ОНТАЛАПҚЫЗЫ АЙНҰР-  Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Аударма ісі» мамандығының  2 курс магистранты

 

Ғылыми жетекшісі – фил.ғ.к., доцент Шеңгелбаева Н.Р.

Аударма кезіндегі лексикалық трансформациялардың түрлері

Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді деген сұраққа әр түрлі себептер бар. Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір - бірімен сәйкес болу шарттары , әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін. Бұл мәселелердің бірден шешу жолдарын табу да мүмкін емес. Сондықтан жас аудармашыларға осы мәселелермен жеке-жеке танысып , олардың әрқайсысының ерекшеліктерін аударма барысында және теория жүзінде бөлек танысуға тура келеді. Лексикалық трансформация бөліміне лексикалық - стилистикалық құбылыстардың тек кейбіреулері ғана енгізілген.

Аударма процесін сипаттау шеңберінде аудармалық трансформация статистикалық жағынан, яғни бастапқы тіл бірліктерімен олардың сөздіктегі сәйкес келушілігінің арасындағы қатынасты талдау емес, динамикалық жағынан, яғни аударма тәсілі(әдісі) ретінде, аудармашы әртүрлі оригиналды аудару кезінде сөздік сәйкестігі жоқ, контекст бойынша қолдануға келмейтін жағдайда қолдана алатын аударма тәсілі ретінде қарастырылады. Бастапқы тіл бірліктерінің сипатына (түріне) қарай аудармалық өзгертулер лексикалық және грамматикалық болып 2-ге бөлінеді [1]. Сонымен бірге күрделі лексика-грамматикалық өзгертулер, яғни бір мезгілде оригиналдың лексикалық және грамматикалық өзгерту немесе деңгей аралық, яғни лексикалық бірліктен грамматикалық бірлікке не керісінше грамматикалық бірліктен лексикалық бірлікке өту түрі болады. Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады: аудармалық транскрипция және транслитерация, калькирование және лексикалық-сематикалық ауыстырулар (конкретизация-нақтылау,генерализация-жалпылау және модуляция) [2].

Ең көп тараған грамматикалық өзгертуге: синтактикалық ұқсасу (уподобление) (дословный перевод – сөзбе-сөз, өзгеріссіз), сөйлемді мүшелерге бөлу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауыстыру (сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшесін) ауыстыру жатады. Күрделі лексикалық-грамматикалық өзгертуге: антонимдік аударма, экспликация (описательный-перевод - сипаттау) және компенсация жатады.

Ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде халықаралық сөздерінің логикалық мағына жағынан сай келмейді. Осындай сөздердің сәйкес келуі немесе келмеуі globe және planеt сөздерін мысалға ала отырып көруге болады, яғни мағынасы жағынан planеt және планета сөздері бірдей болса, globe сөзі глобус деген мағынамен қатар жер шары, держава, әйнекті абажур дегенді білдіреді.

Ағылшын тілінде латын тілінен енгізілген халықаралық сөздердің саны өте көп болғанына байланысты, сөздердің көбісі қосымша мағыналарына ие болды. Мысалы: detail сөзі подробность, деталь, вникание в подробности, детализацияь деген мағыналарға ие. Сондықтан бұл сөз арнайы әскери термин ретінде отряд ретінде немесе солдат сөздерін білдіру арқылы қолданылады. Detail зат есімі көмегімен to detail етістігін тудыруға болады. Agony сөзі ағылшын тілінде жанның қысылуы деген мағынаға ие болса, орыс тілінде агония сөзі өлім алдындағы қысылу деген мағынаны береді. Сондықтан ағылшын тіліндегі аgony сөзі сөйлеу құрылымы ретінде де қолданылады. Мысалы: agony column деген іздестіріп жатқан туысқандар жөніндегі газет мақаласы деп аударылады. Жоғарыда айтылып кеткендей ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде халықаралық сөздер әртүрлі стилистикалық мағыналарға ие.

