БАЛА БОЙЫНДАҒЫ ҮРЕЙДІ ЖЕҢУДЕ АРТ-ТЕРАПИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

«Тұран-Астана» университетінің

 доценті А.Ш.Танирбергенова

Психология мамандығының

4-курс студенті А.Ж.Журкеева

Үрей мен мазасыздық барлық эмоциялар ішіндегі мейлінше қауіптілері болып табылады. Үрей мен мазасыздыққа арналған зерттеулердің кең ауқымды салалары осы маңызды эмоцияларды ары қарай түсіну үшін тамаша негіздер туғызады. Аталмыш мәселе бойынша әдебиеттер аз әзірленген, бірақ ол төменгі сынып оқушыларында үрейлер мен мазасыздықты зерттеудің өте өзекті екендігін куәландырады.

Балалардағы үрейлер проблемасымен көптеген ғалымдар айналысқан. Мысалға, М.М.Безруких пен С.П.Ефимова [2] балалар да болатын үрейдің себептерін белгілеуде Боулбидің үлкен үлес қосқанын, сонымен қатар ауырсынуды да туғызатын оқиғалар мен жағдайлардың ауырсыну сезімінің барлығына байланыссыз үрей тудыруы мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасаған Рэчменнің еңбегін атап көрсетеді. Черясворт [2] үрейдің индикаторларының тізбесін ұсынған. Төменгі мектеп оқушыларында кездесетін мазасыздық мәселесінен арылту үшін А.М. Прихожанда көптеген әдістер мен тәсілдер әзірленген [16].

А.И. Захаров [6,7,8] отандық және әлемдік тәжірибеде алғаш рет күндізгі және түнгі үрейлердің туындауы және дамуы себептерін қарастырған. Әртүрлі факторларда, соның ішінде бірінші кезекте отбасылық қатынастардың осындай үрейлердің қалыптасуына ықпалын көрсететіне статистикалық мәліметтер келтірген.

Осы мәселені зерттеудің тағы да бір өзектілігі жасы өсе келе балалардың мінез-құлық түрткісі (мотиві), қоршаған ортаға, үлкендерге, құрбы-құрдастарына, отбасына деген  көзқарасы өзгеретіндігімен де анықталады. Яғни, тәрбиешілер мен мұғалімдер жас өспірімде болып жатқан осы өзгерістерді аңғарып және осыған сәйкес өз қарым-қатынастарын мейілінше жөндей алса, баланың жүйке-психикалық денсаулығының ары қарай дамуына негізі болып табылады.

Өкінішке орай, көп жағдайда үрей тәрбиешілердің өздерінің кінәсінен туындайды, ендеше, біздің борышымыз – олардың байқалуының алдын алу және балаларды тасжүректіктен немесе керісінше, шектен тыс өбектеуден, болмаса, тәрбиелік ықылассыздықтан, отбасындағы келеңсіздіктер кесірінен туындайтын үрейлерден қорғау.

Үрейлерді бастан кешуді мазасыздық жағдайынан айыра білген жөн.

Мазасыздықтың үрейлерден айырмашылығы – бұл беймәлім және анық емес қатердің қайғысы [20]. Үрейде де, мазасыздықта да толқу және алаңдаушылық сезімі түріндегі ортақ эмоционалды компонент бар, яғни, қос ұғымда да қатерді түйсіну немесе қауіпсіздік сезімінің жоқтығы көрініс тапқан. Үрей мен мазасыздық жиі бірге кездеседі.

Балалардағы үрейлер мен мазасыздық деңгейін психотүзету жұмыстарын ұйымдастырудың жоғары рөлі жайында көптеген ғылыми жұмыстар мен зерттеулер кездеседі. [12,16,18].

     Бұл жұмыс жоғары мазасыздықты мектеп жасына дейінгі балалармен психотүзету жұмысын ұйымдастырудың әсерлерін, ықпалдарын зерттеуге арналды.

Біздің тарапымыздан психотүзету жұмысын ұйымдастыру мен мектепке дейінгі жастағы балалардың үрейлер мен мазасыздық деңгейінің динамикасы арасындағы өзара байланысты анықтауға талап жасалды.

