Интегралды микротәсімдер топологиясы интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектісі ретінде

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің                                                              

Заң факультеті,  құқықтану мамандығының                                                     1-курс  магистранты Оспанова М.Б

 

Интеллектуалдық меншік құқығының объектілерін ғалымдар дәстүрлі және дәстүрлі емес объектілерге бөліп қарастырады. А.П. Сергеевтің пікірі бойынша интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектілеріне: селекциялық жетістіктер, интегралды микротәсімдер топологиясы,ашылмаған ақпараттар және өндірістік құпиялар жатады.

Интеллектуалдық меншіктің дәстүрлі емес объектілерінің бірі интегралды микротәсімдер топологиясы болып табылады, олардық құқықтық режимі Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексінің» 54- тарауында  және   «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы » Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы №217 заңында анықталған.

 Интегралды микросхемалар  топологияларын  құқықтық қорғау туралы заңының  1-бабында  интегралдық микросхема  және  интегралды микросхема  топологияларына анықтама берілген.    

Интегралдық микросхема дегеніміз  - электрондық схема функцияларды орындауға арналған түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады.

Интегралдық микросхема топологиясы дегеніміз - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы [1].

Интеллектуалдық меншіктің  келесі дәстүрлі емес объектісі автордың шығармашылық қызметi нәтижесiнде жасалып, материалдық көздерде көрсетiлген интегралды микротәсiмдер мен олардың арасындағы байланыстардың элементтерi жиынтығының кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы деп танылатын интегралды микротәсімдер топологиясы болып табылады.

Қызметкерлердің шығармашылық еңбегінің нәтижесі топология деп танылады. Микротәсiмдер күрделі өнім болып табылатындықтан, өзінің құралдары есебінен бір адам жасауы мүмкін емес. Сондықтан топологиялар, қызметтік объект болып табылады  [2].

ҚР Азаматтық кодексінің 1013-б. интегралды микротәсiмдер топологиясына құқықтарды қорғау талаптарын қарастырады, бұл жағдайда құқықтық қорғау интегралды микротәсiмдердiң түпнұсқа топологиясына ғана қолданылады [3].

Автордың шығармашылық қызметi нәтижесiнде жасалып, материалдық көздерде көрсетiлген интегралды микротәсiмдер мен олардың арасындағы байланыстардың элементтерi жиынтығының кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы интегралды микротәсiмнiң түпнұсқалық топологиясы деп танылады.

Интегралды микротәсiмдерді бұйымдардың үлкен спектрінде қолданады, күнделікті пайдаланатын заттарды, сондай-ақ мәліметтерді өңдеуге арналған күрделі жабдықтарды қоса. Қолданыстағы интегралды микротәсiмдердің көлемін азайтуға және бір уақытта орындалатын функцияларын күшейтуге жағдай жасайтын жаңа жасауға тұрақты қажеттілік болады. Интегралды микротәсiмдерді кіші болса, оны дайындауға арналған материал аз талап етіледі және оны орналастыруға арналған кеңістіктік көлем аз болады [4].

Оны құқықтық қорғаудың бірден бір жағдайы оның түпнұсқалығы болып табылады. Бұл ресейлік заңнама ережелерінен елеулі ерекшеленеді. Қорғау қабілеттілігінің екі жағдайы қарастырылған:

1) топологияның шығармашылық сипаты;

2) топологияның түпнұсқалығы [5].

Оның жасалған күніне интегралды микротәсiмдердiң жалпыға белгілі әзірлеушілері мен дайындаушылары болып табылатын элементтерден тұратын топологияларға, егер тұтасымен осындай элементтердің жиынтығы Топологиялар туралы заңның 5-б. 2-тармағын қанағаттандырған жағдайда ғана құқықтық қорғау беріледі. Топологиялар туралы заңмен берілген құқықтық қорғау, топологияларға тартылған идеяларға, тәсілдерге, жүйелерге, технологияға немесе кодталған ақпаратқа таралмайды [1].

Топологияларға құқық субъектілері, заң немесе шарт күшінде алған айрықша құқыққа ие болған автор, оның мұрагері, сондай-ақ кез келген жеке немесе заңды тұлға болып табылады.

Топологияға қатысты, топологияға айрықша құқық шарт бойынша басқа тұлғаға толығымен немесе ішінара берілуі, сондай-ақ мұрагерлік бойынша әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібінде және заңды тұлға – құқық иесін қайта құру нәтижесінде өтеді.

Тiркелген топологияға айрықша құқықты беру жөніндегі шарт, тiркелген топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкiлеттi органда тiркетуге жатады.

Тiркелу жүзеге асырылмаған топологияға айрықша құқықты беру жөніндегі шарт, көрсетілген топологияны пайдалануға айрықша құқық лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар тараптардың келісімі бойынша уәкiлеттi органда тiркетуге жатады.

Бұл жағдайда топологияның авторы немесе өзге де құқық иесi уәкiлеттi мемлекеттiк органға өтiнiм беру жолымен топологияны тiркетуге құқылы, яғни бұл, автордың бұны өзінің өзіндік қарауы бойынша шешкендігін білдіреді.

Интегралды микротәсiмдер топологиясын тiркеуге тапсырысты құрастыру немесе ресімдеу, тiркету және оған куәлік беру бойынша Ереже жекелеген назар аудартады (2010 жылдың 23 сәуіріндегі № 136 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. бұйрығына 9 қосымша). Ереженің 16-тармағы мазмұндағандай, тiркеуге тапсырыс түскен күнге дейін коммерциялық мақсатта пайдаланбаған топологияны сәйкестендіру мақсатында, топологияны сәйкестендіретін материалдар мазмұндауы тиіс:

1) топологияның әр қабатын бейнелейтін, көзбен көрінетін материалдардың бірінен толық жиынтық;

2) жинақтық топологиялық сызба немесе қабат бойынша топологиялық сызбалар;

3) интегралды микротәсiмде бекітілген, топологияның әр қабатының фотографиясы;

4) ресми бюллетенде ілеспе жариялауға арналған мәліметтерді мазмұндайтын реферат, мұнда көрсетілуі тиіс:

арызда немесе оған толықтыруда көрсетілген әр автордың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса);

әр арыз берушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы;

топологияның атауы;

интегралды микротәсiмді дайындауға қолданған технологияның түрі;

интегралды микротәсiмді қолдану саласын, тағайынын немесе функцияларын қосатын аңдатпа.

Біздің пікірімізше, топологияларды құқықтық реттеуге қатысты басқа мәселе, құқықтық қорғау мерзімі болып табылады. Топологиялар туралы Заңның 13-бабына сәйкес, топологияларды тіркеген күннен бастап, он жыл бойы қолданылады. Егер топологияларды тіркеу жүргізілмесе, онда көрсетілген онжылдық мерзім осы топологияны немесе осы топологиямен интегралды микротәсiмді әлемнің кез келген елінде құжаттық расталған алғаш пайдаланған күннен есептеледі [1]. Бұл құқықтық қорғау мерзімін  ақталған деп санауға болмайды, бұл индуст­рия өте жылдам дамуда, топологиялар жылдам ескіреді, сондықтан бұл мерзім қайта қаралуы тиіс. Түпнұсқалығын жоғалтқан топология құқықтық қорғаудан айырылады. Бұл топологияларды авторлық құқық объек­тілерінен ерекшелейтін елеулі белгілердің бірі болып табылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мәселенің баламасы ашылмаған ақпарат режимінде топологиялар туралы ақпаратты сақтау болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     « Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы » Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы №217 заңы

2.     Попов Р. Правовая охрана топологий интегральных микросхем // Хозяйство и право. С. 28

3.     Қазақстан Республикасының « Азаматтық кодексі»

4.     Право интеллектуальной собственности: учебник Под ред. И.А. Близнеца. М.: Проспект. 2011. С. 574-575

5.       Судариков С.А. Право интеллектуальной собственности: учебник. М.: Проспект. 2009. С. 206, С211