э.ғ.к., Г.Е.Талапбаева

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытудың негізгі мәселелері

 

Су құбыр шаруашылығын ауыл аймақтар өндірістік және әлеуметтік дамуына зор әсер ететін инженерлік инфрақұрылым объектілеріне жатқызуға болады. Су шаруашылық инфрақұрылымдық жұмысының тиімділігіне аграрлық өндірушілерінің қызметінің экономикалық көрсеткіштері мен ауыл халқының әл-ауқатының деңгейіне байланысты болады.

Су шаруашылығына су құбырлары жүйесі магистралды тораптар мен каналдар, су тарататын жүйелердің жергілікті тармақтары мен су шаруашылық объектілері мен құрылымдары жатады. Қазақстанның су шаруашылығын басқару инфрақұрылымдық белсенділік принципте жүзеге асырылады, өйткені көптеген өзендердің бассейндері республикалық (магистралдық құбырлар мен каналдар, республикалық маңызы бар су қоймалары), аудан  аралық (топтық су құбырлары), облыс аралық және жергілікті маңыздағы объектілерге белсене отырып, бірнеше облыс және аудан аумағын қамтиды.

Республикалық меншікке стратегиялық маңызы бар мемлекет аралық, шекара аралық, бассейн аралық, облыс аралық су шаруашылық құрылымдары жатады. Бұл объектілер тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Коммуналдық меншікке суды беру қызметі және жергілікті бюджеттен қаржыландыру бойынша қамтамасыз етілетін аудан аралық, шаруашылық аралық су шаруашылығының объектілері кіреді. Қалған барлық су шаруашылығының объектілері жеке меншікке жатады.

Мемлекеттік деңгейде соңғы кездері елді мекендерде тұратын тұрғандарға суды жеткізу және суару мақсатына қолданылатын суды жеткізу бойынша қызметтің құнына мемлекеттік демеу қарды бөлу мәселесіне көңіл бөлініп отыр. Ол елді  мекендерді ауыз сумен қамсыздандыру және суарылатын жерлердің көлемін қалпына келтіруді арттыру қажеттілігінен туындаған.

Реформалау нәтижесінде мемлекет аралық, мемлекеттік, бассейндік және аумақтық деңгейге бөлінетін су ресурстарын басқарудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасады. Мемлекет аралық деңгейде су ресурстарын бірігіп пайдалану және қорғау мәселелері бойынша біріккен жұмыстар жүргізіледі. Мемлекеттік және бассейндік басқару деңгейлерінде ұлттық және аймақтық маңызы бар су шаруашылық жобларының мәселелері қарастырылады. Бұл деңгейлердегі басқару міндеттері ең алдымен өзен бассейндеріндегі әлеуметтік және экономикалық жағдайларды есепке  алуы тиіс. Су ресурстарын пайдалануды реттеуді жүзеге асыратын өкілетті орган болып, ҚР АШМ (МСХ) су ресурстарының Комитеті қызметінің негізгі бағыттары болып: су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру; бассейндер мен суды пайдаланушылар аясында суды жалпы пайдаланудың нормативтерін, нормалары мен типтік ережелерін, нормалары мен типтік ережелерін бекіту; суды пайдалануды және есепке алуды мемлекеттік бақылау; мониторинг жүргізу; инновациялық жобаларды жүзеге асыру табылады.

Су ресурстарын басқару бассейндік принципте жүзеге асырылады, өйткені көптеген өзендердің бассейндері бірнеше облыстар мен аудандардың аумақтарын қамтиды. Бассейндік су шаруашылық басқармасы, суды пайдаланушылар арасында олардың бөлінуін қамти отыра, бассейндегі су ресурстарын пайдалануды басқарады, суды жинау және тарату жоспарын жасайды, арнайы суды пайдалануға лицензия береді, су қоймаларының жұмыс режимін анықтауда. Басқарудың аумақтық деңгейінде мемлекетке тиесілі барлық су шаруашылық желілері мен құрылымдарын  пайдалану жүзеге асырылады. Бұл деңгейде құрылымдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатындағы, су пайдаланушылар бірлестігі мен кооперативтерінің иелігіндегі су шаруашылығы объектілерін бақылау және бірігіп жұмыс жасау жүзеге асырылады. Әкімшілік-аумақтық басқару принципі, су көздеріндегі суды реттейтін, су қоймаларын, магистралдық каналдар, гидротехникалық тораптар, сорап стансалары, су құбырларын пайдаланатын аймақтық мемлекет кәсіпорындар облыстар аясында жүзеге асырады.

Суды пайдаланудың екі түрі болады: су объектілерінен алынбайтын суды пайдалану (гидроэнергетика, су көлігі, т.б.) және су объектілерінен су алынатын және ондағы көлемі азайып, сапасы нашарлайтын жағдайдағы су пайдалану (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, халықты су мен қамтамасыз ету).

Кез-келген ауыл аумағы екі негізгі бөліктен ауылшаруашылығы өндірісі және ауылшаруашылығы өндірісіне қызмет көрсету және халықты қажетті материалдық және материалдық емсе қызметтер мен қамтамасыз ету бойынша өндірістік және өндірістік емес құрылымдық элементтерден тұрады. Сондықтан ауыл шаруашылықтарын сауатты дамыту өндірістік, әлеуметтік, басқарушылық және басқа да құрылымдық бөлімшілердің және қызметтерді оңтайлы дамытуды қарастырады. Осының бәрі халықтың материалдық әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етуді және ауылдық жерлерде өмір сүруді жақсартуы  тиіс. Ауыл аймақтарында орналасқан ауылшаруашылығы құрылымдарының жұмыс жасады, ауылшаруашылығы өндірісін, ауыл халқының әлеуметтік қажеттіліктері мен мұқтаждарын дамытуға менлекет тарапынан қолдау көрсету арқылы гүлденуіне ықпал етуі тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Водное хозяйство промышленных предприятий. Справочное издание. Книга 4 / под редакцией В.И. Аксенова / М.: «Теплотехник»,2007, 364с.

2 Гордиенко В В. Совершенствование организационно-экономического механизма функционирования мелиоративных водохозяйственных организаций в условиях рынка. Дисс. канд. экон. наук. Саратов, 2001.