Момынова
С.Н., Абаева А., Есенова Н.
М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
МЕКТЕП ЖАСЫНА
ДЕЙІНГІЛЕРДІҢ ӘР ТҮРЛІ
ІС-ӘРЕКЕТ
БАРЫСЫНДА ЕСТЕ САҚТАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Баланың есі
туғаннан былай қарай дами бастайды. Мәселен, төрт-бес
айлық бала стакандағы ыстық суды біліп, оған жоламайды,
өйткені оған қолын күйдіріп алған. Жарты
жастағы бала шешесін бірер жеті көрмесе де тани алады. Бұл
балада тану процесінің өте ерте көрінетіндігін
байқатады. Біртіндеп баланың есінде қалатын заттарының
көлемі арта түседі. Бір жасар бала көрген нәрсесін
бір-екі апта есінде сақтайды, үш жасар бала көргенін бір
жылға дейін ұмытпайды. Бала есінің дамуында жүру,
айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға талпыну, ойын
әрекеті едәуір орын алады. Үш-төрт жасар баланың
есте қалдыруындағы негізгі ерекшелік – жаттайтын
материалдардың сыртқы түрлеріне көңіл
бөлетіндігі есінің нақтылы, бейнелі келетіндігі. Кейде
баланың тану процесі көбіне дәл, тура, дөп келмейді,
кейде бала қателесіп, қате тануы жиі кездеседі. Зерттеулерге
қарағанда 3 жасар бала жарты жыл бұрын көрген заттарын
тани алса, 4 жасар бала бір жыл бұрын, 6жасар бала бір жарым жыл
бұрын көрген заттарын танитын көрінеді. Төрт
жасқа дейін балада еріксіз ес күшті дамиды. Мәселен, бала
өлеңді, қара сөзді, тақпақты қалай
болса солай, тез жаттап алғанымен оның мазмұнына
түсінбейді. Бес жастан былай қарай балада естің жоғары
түрлері (ерікті есте қалдыру, қайта жаңғырту)
көрінеді. Балалардың есі сыртқы тітіркендіргіштерді тез сақтауымен
ерекшеленеді. Осыдан кейбір психологтар ересектерге қарағанда
балалардың есі күшті болады деп есептейді. Бірақ зерттеулер
нәтижесінде балалардың есі үлкендерге қарағанда
төмен болады. Есте сақтау қалыпсыз өтеді. Балалар
есінде кездейсоқ оқиғаларды, сөздерді тез
сақтайды. Бұл материал баланың есіне түскен соң
ұзақ уақыт сақталады. Бала өзінің
есінің бай қорымен пайдалана алмайды, себебі көбіне
ырықсыз есте сақтайды.
Г.П. Блонский
көрсеткендей есте сақтаудың түрлері әр жаста
жүйеленеді. Қимыл-қозғалыс есі 1 айлық кезінде
анықталады. 6-7 айлық кезінде эмоциялық есте сақтау
байқалады. 1 жаста бейнелік ес дами бастайды. Вербальды ес 2 жастан
байқалады, бірақ 7-8 жаста ерекше дамиды. Ол баланың мектептегі
оқып-үйренуімен байланысты (6, 13).
Бір жас кезінде бала
практикалық тәжірибе жинайды. Бұл тәжірибе тану
процесінде көрінеді. Тану процесінде есте сақтау мен қабылдау
екеуі бірге жүреді. Мысалы: таныс адамдар жақындағанда –
анасы, тәрбиешілер бала күліп жанданады. Ол қолын
қимылдатып, қуанышты дыбыстар шығарады. 1 жастың екінші
жартысында бала ескі ойыншыққа қарағанда, жаңаны
қалайды. Өзінің ескі ойыншығын ол тез таниды. 5
айлық кезден бастап бала таныс адамдарын даусына қарай таниды. Бір
жастың аяғында бала көп рет естіген мотивті
(өлең) еске түсіре алады.
