Арғынбай Ә.Қ(ЕШТ-41
тобының студенті )
Ғылыми жетекшісі : Айтжанова Б.Б.
Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Шетел тілін оқытуда іскерлік
ойындарды қолдану
Жаһандану
уақыты бәсекелестіктің күшеюімен сипатталады, бұл
өз кезегінде жоғарғы мектеп түлектерін даярлауға
қойылатын талаптардың өзгеруіне әкеледі.
Мамандардың айрықша ерекшеліктері ретінде олардың
өздерінің іс-әрекетіне шығармашылық
тұрғыда қарау біліктіліктері, жұмыс профилінің
өзгеруіне немесе еңбек және жұмысбастылық
саласының өзгерістерімен сәйкес толық қайта
даярлауға дайындығы тұрады. Сондықтан да, маманды
даярлауда студенттердің бойларында бар қабілеттерін тиімді
дамытуға және олардың өз беттерімен жұмыс істеу
дағдыларын, ойлау жүйелілігін, заманауи қарқынды
өзгеріп отыратын қоғамда орныға алу біліктіліктерін
қалыптастыруға септігін тигізетін оқыту әдістерін
қолдану ұсынылады. Отандық және шетелдік
әдебиеттерде шет тілінде қарым-қатынас жасау үшін
оқытудың барлық кездесетін белсенді технологияларының ішінде
және іскерлік ойын қолданылады.
Іскерлік ойын келесідей ортақ ерекшеліктермен сипатталады: іскерлік ойындарда
қарастырылатын нақты жағдайдың өміршеңдігі
мен типтілігі; мәселелік жағдайға талдау жасау
және шешім қабылдау қажет болатын жағдайдың
болуы, толық ақпараттың болмауы, белгісіздік,
қауіп-қатер немесе қарама-қайшылық
жағдайында шешім қабылдау; тапсырманы толық формальдай алмау
мүмкіндігі; конфликтің пен жасырын резервтердің болуы;
басқару жүйесінде әрекет ететін
тұлғалардың: лауазымды тұлғалардың
рөлдерін сомдайтын ойыншылар, ойыншы-сарапшылар мен іскерлік ойын
үшін материалдар даярлайтын, ақпарат беретін және ойын
барысын бағыттайтын ойыншы-ұйымдастырушылардың бар болуы.
Кәсіби қарым-қатынасқа бағытталған
іскерлік ойындар технологиясы бірқатар ерекшеліктерге ие:
1. Іскерлік ойын кәсіби-еңбек
саласында қарым-қатынас жасаудың нақты жағдайын
сипаттайтын нақты сөйлеу материалына негізделуі қажет.
2. Іскерлік ойын барысында өз бетімен
оқу жай оқудан басымдылыққа ие болады. Іскерлік ойында
өз бетімен оқу оқудан басым болады. Бұл шет тілі
оқытушысының білім алушылардың мамандықтарына
байланысты сұрақтарда құзыретті болмауынан жүзеге
асырылады және олардың көмегінсіз іскерлік ойынды сауатты
құрастыра және оның коммуникативтік (тілдік емес)
нәтижелерін бағалай алмайды. Сондықтан да, студенттер
іскерлік ойынды құрастыруға ғана емес, сонымен
қатар, оны параметр бойынша бағалауға жұмылдырылады.
Бағаланатын параметр: коммуникативтіқ мақсатқа
қол жеткізілді ме, жоқ па. Оқытушы тек тілдік
нормаларға қатысты сөйлеу дұрыстығына баға
бере алады. Студенттердің іскерлік ойынды ұйымдастыру және
жүзеге асыруға қатысуы олардың ойлау
іс-әрекеттерін белсендіреді, шығармашылық белсенділіктерін арттырады,
себебі ол студенттердің ағылшын тілі бойынша білімін іс
жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
3. Іскерлік ойын кезінде бірлескен
іс-әрекет және қатысушылардың диалогтық
қарым-қатынас қағидалары жетекші болып табылады. Осы
қағидалардың ретімен жүзеге асырылуы осы ойынның
мазмұнын белсенді өрістеуін қамтамасыз етеді. Іскерлік ойында
қатысушылар тек қана тұлға ретінде емес, сонымен
қатар, ең алдымен, өздерінің еңбек
іс-әрекеті саласының мамандары ретінде өзін-өзі таниды.