Аудармалық трансформация ұғымы және түрлері: лексикалық-семантикалық, грамматикалық және лексикалық-грамматикалық.

1. Генерализация (жалпылау) мен конкретизация (нақтылау), ұғымының мағыналық дамуы тәсілі, метонимиялық және антонимдік аударма

2. Орын ауыстыру, алмастыру, қалдырып кету тәсілдері.

3. Аудармалық компенсация. Транслитерация, транскрипция, калькалау, суреттемелік аударма [3].

Аудармалық немесе тіларалық трансформация дегеніміз - қайта жасап өзгертудің көмегімен оригинал бірліктерінен аударма аударма бірліктерінен өтуді айтады. Аудармалық трансформация мазмұн мен мәнері бар тіл бірліктерімен жасалатындықтан олар формальды-семантикалық сипатқа ие, әрине бастапқы бірліктерді форма жағынан да мағына жағынан да өзгертеді [4].

Транскрипция және транслитерация дегеніміз – оригиналдық лексикалық бірліктерінің формасын аударма тілінде әріптердің көмегімен қайта жасайтын аударма тәсілі [5]. Транскрипция бойынша (арқылы) бөгде сөздің дыбыстық формасы қайта жасалынды, ал транслитерация арқылы сөздің графикалық формасы (әріптік құрамы) қайта жасалынады. Қазіргі заманғы аударма практикасында транскрипция транслитерацияның кейбір элементтерін сақтай отырып басты тәсіл болып табылады. Тілдердің фонетикалық және графикалық жүйелері бір-бірінен өзгеше болатындықтан бастапқы тілдің сөздерінің формасын аударма тілінде беру шартты және жуық түрде алынады: absurdist –абсурдист (автор произведения абсурда), kleptocracy – клептократия (воровская элита), skateboarding – скейтбординг (катание на роликовой доске). Әрбір қатар тілдер үшін бастапқы тілдің сөзінің дыбыстық құрамын берудің ережелері жасалынады, транслитерацияның элементтері сақталынғаны жайлы көрсетіледі. Ағылшын – қазақ  аудармаларында ең көп кездесетін транскрипцияларда транслитерация элементтері негізінен кейбір айтылмайтын дауыссыз дыбыстармен редукцияға ұшыраған дауысты дыбыстар боп келеді. Мысалы: dorset [do:sit] - дорсет, Campbell [‘kœmbәl] - кэмпбелл), сонымен бірге дауысты дыбыстар арасындағы қос дауыссыз дыбыстарды және сөздің аяғындағы дауыстыдан кейін келетін дауыссыз дабыстарды беру: Bonners Ferry – Боннерс Ферри, (boss-босс), аудармада әлдеқашан белгілі үлгіге сөздердің дыбысталуын жақындастыратын, сөздердің орфографияларының кейбір ерекшеліктерін сақтау: (Hercules missile – ракета «Геркулес», deescalation – деэскалация , Columbia – Колумбия). Әдеттегі кейбір бағынбайтын сөздер: тарихи тұлғалардың есімдері және кейбір географиялық атаулар: (Charles I – Карл І, William III – Вильгельм ІІІ, Edinborough - Единбург).

Калькирования дегеніміз – оригиналдың лексикалық бірліктерін, олардың құрамдас бөліктерін – морфеманы немесе сөзді ---- олардың аударма тіліндегі лексикалық сәйкестіктерін ауыстыру жолымен болатын аударма тәсілі. Калькированиянің мәні бастапқы лексикалық бірліктің структурасын көшіре отырып, аударма тілінде қайтадан жаңа сөз немесе тұрақты сөз тіркесін жасау болып табылатын. Мысалы: Superpower – «Сверхдержава», mass culture – «массовая культура», green revolution – «зеленая революция». Кейбір жағдайларда, калькирования тәсілін қолдану калькаланатын элементтердің тәртібін өзгерту жағдайында болады: First-strike-weapon – оружие первого удара, land-based-missile – ракета неземного базирования, rapid deployment force – силы быстрого развертывания. Кейде аударма процесінде транскрипция мен калькирование бірмезгілде болады: transnational – транснациональный, petrodollar – нефтедоллар , mini-skirt – мини-юбка.