Бала
өмірінің алғашқы жылында танудың латенттік
(құпиялық) сатысы дамиды. Егер сегіз-тоғыз айлық
бала жақын адамды екі-үш айдан кейін таныса, онда екі жасар бала
таныс адамды екі айдан кейін тани алады. 3 жасар бала бір жыл бұрын жазды
өткізген үйді, бақшаны, жолды есіне түсіре алады. Екі
жаста баланың есте сақтауының көлемі және
беріктілігі арта түседі. Ол тек жүйке аппараттарының дамуымен
байланысты ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортаны тану
арқылы тәрбиесін арттыру. Баланың моторлық
(қозғалыс) есте сақтауы бір жастан басталады. Заттық
іс-әрекеттерді үйрену орындалатын қимыл және
әрекеттерді есте сақтауға қолайлы жағдай
туғызады. 2 жаста заттарды тосып алу қимылдары оңай
орындалады. Бала оларды керек кезде қолайлы жағдайда еске
түсіреді.
Екі жасар балалармен Е.
Бибатова зерттеу жүргізеді. Ол бос, кең алаңда ойнатады
және қимыл - әрекетіне кедергі жасамайды,
түрлі-түсті ойыншықтар береді. Сонда олар мынадай
әрекеттерді ерікті орындайды:тасиды, лақтырады, алады, салады,
тұрғызады, жабады және т.б. Үш жаста
қозғалыс ісінің негізінде алғашқы орындалатын
әрекеттер қалыптасады. Олар дағдының негізін
құрайды. Бұл кезде балаға допты тосып, лақтырып,
қарындашты, қайшыны қолдануды үйрету керек. Мектепке
дейінгі шақта еске сақтаудың ерекше түрі дамиды –
сөздік-мағыналық. 6 айдан бастап бала кейбір дыбыстарды,
содан кейін сөздерді есте сақтайды. Ол сөздер белгілі
заттармен, әрекеттермен байланысты. Екі жаста бала жеңіл
бұйрықтық тапсырмаларды орындайды, сөздің
мағынасына түсінбейді. Сөйлесіп үйрену есте
сақтау процессінің дамуына және өзгеруіне ықпал
етеді. Енді сөздік есте сақтауды көрсетуге болады, ол
мағыналықпен байланысты. Осы жаста балалардың
өлеңдер, тақырыптар, жаңылтпаш т.б. есте тез
сақтауы таң қаларлық емес. Екі жаста жүріп
үйренген бала көптеген заттарды танып, қоршаған орта
туралы мәлімет алады. Есте сақтау процесі де өзгереді, ол
қабылдау қажеттілігінен құтылады. Танумен қатар
жаңғыру қалыптасады. Бірінші ырықсыз, содан кейін
ырықты. Қайта жаңғыртудың алғашқы
түрлері қимыл қозғалыс есінде жақсы көрінеді.
2 жастан кейін бала адамдардың атын есіне сақтайды. Сонымен
қатар костюмнің ерекше белгілерін есте сақтап қалады,
қайта жаңғыртуының дамуы.
Бюлердің ойынша
бейнелерге қарағанда, ой есте жақсы сақталады. Ал
зерттеу бойынша балаларға ойға қарағанда бейнелер
жақсы сақталады. Кейбір психологтар есте сақтау дамымайды, ол
тек балалық шақта максимальды түрде көп болады дейді.
Көптеген зерттеулерге сүйенсек есте сақтау қабілеті жас
балаларда күшті болады, ал өсе келе ол қабілеті азая
бастайды.
Мысалы: ерте балалық
шақта шет тілін әрқайсысымыз оңай үйренеміз.
