БОЛАШАҚ  ТӘРБИЕШІЛЕРДІ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының оқытушысы  Минайдарова М.И. Кеңесбек С.

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2050 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген. Тәрбиеші кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ тәрбиешілердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді[1].

Жақсы тәрбиеші — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті тәрбиешіні даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады.

Қай кезде болса да алдыңғы қатарлы ойшыл адамдар тәрбиеші еңбегін жоғары бағалап, оның қоғамдағы рөлін кұрметті де маңызды деп санаған. Бұл жөнінде К.Д.Ушннский: «...тәрбиеші өзін өткен мен болашақтың арасында тірі дәнекермін, шындық пен жақсылыктың кұдіретті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісін сырт қарағанда қарапайым екендігін, бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін, бұл іспен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсінеді» деп жазды. Еңбектеген баладан ғұлама ғалымға дейін ұстаз алдынан өтеді[2].

           Оқу үдерісінің басты компоненті — оқудың мақсаты мен мазмұны. Балалардың рухани дамуына, ең алдымен, оқудың ғылыми мазмұны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді. Жалпы білім беру, негізінен, үш түрлі мақсатты көздейді:

       Біріншісі — табиғат, қоғам, техника, өнер туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдағы негізгі зандылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа, дүниетанымдық идеялар мен сенімдер, практикалық біліктер мен дағдылар және ғылыми ойлау тәсілдері жатады.

     Екіншісі — балаларды практикалық іс-әрекетке даярлау, өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге дайындау.

     Оқудың үшінші мақсаты — балалардың ғылыми көзқарасы мен сенімдерін қалыптастыру, оқу әрекетін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктерін мейлінше толығымен пайдалануды керек етеді.

Л.В.Занковтың пікірінше, оқыту — баланың жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет. Жоғарыда айтылғандар ойдағыдай ұштасса, балада оқуға деген белгілі жағымды бейім-оқу әрекетінің стилі қалыптасады[3].

       В.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі мынадай жолдарын атап көрсетеді. Тәрбиешілердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, балабақшадағы балалардың танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялық және әдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы жан-жақты оқыту тәжірибесіне қарағанда, тәрбиешілердің қызметінде дидактикалық қиындықтардың кездесетіні анықталып отыр[4]

      Тәрбиешілердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар, негізінен, олардың мынадай іс-әрекетінен байқалады:  балалардың  танымдық, әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде.

    Тәрбиешілердің тәрбиешілік қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін жеке меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр. Оған мыналар жатады:

- тәрбиеші қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;

- білімнің мазмұнын игеру ісі;

-балалардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін алдын  ала (диагностикалау) ісі;

- ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;

- балалармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі (коммунативтік әрекет);

- балаларды білімге ынталанды-ру, қызықтыру іс-әрекеті;

- балалардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті.

      Тәрбиешілердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:

- оқу үдерісінде  балалардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиыңдықтар;

- балалардың  оқу  әрекетін, дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар.

       Жеке тұлғаға берілген көптеген ғалымдардың анықтамаларын сараптай келе, жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы, әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) атқаруы - деп атап көрсеткен.

       Ал жеке тұлғаны қалыптастыру - оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Нақтылай түсетін болсақ, ана тілін ерекше құрметтеп, жетік білетін, басқа тілде де жетік сөйлей алатын, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, саналы еңбек етіп, өз ойын дамыта алатын, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай алатын, салауатты тұлға.

         Жеке тұлғаны қалыптастырудағы шешуші факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие - өсіп келе жатқан жас ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, жеке тұлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзат тарихындағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі үрдіс. Тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы, тәрбиеленушілердің іс-әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру. Бізге бұрыннан белгі болып келген тәрбиенің ұйымдастырушылары: отбасы - ата-ана, балабақша - тәрбиеші, мектеп - мұғалім.

                                                    ӘДЕБИЕТТЕР:

1.      Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты. Астана 2016 ж.

2.      Балбөбек бағдарламасы,  Алматы 2000 ж.

3.      Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. - Алматы: Педагогика, 2000.

4.      Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. - Москва: Академия, 2004.