ЖАҺАНДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ БОЛАШАҚ
ҰСТАЗДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Атырауский
государственный университет им.Х.Досмухамедова
А.Е.Абуова, Култаева Т., Ж.С.Есенаманова,
М.С.Есенаманова
Адамның
табиғатқа бақылаусыз араласуы, экологиялық
мәдениет деңгейінің төмендігі, рухани
құндылықтар мен мән-мағыналардың
дағдарысы салдарынан туған жаһандық экологиялық
дағдарыс жағдайында болашақ ұстаздардың
оқушыларды қалыптасып келе жатқан тұлғаның
өз орнын, болжам жасаудағы рөлін айқындауға,
экологиялық мәселелерді шешуге шама келгенше атсалысуға,
сондай-ақ бұл әрекеттердің өзі үшін
мәнін түсінуге көмектесетін әсерлі
дүниетанымға баулу өзекті мәселе болып отыр.
Моисеев Н.Н. атап
өткендей, «біртұтас әлемдік
қоғамдастықтағы жаңа қоғамдық
қатынастарды әзірлеуге шындап кірісу керек және
қоғамдық құндылықтардың
құрылымын өзгерту керек».
«Экологиялық
дүниетаным» - бұл сана-сезімге, ойлау қабілетінің
дамуына себептестік тигізетін, табиғатқа,
қоғамға, адамға қатысты айқындалатын,
әлемдегі қарым-қатынастар туралы түсініктер
жүйесі.
Көптеген
ғылыми жұмыстардың болуына қарамастан,
«экологиялық дүниетаным» түсінігі ғылыми
әдебиеттерде жеткілікті жиі қолданылмайды.
Дегенмен, жұмыстар легінде оның мазмұндық аспектілері
ашылып жатады. Бұл қазіргі уақытта экологиялық
дүниетаным әлі де қалыптасу сатысында
болғандығымен байланысты, сондықтан экологиялық
дүниетанымның ұғымдық негізі
тұрақтанбаған. Марфенин Н.Н. атап кеткендей, «заманауи
экологиялық дүниетаным гуманистік әдептің
дамуындағы келесі қадам. Ендігі сөз замандастар
арасындағы өзара ілтипат туралы ғана емес, сонымен
қатар, болашақ ұрпақтың амандығы мен
қамқорлығы, әр түрлі тіршілік иелерімен
қоса, барлығымыз бірге мекен ететін «ортақ үйіміз» -
биосфераны сақтау туралы болмақ.
Бұл дүниетаным адамзаттың тұрақты дамуын
қамтамасыз етуге, яғни адамдардың өмір сүруі
үшін шектеусіз уақыт бойына тұрақты әрі
қолайлы қоршаған
ортаны сақтауға шақырады».
Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер
жаһандық үрдіс алуда, сонымен қатар адамның да
дүниетанымы жаһандануда (Алексеев В.П., Чумаков А.Н. и др.).
Марфенин Н.Н. пікірін әділ түрде соған дәлел деп
санауға болады.
Экологиялық
дүниетаным туралы ғылымның дамуы мен қалыптасуы
саласында жинаған білім қабатын саралай келе,
тұлғаның жаһандық экологиялық дүниетаным
негізіне космизм, коэволюция мен «космогенез» тағдыры үшін
адамның адамгершілік жауапкершілігі сияқты идеяларды
жатқызуға болады деп санаймыз. Болашақ мұғалімді
оқушыларда жаһандық экологиялық дүниетанымды
қалыптастыруға дайындау бүтін педагогикалық үрдіс
болып табылады. Студенттерде жетекші оқу қызметі негізінде
қалыптасқан
экологиялық біліктілік - абстрактті экологиялық
мәселелердің шынайыға өтуі; жеке экологиялық
қауіпсіздік мәселелерінен қоршаған ортаның
экологиялық проблемаларына, жергілікті экологиялық
проблемалардың жаһандық экологиялық проблемаларға
айналуы сияқты экологиялық білім берудің негізгі принциптерін
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Экологиялық біліктілік
– күрделі әрі көпфакторлы құбылыс.
«Экологиялық біліктілікті» түсінудегі әр түрлі
тәсілдерді жалпылай келе, оның сол саладағы -
экологиялық мәселелерді гипотезалар ұсыну мен дәлел
келтіру негізінде шешу, экоцентриялық қызметті жоспарлау мен
мақсат ету; қажетті ақпаратты жинау мен сараптауды
жүзеге асыру; нақты салада сол білім мен қабілетті
қолдана білу сияқты «білімділік» құрам
бөліктерінің жиынтығын білдіретінін атап өтуге
болады.
Білім беру
үрдісінде жоғарғы сынып оқушыларының
жаһандық дүниетанымын қалыптастыруға
мұғалімнің дайындығының негізгі критерийлеріне
мыналарды жақызуға болады:
1. Жаһандық дүниетаным
құндылықтарын қабылдау – адамның табиғатпен
үйлесімді қарым-қатынас құру мүмкіндігіне.
адамдардың келісіп, мүдделердің балансын сақтай білу
қабілетіне, ғаламдық мүдделердің кез келген жеке
мүдделерден артықшылығына сендіру.
2.
Оқушылардың жаһандық
экологиялық проблемаларға өздерінің
ортақтастығын ұғындыруға және оларды болжау
мен шешуге атсалысуға (өз деңгейінде) баулуға деген
бағытталу.