Лексикалық-семантикалық ауыстырулар дегеніміз- оригиналдың лексикалық бірліктерін аударма тілінің бастапқы тілдің бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынатын тәсіл. Мұндай ауыстыруларға негізінен нақтылау, жалпылау және модуляция (мағыналық даму) жатады [2].

Нақтылау дегеніміз – бастапқы тілдің кең көлеміндегі заттық-логикалық мағыналы сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі тар шеңбердегі мағыналы сөздер мен сөз тіркестерімен ауыстыру. He was at the ceremony. -Ол мейрамда болмады.

Кейбір жағдайда нақтылау әдісін қолдану аударма тілінде кең мағыналы сөздердің жоқтығына байланысты. Мысалы: ағылшын зат есімі thing өте абстрактылы мағына береді және қазақ тіліне үнемі нақтылау әдісімен аударылады: «зат, пән, іс, факт, жағдай, жанды нәрсе». Мысалы: ағылшын сөзі meal әртүрлі сөйлеу стилинде кең қолданылады, ал қазақ тіліндегі неғұрлым нақты сөзбен ауыстырылады: At seven o’clock an excellent meal was --- in the dining room. – Сағат 7 де асханада керемет ас берілді.

Жалпылау дегеніміз- нақтылауға қарама-қарсы яғни тар мағынадағы бастапқы тілдің бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыру. Жасалынған сәйкестік жаңа ұғым (жаңадан туған) яғни бастапқы түрді сақтай отырып жаңа ұғым білдіреді.

He visits me practically every week-end. – Ол маған аптай сайын қатынайды.  Жалпылама мағынасы бар сөзді қолдану аудармашыға автордың «уикэнд» айта отырып, сенбі ме жексенбі ме анықтап жатудан сақтайды. Кейде мұндай ауыстырудың қажеттілігі стилистикалық себептерге байланысты. әдеби шығармаларда қазақ тілінде адамдардың бойын белгілі бір өлшем бірліктерімен (қадам, метр) тура өлшеп айту деген болмайды. Ал ол ағылшын тілінде солай қалыптасқан. Мысалы: A young man of 6 feet 2 inches дегенді аудармада неғұрлым жалпылау әдісімен кең ұғымды қолданамыз: «ұзын бойлы, орта бойлы, тапал»

Модуляция немесе мағыналық даму дегеніміз – бастапқы тілдің сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі, яғни мағыналары логикалық түрде бастапқы тілдің бірліктеріне шығатын бірліктермен ауыстыру өте жиі аударма мен оригиналдың сәйкес келетін сөздерінің мағыналары себеп – салдарлық қатынасы байланыста болады: I don’t blame them - (я их понимаю) [2]. Мен оларды түсінемін. Мен оларды кінәламаймын, себебі мен оларды түсінемін. Себеп-салдармен ауыстырылып отыр . He always made you say everything twice. – Ол үнемі бір нәрсені қайта сұрайтын. (Сіздің айтқаныңызды қайталауға тура келетін, себебі ол қайта сұрайтын). Модуляция тәсілін қолдануда себеп –салдарлық қатынас үлкен мәнге ие, бірақ дегенмен логикалық байланыс әрқашан сақталады. Мысалы: He would cheer up somehow, begin to laugh again and draw skeletons all over his state, before his eyes were dry. Он снова приободрялся, начинал смеяться и рисовал на своей грифельной доске разные фигурки, хотя глаза его еще были полны слез.