Америка және Германияда педагогикалық тәжірибе
жүргізілді. Онда мектепке дейінгі балалар шет тілін оқып
үйренеді. Ал оларға қарағанда мектеп жасындағы
балалардың үйренуі баяу болады. Ерте жастағы балалардың
есте сақтауы жеткіншектердің және ересектердің есте
сақтау қабілетінен әлдеқайда жоғары. Бірақ
бала тек қана шет тілін үйрене алады, ал географиядан жүйелі
білімді меңгере алмайды. Ал ересектердің жүйелі білімді есте
сақтауы жоғары. Балалық шақта есте сақтау негізгі
психикалық жүйе болып табылады және соның негізінде
барлық психикалық жүйелер құрылады. Баланың
ойлау қабілеті оның есте сақтауымен тығыз байланысты.
Баланың ойлау қабілетімен ересек адамның ойлау
қабілетін тіптен салыстыруға болмайды. Себебі, бала ойланбайды, тек
қана еске түсіреді. Осыдан бастап ойлау қабілеті дами
бастайды. Егер балаға ұлу дегеніміз не десек, ол кішкентай, жылтыр
деп жауап береді. Ал орындық десек отыратын қатты зат дейді (22,
23).
Орта және кіші
мектепке дейінгі шақта (3 және 4 жас) есте сақтау және
еске түсіру дербес емес процестер болып табылады, тек қана
іс-әрекеттердің кейбір түрлеріне кіреді.
Мектепке дейінгі
кезеңде (5 және 6 жас) ырықсыз естен ырықты еске
сақтау және еске түсіруге өту кезеңі басталады.
Зерттеу келесі тапсырмаларды шешуге арналған:
1.
Балалардың
өздерінің мақсатын көрсететін шарттарды айқындауы
– есте сақтауы.
2.
Ырықты есте
сақтаудың алғашқы формаларын анықтау.
Тәжірибенің
бірінші бөлімінде балалар сөздерді есте сақтайды, зерттеушіге
есінде қалған сөздерді айтады.
Екінші тәжірибеде
осы сөздер балалардың ойын іс-әрекетіне қосылды. Ойын
екі түрде жүргізілді. «Дүкен» ойыны және «Балалар
бақшасы» ойыны. Осы ойындар сюжетке қосылды. Әр бала тәрбиешіден
керекті құралдар алып, есінде сақтауы қажет. Есте
сақтаудың ойын кезінде, тәжірибеде өнімділігі
сыртқы факторлардың әсерінен емес, баланың
белсенділігіне байланысты. Егер 3 жастағы балаға дүкенге бар
деп жұмсасақ, онда балада ешқандай мақсат болмайды.
Бала тапсырманы орындамайды. Бұл жаста еске сақтау мақсатты
іс-әрекет емес.
Психологияда
балалардың есте сақтау қабілеті туралы мәселе
түсініксіз, тіпті жұмбақ болып келді. Шынымен де
балалардың есте сақтауы дамиды ма? Ересектердің есте
сақтау қабілеті балалардікіне қарағанда жоғары
ма?
Көптеген
пациенттер есте сақтау қабілетім нашар деп шағымданады. Олар
уаыт өткен сайын есте сақтау қабілетінің
баяулағанын айтады. Егер біз әр түрлі жастағы балалар
жаттайтын сөздердің орташа санын салыстырсақ, бұл
функцияның ешқандай дамуын көре алмаймыз.
Сонымен, зерттеу
нәтижесінде ересектердің есте сақтау қабілеті 13-14
жастағы баланың есте сақтауынан да төмен болады.
Бірақ ересектердің есте сақтауы содан да күшті
болатынын білеміз. Мысалы: ғалым өзінің зерттеу пәні
бойынша барлығын есіне түсіре алады.
Сонда бұл
қарама-қайшылықты қалай шешуге болады. Баланың
әлде ересек адамдардың есте сақтау қабілеті
күшті?
