Момынова
С.Н. Қазбекова А., Абаева А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАДАҒЫ ӨЗАРА
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Тұлға
аралық қатынас дегеніміз – күрделі мәселе.
Күнделікті тұрмысымызда қарым-қатынассыз жасауымыз
мүмкін емес. Тұлға аралық
қарым-қатынастың бірнеше түрі бар: жеке және
қызметтік, дара және топтық, тең
құқықты және тәуелді,
қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Адамдар
арсындағы, тіпті кейде бір тұлғаның бойынан
көрінетін тұлға аралық қатынастар міне
осындай.бұл қатынастардың бұл өмірде
адамдардың бір біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр
адамның басқаға бағытталған іс-әрекет,
қылығында, ойы мен сезімінде көрініс береді.
«Қарым-қатынас», «араласу», «өзара
қатынас» ұғымдары қарапайым әрі
соншалық жалпылама болып көрінетіндіктен, оларды
жұрттың бәрі түйсік арқылы түсіне
тұрса да, дәл анықтай қою қиынға түседі.
Расында да араласу (сөздің дәл мағынасында алсақ
— коммуникация) дегеніміз – хабарлау, айтып жеткізу. Адам араласу арқылы
айналадағы дүние туралы білім алады, тәжірибені, еңбек
пен тұрмыс дағдыларын қабылдау да, тарихи даму барысында адам
баласы жасап шығарған мәдени, адамгершілік және
әлеуметтік құндылықтарды меңгеру де осы араласу
арқылы болады. Алайда араласу ақпарат алмасумен ғана
байланысты емес. Араласудың эмоциялық емес, интеллектік жағы
ғана көрінетін, сезімдер алмаспай, тек білім ғана
алмастырылатын жағдайды көзге елестетуге бола қояр ма екен.
Тіпті бір ғана фильмді жеке өзің немесе достарыңмен
бірге көрудің, теледидардан немесе кинотеатрдың
көрерменге толы залында отырып тамашалаудың өзі сол
шығармаға түрліше қарауға мәжбүр етеді.
Бір істі жалғыз жүріп үйренуден гөрі,
құрдастарыңмен қосыла үйрену жеңілдеу.
Сөйтіп, қарым-қатынас жасау нәтижесінде білім мен
іскерлік, ықылас-ынта, ойлар мен
сезімдер алмасып отырады.
Әлеуметтік орта топтардан құралады.
Жеке адамдар мен топтар күнделiктi өмірде басқа да
әр түрлi топтармен, адамдармен iстес болып, өзара
тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның
қызмет немесе оқу орнындағы сондай-ақ, өмiр
сүретiн ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкiн.
Ал, ұстаздар мен мектеп оқушылары белгiлi бiр мерзiм ішінде
мақсат-мүдделерi топтаскан ұжым құрып, ресми
топқа айналады. Бұл топтағы шәкiрттер мен
жетекшiлер топ iшiндегi әлеуметтiк-психологиялық жағдайда мақсатты
түрде iстес, пiкiрлес болып, қарым-қатынасқа
түседi. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы бiлiмдiлiк пен
дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат- әр
адамның әлеуметтiк орнын, коғамдык мәнiн бiлу. Жеке
адамның өзi де - қоғам мүшесi әлеуметтік
тұлға. Сондықтан, оның өмiр тiршiлiгiндегi
әрбiр қимыл әрекетi, iсi қоғамдық
өмiрдiң көрiнiсi болып табылады.
Шартты және байланысты
топтар - әлеуметтiк психологиядағы топтың екi түрi. Шартты топқа жататындарды зерттеушi
олардың белгiлi бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады.
Бұл топтарға адамдардың, мысалы, жас ерекшелiктерiне,
жынысына, ұлттық белгiсiне не мамандығына т.б. сәйкес
болуы мүмкiн. Оған енгiзiлген адамдардың бiр-бiрiне
және осы топқа тiкелей де, жанама да қатысы болмауы
мүмкiн. Дегенмен, олар белгiлi бiр ерекшелiктерiне орай осы топқа
қатынаста тұрады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейiнгi
балалар жатады деп есептелiп, сол жастағы бiрнеше бала iрiктеп алынып
зерттеледi. Мұндай зерттеу әлеуметтiк психологияның
объектiсiне жатады.
