Утебаева
Б.Х.
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
ШӘКІ КӨЛІ МОЛЛЮСКАЛАРЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ – ПАРАЗИТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҚТАН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МАТЕРИАЛДАРЫ
Күрделі
тіршілік цикліне ие сорғыш құрттар көп уақыттан
бері әртүрлі гельминтологиялық зерттеулер объекті болып
келді. Зерттеушілердің назарын негізінен омыртқалы жануарларда
паразиттік жолмен тіршілік ететін гермафродитті ұрпақ (марита)
аударды. Себебі олар көптеген зілді аурулардың
қоздырғышы болып есептеледі. Бірақ сол аурулармен күресу
үшін тек ғана гермафродитті ұрпақты үйрену
жеткіліксіз. Сорғыш құрттардың тіршілік циклі
иелердің әртүрлі категорияларында тіршілік ететін бірнеше
ұрпақтардың алмасуын өз ішіне қамтиды. Бірінші
аралық иенің қызметін моллюскалар орындап, олардың
организмінде маританың дернәсілі болып есептелінетін церкарияларды
өршітетін партеногенетикалық ұрпақтың (
спороциста және редия ) қалыптасуы өтеді. Бұл
жағдай моллюскалардың трематодофаунасын үйренудің
қажеттігін күн тәртібінде біздің алдымызға
қояды.
Бұл типтегі жұмыстар Көкшетау өңірінің су қоймаларында орындалмаған. Сондықтан біз бұл зерттеулерді жүргізгенде алдымызға төмендегі міндеттерді қойдық:
- Имантау көліндегі моллюскаларда жасайтын церкариялардың түр құрамын анықтау;
- Моллюскалардың залалдануына әртүрлі экологиялық факторлардың әсерін үйрену;
- Эпизоотологиялық жақтан маңызы бар түрлерге көбірек назар аудару;
Зерттеулердің материалы мен әдістері
Бұл зерттеудің материалы болып Шәкі көлі маңында жиналған моллюскалар болып есептеледі. Сорғыш құрттардың дернәсілдерімен залалданғанын білу үшін моллюскалардың төрт түрге кіретін 500 данасы тексерілді. Олар мыналар: Limnaea stagnalis (127), L.ovata (85), L.auricularia ( 261) және Planorbis planorbis ( 27).
Моллюскалар көп мөлшерде Змейка өзеншігінен және су өсімдіктеріне бай тоғаннан ауланды. Су қоймасынан моллюскалар қолмен, тереңдеу жерлерден үшбұрышты драганың көмегімен жиналды. Жиналған материалдың бірқатары олардың қай түрге кіретінін анықтау мақсатында 70 % -ті этил спиртінде сақталды. Зерттелген моллюскалардың бақалшақтары өлшеніп бақыланды.
Моллюскалардың сорғыш құрттар дернәсілімен залалдану дәрежесін білу және моллюскалардан суға бөлініп шыққан церкариялардың морфологиясын үйрену паразитологиялық әдебиеттерде кеңнен қолданылып жүрген әдіспен орындалды [1,2]. Церкариялардың суретін салуда РА- 4 аппаратын қолдандық.
Моллюскалардың ( үлкен тоспа ұлуының ) сорғыш құрттармен залалдануының жасқа байланысты өзгерісін анықтау үшін оларды бақалшағының ұзындығы бойынша екі өлшемдік топқа бөліп үйрендік. Бірінші топқа бақалшағының ұзындығы 15 -34 см-ді құрайтын, екінші топқа 35- 58 см- ді құрайтын даралар іріктелді.
Моллюскалардың қоныстану тығыздығын анықтау үшін зерттелген су қоймаларының бір шаршы метр аумағындағы олардың сан- мөлшері есепке алынады.
Зерттеулердің нәтижелері және оларды талқылау
Шәкі су қоймаларында зерттелген
моллюскалардан табылған церкариялардың фаунасы 7 түрді
құрап, олар сорғыш құрттардың 5
тұқымдасына кіреді. Олардың көпшілігі ересек сатысында
құстарда паразиттік тіршілік ететін құрттар.
Қосмекенділердің паразиттеріне Opisthioglyhe ranae жатады. Екі
түрдің (Xiphidioceraria I Ginetzinskaja, 1959; Xiphidioceraria IV
Odening, 1962 ) систематикалық жағдайы белгісіз.
Зерттелген су қоймаларындағы сорғыш құрттардың таралуы біркелкі емес. Шәкі көлі мен ағысы күшті өзектерде дернәсілдердің түр құрамы кедей, ал батпақтықпен, кіші көлшелерде бай. Табылған дернәсілдердің түр құрамы, олардың аралық иелерінің залалдану дәрежесі төмендегі кестеде келтірілген.
Кесте. Шәкі көлі маңындағы аудандарда жасайтын моллюскалардан табылған сорғышқұрттар дернәсілдерінің түр құрамы.
|
Церкариялардың түрлері |
Аралық иелері – моллюскалар |
Залалдану дәрежесі (%) |
|
Apotemon gracilis
minor Diplostomum chromatophora
(Brown 1931) Xiphidiocercaria I (Ginetzinskaja,
1959) Xiphidioceraria
IV (Odening, 1962 ) Opisthioglyphe ranae (Loos, 1907) Notocotylus attenuatus
(Rud., 1809) Echinostoma revolutum
(Frohlich,
1802) |
Limnaea stagnalis
L. ovata L. auricularia Planorbis planorbis L. ovata L. auricularia Limnaea stagnalis
Limnaea stagnalis
L. ovata L. auricularia L. auricularia L. ovata L. auricularia Limnaea stagnalis
|
1,57 8,23 5,74 3,72 8,23 10,34 5,51 3,15 3,53 0,38 0,38 14,1 13,4 8,23 |
Экологиялық паразитологияның негізгі қағидалары омыртқалы жануарлардың паразитофаунасын үйрену нәтиесінде қалыптасты [3]. Бұл қағидаларды омыртқасыз жануарлардың залалдануын сипаттауға болатындығы практикалық жақтан дәлелденді [4]. Төменде моллюскалардың паразиттермен залалдануының кейбір ерекшеліктері қарастырылды.
1. Моллюскалардың залалдануының бір жердің шеңберінен аспайтын сипаты. Бұл құбылыс сорғыш құрттардың негізгі иесі омыртқалылардың кеңістіктегі таралу сипатымен тығыз байланысты. Моллюскалардың баяу қимыл – қозғалысы олардың паразитпен залалдану дәрежесінің көлдің әртүрлі учаскелерінде әртүрлі болатындығын көрсетті. Инвазиялық бастама ( құрттардың жұмыртқалары ) көп мөлшерде түскен учаскеде моллюскалардың паразитпен залалдану дәрежесі жоғары болады. Мысалы: үйректердің паразиті Notocotylus attenuatus сорғыш құртының дернәсілімен сопақша тоспа ұлуы L. ovata Шәкі көлінің шығыс бөлігінде 3,5 % ке залалданса, Змейка өзеншігінде осы ұлудың залалдану дәрежесі 11 % ке жетіп үлгерген. Себебі өзеншік үйректердің қоректенетін және дем алатын орны болып табылады.
2. Моллюскалардың залалдану дәрежесіне олардың территориядағы қоныстану тығыздығы да үлкен әсер етеді. Бұған сопақша тоспа ұлуы мысалында көз жеткізуге болады. Ұлудың бұл түрі кейбір су қоймаларында көп мөлшерде кездессе, су қоймаларының екінші бір түрінде олар өте сирек. Мысалы : Змейка өзеншігінде сопақша ұлудың қоныстану тығыздығы бір шаршы метрде 130 дананы құрады, ал көлде және тоғанда олардың қоныстану тығыздығы 7-12 данадан аспады. Осы деректерге лайық ұлудың өзеншіктегі инвазиясы 27% ке, Имантау көлімен тоғанда 1,2 және 7% ке тең болады.
3. Моллюскалардың сорғыш
құрттармен залалдануына олардың жасы да әсер етеді.
Бұл ережені үлкен тоспа ұлуы (Limnaea stagnalis ) мысалында
көруге болады. Ұлудың бұл түрінің бірінші
тобынан ( бақалшағының өлшемі 15- 34мм )
церкариялардың 2 және метацеркарияның бір түрі табылды.
Моллюсканың залалдану дәрежесі 36%
ке тең болады. Үлкен тоспа ұлуының ірі
дараларына бақалшағының өлшемі 35-
Зерттеу барысында эпизоотологиялық жақтан маңызға ие түрлер табылды. Олардың қатарына балықтарда көзді шел басу (диплостомоз) ауруының қоздырғышы болып есептелетін Diplostomum туысының дернәсілдері жатады. Бұл ауру тоған шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Сондықтан Көкшетау өңірінің су қоймаларында паразитологиялық зертеулерді жүргізу паразит құрттар туғызатын аурулардың алдын алуда үлкен практикалық маңызға ие.
Қолданылған әдебиеттер
1. Гинецинская Т.А. К фауне церкарий моллюсков Рыбинского водохранилища.І. Систематический обзор церкарий. // Экологическая паразитология. Л. : Изд- во ЛГУ, 1959.
2. Гинецинская Т.А. Трематоды, их жизненный цикл, биология и эволюция. М. – Л. : Наука, 1968.
3. Догель В.А. Курс общей паразитологии Л.: Учпедгиз, 1947.
4. Гинецинская Т.А., Штейн Г.А. Особенности паразитофауны беспозвоночных и применение основных правил экологической паразитологии к характеристике их зараженности. // Вестник ЛГУ, 1961, № 15 – с.60-72.
5. Фролова Е.Н. Личинки трематод в моллюсках озер Южной Карелии. // В кн.: «Фауна озер Карелии. Беспозвоночные.» М.- Л.: Наука, 1965- с.311 – 324.
6. Арыстанов Е. Влияние экологических факторов на зараженность моллюсков партенитами трематод в водоемах дельты Амударьи. // Паразитология. – Л. 1970.Т-1.