Т.ғ.к. Көптілеуов Б.Ж.
П.ғ.к. Абуова Н.А.
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Бәсекеге қабілетті инженерлер даярлау – бүгінгі
күннің басты талабы
Әлемдегі экономика, саясат және әлеуметтік
қатынастарда болып жатқан жан-жақты жаңарулар Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесінің де түбегейлі
өзгеруіне талаптар қоюда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017-жылғы
Қазақстан халқына арнаған өзінің
Жолдауында: «Біздің міндетіміз – білім
беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. «Баршаға арналған
тегін кәсіптік-техникалық
білім беру» жобасы іске асырыла бастады Кәсіптік білім беру
жүйесінде жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек.Ол
үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына
және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге
сәйкес жаңартылуы
қажет» деп атап көрсетті [1].
Соңғы жылдары еліміздегі жоғары білім беретін оқу
орындары ХХІ ғасыр талаптарын орындап, мүмкіндіктерін пайдалана
алатын маман даярлау үстінде аянбай еңбек етуде. Бүгінгі
күннің өзекті мәселесі де, әртүрлі
бағыттағы көптеген келелі мәселелер сияқты,
болашақ маманның білімділігі мен шығармашылық
қабілеттілігін қалыптастыру және сол арқылы
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып болып отыр.
Бұл – әсіресе
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін
өзіндік орны бар инженер мамандарына да қойылатын негізгі талап
болып есептеледі.
Сонымен қатар, әлемдегі білім беру жүйесі үшін
қазір ең негізгі талап бітіруші түлектің әлемдік аренадағы бәсекеге
қабілеттілігін қалыптастыру екендігі бұқаралық
ақпарат құралдарында да, теледидарда да аз айтылып
жүрген жоқ. Сондықтан, біз – жоғары оқу орны
оқытушылары, болашақ маманның ең бірінші өз
еліміздегі жұмыс берушінің талабын кәсіби
тұрғыдан да, жан-жақты қабілеттілік деңгейімен де
қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті маман болуын
басты міндет санауымыз қажет. Сонда ғана, біз даярлаған
кадрдың өндірісте шеберлігін шыңдап, біліктілігін
қалыптастыруына жол ашатынымыз анық. Оның үстіне
әлемдік экономикалық жаһандану
мен ғылыми-технологиялық прогресс кезеңінде заманауи инженерлік білім қоғамның тұрақты
дамуында негізгі білімнің ең негізгі бөлігі болып отыр.
Қазіргі
таңда инженерлік білімді жетілдіру және оның негізінде
инженер-лердің бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етуде бірнеше ұйымдар аянбай
қызмет етуде, атап айтқанда, инженерлік білім беру
қоғамының халықаралық
федерациясы (IFEES), инженерлік білім беру
саласындағы аккредитациялау
бойынша еуропалық желі (ENAEE), инженерлік білім саласындағы Америкалық
қоғам (ASEE), инженерлік педагогика саласындағы
халықаралық ұйым
(IGIP), инженерлік білім беру бойынша
Еуропалық кеңес
(EED), инженерлік білім беру бойынша
Еуропалық қоғам
(SEFI), Инженерлік білім берудегі ғаламдық қоғам (GEDC), Инженерлік
білім беруді дамытатын Халықаралық
институт (IIDEA) және басқа
да халықаралық ұйымдар. Осы ұйымдар
жаһандық инженерлік білім берудің бағытын, білім
берудегі, индустрия мен ғылымдағы әріптестіктің
жаңа формаларын қалыптастыруды, инженерлік білім беру беру
бағдарламаларының сапасын арттыруды, білім беруде жаңа
инновациялық технологияларды жан-жақты қолдануды
қадағалап, қамтамасыз етеді [2].
Қазіргі таңда батыстың дамыған елдерінде инженерлік
мамандықтың тізімін қалыптастыру қағидасы
іс-әрекеттердің үш негізгі қағидасы бойынша
қамтамасыз етілген: техника және технология, пайдалану және
жөндеу. Ал Америка Құрама Штаттарында материалтану және
технология, механикалық инженерия, электроинженерия, компьютерлік
инженерия, құрылыс пен қызмет көрсету сферасының
инженериясы, коммуникация саласын қамтитын 7 бағытта инженерлік
білім беріледі [3]. Мысалы Э.Зеердің ғылыми еңбектерінде
кез-келген маманның кәсіби біліктілігі белгілі бір тапсырманы
орындау кезінде қолданылатын білім, іскерлік және дағды
мөлшері арқылы анықталатыны айтылған [4]. Сонда
қай жерде, қай салада болмасын білім, іскерлік, дағды
қасиеттерінің ролі өте зор. Бірақ қазіргі
ғылым мен жаңа технологияның қарыштап дамыған
кезеңінде бұл үш қасиет
маманның күнделікті іс-әрекетінің нәтижелі болуын
қамтамасыз ете алмауы да мүмкін, сондықтан біз
«бәсекеге қабілетті» деп аталатын қасиетті қалыптастыру
үшін жұмыс жасауымыз қажет, яғни оқу процесіне
инновациялық білім беру технологияларын кеңінен қолдану
қажет. Осы бәсекеге қабілеттілік инженер маманының
бойында мынадай сапалы жиынтықты қамтуы тиіс: инженерлік сызбаларды
мұқият және төзімді түрде орындайтын коммуникативтік қасиет; жұмыс
барысында кәсіби даярлы-ғын
өз бетінше пайдалана алатын мамандандырылған бейімділік
қасиеттер; орындаған жұмысына талдау жасай алатын және
ғылым мен техниканың жетіс-тіктерін
пайдаланып, жылдам шешім қабылдай алатын диагностикалық қасиет.
