ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ӘДІС
ТӘСІЛДЕРІН АРНАЙЫ ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ
аға оқытушы Култанов Дастан Темиржанович
«Дене шынықтыру
және спорт» мамандығының
аға оқытушы Расулов Самир Мардан-оглы
«Дене шынықтыру
және спорт» мамандығының
Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Балуандардың
жаттығуы – бұл жоғарғы спорттық жетістіктерге
жетуге бағытталған, жан - жақты дене күш
қабілеттерін қалыптастырудың мамандандырылған процесі.
Спортшының жарыстарға дайындығын (амалдар, тәсілдер
және шарттарымен) қамтамасыз етуге барлық қажетті
факторларды пайдалануға бағытталған «Жаттығу»
түсінігі «Дайындық» түсінігімен ұштастырылады.
Спорттық жаттықтыру, барлық педагогикалық процесс
секілді жалпы дидактикалық қағидалар аясында
ұйымдастырылып өткізіледі. Техника мен тактиканы оқыту
процесінде қабілеттерді қалыптастыру және дағдыларды
игеру кезеңінде, жарыстарда спорттық міндеттерді шешуге осы
дағдыларды қолдану, жаттығудың мазмұнын
құрайды. [1, 24 б.].
Оқу жаттығу
құралымен және оқу үрдісінің мазмұны
әрқашанда бүтіндей нақты спорттық –
педагогикалық тапсырмаларды шешуге бағытталуы керек,
балуандардың дене дамуы мен техникалық дайындық
дәрежесін есепке алу мен қатар бапкерге білу қажет:
нақты оқу – құралы оқу – тәрбие
жұмысының
барлық топтамасымен,
олардың өміршеңдігінің, қабілеттілігін, мінез
және жігерінің қалыптасуының қалай
байланысқанын.
Оқу – жаттығу жұмысының
үрдісінде бапкер күрестің мынадай бағалы сапа
амалдарымен жарақтанады;
патриотизм,
ұжымшылдық, еңбек сүйгіштік, мақсатқа
ұмтылушылық, белсенділік, батылдық, шешімді және
талапшыл. Бапкермен қойылған, спорттық – техникалық
тапсырмаларды шешу, күрес үйірмесіне қатысушы
оқушылардан қатаң тәртіпті талап етеді,
жаттығудың, дайындықтың, оқу мен демалыстың
тәртібін сақтау, гигиеналық талаптарды орындау. Әрбір
оқытушы – бапкер жоғарғы дәрежелі жетістікке жететін
спортшы балуандарды тәрбиелеуге ұмтылады. Жоғарғы
спорттық шеберлікті қалыптастыру негізінде техника мен тактиканы
дұрыс меңгеру жатыр. Тактикалық шеберліктің басым
дәрежесі күрестің техникасын меңгеру деңгейіне тәуелді,
техникалық іс - қимылды орындау дағдысын
меңгерудің дұрыстығына және беріктілігіне
байланысты. Оқу сабақтарында үйрету үрдісі
оқытушының ұйымдастыруы мен жүзеге асады.
Арнайы оқу
бағдарламаларымен берілетін негізгі ұстанымнан басқа,
спорттық күрес оқытушылары
оқу үрдісінде өздерінің жеке білімдерін
және тәжірибесін қолданады. Оқу жаттығу
материалының үлкен ауқымы және әр түрлілігі
күрес бапкеріне шектеусіз шығармашылық мүмкіншіліктерін
ұсынады. [2, 53 б.].
Бір әдістің өзі қозғалыс түрі,
қарапайым қозғалыстар саны бойынша яғни
құрылымы жағынан әр түрлі болып орындалуы мүмкін.
