Э.ғ.к Джрауова К.С

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Корпоративтік салықтық жоспарлау мен реттеу

Жоспарлау- басқарудың маңызды функционалдық  элементтерінің бірі, кәсіпорынның басқарушылық қызметінің ажырамас түрі. Шаруашылық жүргізуші субъекті деңгейінде жоспарлау - объектінің қажетті болжамды жағдайын және ресурстар шектеулігі, сондай-ақ оларды баламалы пайдалану мүмкіндіктері кезінде осы жағдайға  жетудің оңтайлы әдістері мен тәсілдерін қалыптастыру. Бизнес-жоспарлау, өндірістік, стратегиялық, қаржылық, бюджеттік, және басқа кәсіпорын деңгейінде жүзеге асырылатын жоспарлау түрлерімен қатар салықтық жоспарлауды да жүзеге асыру керек. Корпоративтік салық менеджменті сияқты жекелеген салық төлеушілер- кәсіпорындар, ұйымдар, жеке кәсіпкерлер деңгейінде жоспарлау корпоративтік деп аталады.

Салықтық төлемдерді азайту және оңтайландыру мақсатымен кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлау кәсіпорында салықтық жоспарлау болып табылады. Бұл жерде салықтық төлемдерді азайтудың заңды әдістерін қолдану туралы айтылуда екенін атап өту керек.

Кәсіпорында салықтық жоспарлау келесі негізгі принциптер негізінде жүзеге асырылады:

1) заңдылығы- қолданыстағы заңдылық талаптарын қатаң сақтау, заңды әдістер мен тәсілдерді ғана пайдалану;

2) оперативтілігі (икемділігі)- заңдылықтың өзгерісіне байланысты салықтық жоспарлау рәсімдеріне түзету енгізу;

3) пайдалылығы- кәсіпорынның жиынтық міндеттемелерін азайтатын әдістерді қолдану;

4) орындылығы мен тиімділігі- пайдаланылатын әдістер шығындардан мөлшері көп болатын салықтық үнемді қамтамасыз ету керек;

5) баламалығы- салық салуды оңтайландырудың бірнеше нұсқаларын қарастыру;

6) дамуға бағдарлану- салықтық жоспарлау бір жолдық пайда әкелмеу керек, ол кәсіпорынның болашақта дамуына септігін тигізу керек;

7) негізділігі- оңтайландыру сызбаларын құқықтық негіздеу.

Салықтық жоспарлау құралдарына мыналар жатқызылады:

1)         заңмен қарастырылған салықтық жеңілдіктер;

2)         салықтық салдарлары жағынан оңтайлы келісімдік қатынастар нысаны;

3)         келісімшарт бағасы;

4)         салық салудың жекелеген элементтері, мысалы салық мөлшерлемесінің саралануы;

5)         арнайы салықтық режимдер мен салық салудың ерекше жүйелері (мысалы, еркін экономикалық аймақтарда салық салу жүйелері);

6)         екі жақты салық салуды болдырмау және басқа халықаралық келісімдерімен қарастырылған жеңілдіктер;

7)         салық салу мақсаттарына арналған бухгелтерлік есеп элементтері мен есептік саясат.

Жалпы салықтық жоспарлау функциясын жүзеге асыру мақсатындағы салық менеджменті құралдарының құрамына келесілерді жатқызуға болады: салық жеңілдіктерін пайдалану, келісімдерді дұрыс ұйымдастыру, заңдағы кемістіктерді пайдалану, қызмет нысанын таңдау, есеп саясатын қалыптастыру, офшорларды пайдалану, жеңілдіктері бар кәсіпорындарды пайдалану, келісім бағасын анықтау, салық салу жүйесін таңдау, салық салуға жататын активтер құрылымын және айналым мен айналымнан тыс капиталды пайдалану тәртібін таңдау.

Корпоративтік салықтық жоспарлаудың құралдық деңгейін сипаттай отырып салықтық жоспарлаудың екі бағытын бөліп көрсетуге болады:

-  ситуациялық салықтық жоспарлау- нақты бір жағдайларда, мысалы кәсіпорын пайдасын инвестициялау, салық заңдылығындағы өзгерістер және басқаларда салық төлемдерін азайту жөніндегі нақты шаралар;

-  түрлендірме-салыстырмалық талдау- кәсіпорынның түрлі қызметінің нұсқаларын олардың салықтық салдарлары жағынан салыстыру. Бұл бағыт салықтық жоспарлау мәнін неғұрлым толық ашады.

Кәсіпорында салықтық жоспарлауды ұйымдастыру процесін келесі сатыларға бөледі: стратегиялық салықтық жоспарлау, ағымдағы салықтық жоспарлау және кейде тиімділікті бағалау сатысын қосады. Тиімділікті бақылау стратегиялық та, оперативтік салықтық жоспарлау үшін де әмбебап міндет болып табылады.

Корпоративтік салық менеджменті жүйесі шеңберінде салықтық реттеу салықтық жоспарлау мен бюджеттендіру параметрлерін, сондай-ақ шаруашылық субъектісі деңгейінде салықтық ағымдарды оңтайландыру болып табылады. Корпоративтік салықтық жоспарлау, бюджеттендіру және оңтайландыру процестерін өзара байланыстылығы себепті бөлу қиын, сондықтан оларды салықтық оңтайландыру ретінде жиынтықта қарастырады. Корпоративтік салықтық реттеу корпоративтік салықтық жоспарлау мен салықтық өзіндік бақылау арасында байланыстырушы буын болып табылады. Микродеңгейдегі салықтық реттеу процестері салықтық жоспарды жан-жақты қарастырып жасаумен, жоспар параметрлерінің қажетті өзгерістерін енгізумен байланысты.

Корпоративтік салық менеджментінің жүйелі буыны ретінде салықтық реттеудің келесі кезеңдері бар: міндеттерді белгілеу; салық жоспарында көрсетілген салықтық оңтайландырудың белгіленген әдістерін енгізу. Оңтайландыру әдістері заңды және салық төлеуге қатысты «биснес-мемлекет» мүдделерінің балансын қамтамасыз етуі керек.

Әдебиеттер тізімі:

1.  Галеева Н, Корякина А, Глубокова Н. Налоговый менеджмент: учебное пособие- Издатель:Евразийский открытый институт, 2011