Егер 5 жасар бала мен
мектеп жасындағы баланың есте сақтауын салыстырсақ,
екеуінің қабілеті бірдей, бірақ олар қабілетін
әрқалай қолданады. 5 жасар бала құралдар
арқылы бұрынғы тәжірибесі бойынша есте
сақтайды.Екеуінің де есте сақтауы бірдей. Қысқа
мерзімде есте сақтап тұру үшін әр түрлі
құралдар пайдалану экспериментін жүргізейік.
6-7 жасар балаға
10 сандарын оқып, есіне сақтауды сұрадық.
Тәжірибе жүргізілгеннен кейін баланың есінде 2-3 сан
ғана қалыпты. Сонда біз тәжірибені өзгерттік.
Оған парақ, жіп т.б. заттар бердік. Сонда бала ол заттармен
пайдаланбайды. Себебі, ол заттарды қолдану арқылы есіне жақсы
сақтауға болатынын білмейді. Тәжірибені бірнеше рет
жүргізу арқылы, бала сонда ғана көмекші заттарды
пайдаланады. Барлық жүргізілген тәжірибеде
байқағанымыз: көмекші белгілерді пайдаланғанда есте
сақтаудың тиімділігі арта түседі. Естің дамуына
мәдениет те үлкен ықпалын тигізеді. Себебі, ол түрлі
заттарды қолдану арқылы есте сақтауын дамытады.
Мектепке дейінгі
шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің
пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар оқиғалар есте
сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта
анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге
сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске
түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса,
мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі
сәттерді есте қалдырады. Есте сақтау мен еске түсіру
баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс -
әрекет арқылы жүзеге асады, әрі іс әрекеттің
сипатына байланысты балады. Бала іс - әрекетте неге зейін қойса,
оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есте
сақтайды.
Заттарды, картиналарды,
сөздерді ықтиярсыз есте сақтауының сапасы,
баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс -
әрекет істеуіне, іс - әрекет процесінде оларды егжей – тегжейлі
қабылдау, ойластыру, топтастыру, қандай дәрежеде
өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап
шыққанда оларды баланың есінде сақтау
анағұрлым нашар болады,ал
осы суреттерді өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге,
балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды
қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы
сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын
қабылдау және іс - әрекеттің жанама, қосымша
нәтижесі болып табылады.
Мектепке дейінгі жастағылардың
ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес
жұмысының бірден – бір түрі. Бала бірдеңені есте
сақтау немесе еске түсіру жөнінде
алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы
тәсілдерді қолдануды білмейді.
Мысалы, үш жасар
балалардан суреттер тобының біреуін сұрағанда
балалардың басым көпшілігі мүлде бірдей ұстады. Суретке
көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып
қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді
сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде
әңгімелеп беруге тырысты,суретке байланысты бөтен
тәжірибенің жағдайларын еске түсірді.
(«Көзілдірікті көзге киеді, мынау көбелек, құрт
деп аталады ») «Қарбыз мен, анам
және әкем – үшеуміз үлкен қарбыз сатып
алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші, » т.б )
Әйтсе де есте сақтауға бағытталған
балалардың ешбір іс - әрекеттері байқалмайды. Есте
сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке
дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі
ересектерде жетіледі.
Ес процесінің
дамуына шолу жасап, оның мән жайын ашып көрсету ниетімен мен
мынадай екі мәселеге әдейі тоқталмақпыз. Оның
бірі – кеңес зерттеушілерінің бірсыпыра еңбектерінде
жарияланған.
Соны атап өтейік. Балалар
есінің дамуында екі түрлі із бар, естің дамуы бір ізді
емес-ті, оның негізі бірнеше зерттеулер арқылы іздестірілді. А.Н.
Леонтьев пен Л. В. Занков жүргізген зерттеулерде әр алуан
психологиялық іс- әрекеттер нәтижесінде қажетті
мәліметтерді тікелей есте сақтауға баламен салыстырғанда,
сол материалды тиісті бала өзінің іс - әрекетін өзгеше
жоспар жасап құрады. Өйткені аспап – құралдар мен
белгілерді қолданушы бала оларды есіне сақтау үшін сол аспап
– құралдарды пайдалана отырып берілген тапсырманы орындайтын
болады.