ЖОО-ның оқу-тәрбиелік
үдерісінде іскерлік ойындарды жасау және қолдану
қағидаларын талдай отырып, оларда іскерлік ойындардың келесі
сипаттамалары тек қана сақталып қана қоймай, сонымен
қатар, айтарлықтай толықтырылатындығы мен
жетілдірілетіндігі туралы қорытынды шығаруға болады. Олар:
ситуациялық, тақырыптық, табиғи сөйлеу қарым-қатынасының
модельденуі; ойын іс-әрекеті арқылы оқу іс-әрекетін жүзеге асыру; ұжымдықіс-әрекет;
тәрбиелеу арқылы оқыту қағидасының жүзеге
асырылуы.
Іскерлік ойынның табысты жүзеге асырылуы ең алдымен, мазмұн жоспары,
сонымен қатар, өрнектеу жоспары
сияқты элементтердің нақты модельденуіне тәуелді
болады. Жаттығу кезеңінде студент қойылған коммуникация мақсаттарының жүзеге
асырылуы үшін қажетті коммуникативтік пиғылдарын тілдік безендіру
біліктіліктерін меңгеруі керек.
Оқытушы іскерлік ойынды тікелей даярлау барысында мазмұн жоспары материалын
өңдейді, ойын типін, қатысушылар құрамын,
әрбір коммуниканттың мақсатын анықтайды, қажет тірек визитті дайындайды
Іскерлік ойындар
– бұл белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның
бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды
көрсету арқылы жүзеге асады. Қазіргі кездегі
соғыс ойындары, спорт ойындары, дидактикалық және тағы
басқа ойындар осы байырғы мәдениеттен туындаган. Осылайша XX
ғ 50 - ші жылдарынан бастап басқару, экономикалық ойындар,
бертін келе психологиялық, педагогикалық ойындар пайда бола
бастады. Іскерлік ойыны сабақтың дәстүрлі емес
түріне жатады. Бұл ойын қызығушылықты тудырып,
шет тілін оқыту кезінде қолдануға үлкен мүмкіндік
береді. Ойында ойыншынын кәсіби — педагогикалық ойлау образына
енуі, бұл ойынның басты ерекшелігі болып табылады. Іскерлік
ойынның негізі- проблемалық педагогиканың ситуацияларды
тудыру және оларды әртүрлі проблемалық ролдік шешуді
жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармеи
салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретінде қарастырылады.
