Право/ 9.Гражданское право

м.ю.н. Курманбаева Д.П.

Таразский Государственный университет имени М.Х.Дулати, Казахстан

Этносаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі

 

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық жағдайы мен этносаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша сараптамалық пайымдармен бөлісті. Қазақстанда тұратын этностар және олардың құқықтық жағдайы, Көші-қон үрдістері, Этносаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі сияқты өзекті деген мәселелерді айшықтауда сұрақтар қойылып, келелі сұхбат жүргізілді. Бұл тақырыпты зерделеуде мұрағаттық құжаттар мен қатар ғылыми еңбектердің, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ғылыми еңбектерінің ғылыми айналымға енуі жөнінде сөз қозғалды.

Едікті сақтау мен тәуелсіздікті баянды етудің өзі этносаралық келісімге тікелей қатысты мәселе. Қалай дегенмен де, XXI ғасыр - «жаһандану дәуірі - көп ұлтты мемлектер дәуірі». Қазақстанның дамуына барша халық ортақ үлес қосып отырғанын атап өткен жөн. Қазақстан халқына арналған  «Қазақстан – 2050» Стратегиясында алға қойылған міндеттер легі тағы бар. Сондықтан да «Этносаралық қатынастың қазақстандық үлгісі» ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында, этносаралық қарым-қатынастың, демографиялық жағдайын және саяси тұрақтылықты сақтауға үлесін ғылыми тұрғыдан зерттеу өзекті.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастыруда елдің ішкі саясатының басты ұстанымы болды, ол бірлік пен келісім құндылықтары болатын. Әсіресе, Қазақстанның ұлттық саясатын жүзеге асыру бірнеше кезеңді қамтиды. Алғашқы кезеңде еліміздегі тіл саясатына қатысты мәселелер қарастырылды. Одан кейін ұлттық-мәдени орталықтар құрыла бастады. Нәтижесінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 1992 жылы Қазақстан халықтарының I форумында Мемлекет басшысы алғаш рет Республика халықтарын біріктіретін қоғамдық (саяси және үкіметтік емес) ұйым құру туралы идеясын жариялады. Қазақстан халықтарының келісім және бірігу ассамблеясын құру мәселесін талқылауға ұсынды.

1995 жылы наурыз айында, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кеңесші орган ретінде, ұлтаралық қатынастар бойынша ауқымды құқықтық мәртебеге ие - Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылды. Оның құрылуы қоғамдағы үйлесімділікті, ұлттық және дінаралық келісімді сақтау мен одан әрі нығайту ниетінен туындады. Қазақстан халқы Ассамблеясы даму стратегиясын айқындап, республика деңгейіндегі құрылымын қалыптастырды. Ассамблея - ұлттық-мәдени орталықтарды, кіші Ассамблеяларды біріктіріп, олардың жұмысын үйлестіре отырып, мемлекеттің ұлттық саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқаруда. Вашингтонда өткізілген Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммиті аясында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық ядросыз әлем стратегиясын жариялады. Қазақстанның жария еткен «Әлем. ХХI ғасыр» атты манифесіне - БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесі берілді.

Ұлтаралық келісім мен татулықтың елімізде қалыптасқан қазақстандық үлгісіне, ұлттық құрамы мен мәдени орталықтар жұмысына Институттың жетекші ғылыми қызметкері Еңсенов Қанат Алексейұлы кеңірек тоқталды. Ғылыми қызметкерлердің түрлі этнос Орталықтары жұмысымен және олардың қызметімен танысу, сәйкесінше мұрағаттық құжаттарды ғылыми айналымға қосу мәселесі қозғалды. Қазақ халқының этникалық өзекті мүдделерінің әртүрлі қырлары бойынша мәселелерді уақытылы және оңтайлы шеше отырып жалпы қоғамның тұтастығын сақтау жөніндегі пікірлерін білдірді.

«Тұрғындар көші-қоны және Қазақстандағы этносаралық келісім» тақырыбы аясында, институттың жетекші ғылыми қызметкері Ерімбетова Құндызай Мырзашқызы сараптамалық пайымын жасады.

Өзінің тақырыпты зерделеудегі ғылыми ұстанымы: «Ұлық болсаң кішік бол!» халық мақалы аясында өрбитіндігін жеткізді. Ұлт көшбасшысының «Бейбіт және келісіммен өмір сүруді – басты құндылық» ретінде алуы, өзіндік пайымды нығайтатынын атап өтті. Әсіресе, зерттеу жұмысы бойынша Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің ерекшелігін, оның негізгі қозғаушы факторларын, қозғалысы және әсеріне қатысты мәселлерді қозғады. Көші-қонға қатысты мемлекеттік шаралар және оның жүзеге асырылуы сөз болды. Сыртқы көші-қонға қатысты шетелдік қазақтар (оның ішінде, Қытайдағы қандастарға толығырақ тоқталды), олардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдени дамуындағы өзекті алғышарттарға тоқталды. Семинар тақырыбының түйіні - Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен келешегі – ел бірлігіне тікелей байланыстылығы алға тартылды.

Литература:

1.     Шаукенова З.К. Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. Диссертация на соискание ученой степени доктора социологических наук. - Алматы, 2003 г. 310 с. На правах рукописи.

2.     Джандильдин Н.Д. Природа национальной психологии. - Алма-Ата: Казахстан, 1971. - 304 с.,

3.     Джунусов М.С. Общественный прогресс и национальные отношения. - Алма-Ата: Казахстан, 1976. - 185 с., Исмагулов О. Эпическая антропология Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1982. -231 с.