Байбосын Марал Қайратқызы, Аязбаева Меруерт
Серікқызы
Тараз инновациялық-гуманитарлық
университеті
ЖАСӨСПІРІМДІК КЕЗЕҢДЕ ЕҢБЕК
ӘРЕКЕТІНДЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН
ЗЕРТТЕУ
Қоғамда қазіргі жастар өміріндегі
терең өзгерістер, Елбасының жолдауынан кейін елімізде «Жасыл –Ел» бағдарламасы жүзеге асырылуда,
оның басты міндеті еңбек әрекеті арқылы, саналы
түрде өзінің
мінез-құлқын реттей алатын
жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Өзін-өзі игеру адамның жеке басын
жетілдіре түсу мақсатындағы жеке әрекеті,
өзін-өзі игерудің бағыт-бағдары кім
болғысы, қандай болғысы келетініне тәуелді. Бұл
мәселені бірқатар ойшылдары кеңінен зерттеген. Олар:
Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, О.Н.Тихомиров, Ф.Е.Василюк т.б.
Ұғым түсінігі өзіндік игеру
қабілетімен байланысқанда вербальды қатынасқа ие
болады. Бұл қатынас еңбек әрекет функциясын
бақылайды бұдан мотивация түсінігі қалыптасады.
Мотивация түсінігін қалыптастыру жағымсыз
мінез-құлықтың
алдын-алудың бірден-бір жолы [1].
Еңбек адам тіршілігінің арқауы,
оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің
адам сана- сезімінің қалыптасуына қалайша әсер
ететіндігі жөнінде К.У. Ушинский
: “…Еңбек тән мен рухани
адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігіінің күрделі заңына айналады;ол
адам тәнінің, адамгершілігі
мен ақыл-ойының жетілуінің
жағдайы ,оның адамгершілік ар-ұяты,бостандығы
мен ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады” дейді. Еңбек
әректінің
психологиялық
табиғатын А.С.Макаренко былайша түсіндіреді: “Адам
жұмысты сүйіп істейтін
болса,онан саналы түрде
қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын
тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана
творчестволық болуы мүмкін. Еңбекке мұндай көзқарас мүмкіндгі,тек еңбекке күш салу
нағыз әрекетке айналған кезде ғана, ешбір жұмыс көңілсіз
болып көрінбейтін болса,
онда бір мағына береді.
Өзіндік
даму жеке адамның интеллектуалды және еріктік бағыттағы
еңбек әрекетіндегі қабілеті
болып табылады. Бұл қабілет жоғары деңгейде
өзін-өзі дамыта, ұйымдастыра алатын жеке адамдарда
ақылдың детбестігі, өзіне сенімділігі, табандылық
сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Бала адамнан екі түрлі мінезбен туады,
біріншісі, көрсем екен, білсем екен деген – бұлар жан
құмарлығы. Ал, екіншісі ішсем екен, жесем екен, әрине
бұл тән құмарлығы (Абайдың жетінші
қара сөзі) [2].
Ұлы Абайдың
сөзі бойынша өзінің жан құмарлығын жеке
адам қанағаттандыру мақсатында жан-жағын танып, тек
өзіне ғана тән жеке даралық мінез-құлық,
ерік-жігерін қоршаған шындыққа деген
көзқарасымен белгілі бір жайттарда тұжырымдап, өзіндік,
ой-пікірін алмастырады.Өздері- болашағы жарқын, жаңаша
ойлайтын, өзі өмір сүріп отырған
қоғамға пайдалы өзгерістер әкелетін адам дамыту
қазіргі заман талабы болып отыр.
Еңбек
әрекетіне қызықпау өмірге
көзқарасының өзгешелігі мен
мақсат-мұратының жоқтығымен ерекшеленуі және отбасының әсері.
Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынас
деңгейінің тұрақсыздығы. Жақсы
қасиетті илену дегеніміз – жақсы ана, жақсы
құрбы, жақсы ұстаздан болады. Қорыта келгенде жасөспірімдерде
мінез-құлықтың
қалыптасуына еңбек әрекетінің әсерінің бар екені дәлелдене
отырып, жеке тұлғаның өзіндік бағасының
төмендігінен жағымсыз мінез-құлық
көрсететіні тәжірибеде
көрінді. Сонымен алдын-ала қарастырылған болжам
дәлелденді деп айта аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Швандрин Н.И. Психодинамика, коррекция и развития
личности Москва, 1999 ж.
2.
Никофров Г.С. «Самоконтроль человека» Ленинград 1989
3.
Енинеев М.Н. «Психология преступление и следственно
поисковой деятельности» М., 1990
4.
Антонян Ю.М., Самовичев Е.Г. Неблогоприятные условие
формирования личности в детстве» М., 1996 г.