УДК 62-50:663
Иманбаев Қайрат
Советович ,к.т.н., старший.преподаватель,
Алматинский технологический университет,
Керімақын Айнур, старший.преподаватель,
Айтбаева Рахатай Бекбергеновна, старший.преподаватель,
Әділхан Шалхар Айдынұлы,
студентка 4-курса специальности
«Информационные системы»
ЭЛЕКТРОНДЫҚ
ОҚУЛЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі заманда
технологияның дамуына байланысты білім беру
саласында үлкен өзгерістер болуда.
Соңғы
мыңжылдықтың негізгі өнімділік күші білім -
ақпараттық қоғам. Сондықтан ақпараттық
қоғамда білім беру стратегиясы
өзгерді және оның
ең маңызды бейнесі алыстан оқыту үлгілері. Алыстан
оқыту үлгілері электрондық оқыту
технологиясына негізделген. Осы технология желілік,
ақпараттық және инновациялық технологияларды жоғарғы
деңгейде пайдаланады. Жоғары білім беру саласында қазіргі
заманға бейімделген алғы шектегі болашақ инженерді
қалыптастыру үшін және ғылыми зерттеу мүмкіндігін
беретін дербес іскерліктерді игеру, жаңа мағлұматтарды зерделеу,
ғылыми гипотезаларды құру және оларды тексеру экспериментті
жобалау электрондық оқулықтар көмегімен іске аса алады.
Сонымен қатар компьютерге
негізделген ақпараттық технологияларды қолдануды іске асыруды
мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологиялар дербес
компьютерлерді оңтайлы құрал ретінде пайдалануда. Білім беру
үрдісін автоматизациялау компьютерлік электрондық оқыту
программалары және электрондық оқулықтар негізінде іске
асуда. Осыған байланысты әр
түрлі оқу пәндері бойынша электрондық оқулықтар
жасалуда. Электрондық оқулықтың
өз орны болғанымен дәстүрлі қағаз кiтапты
толық ауыстыра алмайды. Электронды оқулықтың артықшылығы
дәстүрлі қағаз
кітаптарға қарағанда «жанды» болып келеді, тасымалдауға ыңғайлы, кез
келген ортада оқу құралы ретінде пайдалануға болады.
Дәстүрлі
қағаз кітаптардың
басты ерекшелігі автоматтандырылған жүйеге дейін алып келу
үшін біраз еңбек істеу керек, сондықтан білім алушылар білім
алу үрдісіне аз пайдаланады. Дәстүрлі қағаз кітап
пайдаланғанда кері байланыс ұйымдастыру және білім алу
үрдісін басқару қиыншылығы туады. Жоғарыда
айтылған ерекшеліктер электрондық оқулықтарды пайдалануда
ескерілген және автоматандыру мүмкіндігі өте жоғары.
Электрондық оқулық көмегімен оқыту
үрдісінінде көп мәселелер оңтайландырылған.
Айта кететін жайт студент
оқу материалына жүгінуін қаншалықты қажет етсе,
соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы
нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. Электрондық
оқулық қашықтықтан оқыту формасының негізгі
таптырмайтын құралы болып табылады. Осы
электрондық оқулық дәстүрлі оқыту
тәжірибесінің баламасы емес, қосымшасы болып табылады
және студенттің кітаптармен, конспекттермен, жаттығулармен
және т.б. жұмыс істеуін алмастырмайды. Электрондық оқу
құралының ақпараттық технологиялар мен
мультимедиялық мүмкіндіктерді толық пайдалануын компьютерлер
қамтамасыз етеді. Осындай мүмкіндіктерге: оқулық
авторының аудиотүсініктемелері; оқу материалына аудио
және видеосюжеттердің, анимацияның енгізілуі; контексттік
көмекшелерді, сілтемелерді (гипертекст) орындау; сандық немесе
графикалық түрінде күрделі есептеудің нәтижелерін
тез арада орындау; студенттің білімін оперативті өзіндік
бақылау (ол жаттығуларды және тесттерді орындаған
кезде) жатады. Демек
біздің қоғамымызға электрондық оқулық
таптырмайтын құрал.
