Аязбаева Меруерт Серікқызы, Тлеумбетова Гүлнұр Ұланбайқызы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ.

ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАҒДАРЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі кезде нарықтық деңгейде жаңа талаптар мен қоғамдағы  жұмыссыздықтың көбеюі дағдарыс  процесінде  жеке тұлғаның  әлеуметтік   қиындықтарға кездесіп, түсініспеушілігі күшейіп, ортадан шеттетілуіне байланысты  психологиялық көмек  негізінде осы дағдарыстан шығу мен жеңу жолдарын қайта қарау мәселелері туындауда. Әлеуметтік ортадағы қиындықтар, жағымсыз жағдайлар мен дағдарыстар  бүгінгі психология саласында көкейтесті, өмірлік циклда кездесетін дағдарыс түрлеріне психологиялық білім мен  мәдениеттің  төмендігінен көптеген жеке тұлғалар бөгеттерден шыға алмай, кері кетіп әлсіздік танытып, жағдайға күш-жігер салуға жауапкершілік алмау  кеңінен етек жайып барады.

   Арнайы мамандардың зерттеу көрсеткіштерінде әлеуметтік қажеттілікті қамтамасыз етуде жеке тұлғада қобалжуы басым болып, сыртқы және ішкі деңгейде көрініс табады. Дағдарыс  мәнді қажеттілікті  жүзеге асыруда  дене және психикалық саулығына әсер етуі және  жеке тұлғада көрінуі (З.Фрейд, Э.Эриксон, Э.Дювалль, Д.Винникота, М.Хана, Р.Яноф-Бульман)  теориялық көзқарастарында нақтыланған [1].

Қазіргі  теориялық тұжырымдама  негізі   дағдарыс теориясы бойынша  кеңінен (Д.Фонтан, Р.Перри, және А.Мэркер) қарастырылуда.

Дағдарысқа енжар қарау себебінен қазіргі таңда қоғамда  жеке тұлға дамуы деңгейінде өзін көрсетуден қашып, мифтік  жалпылануға, әлеуметтік ортада өзін және отбасын бөлектеуге әкелуде (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Г.Ананьев, С.Л. Рубинштейн). Ғылыми деректерге  сүйенсек, дағдарыс жағдайы туралы (Ф.Е, Василюк); Қақтығыс, денедегі қауіпті жағдайлар, түсініксіз процестер (К.Левин); Аффектілі (қозу) өмірлік жағдайлар (Ф.В.Бассин); Психологиялық дағдарысқа әкелетін жетекші қақтығыс жағдайлары (А.Г.Амбрумова); Қиын жағдайлар (А.Я. Анцупов, А.Н.Шипилов) және т.б. қарастырған [4;12].

   Әлеуметтік дағдарысқа микрожүйе деңгейінде  көзқарасты білдірсек:  жеке тұлға құрылымдық  жүйеде ролдердің өзгеруі, қақтығыстың  шығуы, иерархияның бұзылуы, үйлесімсіз әрекеттердің ұзақ уақытқа созылуы. Берілген бағыттың дамуына үлкен үлес қосқандар: А.Маслоу, Г.Олпорт, А.Бандура, Дж.Блок, Р.Томас, Р.Бенедикт [2;87].

Маман иелері (психолог, педагог, юрист, сексолог) әлеуметтік дағдарыс процесінің  түрлерін оның қалыптасу деңгейін анықтап, жеке тұлға қалыптасуы мен   дамуы  деңгейіндегі сұрақтарға  бірге жауап іздеп, психологиялық көмек көрсетілуде (Л.Фестинжер, Р.Лазарус, Дж.Тугер, А.Вогел, Дж.Келлер). Ғылыми тұрғыда  әлеуметтік дағдарыс мәселесі  психологиялық тұрғыдан зерттеу, арнайы теориялық жағынан немесе психотерапевтік әдістермен  психокоррекциялық жұмыстарды жүйеге келтіріп бейімдеуді қажет етеді [3;4].

  Жеке тұлға өмір мектебінен өтуде бірнеше дағдарыстардан (жас ерекшелік, отбасы, әлеуметтік) өту арқылы, сыртқы және ішкі ортада шынайы, үйлесіммен өмір сүруді меңгеретін болады, осы мәселені кеңінен  қарастыруда [3;62].

Дағдарыс процесі  «кризис»  грек сөзінің аудармасы «шешім», «бұрылу нүктесі» деген мағынаны береді. Дағдарыс процесі  жеке бас дамуы бағытында төзе  және жүзеге асыра алмайтын, өмірлік қажеттілікпен айқындалады. Бұл субьектінің әлеуметтік-психологиялық бейімделуін  бұзуға  әкеледі. «Дағдарыс» - өмірде кездесетін себепті және шұғыл күрделі  жағдайға байланысты  жеке-дара адамдағы бедел өзгерісі [4;12].

Психология ғылымында алғаш дағдарыс процесі адамның күйзелісі  ретінде жас ерекшелік және динамикалық тұрғыдан зерттелген (Л.С.Выготский, Э.Эриксон). Жеке тұлға мүмкіндіктерін  пайдалану үшін, алдымен   жан дүниеміздегі өзгерістерді дұрыс түсініп, оны қабылдаудан бастама алатынын назарда ұстауды  міндет етіп, өмірдің мәнін жоғалту деңгейінде қарастырылды (Франкл), ал кейбір зерттеулерде (З.Фрейд, Д.Винникота, М.Хана, Р.Яноф-Бульман) дағдарыс жағдайын  соққыдан кейінгі деп қарастырған [4;20].

Дағдарыс кез-келген кезеңде аяқталуы мүмкін, егер де шешім шығарылатын болса,  қауіп жойылады.

С.Селье тұжырымынша дағдарыстан шығудың 2 тәсілі бар: күрес (айқас) және бейімделу, мұнда бейімделу мінез- құлықтың ең сәтті тәсілі. Сельенің классикалық зерттеулерінде бейнеленгендей стресстің кезеңдері кез келген бейімделуші процес үшін тән, себебі бейімделушілік қайта құруды талап ететін әсерге (үрей кезеңі, алаңдау-реакция) және максималды тиімді кезеңге, бейімделуші механизмдердің жетіспеуі, бейімделу үрдісінің бұзылысы жағдайына тікелей реакцияны қосады. Эмоциялық қысым немесе стресс арқылы адам  жаңа бір мәселені, ол ішкі және сыртқы жағдайларда меңгеруге  қол жеткізеді [4;45]

Қорыта айтқанда,  дағдарыс процесін әлеуметтік процесс, деп  қарастыруға болады, оны сыртқы және ішкі жағдайлар бірігуінен күшті және әлсіз соққынның бір сәттегі нәтижелері құрайды. Жеке тұлғада дағдарыс процесінің қалыптасу ерекшелігіне , нақты жеңуге арналған саналы әрекетті қарастыруды қажет етеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     Елизарова Т.Ю. Детерминация психологического преодоления критических ситуаций: Автореф.дис.канд.психолог.наук. –Минск,2000

2.     Погодин И.А. Динамика психологических характеристик личности в процессе адаптации в условиях относительной социальной изолояции:  Автореф.дис.канд.психол наук: 19.00.01.-Минск, 2002.21б

3.     Фонтана Д. Как справиться  со стрессом. Перри Г. Как справиться с кризисом. Брум А., Джеллио Х. Как жить с вашей болью /Пер. с англ.-М.: Педагогика –Пресс, 1995.-323б.

4.     Василюк Ф.Е. Психологический анализ преодоления критических ситуаций: Автореф. дис. канд.психол. наук: 19.00.01.-М.,1981. –28б