Найманова Т.К., Акишева К.К.

КМҚК №63 «Мөлдір» балабақшасы, Қазақстан

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас біліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын жүзеге асырудың негіздері

 

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі бағыты бала дамуына қажетті кеңістікті жасауға және баланың жеке дамуы үдерісіне кешенді жетекшілік етуге жағдай туғызумен байланысты болып отыр. Баланың өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада өзін- өзі тануына, дамуына, сол ортада мәдени түрде қарым-қастынастық біліктерін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың алғашқы көшін мектепке дейінгі кезеңде бастау кертігі белгілі. Баланы жан- жақты тәрбиелі, мәдениетті, ертеңгі қоғам талабына сай азамат етіп тәрбиелеу- мемлекет, білім беру мекемелері және отбасы үшін жауапты міндет.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі өзгермелі әлемде талапқа орай бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасауда. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологтар және педагогикалық зерттеулер мектепке дейінгі баланың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтәк және эмоциалдық дамуын анықтаудың негізі педагогикалық шарттарын нақтылау екендігін дәлелдеді.

Қарым- қатынасты зерттеу объектісі ретінде таңдай отырып, ғалымдар оның бүгінгі заман жағдайында өзгеше сапаға ие екендігіне көз жеткізді. Қоғамда нақты орынды иеленуге талпыныс жасап, қарым-қатынасқа түсетін ортаны жасауға ықпал етуші жаңа ақпараттық технологиялардың (компьютерлік бағдарламалар, телевизиялық «көпірлер», телеконференциялар және т.б.), сонымен қатар халықаралық маңызы бар ішкі және сыртқы саясатты орнықтыруда маңызды міндеттерді шешетін өзара диалогтың рөлі өсіп, соның арқасында бүгінде ұлтаралық байланыстың нәтижелілігі артуда.

Мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне тән өзіндік құндылығын мойындауға, оған жеке тұлғаның маңызды даму кезеңі ретінде қарауға , сондай- ақ әр баланың қоршаған ортадағы өзге адамға жеке ағдарлануымен, олармен қарым- қатынасын жүзеге асыру ретінен хабардар болуымен, әртүрлі іс- әрекетте белсенділік танытуымен ерекшеленетін өмірлік жолын таңдау мүмкіндіктерін кеңейту міндетін анықтап беруге мүмкіндік туды.

Балада өзгелермен қарым- қатынасқа түсудің қарапайым түрінің тапшылық етуі оның құрдастарымен және үлкен адамдармен өзара іс- әрекетінде үлкен қиындықтар туғызатыны сөзсіз. Олардың қорқыныш сезімдері артып, білім алу үдерісіне үлкен нұсқан келтіреді. Міне, сондықтан коммуникативтік білікті қалыптастыру мектепке дейінгі кезең мен бастауыш мектепте білім беру кезеңінің сабақтастығын қамтамасыз етудің басымдылығы, оқу әрекетінің табыстылығын қамтамасыз етудің қажетті щарттары әлеуметтік және тұлға дамуының маңызды бағыттары болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі баланың коммуникативтік дамуы мәселесін қарастыру Ж.Әубәкірованың, коммуникацияның психологиялық және педагогикалық негіздері Б.Баймұратованың, мектеп жасына дейінгі балалардың өзара бірлесіп атқаратын іс- әрекеттерін гуманистік негізде жүзеге асыру Н.Наубаеваның еңбектерінде қарастырылған.

Мектеп жасына дейінгі баланың қарым - қатынас біліктерінің қалыптасуы және оның дамуы адамгершілік тәрбиесінен өрбейді. Мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік тәрбиесінде көркем шығармалар мен ауыз әдебиетін пайдалану бойынша зерттеу жүргізген Ә.Әмірова («Ересектер тобындағы балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу»), Р.Жұмағожина («Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану»), А.Меңжанова («Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу») секілді ғалымдар мектепке дейінгі тәрбие мәселесі бойынша қомақты үлес қосқан.

Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады.

Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа түсе бастайды.

Педагогикалық шарттарды жүзеге асыру педагогтың жоғары кәсіби біліктілігімен қатар, оның топтық өзара іс- әрекетті, оның мазмұнын анықтай алуды, топ үшін әрбір тұлғаның қосар үлесін баланың жеке басының мүмкіндігіне қарай ұйымдастыра білуі мен ұжымдық жұмыстың нәтижесіне жетуді, іс- әрекет барысында талдау мен түзетуді жүзеге асыра білу қабілетінің болуын талап етеді. Сол себепті мектепке дейінгі ересек топтағы балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары төмендегідей болуы мүмкін деп болжадық:

- қарым-қатынас біліктерін меңгеруге ынталандыру, алдын- ала дайындау;

- балаларды өзара бірлескен іс- әрекетке баулу;

- тәрбиелеу және оқыту үдерісінде тұлғаға бағдарлау;

- бала, тәрбиеші және ата- аналар арасындағы өзара достық пен іс- әрекетті қалыптастыру.

 

Пайдалаланылған әдебиеттер тізімі

1.                     Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы: .- Астана, 2009. - 106 б.