Мазасыздық проблемаларына жүргізілген теоретикалық талдау  оқушылардың үрейлері мен мазасыздығының артуына балалардың балалар үйіне түскеніне дейін орын алған отбасылық тәрбиедегі жаманшылықтардың факторлары, сондай-ақ балалар үйіне түскенге дейін бөбектер үйінде туындаған депривация  түрткі болатындығын көрсетіп берді.

Әдебиеттің теориялық талдауы әлеуметтік бейімделген балаларды тәрбиелеу үшін олардың үрейлері мен мазасыздығының деңгейін төмендету қажет екендігін куәландырады.

Бұған қоса, көпшіліктің байламынша, түзетушілік жұмыс тек егер психотүзету жұмысының негізгі қағидаттарына сүйенсе ғана тиімді болады. Мысалы мынадай: түзету мен дамудың бірлігі, жас және жеке дамудың бірлігі, дамуды түзету мен диагностикалау бірлігі, түзетуді жүзеге асырудың қызметтік қағидаты, түзету жұмысында әрбір балаға дарынды баладай қарау.

Зерттеу базасында жүргізілген психокоррекциялық жұмыстың ұйымдастырылуын зерттеу оның жоғарыда аталған қағидаттарға сәйкес құрылғандығын көрсетіп берді. Біздің тарапымыздан жүргізілген мониторингтік зерттеулер өнер және ойынтерапиясы сияқты әдістерге негізделген түзетушілік жұмыстарды жүргізгеннен кейін депрессивті балаларда мазасыздық деңгейінің төмендегендігі туралы куәландырады.

Алынған деректер негізінде келесідей түйіндер жасауға болады:

1.     5-6 жастағы балалар бойындағы үрейлер мен мазасыздықтың жоғарғы деңгейіне отбасылық қарым-қатынастар, айналасындағы адамдардың шиеленістік жағдайлары себепкер болған.

2.     Психокоррекциялық жұмысын зерттеушілер әзірлеген негізгі қағидаларға сәйкес ұйымдастыру балалардағы үрейлер мен мазасыздықты түзетуге мүмкіндік береді.

3.     Өнер және ойын терапиясы әдістері пайдаланылатын коррекциялық жұмыс нәтижесінде балалардың мазасыздықтың деңгейінің төмендеуіне негіз болады.

Теориялық және тәжірибелік материалдарды қорытындылай келе мынадай ұсыныстар беруге болады:

1.  Жоғары мазасыздықты баламен  қуыршақ терапиясымен немесе ролді ойындармен айналысқан орынды, онда баланың сүйікті кейіпкерлері ол үшін «қорқынышты» оқиғаларға тап болуы және оны табыспен жеңуі керек. Мұндай жағдайларда бала өзін кейіпкермен ұқсатады және мінез-құлықтың бейімдеуші тәсілдеріне үйренеді.

2.  Баламен үрейлерді «талдайтын» әңгімелер жүргізген орынды. Бұл жағдайларда балаға оны қорқытатын заттың не болып табылатындығы, оның қалай «құрылғандығы», қайда шығатындығы түсіндіріледі. Баланың қабылдаудағы ақтаңдақтарды жоюы оның үрейін азайтады.

3.  Үрей заттары манипуляцияланатын ойындар ұйымдастырған орынды. Бұл үшін балаға, мысалға, егер ол одан қорқатын болса, ойыншық ит сатып әперуге, оған онымен манипуляциялар жасауына, басымдығын және билік жүргізе алатындығын сезінуге мүмкіндік беруге болады.

4.  Балаға өзінің үрейін салып, содан соң қандай да бір жолмен оны жойып жіберуіне болады, бұл жерде тәрбиеші құлағына құйып отыруға тиіс: «Қарашы – сен оның үрейін ұшырдың, қарашы – ол сенен қашып кетті».

5.  Балалардың үрейлеріне қарай олармен: «қараңғылықтан үрейлену», «жануарлардан үрейлену», «көліктен үрейлену», «табиғаттың дүлей күшінен үрейлену» және т.б. ойындарын ойнаған орынды.

Әдебиеттерге терең талдау жасау мазасыздануды түрлі көзқараста қарастыруды ұсынады. Өте жоғары деңгейдегі мазасыздану психологиялық келеңсіздіктiң субъективті сипаты болуы мүмкін. Мазасыздану невротикалық кикілжің, психосоматикалық аурулар т.б негізінде туындауы мүмкін. Адамның престижіне, өзіне-өзі баға беруіне, өзін сыйлауына байланысты болуы мүмкін.

