Назарбекова
Н., Сағит Д.
8 «С» сынып оқушылары,
Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ
Уразгалиева
С. Б.
филология магистрі, қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай қ.ФМБ НЗМ
«VІІ-ХІІ ҒАСЫРЛАР
ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ НАҚЫЛ СӨЗДЕРДІҢ
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ»
Ата-бабамыз сөз
қадірін біліп, қасиетті сөздерді ауыздарынан тастамай,
мағыналы сөздерін әсерлеп келе жатқан халық.
«Мақалсыз сөз- мағынасыз сөз», «Өнерлі сөз-
өнегелі өріс» дегендей, халық қашанда нақыл
сөзді өнегелі өрісіміз деп білген. Ғасырлар бойы
халықпен жасап келе жатқан нақылдардың кейбіреуі
қайта жаңарып отырады. Нақыл сөздер көп
сөзбен берілмесе де, одан көп мағына ұғуға
болады. Өз ұрпағына тәрбие беруді мақсат еткен
бабаларымыз ұсынар тағылымдарын, өнегелерін
мақал-мәтел, нақыл сөздер арқылы
қорытындылып тұжырымдаған. «Балаңа басқұр
қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген аталы
сөзде осыған қатысты.
VІІ-ХІІ
ғасырлар әдеби мұраларындағы, мысалы Яссауи,
Кашқари еңектерінде қолданған бабалардан
қалған ұлағатты ғибрат сөздердің,
нақыл сөздердің мазмұны терең, үлгі-өнеге
алуға бағытталған. Ойшылдар туындыларында салауатты
өмір салтын ұстануға; уақытты тиімді пайдалануға;
жаман қылықтардан аулақ болуға; үлкенге-құрмет,
кішіге-ізет көрсетуге; үздіксіз білім алу, дамуға бағыт
берері сөзсіз.
Бала тәрбиесі қай заманда, қай қоғам
үрдісінде болсын үздіксіз ізденуде ізгі мұрат екені
баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам
қамын ойлаумен бала бойында үнемі үйретілетін ізеттілік,
кайырымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік асыл
қасиеттері салт-дәстүрден бастау алатыны белгілі. Әр
халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне
тән әлеуметтік мәдени мұрасы бар.
Мақал-мәтелдер - ата-бабамыздың тәрбиеге
қатысты асыл қоры, осы тұрғыдан ұрпақ
тәрбиесінде алатын орны ерекше. Сонымен қатар, қазақ
поэзиясының бөлінбес бір бөлшегі екенін білеміз. Оған
қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер,
айтыс, ертегі, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар
жатады. Осындай асыл қазына - халық тәлімінсіз
күнделікті өмірде жүзеге асуы мүмкін емес. Ұлтымыз
өз ұрпағын «Балаларға оқу, білім берілсін, сұлу
мінез әр өнермен өрілсін», - деп Баласағұн
айтқандай, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз
қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуде,
ғасырлар бойы пайдаланып келген ауыз әдебиетіміздің асыл
қорын бүгінгі күнге дейін құнын жоймай келген
мұраны оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану
көкейкесті мәселе. Бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі - қазақ халқының
ұлттық-мәдени құндылықтарымен
үйлестіре оқытып, тәрбиелейтін
халықтық-мәдени білім беру.
Әдебиет әлемі арқылы кез келген ұлтпен
ұлыстың тарихы мен тағдырын, рухани есею, өсу жолын
айқын аңғаруға болатынын бүгінгі уақыт
шындыққа шығарып отыр. VІ-VІІІ ғасыр ескерткіштері –
әдебиеттің алғашқы дәуірін танытса (түркі
тілдес халықтарға ортақ мұра), Х-ХШ ғасырлардағы
сөз өнері – тарих пен таным тоғысы айқын, дерек пен
дәйегі мол әдебиеттің («Құтадғу біліг»,
«Диуани лұғат ат-түрік», «Диуани хикмат», т.т.) қалыптасып,
толыса бастағанын аңғартады. ХІІІ-ХІV ғасырлар
әдебиетінен («Алтын Орда дәуірі») татар-моңғол
шапқыншылығының зобалаң-зардабы, халық
тарихының тағдыр-талайын көреміз.
Халықтық-мәдени білім - төл мәдениет пен
ана тілін келешек ұрпақ бойына сіңіріп, дамытуға
бағытталған білім. Ол халықтың дәстүрлі
мәдениеті сияқты жазу-сызусыз, күнделікті тірліктің,
тұрмыс-салт пен әдет-ғұрыптың,
халықтың дүниетанымына, табиғи жағдайларына,
шаруашылықтың ерекшеліктеріне орай қалыптасып, өмір
сүрудің, ұрпақ өсірудің
машықтық әдіс-тәсілі ретінде пайда болады. ХІІ-ХІІІ
ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде мақал-мәтелдерді
кездестіруге болады. Мысалы, Орхон жазуларында: «Жырақ болса, жаман
сыйлық берер, жақын болса, жақсы сыйлық берер»,
«Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» («Күлтегін»),
«Жұқаны топтау оңай, жіңішкені үзу оңай»,
«Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөк») деген нақылдарды
кездестіреміз. Махмұт Қашқаридің «Дивани
лұғат - ат түрік» сөздігінде: «Ұлы болсаң
кішік бол, халық үшін бәлік бол», «Кісі аласы ішінде,
жылқы аласы сыртында», «Тай ат болса - ат тынар, ұл ер болса - ата
тынар» дейтін мақалдар, «Құдатғу білікте»: «Біліп
сөйлеген білікке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр»,
«Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер» деген
мақал-мәтелдерді оқи аламыз. Ахмет Иасауидің 149 хикмет-жырдан тұратын «Диуани хикмет»
өлеңдер жинағы ХІІ ғасырда дүниеге келген
түркі тілді халықтардың әдеби ескерткіштерінің
бірі болып саналады. Кітап тақырыбы жағынан екі топқа жіктелген:
1) үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған
тәлім-тәрбие сипатындағы сопылық ілімнің
мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы; 2)
ақынның өзі өмір сүрген кезеңдегі
дәуір, қоғам туралы лирикалық шығармалары. Бұл туынды ұстаздың шәкірттеріне, болашақ ізбасарларына,
оқушыларға арнаған өсиет сөзі іспетті. Сонымен, жас ұрпақты
ұлтшылдық бағытта емес, ұлттық негізде
тәрбиелеуде, халқымыздың мол мұрасын олардың
бойына сіңіре білуде. Нақыл сөздердің, мақал-мәтелдердің
ұлттық-мәдени, ұлттық-дүниетанымдық
мақсатта қолданылған сөздердің халық
тарихын, салт-санасын танып-білудегі рөлі ерекше.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Байтұрсынов А. Әдебиет
танытқыш. -Алматы: Атамұра, 1991ж.-460б.
2. Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы, 1983ж.-454б.
3. Мағауин М. Ғасырлар бедері. -Алматы:
Жазушы,1991ж.-430б.
4. Тұрманжанов Ө. Қазақ
мақал-мәтелдері. -Алматы, 1935.
5.
Жарықбаев Қ., Қалиев С.
Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы,1994ж.