Байланысты топ - белгiлi кеңістiк
пен мерзім арасында мақсат-мүдделерiнің бiрлiгiне
сәйкес бiрiккен адамдар тобы. Мәселен, бiр сыныптағы
оқушылар, мектептегi ұстаздар мен тәрбиешiлер ұжымы,
жұмысшылар бригадасы, әскери бөлiмдер. отбасының
құрамы - мұның бәрi байланысты топтар деп
аталады. Әлеуметтiк психология үшiн бұл топтардың
маңызы ерекше. Отбасы адамдардың алғашқы табиғи
тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бiрлесiп еңбектену
нәтижесiнде адамдар кооперациялар кұрды. Ал, кооперациялар-
адамдардың шын мәнiсiндегi еңбек тобы болып саналады.
Топтар басшысыз не жетекшiсiз болмайды. Кез-келген
топтың сайлап алған, не белгiлеп қойған басшысы болады.
Әдетте, топ алға қойылған мақсат-мудделерiн
жүзеге асыру ушiн ынтымақты болып, сайланған басшының
жетекшiлiгiмен әралуан iстердi атқарады. Топ мүшелерi
iс-әрекеттерінің нәтижелi болуы жетекшiге байланысты.
Тәжiрибелi ұстаз, тәлiмгер мен тәрбиешi сынып iшiндегi
топтарды қозғаушы күш етiп тәрбиелеп, оларды пайдалы
iстердi орындауға бағдарлап отырады.
Адамдар топтасуының ұйымдасқан
түрi – ұжым. Оның шығу тегi - отбасы. Отбасы - белгiлi
бiр тайпаның не рудың негiзгi бөлшегi. Адамдардың
әлеуметтiк өмiрiнің тiрегi де - осы отбасы. Ұрылар мен
гангстерлердiң бандасы да - топ. Бiрақ, олар ұжым емес.
Олардың ұйымдасуының iшкi және сыртқы
мақсаттары - жеке бастың қамы, қара ниет
құлқы мен қоғамға деген зиянкестiк әрекеттер.
Адамдардың ұйымдасқан тобы -
ұжымның түпкi мақсаты – адамдардың игiлiктi
мұрат-мудделерiне сәйкес iстердi атқарып,
қоғамның дамуына өз үлесiн қосу.
Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбiр жеке адам өз
қауымдастығында ерiктi болғанда ғана пайдалы iстермен шұғылдана
алады. Сөйтiп, қоғамға өз пайдасын тигiзедi.
Американдық психолог әрi социолог Дж.Морено
шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу
үшiн социометриялы әдiстi ұсынған болатын. Бұл
әдiс бойынша ұстаздар мен тәрбиешiлер, шағын
ұжымдардың жетекшiлерi, өндiрiстiк-кәсiптiк
мекемелердегi топтардың басшылары
қарамағындағылардың өзара
қарым-қатынасын анықтай алады. Бұл тәсiлдiң
негiзгi өлшемi (критерий) әр қилы. Басты мақсаты - топ
iшiндегi адамдардың тiлегi мен мүддесiн анықтау. Ондағы
адамдардың өзара қарым-қатынастарының
үйлесiмдi болуы, немесе бiр-бiрiн ұнатуы, ұнатпауы
олардың сезiмдiк-эмоциялық күйлерiне байланысты.
Топтағы, ұжымдағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік
және жеке қатынаста болады. Жеке адамдардың бір-бірімен
қатынасын зерттеген кезде бақылау,
Горянина
Т.Б. «Барлық кезде бірдей айқын сезіле бермегенімен, басқа
адамды танып-білуден қуанышты ештеңе
жоқ. Әрбір адам өзіне беймәлім жаңа әлем -
басқа адамдардың жан дүниесін аша білу арқылы сан рет
Колумбтың өмірін басынан кешкенін білмеуі мүмкін.
