Аға оқытушы Сайлыбаева Қ.Ә., психология мамандығының 3 курс студенті Құттыбек А.Қ.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Жанұяда бала психологиясының даму ерекшелігін зерттеу.

 

Баланың психологиялық дамуына ықпал ететін орта ол-жанұя.

Бала дамуына көптеген факторлар әсер етеді.Себебі оның дамуы — күрделі процесс. Баланың дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Отбасы — баланың психологиялық дамуына негізгі әсер ететін фактор. Тәжірибеге қарағанда, баланың психологиялық тұрғыдан қалыпты дамуы отбасында дұрыс қарым-қатынастың болуына, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ұнатуына, құрметтеуіне, отбасында еңбектің дұрыс жолға қойылуына байланысты екенін көрсетеді. Мұндай ортада бала көңілді әрі қалыпты өсіп дамиды. Балалар бірдей биологиялық, психологиялық заңдылық бойынша дамиды. Демек, отбасы өсіп келе жатқан тұлғаны қалыптастырады немесе бұзады. Отбасы қауіпсіздік, бақыт, өзін қалыптастыруды құрылымдаушы.

Отбасы жүйесін - біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада - ері-әйелінен құралады; үшінші топ – сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы – баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады. Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.

Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың дамуы мен пайда болуы:

Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-ірекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді.

Екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «Мен өзім» дағдарысын туындатады. Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-аның бақылау жасау, шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. «Шектен шығара ұялту» жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығаруда бала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды.

Үшінші кезең «бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялындағы адам мен заттан тұрады.

Төртінші «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі». 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.

Бесінші жеткіншектік кезең-11-16 жас. Осы кезең үш жастағы «Мен өзім» дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады.

Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі жағдайын анықтай алуы.

Э.Г. Эйдемиллер «отбасы диагнозы» дегентерминді ұсынған. Отбасы диангозы - отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы - отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік –психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттық әдіс, тест.

Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И. Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.

Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.

 

Әдебиеттер:

1.                          Абдракова А.Б. Роль общения в воспитании трудных подростков. Автореф.дис. канд. Алматы, 2004.

2.                          Айдарбеков Қ.А. Развитие диалогическии сруктуры самосознания у подростков в системе внутрисемейных взаимодействии  Автореф.дис. канд. Алматы, 2003.

3.                          Әбдумүтәліп К.Д. Тәртібі қиын жасөспірімдерді арнайы мектеп жағдайында тәрбиелеудің және қайта тәрбиелеудің педагогикалық жолдары Автореф. канд.дис. Алматы, 2004.