Соның
әсерінен баланың есте сақтауы өзге де психикалық
процестерді дамытуға ықпалын тигізеді, оның қиялы мен
ойлануының өрістеуіне әсер етіп отыратыны да сөзсіз.
Мектептегі төменгі
класс жасындағы балалардың образды есі (көру, есту) жақсырақ дамып, сөз –
логикалық есі нашарлау дамыған. Зар сезім туғызатын, аса әсерлі
көрнекілікпен байланысты нәрселердің бәрі тез есте
қалып, көпке дейін ұмытылмайды. Оқыту процесінде
балалардың мағыналы (сөз логикалық) есі тез дамиды.
Бала тек нақтылы ғана емес, сонымен қатар кейбір абстракталы
ұғымдары да тере бастайды. Оның есесіне көлемі
кеңейіп,игеру жылдамдығы және дәл жаңғыртуы
ұлғая түседі.
К.Д.Ушинскийдің
тұжырымдауынша 6-7 жастан 14-15 жасқа дейін балада
сөйлеудің арқасында механикалық ес барлық
естің физиологиялық негізі деп есептеледі.Баланың есін
зерттеуде И.П.Сеченов үлкен үлесін қосты. Ол баланың ес
процесін зерттеуде психикалық рефлекторлық теориясына
жүгінеді.
П.П.Блонский бала
есінің дамуында естің төрт негізгі түрін атап
көрсетті: моторлық ес аффектілі, бейнелі және вербальды
(сөздік). Ол ең алғашқы қимыл - әрекеттен
басталады. Туылғаннан 1- айлық кезінде қалыптасады.
Моторлық естен
кейін эмоционалды ес қалыптасады. Ол аффектілі реакцияда көрінеді.
П.П.Блонский: «Егер бала бір заттан қорықса, кейін оны қайта
көргенде қорқыныш пайда болады». Сондықтан, аффектілі
естің қатысы бар. Бұндай аффектілі реакциялар
баланың 6 – айлық кезінде
болады.
Ес дамуының
ең жоғарғы сатысы бейнелік және вербальды ес. Одан
әрі сөздік ес қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың есі эмоциялық әсерлі болып келеді. Ерекше
әсерге қалдырған қызықты оқиғаларды
бала жақсы қабылдап, есіне көп уақытқа
қалдырып отырады. Оларда логикалық естен гөрі
механикалық ес басымдау болады. Жас балаларға өлең,
тақпақ, әңгімелер жаттатып, оны жиі қайталатып,
есіне түсіріп отыру – ес дамуының басты шарттарының бірі.
Мектепке дейінгілердің
өмір тәжірибесі, білім қоры жеткіліксіздігінен, олардың
есте қалдыруы мен еске түсірулері көбінесе еріксіз,
сыңар болып келеді. Сол себептен тәжірибелер мен ата – аналар
балардың есту қабілетін белсенді, логикалық түрлерін
дамытуды ойластырулары тиіс.
Бала мектепке келгеннен
кейін оның есі дамудың жоспарлы жолына түседі. Өйткені,
оқу – тәрбие жұмысында балалардың логикалық есін
дамытуда мұғалім түрлі шаралар қолданады. Есті тәрбиелеу
оны дамытып, байытып, есте қалдыру, қайта жаңғырту
жаттығуларының әдістерін жөндеп, жолға
қоюмен тығыз байланысты.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Л.С. Выготский
«Баланың жас ерекшеліктері және кемтар балалар психологиясы туралы
таңдамалы еңбектер» Алматы 1999 ж.
2.
«Настольная книга
практического психолога» Книга 1. Москва, Владос. 2003 г.
3.
Сәбет
Бап-Баба «Жалпы психология». Алматы. Дарын. 2003