Синтактикалық ұқсасу (сөзбесөз, өзгеріссіз) аудару дегенімізоригиналдық синтактикалық құрылысын аударма тілінің ұқсас структурасымен қайта жасау әдісін айтамыз. «нольдік » ауыстырудың бұл типі оригинал мен аударма тілінде параллель синтактикалық структуралар болған жағдайда қолданылады [6]. Синтактикалық ұқсасу оригинал мен аудармадағы тілдік бірліктердің санының толықтай сәйкес келуін және олардың орын тәртібінің сәйкес келушілік жасайды: I always remember his words. –Мен үнемі оның сөздерін есімде ұстаймын. Бірақ, кейде синтактикалық ұқсасуды қолданғанда, кейбір структуралық компонентерді өзгертуге тура келеді. Ағылшын тілін қазақ не орыс тіліне аударғанда мысалы: артикльдер, байланыстырушы – етістік, кейбір көмекші сөздер, түсіп қалуы мүмкін, сонымен бірге морфологиялық форма мен лексикалық бірліктер өзгеруі мүмкін.

Грамматикалық өзгертулер тәсілі дегенімізоригиналдың грамматикалық бірлігін аударма тілінің басқа грамматикалық мағыналарымен өзгерту тәсілін айтамыз. Бастапқы тілдің кез-келген деңгейдегі грамматикалық бірлігі : сөз формасы, сөз табы, сөйлем мүшесі, белгілі типтегі сөйлем ауыстырылуы мүмкін. Аударма кезінде бастапқы тілдің формасын аударма тілінің формасына ауыстыру болатыны түсінікті. Грамматикалық ауыстыру аударманың ерекше тәсілі ретінде аудармада аударма тілінің формасын жай ғана қолдану емес, сонымен бірге аударма тілінің формасын қолданудан бас тарту, яғни бастапқы тілге ұқсас, өзге тілге мұндай форманы ауыстыру грамматикалық мағынасы жағынан олардан өзгеше болатын формадан бас тарту болып табылады. Мысалы, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде зат есімнің жекеше және көпше түрі бар және әдетте оригинал мен аударманың алынған зат есімдері сол берілген түрде жекеше не көпше түрде қолданылады, мынадай жағдайлардан басқа: ағылшын тіліндегі жекеше түрге орыс тілінің көпше түрінің сәйкес келгенде : (money-деньги,ақша) керісінше ағылшын тілінің көпше түріне орыс тілінің жекеше түрі сәйкес келгенде (struggles-борьба, күрес). Бірақ белгілі бір жағдайларда аударма процесі кезінде жекеше, көпше түрді ауыстыру окказиональды сәйкестікті жасау құралы ретінде қолданылуы мүмкін: We are searching for talent everywhere.- Біз таланттарды іздеудеміз.

They left the room with their heads held high. – Олар бөлмеден көңілді шықты.

 

Әдебиеттер

1.     Кoмиссaрoв В. Н. Тeoрия пeрeвoдa (лингвистичeскиe aспeкты). Учeб. пoсoбиe для ин-тoв и фaк- тoв инoстр. Яз./ - М.: Высш. шк., 1990 - 253 с.

2.     Бaрхудaрoв Л. С. Язык и пeрeвoд. - М.: Мeжд. oтнoшeния, 1975.-240с.

3.     Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, «Арыс», 1998. – 215 б.

4.     Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату: Оқулық. – Астана: ТОО «Искандер Ко», 2005. – 142 б.

5.     Қазыбек Г.Қ. Көркем аударма тәжірибесі. – Алматы, «Қазақ университеті», 2005. – 311 б.

6.      Абдрахманов Сауытбек Тәржіме туралы толғансақ. – Ақиқат журналы, 2007 №10. – 76 б.

 

Резюме

           Проблема перевода транформаций, как лексических, так и грамматических, остаётся актуальной. Лексические трансформации же позволяют наиболее точно передать образы с одного языка на другой. Актуальность данной статии  являются особенности лексических трансформаций при переводе с английского языка на казахский язык.

 

Summary

Today, the problem of translating transformations, both lexical and grammatical, remains relevant question. Lexical transformations allow the most accurate transference of images from one language to another. The relevance of this article are the features of lexical transformations while  translating from English into Kazakh.