Әрине, бұл танып-білу сезімі мен ақыл-ойдың
сергектігін, оның тарапынан мүдделілікті қажет етеді. Тегі,
баламалы түрде басқа адамды танып-білудегі «еңбек» жайында да
айтуға болар. Бұл «еңбек» қуанышқа ғана
емес, қауіпке де толы, өйткені танып-білу барысында кейбір
адамдардан көңіліңнің қалатын кездері де болады»
- деп әділ жазған.
Қарым-қатынас
– адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында психикалық
байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету,
өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде
аңғарылады. Оның өзі барлық жерде және
үнемі байқалып отырылады. Қарым-қатынас сан алуан
сипатта: іскерлік отбасылық,
достық, педагогикалық және т.б. болып келеді.
Сондықтан, зерттеу жұмысымызға байланысты әлеуметтік
ортадағы тиімді қарым-қатынасты анықтамас бұрын,
алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды
қарап шығайық.
Қарым-қатынас
феномен ретінде ғасырлар бойы көптеген ғылыми ойларды
толғандырып келе жатқан мәселелердің бірі. Тіпті
бұл мәселемен қытайдың көне ойшылы Конфуций
және ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, Цицерон және
басқалар сонымен қатар, нидерландық философтардан Б.Спиноза
және ағылшын философы Т.Гоббс пен Дж.Локк, сол сияқты
француздардан Вольтер, Ж.Ж.Руссо, П.А.Гольбах, К.А.Гельвеций және т.б.
ғұлама ойшылдары қарастырған болатын.
Сонымен, Конфуций
(551-479 б.э.д.) қарым-қатынаста адамды мәдениетті ететін,
сыпайы, ұстамды етіп көрсететін мынандай қасиеттеріне
көңіл бөлген болатын. Басқа адамдарға деген
оң, дұрыс көзқарасы, оларды сыйлау, әсіресе
үлкендерді, қоғамды тұтастықта ұстау
және тәртіпті сақтау үшін белгілі бір этиканы
ұстану міндет.
Ежелгі грек
ғұлама ойшылы Сократ (469-399 б.э.д.)
қарым-қатынасқа өзара түсу барысында адамгершілік
өлшемдерін және оны адам санасына енгізудің ең негізгі
көрсеткіші ретінде делелдеген болатын. Ол этиканы ұстануды талап
еткен болатын, ал оның ұстануы әр тұлғаның
дамуына негізгі ықпал етеді деп қарастырған.
Сократтың
шәкірті Платон (427-347 б.э.д.) адамдар арасындағы
қарым-қатынас рухани-адамгершілік негізінде адалдық,
әділеттілік, қайырымдылық, қамқорлық,
ар-ұят пен іс-әрекет құралы ретінде қалыптасу
керек деп қарастырды. Ол қарым-қатынасқа
түсудің әдістеріне, оның маңыздылығына,
құрылымына қатты көңіл бөлді.
Жан
өз-өзімен қарым-қатынасқа түседі деп айта
келе, Платон қарым-қатынастың ішкі сөйлеу түріне
көп көңіл бөледі. Бұл қазіргі
таңдағы психологияның негізгі, соның ішінде іскерлік
қарым-қатынастың
мәселелерінің бірі болып табылады. Платонның негізгі
еңбектері қарым-қатынасқа түсу барысында
адамдардың саналы және санадан тыс әрекет мотивтері іске
қосылатының көрсетеді. Сондай-ақ саналылық
және санадан тыс әрекеттердің өзара ұштасуы
қазіргі таңда да ең өзекті мәселелердің
бірі болып тұр.