Ойыншы белгілі ережелерді қолдана отырып ойынның толық
мағынасын түсініп, талдау жасап, алда болатын өзгерістерді
жобалап отыруы қажет. Әртүрлі педагогикалық
жағдайларды модельдеу болашақ педагогтың әрбір ойын
кәсіби түрде жеткізе білуге жетелейді. Осылай ойлау қабілеті
нәтижесінде ойыншылар педагогикалық образға толығымен
кіріп, қандай өзгеріс болатынын түсіне алады. Ойыншыларда
педагогикалық процесс моделінің біркелкі образы ойында болған
әртүрлі жағдайлар нәтижесінде калыптасады. Бұл
модель жеке түлғалық сипатқа ие болады және ойын
кезіндегі ойыншының жасаған іс - әрекетінің
таңбасына ойыншының өзін ойын барысында ұстай білуі,
ойын толық жеткізе білуін және әр ойыншының өзіне
ғана тән ерекшеліктеріне байланысты калыптасады. Сонымен
қатар іскерлік ойынның барысында әр ойыншыда өзін
басқалардың көмегімен, яғни сырт көзбен
қадағалау және басқаларды да танып білу
қалыптасады. Өздеріне берілген тапсырмаларды бірігіп шешу жолында өзіндік
нәтиже шығарумен қатар басқалармен бірігіп жұмыс
істеу және ой тудыру әрбір ойыншыда қалыптасатын жайт. Ойынның
шартты модельдері және ойын барысында жинақталған
іс-әрекеттер ойыншылардың көзқарасын едәуір кеңейтеді.Іскерлік
ойында ойыншыларда екі түрлі көзқарас қалыптасады.Біріншіден,
ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды
толық сіңіреді, басқалармен осы образда
қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл ойыншылар
арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі
әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында
ойын шарты тез үғынылады сондай - ақ төзімділік,
басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс
атқару, жауапкершілік қалыптасады.Білім алу процесі, оны
толықтыру, негізін түсіну екі кезеңнен өтеді:-ойын
барысында: образ арасындағы қарым — катынас кезеңі;-қорытындылау
кезінде: пікірталас кезеңі;
Ойын шартында ойыншыларға таныс жайттар көп
кездессе және олар образға толық кіре алса ойын
қызықты да мағыналы болып өтеді.Әрбір ойын
мағынасына қарай өзіне тән қүрылымы,
рөлі, сюжеті болады және мұғалімнің
басқарып, жүргізуіне байланысты ерскшеленеді. Ойынның ойдағыдай
өтуі жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған
жағдайда ғана болады. Ол әрбір ойыншының өзіндік
ерекшеліктері, мүмкіндіктерін, олардың ойынға тез енуін
ойындық ситуацияға кіруін сюжетті ары қарай дамыту
дәрежесін білгенде ойын сәтті өтеді. Әрбір топ ойынды
өзінше дамытып, жаңа көзқарастар туғызтып,
жаңа нәтижелер шығара алады.
Жүргізуші ойыншыларды ойынға дайындап,
ұйымдастырып, ойынды өткізіп, соңында қорытынды жасап,
ойынға қатысушыларды бағалайды. Ойын алдында бірнеше
күн бұрын жүргізуші ойынға қатысушыларды
ойынның мақсатымен, мағынасымен, кұрылымымен,
ойынның сюжетімен, рөлімен таныстырып, үй тапсырмаларын
беріп, орындалғанын қадағалап, рөлдсрді бөлуге көмектеседі.
Рөлдердің орындалуы мен сюжеттің дамуына қатаң
шарт қою ойынға кызығушылықты және
ойыншылардың сюжетті дамытуына кері әсерін тигізеді.
Қатаң ережемен ұсынылатын ойын біркелкі
жаттығуларға ұқсап, қызығушылықты
жоғалтады. Ойын басында жүргізушіойыншылардың
бірқалыпты эмоциялық тұрактылығын қамтамасыз
етумен қатар, психологиялық тұрғыдан образға
кіруге жағдай жасайды. Бұл іскерлік ойынын жүргізуге 45 - 90
минут кетеді Ойынның ең маңызды кезеңі -
қорытынды жасап, пікір таласу. Қорытынды жасау ойынға кететін
уақыттың тең жартысын алады.
Іскерлік ойындарда: кіріспе, іскерлік ойындардың
өтілуі әдістемесі және көрнекі құралдары
сипатталады. Кіріспе бөлімінде іскерлік ойындардың педагогтарды
оқыту жолындағы мағынасы жайлы сөз етіледі. Іскерлік
ойындардьң өтілу шарттары мен өтілу әдістемесі
керсетіледі және іскерлік ойын материалдары қарастырылады.
