Жеңсікбаева К.М.
«Қаржы» кафедрасының аға
оқытушысы Қорқыт
Ата атындығы ҚМУ
Кулакаева И.Ж.
«Қаржы» кафедрасының оқытушысы
Қорқыт Ата атындығы ҚМУ
«Исламдық қаржылық
қатынастардың дамуы»
Халықаралық Валюта
Қорының 2015 жылға жасалған жылдық есебінде келтірілген
деректер бойынша исламдық қаржы құралдарының
әлемдік қаржы рыноктарындағы үлесі аз
болғанымен Таяу Шығыс және Орталық Азия
елдерінде аса
қарқынды дамып келе
жатырған қаржыландыру
көздері болып саналады.
Исламдық қаржылық қатынастар Құран
Кәрім мен Сүннет шарттарына негізделіп исламдық
шариғат жолымен жүзеге асырылады.
Онда арам заттар мен құмар ойындарға (харам), алыпсатарлыққа (мейсир),
имансыздыққа (гарар), проценттік
өсімқорлыққа (риба) тиым салады. Соған орай өзара
жауапкершілікті сақтау, иманды болу – исламдық
қаржыландыру жүйесінің ажырамас бір бөлігі болып
саналады.
Исламдық қаржылық қатынастар ортақ
мүддені көздейді, соған орай тәуекел де ортақ
болады. Ақша – инвестициялық капитал ретінде қабылданып,
нақты инвестициялық жобалар мен кәсіпкерліктің іске
асырылуына бағытталады.
Сөйтіп исламдық қаржы
өндірістік процесспен тікелей байланыста болып мүмкін
болатын тәуекелдерді болдырмауға мүдделі болады.
Исламдық қаржыландырудың танымал формалары мынадай; депозиттер (мудараба,),
ұзақ және қысқа мерзімді несиелер (мушарака, марабаха), сукук (исламдық
облигациялар), истисна (форвард), вакала
(агенттік қызмет), иджара (лизинг), такафул (сақтандыру).
Қазіргі таңда исламдық қаржылық өнімдер
мен құралдар
жоғарыда аталған түрлермен
ғана шектелмейді. Исламдық қаржыландыру тәсілдерінің
дамуымен байланысты олардың жаңа түрлері де дамуда.
Халықаралық Валюта
Қорының сарапшыларының пікірі бойынша исламдық қаржыландырудың
алыпсатарлыққа тиым салуы және тәуекелдерді бөлісу әдісі – исламдық
қаржыландыру үлгісін келешекте
орнықты етуі мүмкін. Оған
исламдық банктердің
әлемдік қаржы дағдарысына ұшырамау себептері дәлел бола алады.
Жер жүзіндегі халықтың 22,74%-тін (шамамен 1,57 млрд)
мұсылмандар құрайды. 28 мемлекетте (Египет, Пакистан, Марокко
және Таяу Шығыс елдері: Бахрейн, Катар, Кипр, Иран, Ирак, Ливан,
Кувейт, Сауд Аравиясы, Сирия, БАӘ, Иордания, Палестина, Иемен және
тағы басқалары) ислам діні – мемлекеттік дінді білдіреді.
Соған орай мұсылман елдерінде исламдық қаржыландыруды дамыту перспективасы өте жоғары болып отыр.
Қазір 35 елде активтерінің
жиынтық сомасы шамамен 1 трлн АҚШ долл
құрайтын 300 –ге тарта
исламдық қаржы
мекемелері пайызсыз негізде жұмыс
жасайды. Олардың ішінде Uordan
Islamic Bank (Иордания), Al-Salam Bank Algeria (Алжир), Abu Dhabi Islamic
Banking (БАӘ), Qatar Islamic Bank
(Катар), CIMB Islamic Bank
(Малайзия), Kuwait Finanse House
(Кувейт), Arab Finanse House (Ливан) Meezan Bank (Пакистан), OCBC Bank
(Сингапур), Falsal Islamic Bank of Egypt
(Египет), Islamic Bank Brunei Darussalan
(Бруней), Islamic Bank Bangladesh
(Бангладеш), Bahrain Islamic Bank (Бахрейн), Kuveyt Turk (Турция), HSBC Amanah
(Ұлыбритания), Devon Bank
(АҚШ), Falcom (Сауд Аравиясы), Al
Halal Islamic Bank (Қазақстан) танымал исламдық банктер болып
саналады. Исламдық банк қызметі негізінен Бахрейн және
Малайзия мемлекеттерінде шоғырланған. Бахрейнде 35, Кувейтте -15,
БАӘ -14, Сауд Аравиясында -10, Катарда -3 исламдық банктер
қызмет көрсетеді.
Global Finance басылымының мәлімдеуі бойынша 2011 жылы
исламдық қаржы мекемелерінің ішінде Uordan Islamic Bank (Иордания) -
«ең жақсы банк»
номинациясын, CIMB Islamic Bank
(Малайзия) «ең жақсы исламдық облигациялар (сукук)
андеррайтер» номнациясын иеленген. Fitch Ratings рейтингтік агенттіктің
сараптамасы бойынша ислам банктерінің рейтингтік көрсеткіштері
тұрақты. Бұл Европалық үлгідегі ірі
дәстүрлі банктермен бәсекелес, банк ісін ұйымдастыру
принциптері мен қызмет түрлері жағынан ерекшеленетін
исламдық банк ісі мен қаржы
құралдарының
әлемдік рынокта
орныққанын
көрсетеді.