Жеке
тұлғаның көптеген психологиялық ерешеліктеріне
Аристотельдің (384-322 б.э.д.) өзі де көп көңіл
бөлген болатын. Ол адамның қарым-қатынасын
психологиялық мінез-бітістерімен, оның әрекет және
іс-әрекет негізі ретінде қалыптасатын жанның бір
бөлшек функциясының құралы болып табылады деп
қарастырған.
Сонымен қатар, осы
проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын Ежелгі
Рим ораторы Цицерон жалпы түрде қойып, карастырды. Цицерон
сөйлеушінің негізгі коммуникативтік міндеттерін анықтайды:
«не айту керек, қай жерде айту керек және қалай айту керек».
Осы міндеттердің әр қайсысын қарастыра отырып, Цицерон
сөйлеудің орындылығы сияқты сапасын анықтайды,
себебі «небір лауазым, небір шен, небір абырой, небір жас, небір орынды тіпті
санамағанда, уақыт пен
жұртшылық барлық жағдайлар үшін бір ғана
ойлар мен лебіздер түрін рухтануға жол береді».
Жаңа
ғасырдың философы Бенедикт Спиноза (1632-1677) өзінің
қарым-қатынас «этикасында» ең алдымен адамның ерекшеліктеріне,
соның ішінде адамның ішкі әлеміне көңіл
бөлді. Солардың бірі болып табылатын, мысалы: махаббат,
қуаныш, ашу, қызғаныш немесе бір нәрсеге адамның
ішкі қабілеттерінің оянуы. Сонымен қатар Спиноза
адамдардың қарым-қатынастағы кедергілердің негізгі
себептерін табуын қарастырды. Осының бәрі қазіргі
таңда да өзекті мәселелердің бірі болып тұр.
Ағылшын
философы Томас Гоббс (1588-1679) және Джон Локк (1632-1704)
қоғамдық мораль және тұлғалық мораль
бір-бірімен тығыз байланысты деп, оны адамдар өміріндегі
жағдайларымен және олардың
қызығушылықтарымен көрсетуге тырысты және адамдар
арасындағы қарым-қатынастың мазмұнын
қызығушылықтар анықтайды деп түйіндеген.
Осы идеялардың
негізгі дәлелдемелері ХVІІІ ғасырдағы франсуз ойшылдары Поля
Анри Гольбах (1723-1789) және Клода Абдриана Гельвеция (1715-1771)
еңбектерінен де көрініс тапты.
Адамдардың
адамгершілік, олардың өмірлік тәжірибесін Вальтер,
(1694-1778): «қарым-қатынастағы адамгершілік өлшемдер
қоғамға өте пайдалы болып табылады» - көрсетті.
Бүгінгі
таңдағы ең өзекті мәселелердің бірін
Жан-Жак Руссоның (1704-1778) еңбектерінен де байқауға
болады, ол адамның қарым-қатынасы оның табиғи
инстиктерінің және ішкі сезімдерінің көрінісі деп
тапты. Осындай көзқарас неміс философы Иммануил Канттың
(1724-1804) шығармашылықтарынан да дәлел тапқан.
Сонымен,
жоғарыда көрсетілген көптеген ғұламалардың
қарым-қатынасқа деген көзқарастарын қорыта
келе, адамдар арасындағы қарым-қатынастың
мазмұның қызығушылықтар анықтайдығына
көз жеткіздік, тіпті іскерлік қарым-қатынас мәселесіне
тікелей байланысы бар екеніндігін түсіндік. Себебі сол кезеңдегі
тұлға аралық қарым-қатынастың негізгі
теорияларынан әр түрлі психологиялық жағдайдағы
адамдардың саналы іс-әрекеттері анықталатындығы
және сол әрекеттер өз бойында қалыптасатыны айқын
көрініп тұр.
Әдебиет:
1.
Андриенко В.В. Социальная психология. М.: «Феникс», 2000.
2.
Сейтахметов Н.К. Общение и личность. А.: «РАУАН», 1996.
3.
Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А.:
«Рауан», 1995.
4.
Құдиярова А. М. Қарым-қатынас
психологиясы. А: «Рауан», 2002.