Шетел
тілін оқытуда іскерлік ойынды өткізу кезінде міндеттің
мазмұнына байланысты калькуляторлар, оқу тақтасы немесе
сұлбалар мен формулаларды бейнелеуге арналған ватман, анықтамалықтар,
заңдар мен нормативтік актілер
мәтіндері қажет болуы мүмкін. Шетел
тілін оқытуда іскерлік ойынды екі оқытушы-педагогтың
күшімен өткізгені дұрыс болады. Ойынның кейбір
сәттері әр түрлі функцияларды бір мезгілде орындауға,
мысалы, келесі ойындық бұрылысты ойлап табуға және
топты «ойындық тонуста» ұстап тұруға мәжбүр
етуі мүмкін. Бірақ екі оқытушыға мұндай
жағдайларсыз да, әсіресе командалардың жұмысын
бақылағанда жұмыс жетеді.
Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы
3кезеңнен тұрады:
I-кезең –дайындық (рөльдерді
бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларыналдын
ала таныстыру, қажетті материалдарын жинау)
II-кезең – ойын кезеңі (оқушылар
жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын
шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған
шешімді қабылдау).
III-кезең – қорытындылау (проблеманы шешуді тиімді
жолдарын іздестіру. Іскерлік ойындардың дидактикалық,тәрбиелік өркендетушілік
(әлеуметтендірушілік) маңызы зор.
Оқушының ойлау қабілетін арттыру, сол
қабілетін белсенді ету – басты мақсат. Әсіресе,
оқушының білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі
іс-әрекеттер ұйымдастыруға бағдар жасау тиімді. Ол жуйе
мына төмендегідей:
1.
Шығармашылықпен
жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
2.
Әр
түрлі анықтамалармен жұмыс істеуге арналған
тапсырмалар.
3.
Ғылыми
әдебиеттерді оқуға баулу.
4.
Жарыстар, сайыстар
әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.
5.
Интернет, телеарна
мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы
жаңалықтармен таныстырып отыру.
Осы әдістерді сабақта қолдана отырып
оқушының ойлау тәсілдерінен бақылауға болады.
Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын
бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жуйелеп
қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және
ұғымға түсінік береді, дәлелдейді немесе
жоққа шығарады, модельдейді. Жанағы тәсілдерді
қолданған оқушының сөзінен, тұжырымынан
байқауға болады.
Ұстаздық тәжірибе оқытудың
пәрменді әдіс-тәсілдерін қолданудан
сабақтың , сынып сағатының тиімділігі арта
түсетініне көз жеткізеді.
Сонымен, іскерлік ойында ойын желісіне, белгілі бір
ережелер мен қатысушылардың рөлдік өзара
әрекеттестігін ескеруге байланысты өзгеретін ерекше ойын контексті
болады. Ойын барысында ойындық және оқу мақсаттары
кездеседі. Іскерлік ойында ойын қатысушылары үшін маңызды шет
тілінде іскерлік қарым-қатынас жасау дағдылары мен
біліктіліктерін қалыптастыруға мүмкнідік беретін кәсіби
қарым-қатынастың мәселелік жағдайларын модельдеу
жүзеге асырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.«Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»
Егеменді Қазақстан.2004. - 3б.
2.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан
- 2030 стратегиясында барлық қазақстандық-тардың
өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және
әл-ауқатының артуы» - атты жолдауы. -
Алматы: ЮРИСТ, 2001. - 104 б.
3. Бұзаубақова
К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқу құралы.
А: Жазушы. 2004. - 208 б.
4. Алтынсарин И. //Соч.: В 3
т. - Алма-Ата: Наука, 1975. - Т.1 - 359 с.
5. Абдуллина О.А.
Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического
образования. Учебное пособие. - М.: Просвещение, 1984. - 208 с.
9. Арстанов
М.Ж., Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. Проблемно-модельное обучение: вопросы теории и
технологии. - Алматы, 1980г
10.Активные
методы обучения: рекомендации по разработке и применению: учеб.-метод. пособие
/ Е. В. Зарукина, Н. А. Логинова, М. М. Новик. СПб.: СПбГИЭУ, 2010. – 59 с.