Ж.К.Аубакирова пс.ғ.к., доцент «Тұран-Астана» университеті

А.Ж. Сагандыкова «Тұран-Астана» университеті «Психология» мамандығының студенті

М.Б. Коржумбаева п.ғ.к., доцент «Тұран-Астана» университеті

 

Стресске төзімділіктің педагогика-психологиялық негізі

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылғы 6 мамырында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес иституционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берген болатын. 100 нақты қадам елімізге «2050 Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, сондай-ақ күрделі кезеңнен сеніммен өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап береді. Жоспардың нақты мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды [1]. Демек, қазіргі таңда көптеген мамандардың кәсіби  қызметтері төтенше  жағдайда өтуде. Осындай қызметтің тиімділігі тек қана кәсіби біліммен, қабілеттілікпен, дағдымен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар кәсіби маңызды сипаттармен анықталады. Солардың бірі, әрі маңыздысы – стресске төзімділік қазіргі кезде өзекті мәселе болып отыр.

Осы мәселе Отандық және шет елдік психолог ғалымдардың еңбектерінде едәуір орын алып отыр, оларды атап кетсек: әскери ЖОО магистранттардың зерттеушілік іс-әрекетінің әдіснамасы А.А.Булатбаева, әскери білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде Н.Ж.Асылов, ЖОО студенттерінің стресске тұрақтылығының этнопсихологиялық аспектісі диссертациясы Г.Ә.Әбдібекова, қоғамдық қарым-қатынастың әскерге әсері Галкин М.В., жауынгерлік стресс жағдайларында оңалту Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, жауынгерлердің мінез-құлықтарының себептерін түсіндіру С.Л.Рубинштейн, әскери мәселелерді психологиялық зерттеу Б.М.Теплов, стресс психологиясы Т.А.Серебрякова.

Қазіргі заманғы ғылымда төтенше жағдайларда тұлғаның қабілеттілігі ретінде психикалық адекваттылық пен қызметінің тиімділігін сақтау  үшін әртүрлі терминдерді пайдаланады:

– "психикалық төзімділік" (М. Ф. Секач),

– "психологиялық төзімділік" (В. В. Аршинова, С. А. Шувалов),

– "стресске төзімділік" (О. А. Ахвердова, И. В. Боев),

– "жүйкелік-психикалық төзімділік" (П. П. Дорогов),

– "кәсіби-психологиялық төзімділік" (Е. В. Василенко).

         Барлық аталған  терминдер өз кезегінде ерекше болып табылады, бірақ олардың негізінде стресске төзімділіктің жалпы мағынасы бар:

1) шиеленістік жағдайда оңтайлы жұмыс қабілеттілігі мен жұмыс тиімділігін қолдау қабілеттілігі;

2) жағымсыз факторлардың әсері кезінде тұлғаның оңтайлы психикалық күйді сақтау қабілеттілігі.

         Алайда, төзімділікті белгілі бір жағдайларды ұстап тұратын қабілет деп қарастыру дұрыс емес, ол уақыттағы жағдайлардың реттілігін қамтиды. Стресске төзімділіктің ерекшелігі – белсенді  сипаты болып табылады. Бұл дегеніміз, стресске төзімділікті процесс және нәтиже [2] ретінде қарастыруға болатынын және ол тұлғаның  психикалық дамуында ажырамас бөлігі, бейімдеу процесінде маңызды рөл атқаратынын білдіреді.

         Кең мағынада, стресске төзімділікті екі айнымалы — қоршаған орта мен ішкі құрылым жүйесінің [2] функциясы ретінде қарастыру қажет. Осының негізінде мынадай қорытынды жасауға болады, төзімділіктің бар түрлері, тұлғаның психикалық тұрақтылығының тұтас компоненттерінің ажырамас бөлігі болып табылады.

         Психологиялық тұрғыдан алғанда, стресске төзімділік маңызды психикалық процесстердің функционалды сипаттамаларын, тұлғаның қасиеттері мен сапасын, сондай-ақ нақты жағдай талап ететін психологиялық қызмет жүйесінің адекваттылық дәрежесін көрсетеді.

         Ғылыми психологиялық әдебиеттердің теориялық талдауы көрсеткендей, «стресске төзімділік» терминінің бәріне бірдей анықтамасы  жоқ, әрбір автор бұл терминді өзгеше түсіндіреді.

         С. В. Субботиннің айтуынша, "стресске төзімділік" — бұл кешенді жеке психологиялық ерекшелік, ол дара қасиеттерді өзара байланыстырудың нәтижесінде субъектінің қоршаған ортамен әр түрлі тіршілік жағдайларында оңтайлы өзара іс-қимыл жасауына әкеледі [3].

         Осыған ұқсас анықтаманы А.А. Баранов [3] береді. Оның айтуынша, бұл феномен (сапасы, ерекшелігі, қасиеті) негізінен сипаттама ретінде қаралып, өнімділікке (табыстылыққа) әсер етеді. Осыны кейінірек Н.В.Суворова та өз жұмыстарында атап өтті.

