Право/9.Гражданское  право

 

Рахметоллина М.М., Ю-42к тобының студенті

Сарсембаев Б.Ш., х.ғ.к., доцент

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛУЫ ТИІС?

 

Кез келген мемлекетте қандай бір қоғамда да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғауда болуы тиіс. Қолымызда барымыздың ең қымбаттысы – балалар, сондықтан да олардың өмірі қаншалықты дұрыс қалыптасқандығына, мемлекет олар үшін өандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын қорғау – кез келген мемлекетттің басты көкейкесті мәселесі болуы қажет.

Бала және отбасы құқықтары  Конституциялық деңгейде бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 – бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекет қорғалуында болатындығы айтылады. [1]

2007 жылдың 23 тамызында «Кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Қазіргі кезде мұндай соттар облысымыздың маңызды қалаларында жұмыс істейді.  Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотттар мәселесі туралы Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Осының негізінде мұндай соттар жұмыс істей бастады. Ювиналды соттар бірінші кезекте балалардың құқықтарын қорғауға және балалар қылмысын алдын алуға бағытталған. [2]

Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесі олардың конституциялық құқықтарымен  анықталады. Олардың қатарына өмір сүру, тәрбиелену, білім алу, отбасылық құқықтары жатады. Сондықтан да адамның болашақта қандай дәрежеде қалыптасып шығатындығы оның балалық шақта қаншалықты дұрыс тәрбие алғандығымен тығыз байланысты. Кәмелетке толмағандардың Конституцияда көзделген маңызды құқықтарының бірі – отбасылық құқығы. Кез келген мемлекетте, кез келген қоғамда ең алғашқы кезекте отбасы мен баланың өзін – өзі жақсы сезінуіне көңіл бөлінуі тиіс. Бала егер өзін жақсы сезінсе – оның отбасындағы жағдайдың  түзулігіне байланысты. Сондықтан да бала тек қана өз отбасында жақсы тәрбие мен қамқорлықты ала алады, тек қана отбасы баланы болашақ үлкен өмірге дайындай алады.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңының  60-бабына сәйкес, әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге, ата-анасын білуге, олардың қамқорлығында болуға, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен тұруға құқығы бар. [3]

Баланың құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты қамтамасыз етуде толық отбасының маңызы зор. Толық отбасы дегеніміз – өзінің балаларын қорғау үшін тең дәрежеде жауапты ата анасы бар отбасы. Бірақ, өкінішке орай толық отбасы баланың дұрыс балалығын және қолайлығын қамтамасыз етуге ылғи да қабілетті бола бермейді.

Баланың тәрбиеленуге құқығы – негізгі жеке құқығы болып табылады. Бұл құқыққа конституциялық норманың – 27 бабында көзделген ата-аналарының балаға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу міндеті сәйкес келеді. Сонымен бірге баланы тәрбиелеу талаптары тек қана ата-анасына ғана емес, басқа да азаматтарға, қоғамға да қатысты.

Өкінішке орай ата-аналардың балаларды тәрбиелеуде, оқытуда және тағы да басқа негізгі конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда немқұрайлы, жауапкершіліксіз қарайтын жайттар жиі кездесіп отырады. Жасөспірімдер тәрбиесінің жетіспеушілігі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, қолайсыз және толық Біріншіден бұл жайт – балаларды құқықбұзушылыққа бақылаусыздыққа қаңғыбастыққа әкеліп соғады. Сондықтан өзінің парызын өтемеген ата-аналарға қатысты заңнама ықпал ету шараларын көздейді.

Жалпы білім деңгейінің төмендігі, жасөспірімдердің тәрбиесіздігі – оларды қылмыс жасауының негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Елбасы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында қылмыстық құқықты дамытудың ізгілендіру жолы, соның ішінде қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмағандарға жазаны жеңілдететін мән-жайларды анықтап, қылмыстық жазалаудан босатудың шеңберін кеңейту айқындалған болатын. Көрсетілген бағыттарды орындау кезеңінде, яғни 2010-2011 жылдары «Балалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз  ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу», «Қазақстан Республикасының кейбір  заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары қабылданған еді.  Осы заңдар күшіне еніп, жасөспірімдерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері ескеріліп, олардың құқықтарының бұзылмауы тәжірибе жүзінде іске асты.  Кәмелетке толмағандарға сот жаза тағайындауда олардың мінез-құлқын, тәрбие ортасын, қателігіне өкінетінін, психикалық даму деңгейін, жеке басының ерекшеліктерін еске алу керектігі туралы заңдарда анық көрсетілген.  [4]

Кәмелетке толмағандар қатары тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтарды болдыртпау мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргіу аса тиімді болып келеді. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуымен ғана емес, сонымен бірге оны алдын алу ісінде кәмелетке толмағандардың  тұлғалық ерекшеліктерін ескеру де байланысты. Олай болса, қылмыстың алдын алу барысында кәмелетке толмағандардың биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әлі де болса қалыптаса қоймағандығын, оның жас және психологиялық, әлеуметтік және өнегелік ерекшеліктерін, тәрбиелік деңгейі мен білімін ескеру маңызды.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған.

2.     «Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 385 Жарлығы

3.     «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі

4.     Нұралин Д. Жасөспірімдер құқығын қорғауда жаза түрлері айқындалды. // Заң.-2014.-№9. – 2 б.