КӨЛІК
ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
Дүйсенов
Е.Е.
«Экономика» мамандығының 2 курс
магистранты,
Экономика және бизнес Жоғары мектебі
Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент Панзабекова А.Ж.
ҚР Президенті Н.Назарбаев
өзінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси курсы» жолдауында: ел инфрақұрылымының екі негізгі бағытын белгілеп
көрсетті. Біріншісі – ғаламдық ортаға
ұлттық экономикаға интеграциясы және екінші – аймақтық
деңгейдегі жобалардың дамуы. Өз кезегінде, Елбасының
қойған тапсырмалары шеңберінде концептуалды маңызды
көрініске екі бағыт ие болады - «жасыл экономикаға» ауысу мен
көлік инфрақұрылымының модернизациясы [1].
Жасыл экономика – бұл
адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті
табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық
сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика. Сонымен бірге жасыл
экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи
ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады.
Бұл экономикалық модель ХХІ ғасырдағы елдердің
тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды
құралдардың бірі ретінде танылып отыр.
Жасыл экономика тұжырымдамасының басты
міндеттердің бірі қоршаған ортаны қорғауды
қамтамасыз ету екендігі барлығымызға мәлім.
Қоршаған орта – ол біздің
айналамыздағы заттар және адамдардың өмірі мен
қоғамның дамуына жалпы әсер етеді. Сондықтан
адамдар, прогресс, даму және қоршаған орта өзара
тығыз байланыста. Ластанған ауа, су арқылы берілетін індет,
уытты химиялық заттар және табиғи апаттар -
қоршаған ортаның адамзатқа әкелер
қаупінің бір бөлігі ғана [2].
Қазіргі таңда
оңтүстік астанамыз Алматы қаласының басты экологиялық мәселесі – ол ауаның ластануы. Бұрыңғы
қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің
мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше жылда Алматыда
Қазақстанның басқа қалаларына
қарағанда ауаның ластану деңгейі
жоғарлаған. Алматыдағы жыл сайынғы атмосфераға
лас бөлінулеррді тастау мөлшері 237 000 тоннадан
асады. Сол зиян бөлунілердің көлемінің
80 % автокөліктерге келеді екен.
Төменгі кестеде ҚР
аймақтары бойынша автокөліктердің саны берілген.
Кесте 1 – ҚР аймақтары
бойынша автокөліктер саны
|
Аймақ |
2005 |
2010 |
2015 |
2015 жыл бойынша аймақтардың алатын
үлесі, % |
|
Қазақстан Республикасы |
1
752,50 |
3579,2 |
4397,3 |
100,0 |
|
Ақмола |
93,2 |
180,2 |
208,2 |
4,73 |
|
Ақтөбе |
82,3 |
146,1 |
184,4 |
4,19 |
|
Алматы |
171,1 |
427,4 |
519,7 |
11,82 |
|
Атырау |
49,4 |
110,1 |
140,9 |
3,20 |
|
Батыс Қазақстан |
57,6 |
120,9 |
138,6 |
3,15 |
|
Жамбыл |
60,1 |
179,2 |
216,1 |
4,91 |
|
Қарағанды |
152,4 |
277,3 |
318,7 |
7,25 |
|
Қостанай |
129,9 |
197,5 |
206,5 |
4,70 |
|
Қызылорда |
42,0 |
102,4 |
136,4 |
3,10 |
|
Маңғыстау |
63,1 |
122,0 |
168,7 |
3,84 |
|
Оңтүстік
Қазақстан |
150,8 |
401,1 |
538,7 |
12,25 |
|
Павлодар |
94,7 |
165,7 |
189,2 |
4,30 |
|
Солтүстік
Қазақстан |
75,2 |
163,9 |
177,0 |
4,03 |
|
Шығыс Қазақстан |
151,5 |
306,3 |
352,2 |
8,01 |
|
Астана қ. |
89,9 |
183,8 |
275,5 |
6,27 |
|
Алматы қ. |
289,3 |
495,3 |
511,2 |
11,63 |
|
Ескерту –
кесте [3] әдебиет көзі негізінде автормен
құрастырылды |
|
|||
Статистикаға сүйенсек,
бүкіл республикадағы көліктердің 11,63 пайызы Алматы
қаласына тиесілі. Сонымен қатар, тәулігіне Алматы
қаласына республиканың басқа аймақтарынан 300
мыңға жуық көлік кіреді. Сонда 2 миллионға
жуық халқы бар қалада 800 мыңнан аса көлік бар.