         Б. Х. Варданян  бойынша стресске төзімділік - "эмоциогендік жағдайда барлық психикалық компоненттерінің арасында үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етіп, қызметтің табысты орындалуына жәрдемдесетін тұлға ерекшелігі" [4].

         Стресске төзімділікке толығырақ анықтаманы П.Б.Зильберман (1974) береді, «стресске төзімділік – тұлғаның эмоционалды, ерік-жігерлі, интеллектуалды және мотивациялық сияқты адамның психикалық әрекетінің құрамаларымен сипатталатын және күрделі эмотивті жағдайға әрекет мақсатына сәтті жетуді қамтамасыз ететін интегративті қасиеті» [5].

         Стресске төзімділікпен қатар эмоционалдық тұрақтылық пен эмоцияларды бақылау (Е. А. Милерян) қабілетін; төтенше жағдайларда үлкен жүктемелер мен міндеттерді ойдағыдай шешу қабілетін (Н.Н. Данилова); сондай-ақ күрделі қызметті атқару кезінде эмоционалдық қозу күйін жеңу қабілеттілігін (В. Л. Марищук) теңдестіреді.

         Л.Г. Дикая байқағандай, эмоционалды төзімділікті қалыптастыру тұлғаның, жағдайдың және ортаның өзара әрекеттесу нәтижесі болып табылады.

         Кейбір психологтар стресске төзімділікті темперамент ерекшелігімен байланыстырады. Мысалы, В.А.Плахтиенко, Н.И.Блудов (1985) эмоционалды төзімділік эмоционалды энергияның жүйкелік-психикалық қорын тиімді пайдалану арқасында әрекеттің мақсатты міндеттерін сенімді түрде орындауға мүмкіндік беретін темперамент қасиеті деп түсінеді.

         А.Е.Ольшанникованың (1974) эмоционалды төзімділіктің басты детерминанттары ретінде жағымды эмоциялардың тұрақты түрде басым  болуы деп есептейді [4].

         Кейбір авторлар стресске төзімділікті адамның шиеленіскен жағдайларға даярлығының құрылымының бірі деп есептейді. Мысалы, Дьяченко М.И. және авторласы шиеленіскен жағдайлардағы мамандардың әрекеттерінің сәттілігі мен деңгейі тәуелді болатын факторлардың бірі ретінде, оларға дайындық ерекше орын алады. Ол білімді, тәжірибені, жекелеген қасиеттерді, өзін басқару мен болжанбаған жағдайларда ішкі жағдайларды қайта құруға тез әрі дұрыс қолдануға ықпал етеді. Даярлықты негіздейтін ішкі және сыртқы жағдайларға бұл зерттеушілер жатқызады: қойылған міндеттердің мазмұны, олардың қиындығы мен жаңашылдығы; шығармашылық жағдайы, мотивация, мақсатқа жету мүмкіндігінің бағасы, жүйкелік-психикалық күйі және сонымен қатар стресстік жағдайға эмоционалды төзімділік.

         Қазіргі заманғы психологиялық стрессті зерттеу саласындағы алдыңғы қатарлы мамандардың бірі  В.А.Бодров ойынша стресске төзімділік деп  "біріншіден, сыртқы және ішкі (жеке) ортаның төтенше жағдайларға  бейімделу дәрежесін сипаттайтын  адамның интегративті қасиеті. Екіншіден, ол субъект дамуының психикалық, физиологиялық және әлеуметтік реттеу құрылымы мен ағымдағы функционалдық күйі мен мінез-құлықтың функционалдық сенімділік деңгейімен анықталады. Және үшіншіден, ағза мен психиканың функционалды  ресурстарын  қосқанда көрінетін қасиет ".

         Осылайша, стресске төзімділік тұлғаның  өте күрделі, көп деңгейлі, әрі мазмұнды сапалық ерекшелігі болып табылады. Онда қабілеттер кешені мен кең ауқымды, түрлі құбылыстар бірігеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.           Социальная психология. –М.: Наука, 1975. – 342 б.

2.     Психологический словарь / под ред. В. П. Зинченко, Б. Г. Мещерякова. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Педагогика – Пресс, 2007. – 440 б.

3.           Лазарус, Р.С. Теория стресса и психофизиологические исследования //Эмоциональный стресс /Под ред. Л.Леви. - Л.: Медицина, 1970.

4.     Варданян, Б.Х. Механизмы саморегуляции эмоциональной устойчивости. Категории, принципы и методы психологии. - М., 1983.

5.           Зильберман, П.Б. Эмоциональная устойчивость оператора // Очерки психологии труда оператора. М.: Наука,1974. — 152 б.

 

Аннотация

В данной статье рассматривается психолого-педагогические основы  стрессоустойчивости. Также были рассмотрены труды следующих ученых: П.Б. Зильберман, С.В.Субботин, Н.Ж.Асылов, А.Р.Лурия и др. рассматривается стрессоустойчивость личности.

Аnnotation

This article discusses the psychological and pedagogical bases of stress . PB : works of the following scientists were also considered Zilberman , S.V.Subbotin , N.Zh.Asylov , Luria et al . Is considered a resistance to stress personality.