Жапарқұл С.М., Тлебаева Г.М.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Медициналық қызметті жүзеге асырудан туындайтын азаматтық-құқықтық жауаптылықтың негізгі мәселелері.

 

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, яғни бір әлеуметтік топтық емес халықтың шынайы еркін білдіретін тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтары 1995 жылғы 30-шы тамызда қабылданған меллекетіміздің Ата заңының 29-ші бабында бекітілгендей: Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы мен мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізілетінің орнықтырады[1]. Ата заңымызда бекітілген ережелерді негізге ала отырып құқықтық және әлеуметтік мемлекет қалыптастырумен қатар заман ағымындағы экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастардың даму ағымдарына сай бейімдеу мақсатында тұтастай алғанда әлеуметтік, экономикалық, әкімшілік және құқықтық реформалауды жүргізу жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңдағы жаһандық қауіп-қатерлермен бетпе-бет келген заман ағымында көптеген медициналық ұйымдар мен олардың қызмет көрсетуді жүзеге асыру аясында туындайтын құқықтық қатынастардың құқықтық негіздер мен ережелерін бағалауға алу мен қайта қарау кезеңіндегі құқықтық мемлекеттегі медициналық ұйымдармен қызмет көрсетуден туындайтын залалдың азаматтық-құқықтық жауаптылығының теориялық және тәжірибелік маңыздылығын қайта қарауға негізделген. Қазіргі уақыттағы еліміздің денсаулық сақтау саласында бірқатар маңызды мәселелері бар. Осындай негізгі мәселелерінің бірі бұл медициналық ұйымдардың медициналық қызмет көрсету бойынша қоғам алдындағы беделінің төмен болуы болып табылады. Қазіргі уақытта медициналық ұйымдармен қызмет көрсетуден туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартудын ережелерінің қалыптаспауы азаматтардың құқықтарын қорғау тиімділігі азаматтардың қажеттіліктерін толық қанағаттандырмауда.

Қазақстан Республикасындағы медициналық ғылымы мен тәжірибеде  дәрігерлердің азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде жауаптылығы көзделмеген және осыған байланысты құқықтық  қатынастардың реттелмеуі. Қазақстан Республикасының емдеу мекемелері мен дәрігерлердің қызмет көрсету барысында туындайтын  азаматтық-құқықтық қатынастарын реттейтін заңнамалары мен медицина саласындағы жауаптылықтың қандай нысанда болуы анықталмаған. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың келтірген зиянды өтеу істерін және олардың міндеттемелерді орындауы бойынша азаматтық құқықтық қатынастарын қалыптаспауы. Бұл мәселені теориялық және тәжірибелік жағынан толық қанды зерттеудің маңыздылығының туындауы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес президенттік реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарының сексен бірінші және сексен екінші қадамдарындағы басты мақсат міндеттері: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу, сапаны және қолжетімділікті бақылау мен жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерді жекешелендіруді ынталандыру барысында емдеу мекемелері мен дәрігерлердің қызмет көрсету аясында туындайтын  азаматтық-құқықтық қатынастарын реттейтін денсаулық сақтау саласын жетілдіретін заңдармен ережелерді қайта қалыптастыру.

Қазіргі уақыттың өзінде денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдармен дәрігерлердің немқұрайлы немесе басқа да теріс себептермен қызмет көрсету аясында туындайтын   залалдың азаматтық-құқықтық немесе азаматтық-шарттық ережелерінің  қалыптаспауы және негізгі мәселелері қарастырылмағандықтан  азаматтардың өздеріне келтірілген залалды өтеу мен жауаптылыққа тартудың азаматтық-құқықтық ережелердің дамымауы медициналық қызметтің объективті бағалау мен кеңінен қоғамдық мүдденің теріс бағытта қалыптастырады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, денсаулық сақтау қамтамасыз етуде дамыған елдерде әрбір оныншы науқасқа залал келтіріледі және айтарлықтай дамып отыр. Қазақстан Республикасында медициналық ұйымдармен дәрігерлердің қызмет көрсетуде жасалатын қателіктері жылына  3-5 мың екен бұл азаматтардың мекеме басшысына қалдарылатын шағым негізінде анықталатын денсаулық сақтау саласының  мамандарының мәліметі бойынша. Ал қанша азаматтар жасалған қателіктерді хабарламайды. Сондықтан келтірілетін зиян үшін жауаптылықты азаматтық-құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі қажет.

1 См: Доклад о состоянии здравоохранения в мире //Сайт Всемирной организации здравоохранения. 2016.

Қазақстанда  медициналық ұйымдармен дәрігерлердің қызмет көрсету кезінде туындайтын қателер мен медициналық қызмет көрсету деңгейінің сәйкессіздігінің  ресми статистикалық есебі жоқ, ал статистикалық есеп медициналық ұйымның бас дәрігеріне келіп түсетін шағым негізінде болады және ол жергілікті денсаулық сақтау басқармасының сұратуы бойынша ғана қалыптастырылады  ал  медициналық мекемелерді реформалауда сексен екінші қадам бойынша медициналық ұйымдарды жекешелендіруі орындалатының көрсетілген ол дегеніміз медициналық мекемелердің бәсекелестігіне алып келеді әрине бұл жақсы нәрсе себебі қызмет көрсетудің сапасы жақсарады бірақ теріс жағы да бар бұл медициналық мекеменің қызмет көрсету бойынша келіп түскен шағымдарды жасырын азайту немесе есепке алмауға алып келеді себебі шағымдардың аз немесе көп болу осы мекеменің қызмет көрсету бойынша сапа индикаторы болып табылады. Сондықтан медициналық орталықтар мен дәрігерлердің қызмет көрсету бойынша жіберген қателіктерінен туындайтын залалдардың  азаматтық-құқықтық жауаптылығын  қамтамасыз етілуі үшін медициналық  азаматтық-құқық қатынастардың ережелерін дамыту мен жетілдіру жолдарын қалыптастыру.

 

1.     ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.

2.     Устав (Конституция) Всемирной организации здравоохранения. Основные документы. -Женева, 1977.

3.     Женевская декларация. Женева, 1948.

4.     Международный кодекс медицинской этики Женева, 1949 г.

5.     Международный кодекс деонтологии. Женева, 1949.

6.     О свободе контактов между врачами. Принято 36-ой Всемирной Медицинской Ассамблеей. -Сингапур. 1984.

7.     О независимости и профессиональной работе врача Принята 38-ой Всемирной Медицинской Ассамблеей. США. 1986.

8.     О подготовке медицинских кадров. Пришла 38-ой Всемирной Медицинской Ассамблеей. -США. 1986.

9.     О халатном отношении врачей к своим обязанностям. Принята 44-й Всемирной Медицинской Ассамблеей. Испания. 1992.

10.           Гражданский кодекс РК от 27 декабря 1994 г. № 269  //

11.            Гражданский  кодекс РК от 01.07.1999 г. № 409 //

12.           О здоровье народа и системе здравоохраненияКодекс Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года № 193-IV