Ол әдіске жаңа қосымша элемент
қосылғандықтан да, сондай-ақ элементтердің
орындалу әдісі бойынша да өзгеше болады, сонымен қатар бір
әдістің өз уақыты, бағыты, жылдамдығы
және жұмсалатын күші жағынан да әр түрлі
орындалады; бір элементтер бір мезгілде, басқалары бірінен соң бірі
және бұлшық ет күші түрліше дәрежеде
жұмсалып орындалуы мүмкін. Осылайша негізгі тәсілдердің
түрлері шығады. Бірақ тәсіл түрлерінің
осылайша көп болу мүмкіндігіне қарамастан жеке - жеке
әдістер құрылымының қажеттілігінде орындалу пішінінде
ортақ жалпы заңдылықтар болады. Әдіс жасағанда
балуан оның қозғалыстары жиынтығының көп
күш кетпейтіндей болып әрі оңай орындалып, жеңіске
жетуге мүмкіндік беруіне көңіл аударуы тиіс.
Ол қимылдар жиынтығын
орындағанда айналу оңай бола ма, бұлшық еттерге
күш қалай түседі, өзінің салмағын балуан
тиімді пайдалана алама, қарсыласты ауырлық нүктесінен
оңай тайдыруға бола ма, сөйтіп аз уақыт жұмсап
жеңіске жету мүмкін бе? Міне, осының бәрі
балуанның назарында болуы керек. Осы тұрғыдан мына
әдістің құрылымын қарастырайық
Спорттық әдебиетте, күрестегі белгілі
тәсілдер тобының бірі- шалқайып кеудеден асыра лақтыру
құрылымының негізі көбірек жазылып жүр. Ол
мынадай қозғалыстардан тұрады:

1) Суретте
Кеудеден асыра
лақтыру әдіс - тәсілі
- қарсыласты ұстау;
- артқы жақтағы
аяқты аяқты алдыңғы аяқтың
қатарына қою;
- қарсыласты кілемнен
көтеріп алу;
- қарсыласпен қоса
шалқайып кілемге құлау және кеудені кілемге қаратып
үлгеру.
Міне, бұл кеудеден асыра лақтыру
әдіс-тәсілі құрылымының ерекшелігі ұстау
әдісінде ғана болмайды. Жоғарыда айтылғандай,
тәсіл құрылымының айырмашылығы жаңа элемент
қосуда ғана емес, сондай-ақ ол элементтерді орындау
әдісінде де болады. Ең жетік балуандар шалқалап
лақтырғанда қарсыласының денесін бұратын тиімді
әдіс қолданады. Бұл үшін олар салмағын
жақсы пайдаланады, қарапайым қозғалыстарды орындалатын
уақыты бойынша тиімді ұштастырады, әрі күшін де
ұтымды қолданады. Бұл тәсілдің
құрылымы қазір бұрынғыдан да жетілдіріле
түскен. Мысалы, қарсыласты тепе-теңдіктен шығарып, оны
кілемнен көтеріп алу кезіндегі қимылдар былай ұштастырылады:
балуан иілген күйінде басын шалқайтпастан артқа құлай
бастайды; артқа өзі шалқайып және басын
шалқайтпастан бұрын міндетті түрде қолдарымен
әрекет етеді; шалқайып тізелерінен бүгілген аяқтарын
тіктеп және өзіне әрі жоғары қарай
жұлқу есебінен қарсыласын көтеріп әкетеді. Қимылдарды
осындай ретпен жүзеге асырғанда айналуға қолайлы
болады, өйткені балуан қарсыласын оның жалпы ауырлық
нүктесі әлде қайда
төменнен қағады, ал қарсыласын кеудесіне
қысқан қолдары айналуға жақсы мүмкіндік
береді. [1, 25 б.].
Әдебиеттер
1.Елемес Алимханов.Балуанның дене
күш қабілетін арттыру (Оқу құралы) Алматы:
Қазақтың спорт және туризм академиясы 2004 ж. 72 бет
2.Матущак П.Ф., Мухиддинов
Е.М. Казахша курес: Учебное пособие. – Алматы: Рауан, 1995 г.
3.Елемес Әлімханов.
Қазақтың балуандық өнері. Оқу
құралы. Алматы: Атамұра, 2008 ж. 152 бет.