Тараз қ. №46 орта мектебінің технология
пәнінің
мұғалімі
Нусипбаев Ж.Қ..
Кәдесыйлық
домбыра
Сабақтың тақырыбы:
Кәдесыйлық домбыра
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Жас ұрпақты ежелден
келе жатқан қолөнер түрлері оқып
үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен үйреніп,жұмы
істеуіне, шеберлік деңгейін арттырып,
ынта-ықыласын молайтуға,
әсемдік пен сұлулықты көріп бағалай білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың сувенирлік өнерге деген
қызығушылығын оятып, батылдыққа, өзіне
деген сенімділікке, жұмыста өз
бетінше орындауға, ептілік
деңгейін көтеруге баулу.
Дамытушылық
мақсаты Ұлттық өнер туралы білімдерін жүйелеп,
шығармашылық қиялын
дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас, сарамандық
Көрнекілік: Алдын
ала дайындалған сувенирлук бұйым керекті құрал-
жабдықтар, плакатар, жасалатын
бұйымның,
технологиялық картасы. Интерактивті
тақта. Әр түрлі
кәдесыйлық
эскиздер.
Құрал жабдықтар: Ағаш өңдеу ТСД 120
станогы, әр турлі пышақтар, ара,
лобзик, егеулер жиынтығы,
турлі желімдер, әрлеу қағаздары. Күйдіру құрылғысы.
Пәнаралық байланыс: Сызу, сурет, жаратылыстану, тарих
және әдеп.
Сабақты оқыту әдісі: сарамандық, өз беттерімен жұмыс.
Сабақтың
құрылымы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Жаңа материалды түсіндіру.
Бұйымның жасалу жолдарын үйрету.
Қауіпсіздік ережелері жайлы нұсқау
беру.
Жаңа сабақты пысықтау.
Сарамандық бөлім.
Қорытындылау.
Сувенирлік домбыра жасау жұмыстарына
бөлінетін уақыт -2 сағат
Қай
халықтың өнеріне, мәдениетіне байыпты көз
салсақ, сол халықтың әсемдік талғамы мен
танысына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер
түрінің дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы
тұрғыдан алғанда соның бірі домбыра жасау өнері.
Бұл өнер қазақ халқының өмір
тіршілігінен айрықша орын алып,
ғасырдан-ғасырға,ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып дамып келе жатыр .Сонау XIX ғасырда қазақ
халқының тұрмысында анағұрлым кең
тараған саз аспап екі шекті домбыра болатын.Содан бері
халқымыздың асыл мұрасын, қайғысы мен қуанышын,
зарын біздің дәуірімізге жеткізіп отыр. Бұлақтың
сылдыры ,аққудуң қиқуы, аттың жүрісі,
құланның шабысы, нардың боздауы, т.б. домбыра үні
көз алдыңа елестетеді. Мысалы, аты аңызға
айналған «Ақсақ құлан» күйін
алсақ,баласын жоқтап отырған Жошы хан,аңызға
айналған Раздықтың күйі «Аңшының зары» атты
өнер туындысы, әлемге аты әйгілі «Қыз Жібек»
кинофильміндегі Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі, айта берсек
қанымызға сіңген осындай құнды туындылар
әлі де көбейері сөзсіз.
Мынау ұсынылып отырған сувенирлік бұйым осы
туындылардың айғағы. Бұл өнерді шеберлер әр
түрлі дамытуы сөзсіз. Жас ұрпақты
тәрбиелеуде,дамытуды, қалыптастыруда халқымыздың
ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын
орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін маңызды. Ал, біз
сувенирлік домбыраны жасау барысында
оған қосалқы бөлшектер енгізіп, ауқымды әрі
кең мағыналы етіп, үлкен шығармашылық мәні
бар жоба ұсынбақшымыз.Қарапайым ағаш бөлшегінен
жасалатын әдемі бұйымның жасалу жолдарына кірісейік.
Бұл жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады.
1-кезең. Ағаш таңдау.
Оны ағаш жонатын станокта ыңғайлап кесу, сүргілеп шабу.
СТД-120 станогына мықтап бекіту.
2- кезең. Станокқа дайындаманы орнатып, сызба бойынша
домбыра өлшемін сақтай отырып жону. Жонылған дайындаманы
мұқият өңдеу.
3-кезең. Дайындаманы ағаш верстагына қысып,екі жағын кесіп,
көлденең ортасына бөлу. Мойнын жіңішкелеп жону, егеумен
әрлеу. Домбыраның алақанын жобалап келтіру. Үнді тесігі
мен құлақ тесіктенрін тесу. Домбыраның шанақ
бөлімін ою (ойып жасалатын домбыра
сияқты)
4-кезең. Домбыраның бет қақпағын және қосымша
мойын ағашын желімдеу. Шетін егеп, бетін
әрлеу.Құлағын, тиегін, табалдырық тиегін
және ілгекті жасау. Шпон ағаштармен бет қақпағын
әшекейлеу.
5- кезең. Жасалған домбырашықты лактау. Кепкеннен кейін пернелерін
орнатып, шегін салып, құлақпен бекіту.
6- кезең.Әр жасаушының шеберлігіне байланысты қосалқы
бөлшектер жасау
Композициялық эскиз
домбыраның тұғыры, артқы фоны (шаңырақ
кереге,ұлттық ою орнаменттерден композиция).
7-кезең. Жасалған дайындаманы желім арқылы
құрастыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Технология. жалпы орта білім
беретін мектептің 5-7, 8- 9 сыныптарына арналған
бағдармаламлар.- Алматы: РОНД, 2003, 2004
2.Н.А Оразаев. «Қазақ
халқының сәндік ою-өнері». - Алматы, 1970ж 4.Н.Б.
Нұрмұханметов. «Қазақ халқының қол
өнері» - Ленинград, 1970 ж. 3.Төленбаев.
С. Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары.-
Алматы: Қазақстан. Қанағат ЛТД. 1993ж