МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ 5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫҢ
ТАНЫМДЫЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ДАМЫТУ
«Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» кафедрасының оқытушысы Минайдарова М.И. Кеңесбек С.
«Еліміздің
ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал
жас ұрпақтың тағдыры –
ұстаздың қолында» -деген сөзге мән берер
болсақ, қазіргі білім беру саласынын алдында тұрған басты міндет –
егеменді еліміздің тірегі болатын білімді ұрпақ
тәрбиелеу. Еліміздің болашағын жасайтын
жастар білімімен қатар шығармашы лық қасиеті
жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға
болатын азаматтар болуы керек. Ал ол
азаматтардың тұлғалық негізін қалайтын-мектепке
дейінгі білім және тәрбие беру мекемелері. Таным адам
өмірінде аса қымбат орын алады. Таным арқылы ғана заттардың,
көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар
себептерді қарастырады[1].
Сондықтан
тәрбиеші баланың ойын дұрыс бағыттаса, танымдылық
қызығушылығы өшпей, болашақта
іздемпаздылыққа, зерттеушілікке айналады. Енді
тақырыпқа байланысты 5-6 жасар балалардың танымдылық
үдерістеріне байланысты сипаттаманы анықтауға болады.
Мектеп
жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы
қоршаған ортамен танысуға өте құштар.
Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп
соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса,
онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.
5-6 жасында танымдылық үдерістерінін негізінде балалар
игереді: - көрнекі-әсерлі
және көрнекі-бейнелі тұрғысынан танымдық
міндеттерді шеше алады, ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға,
түрлі негіздемелер бойынша топтастыруға және жүйелеуге
қабілетті; -
құрастырудың бірнеше қарапайым жалпыланған
тәсілдерін меңгереді және түрлі нәтижеге жету
үшін бір тәсілді қайталай береді; - қоршаған
ортаның түрлілігін, өсімдіктер мен жануардардың
белгілері мен қасиеттерін, тіршілік ортасымен өзара байланысын
түсінеді; - эксперименталды
әрекетте мақсат қойып, нәтижеге жетеді; - геометриялық пішіндердің
құрылымдық сипаттамасын, тура және кері сандық
қатынас ретін біледі;
Жас ерекшеліктеріне сай, танымдылық үдерістерін дамытуда
ойынды тиімді қолдануға болады. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті
және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін,
әсерлерін жинақтаған
тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында
берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық
ойлауы, қиялдау қабілеті шыңдалады. Жас баланың
өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.[2].
Бала
ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып,
қоршаған орта мен құбылыстардың
ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын
кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды,
эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік
қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды,
мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті
мен дарынын ұштайды. [3]
Тәжірибеде «жыл мезгілдері»,
«асхана», «артығын анықта», «үйлерін тап» ойындары баланың бір затқа бейімділігі,
мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі,
қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс,
кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Бала алған рөлдеріне
сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын
мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан
(ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады,
қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып
әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс,
үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған
заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады [3]
Мазмұнды-бейнелі
ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын
қызметі айқын өнерпаздық және
шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа
да, ұзақ та болуы мүмкін.
Мектепалды даярлық
балаларының танымдылық үдерістерін дамытуда ақыл-
ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық
іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау,
ойлау, елестету, танымдық шығармашылық
қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың
ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер
қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау
үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау
логикалық амалдарынан тұрады.
Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың
оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде
М. Жұмабаев: «Ойлау-жанның өте бір қиын, терең
ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші
баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап
істеу керек» -деген.
Қорыта келе, аталған жұмыс
түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру
үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни
олардың шығармашылық деңгейін көтереді,
қызығушылықтарын арттырады.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту стандарты. Астана 2016 ж.
2.
Вопросы нравственного воспитания школьников. /Сборник статей: Изд-во
Ленинградского Университета, 1960.
3 Қоянбаев Р.М.,
Қоянбаев Ж.Б. - Алматы: Педагогика, 2000.