Бастауыш сынып
мұғалімі
«Үштөбе
жалпы орта білім беру тірек мектебі»КММ
«Оқып үйрену - заман
талабы»
Болашақтың
бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.
Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті
дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің денгейіне, даму
бағытына байланысты.
Қазіргі кезде білім беру
саласында әлемдік білім кеңістігіне бағытталған қайта құру
қалыптасуда.Білім беру жүйесі білім мазмұнын
ұйымдастыруды, қарым -қатынасын және
құрылымын түбегейлі өзгертуді,жаңартуды талап етуде.
Жаңаша әдіс - тәсілдерді
оқып үйрену - заман талабы.
Жеті модуль кіріктірілген Кембридж
бағдарламасы – Қазақстандық мұғалімдерге
кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру
және бағалауға көмектесу деп білемін.
Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін жеті модулді
оқып үйрену - ХХІ ғасырдағы педагогтар үшін басты
қажеттіліктердің бірі. Білім
беру саласындағы әлемдік жаңалықтармен
сусындаған, бағдарлама модульдерін өз ісінде шебер пайдалана
білген кәсіби ұстаздың қолынан сапалы білім, саналы тәрбиені бойына
сіңірген ел жастары мемлекетімізді
бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосып,
қарқынды дамудың болары анық. Сындарлы оқыту
барысында оқушылар өз ойын еркін айтуға, алған білімін
өмірде пайдалана алуға үйренеді. Сыни тұрғыдан
ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен
талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,
бағалауға ,талдауға және синтездеуге
бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет
жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе
қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға,
ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген
тәсілдерді енгізуге дайын болуға және басқаларды сыни
тұрғыдан ойлауға
баулуды білдіреді.
Сыни тұрғыдан
ойлау бағдарламасы
қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой
толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Білім беруді жан-жақты дамыту; білім беру үрдісін басқару
және оқыту басты бөлімі- интернет пен АКТ. Инновациялық
интерактивті технологияларды қолдану мемлекеттік және стимулын
қолдау болып табылады. АКТ - ның негізгі мақсаты –
оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай,
өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес
компьютердің құралдарын қажетті деңгейде
пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың
құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай
АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде
шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған
білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен
жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға,
білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ
құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен
ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық
деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың
дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады.
Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды
ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген
тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар
аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен
жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс
- әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім
қабылдай алуға тәрбиелейді. АКТ –құралдарымен тек
орта және жоғарғы буын оқушылары ғана емес
сонымен қатар бастауыш сынып оқышылары да интербелсенді тақтамен жиі жұмыс
жасауда.
Мен барлық сабақтарымда АКТ
ны қолдануға тырысамын. Сонымен қатар
iMektep, BilimLand электронды оқулықтарын жиі пайдаланамын.
Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың
тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам
сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде
дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде
пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәр- биелеу.
Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың
құзіреттілігін қалып тастыру, қазіргі заман талабына
сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде
шығармашы- лық қабілетін дамытуға мүмкіндік
береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын
алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен
шығармашылық тапсыр- малар орындайды Заманауи АКТ
құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды
ұқып тылыққа,
нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі
орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай -
ақ, АКТ құралдарымен жұмыс
істеу барысында оқушылардың
өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға,
дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Менің мақсатым –білімге жаны
құштар, алған білімін өмірдің кез келген
ағымын да пайдалана білетін, бойында адамгершілік ізгі қасиет
көрініп тұратын жеке тұл ға тәрбиелеу. Сол жан -жақты
дамыған жастардың көмегімен еліміздің жарқын
болашағын құру. Ол үшін әлі атқарылар
жұмыстар көп.Ы.Aлтынcaрин:
«Бaлaғa aйтып түciргеннен гөрi, қолымен ұcтaп,
көзiмен көрiп, мұрнымен иicкеп түciн дiрген caбaқ
ұғымды болaды» деген.
Қорыта айтқанда, АКТ-ны білім беру процесінде
қолдану білімнің жаңа сапалық деңгейіне қол
жеткізеді, өйткені бұл потенциалдық мүмкіндік
АКТ-нің мәнінде жатыр.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қалым Г.М. Ақпараттық- коммуникациялық
технологиялар
2.
Түсіпова
А. Компьютер –оқытудың
жаңа ақпараттық технологиясы.