Сипатталған үш қасиеттің алғашқысы
көбінесе білім ордасында қалыпта-суы тиіс
және келесі екі қасиеттің нәтижелі көрсеткіш
беруіне тікелей әсер етеді деп есептеуге болады. Яғни, теориялық
білім алу кезеңінде коммуни-кативтік сапамен
толық қамтылған инженерлік білім алушы өзінің
еңбек жолын білім беру саласында, өндірісте немесе машина жасау
саласында жалғасты-ратын болса мамандандырылған
бейімділік және диагностикалық қасиетпен қандай кедергіні
болса да жеңіп, бәсекеге қабілетті маман болары сөзсіз.
Жоғарыда атап көрсеткен дамыған елдердің инженерлік
білім беру жүйесінің маңызды элементтерін үлгі
қыла отырып, Қазақстан инженерлік кадрлар даярлау
мәселесін бірінші кезекке қойып отыр. Соңғы жылдарға
жасалған болжамда Қазақстанның өнеркәсіп
орындарында техникалық және қызмет көрсету мамандарына
деген қажеттілік 93,4 %, құрылыста 72,5 %, ал ауыл шаруашылығында
алдыңғы жылдармен салыстырғанда 35%-ға жоғарылаған
[5]. Мамандардың айтуынша соңғы 2 жылда жоғары білімді
инженерлік мамандарды даярлауға деген мемлекеттік тапсырыс 30 %-ға
өскен. Осы мүмкіндіктің нәтижесі бітіруші
түлектің еңбек нарығындағы бәсекеге
қабілеттілігімен сәйкес келіп жатса, онда Қазақстанның
болашағы білікті инженер кадрларымен қамтамасыз етілері
сөзсіз. Ол үшін инженерлік техникалық білімі бар
маманның қажеттілігін толық қамтамасыз ететін кадр
даярлау мәселесі «әлемдік нарықтағы бәсекеге
қабілеттілік» көрсеткішімен қалыптасуы қажет. Сондықтан
қазіргі таңда білікті инженер кадрларын даярлау саласындағы
жетекші ғалымдар мынадай ұсыныстарды ортаға салуда және
оған инженерлік білім беру орындарындағы барлық
қызметкерлер қосылады деп ойлаймыз, олар: техникалық
оқу орындары зертханалық базасын нығайту; емтихандарды тест
түрінде қабылдауды азайтып, инженерлердің техникалық
тілде сөйлеулерін қамтамасыз ету; негізгі техникалық
пәндерге бөлінген сағат көлемін мейлінше көбейту;
кафедра оқытушыларының кәсіби құрамы
оқылатын пәндердің шифрларымен сәйкес келуі қажет.
Міне осы айтылған ұсыныстар орындалған жағдайда ЖОО
қызметкерлері өздері даярлайтын мамандардың
Қазақстанның бәсекеге қабілетті инженер кадрларды
қажет ететін орындарының сұранысын қамтамасыз етумен
қатар, еліміздің экономикасының қарыштап дамуына да зор
үлес қосары сөзсіз деп ойлаймыз. Қазақстан –
табысты экономикасы мен жоғары білікті жұмысшы күші бар
мемлекет атауын техникалық білім беретін оқу орындарындағы ин-новациялық
білім деңгейімен қамтамасыз ете отырып, түлектердің
еңбек нары-ғындағы бәсекеге
қабілеттілігімен көрсете алатынын өмірдің өзі дәлелдеп
отыр.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
3.
Омельяненюк Б.Л. Профессионально-техническое образование в зарубежных
странах. М.: Высшая школа, 1989. – 224 с.
4.
Зеер Э.Ф. Профессиональное становление личности инженера-педагога. Изд-во Урал.
университета. Свердловск, 1988. – 120 с.
5.
Инженерлік білім
берудің негізгі мәселелері // техника ғылымдарының докторы, профессор З. М. Рахимбекованың
мақаласынан.
АННОТАЦИЯ
В статье представлены сведения о состоянии технических
учебных заведений Республики Казахстан, готовящих высокообразованных инженеров. В статье подробно разъясняется, что главное условие
экономического роста страны характеризуется уровнем квалифицированности кадров,
подготовленных в высших учебных заведениях. Профессиональная подготовка и
квалифицированность инженерных кадров нашей независимой страны на рынке труда, безусловно, обеспечит ее конкурентоспособность. В целом, статья дает
сведения о том, что будущие технически образованные кадры смогут победить все
трудности с помощью своей конкурентоспособности на мировой арене только
вооружившись инновационными знаниями и возможностями для их практической
реализации.