қатар сайлану, яғни өз кандидатурасын Республика Президенттігіне, Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің, соның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде ұсынуға құқылы.Конституция бойынша сөз бен шығар­машылық еркіндікке кепілдіктің берілуі, еркін ақпарат ала алуы мен оны тарату құқысының болуы әрбір азаматтың өз ойын еркін жеткізуге, білдіруге жағдай жасайды. Мемлекеттік билік органдарының айрықша функциясы азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау. Мемлекеттік билік белгілі бір институттар, механизмдер жүйесінсіз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Бірде бір құқықтық мемлекет адам құқығына кепілдік беретін кең және көпжақты органдар мен іс-әрекеттер жүйесінсіз өмір сүре алмайды [2].
       Шенеуніктердің заңсыздық және жем­қорлықпен күресі негізінен тиімсіз. Бұл іс-әрекеттер қағаз жүзінде ғана қалуда. Сонда адамның құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық деп жариялау жәй бос сөзге айналады. Сондықтан еліміздегі құқық қорғау жүйесін нығайтып, адам құқығын қамтамасыз ету жүйесін халықаралық қалыптарға сәйкес­тендіру керек.

Әдебиет:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы.-А.:Жеті-жарғы,30тамыз 1995.(2007жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

2.Алауханов Е.А. Қылмыстық құқық.Жалпы бөлім: Оқулық.-Алматы: