Мусаева С.А., Фатикова Н.А., Ақмамбетова А.О.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ.

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту проблемаларының талқылануы, жеке-дара дамуының әрқилы кезеңдерінде тұлғаға психологиялық-педагогикалық қолдаудың көрсетілуі жөніндегі жұмыстардың басым көпшілігі педагогикалық ұжымға және нақты педагогқа жұктеледі. Өзін-өзі жүйелі түрде танып, дамытып отыратын, өзін-өзі белсенді тәрбиелеп отыратын ұстаз ғана өзгелерге тиімді көмек көрсетіп, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетіне ықпал ететін ахуалды қалыптастыра алады. Олай болмаған жағдайда оның  балаларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру іс-әрекеті  оның дербес тәжірибесімен бекітілмей тек баяндаушы сипатта болады.

Дағдылы жұмыс күндері мұғалімнің тұлғалық-кәсіби өсуі және өзін-өзі жетілдіруі- педагогикалық мамандықты айтпағанда, кез-келген мамандықтың міндетті шарты болып табылады.  Мұндағы белсенділіктің  кез келген жаңылысы, төмендеуі педагогикалық үдерістің мүшелерінен бірден байқалады, педагогикалық еңбектің нәтижелеріне кері ықпал етеді.

Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тануының талдамасына көшу үшін оның тұлғалық ерекшеліктеріне және кәсіби біліктілігіне, іс-әрекетіні ерекшеліктеріне аз да болса тоқталып өту қажет.

Қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған  университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.

Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге  бағытталған  білім берудің жаңа  жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз,  ХХ ғасыр соңынанбастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз.

Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық  теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы – белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық.

Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді келесі жағдайлар анықтайды: кәсіби-педагогикалықбағыттылық; кәсібибелсенділік; кәсібибілімдері мен іскерліктері.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.                 Кенжебеков Б.Т. Маманның кәсіби құзыреттілігінің теориялық негізі // Бастауыш мектеп. – 2004. –№7. –Б.24-28.

2.                 Таубаева Ш.Т. Передовой педагогический опыт: от теоретического осмысления к практике. – Алматы: РИК, 1997. – 122 с.

3.   Университеттік білім беру қызметтерін модернизациялау (Т.С. Садыков), К.Н. Нарибаев, О.С. Сабденов, С.А. Абдыманапов және т.б.);

4.Университеттік білім берудің мақсаты мен міндеттерін дамыту (Т.С. Садыков, К.Н. Нарибаев, О.С. Сабденов, С.А. Абдыманапов және т.б.).