Тажикова Б.Д., Фатикова Н.А., Рахымова Н.Р.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті,
Тараз қ.
ТҰЛҒАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауында»
жас ұрпақты жауынгерлік, Отансүйгіштік рухта,
ата-бабамыздың ерлік өнегісімен тәрбиелеуді мақсат етіп
қойды әрине, бұл мақсатқа жету барысында біздер болашақ
педагог-ұстаздар халықтық төл ерекшеліктерін
терең меңгеріп, оларды бала тәрбиесінде алатын рөлін
айқындап алуымыз керек. Ертеңгі болашағымыз -
өскелең ұрпақ сол тұрғыда білім мен
тәрбие беруіміз қажет.
«Шығармашылық»
сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу»
дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы
жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық
сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын
тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы
жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал
көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп
жаңалық ашатын әрекетті атаған».
Балалардың шығармашылығы
жайлы С.Л.Рубинштейн, Б.М.Кедров, Я.А.Пономарев, О.К.Тихомиров,
Н.С.Лейтес, А.Крутецкий, Е.И.Игнатьев, К.В.Тарасов, Т.Д.Марцинковская,
т.б. өз зерттеулерін арнаған. Баланың
шығармашылық қабілетінің дамуы танымдық, интеллектуалды
дамуымен тығыз байланысты екендігіне ерекше мән берген.
Шығармашылық-өте күрделі психологиялық
үрдіс. Ол түрлі іс әрекет болғандықтан, тек
адамға ғана тән. Шығармашылық
қабілеттілік-адамның өз бетінше жаңа бір бейне
құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің
қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы,
жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық
дамудың бір көрінісін байқатқан жағдайымен түсіндіріледі.
Ал балалардың шығармашылығы тек өзіне ғана
жаңалық болып табылатын субьективті жаңалық. Көркем
шығарма арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне
мақсатты түрде әсер ету үшін ең алдымен бастауыш
сынып оқушыларының көркем шығармаға деген
қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи,
тыңдай білуге баулу қажет.
Ұзақ жылдар бойы
шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді
деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері
қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар
орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге
болатындығы жайлы көп айтуда.
Қазір бұрыңғыдай емес, оқушылар ояу.
Оларды мектеп өміріндегі оқу-тәрбие ісіне қатысты
барлық нәрсе ойландырады: ұстаз мәдениеті, білігі,
білім сапасы, шәкірттер мен оқушылардың достық,
адамгершілік қарым-қатынастары – бәрі мазалайды. Әр
ұстаз шығармашылықпен еңбек ету керек.
Іздену, жаңалыққа ұмтылу – бүгінгі
күннің талабы. Қайта құру өзімізден,
өзіміздің іс-тәжірибемізді молайтудан басталады. Ұстаз
оқу мен тәрбие жұмысын ұштастыра, байланыстыра
жүргізу қажет.
Білімді ұстаз ғана өз
оқушысының алдында беделге ие болады. Мұғалім өз
оқушыларының пікірімен санасып, бірімен-бірі өзара
достық қарым-қатынаста болса, оқу-тәрбие
жұмысының да алға басатыны даусыз.
Әрбір қоғамның
әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол
қоғамдағы жеке адамның шығармашылық
потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда
шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр.
Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды
өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда.
Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен
әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында
творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды,
дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу –
бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның болашағы –
қоғамның идеялық бірлігінде . Алматы, 1993, 32 б.
2.
Қазақстан Республикасының орта білімнің
тәлім-тәрбие тұжырымдамасын // Егемен Қазақстан,
Алтамы, 2003, 26 желтоқсан.
3.
Жалпы психология . Алдамұратов Ә. Алматы,1996ж.