Соңғы жылдары мұсылман елдерінен өзге
өркениетті елдерде де ислам қаржы құралдарына деген
қызығушылық пен сұраныс өсуде.
Сұраныстың өсуінің басты факторлары мынадай:
1) Парсы
шығанағы мемлекеттерінде (БАӘ, Сауд аравиясы, Катар, Бахрейн,
Кувейт, Бруней, Оман, Ливия, Малайзия) мұнай ресурстарының
өте бай қорының сақталуымен байланысты әлемдік
шаруашылықта мұсылман мемлекеттерінің ролінің артуы; Мысалы, Yahoo Finance деректері
бойынша Катар, Кувейт, Бруней, Оман, БАӘ, Сауд Аравиясы, Бахрейн,
Малайзия, Ливан, Турция мұсылман
елдерінің ішіндегі ең бай мемлекеттер болып саналады. Бұл
ислам капиталының тұрақтылығы мен сенімділігін
көрсетеді;
2) Мұсылмандардың
әлеуметтік-экономикалық және саяси ролінің
нығайюы және жеке кәсіпкерлік инициативасының
өсуі, сонымен қатар мұсылман емес мемлекеттерде ауқатты
мұсылман диаспорасының қалыптасуы;
3) Аса
қуатты және сиымды ислам рыноктары мен ислам қаржы
институттарының қалыптасуы және дамуы
(Халықаралық исламдық қаржы рыногы IIFM (International
Islamic Financial Market), Исламдық банктер мен қаржылық
ұйымдардың Бас кеңесі CIBAFI (General Council of Islamic
BanksAnd Financial Institutions), Халықаралық Исламдық Даму
Банкі (Islamic Development Bank IDB);
Исламдық банктер дүние жүзінің ірі банктерімен
әріптестік қатынастар орнатып әлемдік рыноктарда шетелдік ірі
жобаларды қаржыландыруға қатысуда;
4) Мұсылмандар
дүние жүзінің көптеген елдерінде (Батыс Европа,
АҚШ, Индия, Қытай, Ресей және ТМД елдері) тұрады.
Соған орай бұл мемлекеттерде де исламдық банкингке
қызығушылықтың өсуі;
5) 2007
жылдың ортасынан басталған қаржы дағдарысының
әлемдік қаржы жүйесіне тигізген теріс әсері салдарынан
өзге өркениетті елдердің мұсылман елдерінің
капиталын тартуға және
қаржы секторын қайта құруға ұмтылуы.
Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытуға
бағытталған нақты қадамдар 2009 жылы 12- ақпанда
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі
және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚР-ның заңының қабылдануынан басталды. 2009 жылы 7-маусымда
«Қазақстан Республикасы Үкіметімен Біріккен Араб
Әмірліктері Үкіметі арасындағы Қазақстан
Республикасында ислам банкін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы»
ҚР-ның заңы қабылданды. Осы заң
Қазақстандағы бірінші ислам банкі «Al Hilal Bank» АҚ
ашылуына себепші болды.
2012 жылы 29- наурызда Қазақстан Республикасы
Үкіметінің № 371 қаулысымен Исламдық
қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы
бекітілді. 2014 жылы желтоқсан айында ҚР Ұлттық Банкі
Исламдық қаржылық институттарға арналған
бухгалтерлік есеп және аудит ұйымына (AAOIFI) және
Халықаралық исламдық қаржылық нарық
ұйымына (IIFM) мүше болып қабылданды. Артынша 2012 жылы
20-шілдеде «Қазақстан даму банкі» АҚ Малайзия
заңнамасына сәйкес жалпы сомасы 240 миллион малайзиялық
ринггит (шамамен 76,7 млн. USD) болатын орта мерзімді бағалы
қағаздар (Сукук «аль-Мурабаха») шығарды. Оның 38%-ті
қазақстандық инвесторлардың арасында орналастырылды.
2015 жылы қарашада егеменді ислам бағалы қағаздары
мен дәстүрлі банктерді ислам банктеріне айналдыру мәселелерін
қарастыратын заң қабылданды.
Қазақстан 2020 жылға дейін отандық қор рыногының ТМД
мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің
өңірлік орталығына айналуына және Азиядағы
жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі
үшін қажетті жағдайлар жасайтын болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
. Калимуллина М.Э. Исламский банкинг в России и странах СНГ в
условиях мирового финансового кризиса: теория и практика // Проблемы
современной экономики. СПб.: ЦНИТ «Астерион», № 4 (32). 2010.
2
. Қазақстан
банк секторының инновациялық дамуындағы ислам
банкингінің ролі. www. nationalbank.kz-ҚР Ұлттық Банкі.
2014 жыл
3
. Исламдық қаржыландыруды
дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 29- наурыз 2012 жыл. № 371