3. Пәнге үйрету мазмұнына
жаһандық дүниетаным идеяларын (космизм идеяларын:
адамның табиғаттағы орны мен Космоспен
қарым-қатынасы, адамның рационалды және адамгершілік
бастамалары туралы, олардың өзара тығыздығы,
адамзаттың ғаламдық адамдар қауымдастығы ретінде
бірегей екендігі жайында; коэволюция идеясы – қоғам мен
табиғаттың бірлесе дамуы; адамгершілік жауапкершілік идеясы –
қоғами табиғат ортасындағы адамның сол орта
үшін өзінің әрекеттерінің салдарын болжаған
кездегі ерекше мінез-құлық түрі) қосу мүмкіндіктерін табу.
4. Оқыту үрдісі кезінде диалог,
практикалық ситуацияларды талқылау, кішігірім зерттеулер,
шығармашылық эсселер, қоршаған ортадағы
әрекеттерінің рефлексиясы көмегімен жаһандық
дүниетанымның нормалары мен категорияларын меңгеру ахуалдарын
тудыра білу.
5.
Оқушыларды
адамның табиғатпен қарым-қатынасын үйлестірумен
байланысты қоғами мәдениеттік және экологиялық
жобаларға тарта білу.
Анықталған
критерийлер дәйекті шешілген жағдайда зерттелетін сапаның
қалыптасу технологиясын сипаттайтын, оқу үрдісіндегі
ахуалдарды модельдеу негізіне айналды. Бұл ахуалдардың
алғашқысы оқушылардың жаһандық
экологиялық проблемаларды шешудің қоршаған орта
үшін де, олардың өздерінің де жағдайларының
жақсы болуы үшін де, маңыздылығын түсіну
үшін жағдай жасау ахуалын модельдеуді болжады. Бұл ситуацияны
қалыптастыру кезінде мұғалімнің өзіне оның
басты идеясын қабылдап, игеру қажет, себебі, оқушыларға
жаһандық экологиялық проблемаларды шешудің
қоршаған орта үшін де, олардың өздерінің де
жағдайларының жақсы болуы үшін де
маңыздылығын түсіндіретін мұғалім болып табылады.
Мұғалімнің оқушылар алдында жаһандық экологиялық
проблемаларға және оның салдарына қатысты
өзінің жеке қатынасын көрсету – маңызды жайт болып
табылады.
Мұғалім оқушыларға
осындай проблемалардың салдарына алаңдауды
ұғындыруға міндетті. Бұл ахуалды өзекті ету
кезіндегі негізгі тәсілдер оның мазмұнына мыналарды кіргізу
болып табылады: айқын эмоционалды ақпарат алып жүретін
материал; проблемалық сұрақтар; Интернеттен алынған
мультимедиалық ақпаратты пайдалану; табиғат
қорғау саласындағы білікті мамандардың пікірлері;
әр түрлі ақпараттық қоғамдастықтарды
(табиғатты қорғау және сақтау бойынша клубтар,
ұйымдар мен интернет-қоғамдастықтар) тарту және
байланыс ұстап тұру; көркем әдебиетті (көркем
және документалды фильмдер, т.б.) қолдану.
Келесі ахуал – оқушыларды
экологияның мүддесіне сай амалдар пайдасына шешім
қабылдауға және оның салдарын болжауға ынталарын
ояту. Амал – қоғамда басым стереотиптерді жеңу, өз-өзіңді
жеңу. Экологияның мүддесіне сай амалдардың мәні -
адам таңдау алдында тұрғанда, әрекеттің
оның өзінің ойындағы жалпы түсінігімен
салыстырғанда, өз әрекеттерінің нәтижесін
әрқашан біліп отырады (Аристотель, Кант И., Бахтин М.М.).
Жалған амалға қарағанда, шынайы амал жасағанда
адам өзінің моральдық принциптеріне сүйенеді де,
сыртқы бақылау мен өзінің іс-әрекеттерін
бағалауды қажет етпейді. Мұндай ситуация тудырудың
негізгі тәсілдері: оқушыларды таңдау алдына қою;
адамгершілік коллизияларды өзекті ету; сыртқы бақылау
жоқ жағдайда әрекетке итермелеу – оқушы өзі шешім
қабылдауы тиіс.
Және
соңғысы, жаһандық экологиялық проблемаларды
шешуге қатысу тәжірибесін ынталандыру ситуациясы. Бұл
ситуацияның мәні – оқушыларды экологиялық проблемаларды жергілікті
деңгейде шешу бойынша
түрлі жобаларға кірістіру болып табылады.
Біздер болашақ мұғаліммен
жаһандық экологиялық дүниетаным
құндылықтары мен идеяларын
қабылдау, оларды пәнге
оқытудың мазмұнына кіргізе білу, сондай-ақ осындай білім беруге арналған ситуацияларды модельдей білу қабілетін, педагогикалық
жоғарғы оқу орындарының студенттерінің
кәсіби дайындық жүйесінің жоғары сынып оқушыларында жаһандық
экологиялық дүниетанымды қалыптастыру бойынша
болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық
жұмысқа дайындығын
қалыптастыру мен дүниетанымдық
көзқарастарының пайда болуы мен дамытуға бағытталған
кәсіби-педагогикалық жүйе шеңберінде жүзеге асатын тұлғалық аспектілерінің бір бөлігі ретінде
қарастырамыз.
Литература:
1. Моисеев Н.Н. Коэволюция природы и общества.
Пути ноосферогенеза. // Н.Н. Моисеев, Экология и
жизнь (2-3, 1997)).
2. Марфенин Н.Н. Экология и гуманизм (меняющиеся правила жизни). "Россия в
окружающем мире". // Аналитический ежегодник. 2000
3. Зверев И.Д. Экологическое образование и воспитание: узловые
вопросы. Экологическое образование: концепции и технологии. М.: Перемена, 1996.