Яғни, әрбір 5 адамның екеуінде көлік бар деген
сөз.
Статистика мәліметтері бойынша,
әр үшінші алматылық маусымды аллергияға ұшырайды.
Әрине, оған әсер ететін тек экология емес,
тұқымқуалаушылық та бар. Бірақ егер адам
генетикалық түрде аллергияға бейім және ол
жағымсыз экологиялық жағдай қалыптасқан
қалада тұрса, аллергиямен ауыру мүмкіндігі өте
жоғары.
Ауаның ғимараттан тыс ластануына
байланысты өлім себептерінің арасындағы бірінші орынды –
ишемикалық ауру және жүрек инсульты (әрқайсысы
40%) алады. Демалу жолдарынң ауру үлесі аздау: өкпенің
обструктивті хроникалық ауру – 11%, өкпе обыры – 6%,
және балалардың төменгі демалу жүйелерінің
өткір инфекциялары – 3%. Осылай, ауаның ластануын дұрыс
бағаланбаған ауруханаға түсу және летальды
ақырға алып баратын қатты аурулардың даму қаупі
және рецидивилануның жеке факторы деп атауға болады.
Қазіргі таңда ең лас
ауа Оңтүстік астананың Жетісу ауданында. Ол жалпы зиян
заттардың бөліну мөлшерінің 35,7%
құрайды. Кейін Алмалық ауданы – 28% және Түрксіб
ауданы – 13%. Бірақ, экологтар бұл сандарды дұрыс емес деп
біледі, өйткені олар өздеріне басқа да ластану көздерін
қоспаған. Бірінші кезекте, бұл автокөлік
бөлунілеріне байланысты. Бірақ дегенмен ғалымдар әлі де
жағдайды нашар деуге асықпауда.
Ендігі кезекте шешу жолдарына
тоқталсақ:
·
Жеке
көлікте жүру көлемін максималды қысқарту
қажет. Бірақ әрине, біз барлық қала
тұрғындарын жаяу жүргізіп қоя алмаймыз, дегенмен
отбасындағы көлік мөлшеріне белгілеу қоя аламыз.
·
Атмосфералық
ауаның ластануын төмендететін бір мүмкіндік ол жасылдандыру.
Ағаштар, декоративті рөлден бөлек, маңызды
санитарлы-гигиеналық рөлді атқарады. Тіпті балалар да
ағаштардың ауа тазартатын керемет қасиеті барын біледі, олар
көмірқышқылды газды жұтып (көміртек диоксиді)
оттегін шығарады. Сондықтан біз қаланың жасыл
сәнін сақтап, арттыруға мүмкіндігімізше тырысуымыз
қажет.
·
Қоғамдық
көліктер қазіргі кезде қала өмірінде маңызды
рөл атқарады. Дегенмен, қала халқының
көпшілігі қоғамдық көліктермен жүруді
қаламайды. Сол себепті қоғамдық көлікті
ұйымдастыру жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қажет.
Метрополитен бекеттерінің бұтағын ұлғайту
қажет. Есептеулер бойынша метроны күніне 1 000 000 адам
пайдаланады.
·
Тимирязева
көшесінің бойында жаңадан экологиялық таза велосипедтер
енгізілді.
Қорытындылай келсек, қаламыздың
болашағы, тұрғындарының өмір сүру
деңгейі оның экологиялық жағдайына тәуелді.
Қолданылып жатқан шаралардың тиімділігі алдағы кезеңде
көрінеді. Дегенмен, менің ойымша, шешімдерді тез әрі
қатаң түрде өткізілуі тиіс. Қазақстанның
әлемдік интеграциялық үрдістерге араласуы, шекаралардық
жойылуының жақсы жақтары бар шығар. Алайда, біз
күннен күнге өзіміздің ұлттық
нышандарымыздан айырылып барамытынымыз анық. Шетелдік монополиялар
отандық тауарларға дем бермей, нарықты жутып қойады.
Бір сөзбен, қазіргі кездегі еліміздің жағдайы
мүшкіл... Бірақ, не болсада, туған еліміздің
жарқын болашағына сенеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
2.
3. http://www.voxpopuli.kz/kz/main/ekologicheskaya-sudba-zelenogo-goroda-12010.html
4.
5. «Көліктердің
саны» келесі интернет ресурсынан алынған:
6.
http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersTransport