МIНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР  ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Сыдықова Қ.Ө.

Көпбосын А. – ПжП-12-3

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

 

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып қазіргі таңдағы даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қозғайтын істерін қайта құрумен, әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазiргi кезеңдегi оқушылардың әлеуметтiк жағдайдағы дамуына үлкен өзгерiстер келтiредi, яғни олардың өзiн-өзi бағалауының жеке тұлға болып қалыптасуына әсерiн тигiзедi.

Бұлай болу себебі қазіргі таңда отбасы жағдайына, заман талабына сай, әр түрлі зиянды заттардың арқасында ешқандай кінәсіз толық қарым–қатынасқа түспейтін, мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдер көбеюде. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мұғалімдермен, ата-аналарымен, жолдастары арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру маңызды болып табылады. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.

Сондықтан да, болашақ ұрпақтың, әсіресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің  теріс жолға түспеуін, адамгершіліктік - өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өмір талабына бейімделуі мен талаптану деңгейі үлкен ықпалын тигізетін жүйелі тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.

Қазақстанда тұлға мәселесi Ж.И.Намазбаеваның [9,25б.] жетекшiлiгiмен және оның шәкiрттерiнiң, яғни Л.О.Сарсенбаева, Р.Ш.Сабирова [11,28б.], Л.В.Пилипчук [12,30б.] және т.б. ғылыми зерттеу еңбектерiнде белсендi түрде дамуда әрі жан-жақты зерттелуде.

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері бала еркінің дамып жетілмеуі оның өз іс-әрекетін, мінез–құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс-әрекетіне қойылатын талап пен мінез–құлқын үйлестіре алмайды. Мұндай ерекшеліктер өте жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Мұндай балалар төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.

Жалпы мінез–құлқындағы ауытқушылығы бар балалар әдетте аумалы-төкпелі морт деп аталатын балалар. Ондай болу себебі ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе бала өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады.

Балалардың мінез-құлқында қиындықтар биологиялық және әлеуметтік себептермен шарттас болады. Бірақ, сонымен қатар биологиялық деректері, оның ішінде тұқым қуалау деректері болашақ балада қалыптасатын барлық мінез еркшеліктері мен қасиеттерін алдын-ала бастапқы сәт ретінде ғана ескерілуге тиіс.

Егер баланың мінезінде қолайсыз жағдайда өтсе, онда оның мінез–құлқында айтарлықтай патологиялық кемістік ақаулар пайда болуы ықтимал. Мінез–құлқында психологияның ауытқуы психикалар мен жүйелер қызметтерінің дамымауы.

Міне–құлықты баланың осы немесе басқа да ахуалының, оның даму тенденциясының күәгері ретіндегі феномен деп қарастыра отырып, біз мінез–құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында жүріп жатқан әр түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз керек.

Сондықтан да, жасөспірімнің қандай да бір мінез–құлқының ерекшілігінің ауытқушылық деп жіктемес бұрын, психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының жасын және т.б. ескеруі қажет. Тек содан кейін ғана қандай да бір пікір айтуға немесе ықпал ету іс-шараларын тағайындауға болады.

Ауытқушы мінез-құлықтары бар жасөспірімдердің мінез–құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен шақырылады. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп жиналып көрінеді немесе бірден шарт кетеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруі, қарсы шығуы, кетіп қалуы, аггрессияны келтіре аламыз. Осыдан кейін ауытқушы мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық комплекстер туындайды.

Жасөспірімдердің ауытқушы мінез–құлқының себептері мен факторлары:

а) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез–құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік –педагогикалық олқылықтар;

б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтарымен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен және басқа да физиологиялық және психоневрологиялық ерекшеліктер себептерімен;

в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік–психологиялық ауытқушылықпен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.

Мінез-құлқында ауытқушылғы бар балалардың мінезін, қарым-қатынасын, өзін-өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, өзін-өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.

Сол сияқты әр баланың өзінің ерекшелігі бар, оны байқай білу де, соны орайына қарай дұрыс бағытқа бағдарлай білуде шеберлікті қажет етеді. Қандай қиын бала болса да оның ар–ожданына тимей, жеке өзіндік психологиялық ерекшелігін ескеріп, икемі бар жаққа қарай баули білу, қоғамдық пайдалы істерге икемдеу, тындырған ісіне баға беруде де қырағылық таныту, оның алдында айқын мақсат қойдыра білу және оған жетуге көмектесу сияқты сан–саналы, тынымсыз тәрбие жұмысы арқылы ғана мақсатқа жетуге болады.

«Сүтпен сіңген мінез сүйекпен  кетеді» демекші бала қандай жағдайда болсын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап әр сағат сайын оның өсіп–дамуына көп көңіл бөліп, жас ата-аналарға психологиялық, медициналық ақыл кеңес беріп, баланың дамуындағы олқылықтарды жойып, мінезін түзеп, қарым–қатынасқа қосып, өзін-өзі бағалауын сіз біз болып жоғарлатуымыз керек, бұл біздің келешек ұрпақ алдындағы міндетіміз.

«Жақсылық етсең, жетерсің мұратқа, жаманға ерсең қаларсың ұятқа» т.б.–осындай нақылды сөздерді оқи отырып, мінез–құлықтың үлгі нормасы ретінде қабылданады. Отбасы жағдайында мұндай ізгі өмірлік мәні зор кез келген мәселені шешуде өзара түсінушілігі мен бірлігін нығайтады. Қолайлы психологиялық ахуал нәтижесінде ата-аналар мен жасөспірімдер арасындағы мейірімді қарым-қатынас жоғалмаса екен.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Намазбаева Ж.И. Развитие личности учащихся вспомогательной школы: Дис. докт. психол. наук – М., 1986. - 25с.

2.Сабирова Р.Ш. Исследование динамики самосознания личности студентов современного ВУЗа: Автореф.дис. канд. психол. наук. –Алматы, 1998. - 28 с.

3.Пилипчук Л.В. Особенности самосознания личности в раннем юношеском возрасте: Автореф.дис. канд. психол. наук. - Алматы, 1999. - 30 с.