Жекелеген мазасыздану субъект іс-әрекеті құрылымының ситуацияға қатысты сәйкес еместігінің сигналы болады, ең алдымен тұлғааралық қарым-қатынасқа байланысты екендігі белгілі. Мазасыздану әуел бастан жеке адамның жағымсыз сипаты емес. Әрбір адамда өзінің қалаған мазасыздану деңгейі болады. Бұны пайдалы мазасыздану дейді де жеке адамның белсенділігінің міндетті шарты деп әрі адамның өзін қайта құруға, өзін өзгертуге сигнал, белгі ретінде санауға болады.

Біздер, зерттеу жұмысымызда мазасызданудың бағдарланушы іс-әрекеттің эмоционалды құрылымы екендігін жөне іс-әрекетте белгілі бір функциялар атқаратындығын білдік. Мазасызданудың байқалуы мен оның механизмінің өзгерісі көптеген факторларға, оның ішінде, жас ерекшелігі мен жағдаятқа қатысты, т.б. байланысты болады.

Мазасыздану өзге психикалық әрекеттер секілді жеке адамның тұтас кұрылымына енеді де, оның мінез-кұлқына әсер етеді. Мазасыздану интеллектуалды іс-әрекетпен байланысты. Біздер, эмоция, эмоционалды күйлер, эмоционалды күй ретіндегі мазасыздануға арналған әдебиеттерге терең талдау жасадық. Эксперименталды зерттеулерге ғылыми тұрғыда сипаттамалар бердік.

Бастауыш мектеп кезеңінде жекелеген мазасыздану ситуацияда бағдарлану белгісі ретінде болады. Жеке мазасыздануды анықтау әдістемелері қазақ тілінде бейімделіп, жас ерекшелігіне сай жасалынды. Ал, дамытушы эксперимент, яғни психокоррекциялық жаттығулар бөлімі туралы айтатын болсақ, мазасыздану сезімін түзету ереже бойынша мазасыздану деңгейін төмеңдетуге әкеліп жеткізеді. Ал, біздер таңдап іріктеген жаттығулар жиынтығы түрлі психотерапевтикалық бағытты көздей отырып, әр адамның өзекті деген қалпын сезінуге бағытталған.

Зерттеу жұмысының нәтижелері бастауыш сынып оқушыларның мазасыздығы мен эмоционалды жай-күйін диагностау мен коррекциялаудың өзара байланысты, полифункциялық мазмұны айқындады.

Қорытынды ретінде айтарымыз: жекелеген мазасыздануға қатысты біздің болжамымыз бағдарланушы іс-әрекет ретінде индивидтің жас және психологиялық ерекшелігі сияқты факторлармен байланысты болады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.       Фрейд 3. Психология бессознательного. -М, 1990.

2.       Фромм Э. Искусство любить. М, 1990.

3.       Фромм Э. Бегство от свободы. М, 1995.

4.       Хорни К. Наши внутренние конфликты. -М, І993.

5.       Sullivan Н.S. Sһе interpersonal thеогу оf psychiatry. New Yоrk: Nоrtоn, 1953

6.       Роджерс К.Р Взгляд на психотерапию. Становление человека. -М., 1994.

7.       Франкл В. Человек в поисках смысла. –М., 1990.

8.       Маслоу А Мотивация и личность. -Нью-Йорк, 1970.

9.       Спилбергер С.Д. Подходы к изучению стресса и тревожности в спорте. /под.ред Ханина Ю.Л. -М, 1983.С. І2-24.

10.   Sріеlbегgег С.D. Sаrаsоn S.G Street and аnхіetу Ү5. Washington, 1978

11.   Прибром К Языки мозга. -М,1975

12.   Рубинштейн С.Л Бытие и сознание. -М,1959

13.   Вилюнас В.К. Психология эмоциональных явлений. М,1976

14.   Платон . Соч. в 3-х томах. т2-М, 1970.

15.   Аристотель. О душе соч. в 4-х т, т 1 -М, 1975, С. 369.

16.   Волкер В. Проект НЛП: исходный код М, 2002.

17.   Декарт Р. Избранные произведения. - М, 1950

18.   Выготский Л.С. Спиноза и его учение об эмоциях в свете современной психоневрологии. //Вопросы философии, 1970 №6 С. І27.