Қандай да бір
мемлекет болсын болашақ дамуының басты белгісі
ғылымның, білімнің дамуы. Ғылым мен білімнің дамуы
үшін білім саласындағы оқыту үрдістеріне қазіргі
заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу қажет.
Білім
мен тәрбиенің негізі, қайнар бұлағы оқу
орындары десек, оқулық сол білімнің өзегі,
тәрбиенің құралы, ұлттық
мәдениеттің ұраны.
Осындай озық технологиялар - элекронды
оқулықтардағы олқылықтар жараспайды.Осы
ғасыр техника – технология заманы болғандықтан,
елімізде білім беруде , орнын ойып алар сауатты электронды
оқулықтар жасау біздің міндетіміз.
Электрондық
оқулық дайындау үшін
қойылатын талаптар:
-
оқулықта материал «үздікті»
берілуі керек. Оқулықтың әр тарауы оқу
үрдісі кезінде кері байланыстың осының көмегі
арқылы болатын тексеру сұрақтармен бітуі керек;
-
оқулық материалындағы
мәселелерді алға тартудағы студент оқу
мәселелерін шешуге ұсынылған бағыт варианттары дербес
пайдалану керек. Себебі студент оқу мәселелерін шешуге өзі
қатысады, ол оқулықтың соавторына айналғандай
болады;
-
оқулықтағы
материалдың баяндалуы оқулық материалының
маңыздылығы бойынша әртүрлі бөлігін бөліп
алуға болатындай, яғни анықтамалар, қорытындылар,
таблицалар, суреттер және т.б. болуы керек. Бұлар гипермәтін
режимінде оңай орындалады;
-
мультипликациялар және видеотехникалар
құралдарын пайдалану арқылы динамикалық режимде
оқулық материалын нақты мысалдармен құрау
қажет.
-
жоғарғы курстарға
арналған оқулық ғылыми монографияларға
жақын болуы керек, сол уақытта кіші курстар үшін
оқулық ортаңғы жағдай мектеп оқулығы
мен монография ортасын алуы керек.
Оқулықтың
құрлымдық элементтерін келесідей элементтерге болу керек:
- мұқаба;
- титулды экран;
- мазмұны;
- аннотация;
- оқу материалының толық мазмұндалуы (сұлба,
кесте,
- оқу материалының қысқаша баяндалуы (схемо-курс
түрінде);
- мүмкіндік болса қосымша оқулықты пайдалану;
- өзін-өзі тексеру білімінің жүйесі;
- мәтіндік бөлікті іздеу функциясы;
- авторлар тізімі;
- терминдер сөздігі;
- оқулықтың басқару элементтерінің жұмысы
бойынша анықтамалық жүйесі;
Электрондық оқулықты көптеген
программалардың көмегімен жасалады. Оны жасауға болатын
программалар өте көп кейбір программалар жасауға ыңғайлы
кейбір программаларда тек нұсқаулар арқылы байланыс
құруға болады кейбірінде тілдердің ерекшелітеріне
қарай қасиет берып құрастыруға болады немесе
бірнеше программаның қатысуменде жасалады. Мәселен
электрондық оқулық жасайтын программаларды адамдар өз
қажеті бойынша білген. Бағдарламаларына байлансты талдайды мына программалар көмегімен
жасауға мүмкіндік бар: Delphi7, php, html, c++ builder, php devel т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
С.
Тейксейра, К. Пачеко Delphi.Руководство
разработчика. Т1,2 –К.,М.,СПб.:Издательский дом «Вильямс»,2009.
2. Александровский
А.Д., Шубин В. В. Delphi для
профессионалов. Опыт практического применения. – М.:ДМК,2000.
3. http://www.nci.kz/content/elektrondyk-okytu
4. Диго С. М. «Проектирование баз данных», «Финансы и статистика» 1988
5. Голицина О.Л. «Базы данных. Интеллектуальная обработка информации». М.:
«Нолидж», 2000
6. Жантекеева З.Ө.,
Нақысбеков О. Орысша – қазақша оқушыларға,
студенттерге арналған сөздiк. Алматы 2001.
7. Базы данных. Учебник для
высших учебных заведений /Под ред. Хомоненко А.Д. -СПб.: КОРОНАпринт, 2000, -
415с.