Абдрақов Б.Қ., Қашқынбаева Л.Б., Толтаева Б.С.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

ҚОРШАҒАН ОРТАМЫЗДАҒЫ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

 

Қоршаған ортамызда тіршілік ететін микробтар мен токсиндер, қарапайымдылар мен саңырауқұлақтар сияқты зиянды факторлары бізге әр секунд сайын «шабуыл» жасап, оларды көзбен көрмейміз, ешбір сезінбейміз, бірақ оған жауап беретін біздің – иммунитетіміз (қорғану жүйесі).

Иммунитет түрлік (тұқым қуалаушылық, филогенетикалық ) және жеке бастық немесе жүре пайда болған (жеке пайда болған, онтонегетикалық ) болып екіге бөлінеді. Ол түрлер филогенетикалық даму процесі кезінде пайда болды. Мысалы, егер адамға тауықтарда ауру қоздыратын тырысқақ вибрионын ендірсе де адамдар оба аурумен ауырмайды. Жеке бастық немесе жүре пайда болатын иммунитет адамның онтогенетикалық даму процесі кезінде пайда болады. Адамның кейбір жұқпалы ауруларды қабылдаушылығының болмауы иммунитеттің осы түріне байланысты. Сөйтіп, иммунды алдын алу мақсатты түрде жасалатын иммунитетпен байланысты. Жұқпалы ауруларға қарсы тірі ауру қоздырғыштарынан вакцина жасап, оларды қолдану ертеден белгілі [1]

Медицина дамуының бастапқы кезеңінде қарасан шешектің (орыс тілінде-натуральная оспа) өте ауыр түрін болдырмау үшін сол аурудың жеңіл түрімен ауырғандарды іріңін дені сау адамдарға жасанды әдіспен егуді қолдану талпыныстары болған. Егудің ғылыми негізін қалаған ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер (1796ж) және француз ғалымы Луи Пастер (1880ж) болатын.

Қазіргі медицина Э.Дженнердің індетке қарсы егудің (вакцинацалаудың) атасы деп санайды. Ол 1796 жылы адамдарға сиырдың шегінен жасанды түрде, егіп вакцина енгендер шамалы ісініп, іріңдейді де, шешек індетімен ауырмайтынын байқаған.

1880 жылы француз ғалымы Л.Пастер сұйық қоректік ортада (етті-пептонды сорпада) ұзақ уақыт сақтау арқылы тауық штамын алды. Микробтың осындай штамын тауыққа енгізгенде ол ауырмады және оны вирулентті штамм жұғудан сақтайды. Луи Пастер 1886 жылы құтыру ауруына қарсы тірі вакцинаны құтыру қоздырғышының қоянның миынан жұқтырып, оны миын қалай сілтілік еріндісімен өңдеп кептіру әдісімен дайындалған. Сондай-ақ Луи Пастер тірі вакциналар алудың жаңа принциптерін ашты. Мұндай әдіс тәжірибелік жағдайда микроорганизмдердің вируленттілігін төмендетіп иммуногендік қасиетін сақтауға негізделген. Бұл жаңалық тірі вакциналар дайындау әдісінің негізін қалады. Сол кезден бастап «иммунитет» деген термин енгізді. «Иммунитет-тірі ағзаны бөгде генетикалық ақпараттық белгісі бар тірі денелер және заттардан қорғаушы құрал деп жазады»[2,3]. Иммундық жүйенің негізгі қызметтері морфологиялық қызмет жеке даму кезіндегі аз өмір сүретін жасушаларда керек емес заттарды дер кезін де танып және олдарды бөліп шығаруды қамтамасыз ету. Инфекция қоздырғыштарына қарсылық қызмет жолдарындағы күнделікті тағаммен түсетін антигендерге қарсы күресетін қосымша иммунды қорғаныш қызметінде ауыстырылып отырғызылған ағза мен құйылған қан және оның препараттарының антигендеріне қарсы иммунитет.

Иммундық жүйе бұзылып оның өзгеруі де кездеседі. Ол екі түрде байқалады:гипоэргиялық, иммундық жетіспеушілік-иммундық жауаптың қалыпты да төмен болуы және гиперэргиялық- бұл иммундық жауап қалыптыдан өте жоғары, аллергиялық реакциялыр және аутоиммунды агрессия түрінде болады. Иммунитет сыртқы әсерлердің көмегімен күшейтуге болады. Мысалы, тұмау сияқты жұқпалы аурулармен жиі ауыратын, ал енді біразы тұмау секілді аурумен сирек ауыратынын кездестіреміз.

Тұмау мен жедел респираторлар ауруларда тұрақты иммунитет қалыптаспайды. Ал тұмау вирусы жыл сайын өзгеріп басқа антигенді тудырады. Демек, бұл жерде ерекшелікті иммунитетке емес, ол әр адам ағзасының жоғары резистентілігіне байланысты. Дене шынықтыру, спортпен шынығу ерекшелікті иммунитет механизмін күшейтіп, зат алмасуына, ақуыз түзілуіне жақсы әсер етеді, сөйтіп түрлі аурулардың  алдын алуға, оларды болдырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол аллергиялық реакцияларды төмендетіп, оны жоюы да мүмкін. Көптеген жұқпалы аурулардан сақтану шараларының ішінде кейбір ауруларға қарсы иммунизациялық егу әдісі қолданылады. Халықты жоспарлы иммунизациялаудың көп жылдық тәжірибесі жұқпалы аурулармен күресуде тиімді екенін көрсетті. Мысалы, қарасан шешекке қарсы мақсатты бағытта және кең түрде вакциналау нәтижесінде бұл инфекция әлемдік деңгейде жойылды. Вакциналарды еккеннен кейін кейбір жағдайда бірнеше жыл сақсаталын белсенді иммунитет, аз кейде тек қана қысқа мерзімде қабылдамаушылық (6-12 ай) пайда болады. [4,5].

Жұқпалы аурулардан иммундық әдіспен сақтау үшін қолданатын препараттар үш топқа бөлінеді.

-белсенді(актив) иммунитет қоздырушылар

-пассивті иммунитет туғызушылар

-микроб жұққан организмде қоздырғыштың өсіп-өнуін тоқтататындар

Адам организмінде қоздырғыштың көбейіп, дамуын тоқтатын препараттарға интерферон жатады. Вакциналардың құрамында қоздырғыштардың антигендері болады.

Қазіргі кезде менингитке, іш сүзегіне, парасүзекке, бөртпе, сүзекке грипке, обаға қарсы химиялық вакциналар өндіріліп қолданылады. Анатоксиндер дифтерияға, сіреспеге, газды гангренаға, ботулизмге, тырысқаққа, стафилаккокты инфекцияларға қарсы пайдаланып жүр. Жұқпалы аурулардан иммундық әдістермен алдын ала сақтану- негізгі тәсілдің бірі, ал кейбір жағдайда ол жұқпалы аурулардан сақтануда, індетті азайтуда және жоюда тиімді шаралардың ең бастысы болып табылады.

Әдебиет:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Алматы, 2000,552бет

2. Әміреев С.Ә., т.б Жұқпалы ауруларды алдын-алу(Әдістемеік оқу құралы) Алматы, 2001,42 бет

3. Тель Л.З., Даленов Е.Д. Валеология, Астана 2003, 396 бет