УДК 627.115.1

 

Сейтимов С.А.,т.ғ.к., СайлаубаеваӘ.Е.,магистрант

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

 

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мерзімділігін техника-экономикалық әдіспен анықтау

 

Мақалада автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мерзімділігін анықтаудың экономика-техникалық әдісі қарастырылған

Түйінді сөздер:техникалық қызмет көрсету мерзімділігі, үлесті шығындар, оңтайлы мерзімділік, істен шығу

В статье приведена методика определения периодичности технического обслуживания автомобилей по технико-жкономическому методу.

 

Автокөліктегі ішкі өндірістік ұйымдастырушылық шешімдердің экономикалық тиімділігі қазіргі уақытта көбінесе жылжымалы құрамның ағымды техникалық күйімен анықталады, ол сенімділік пен пайдаланушылық өндірімділік талаптарына сай болуы керек.

Соңғысы желілік істен шығу тәуекелдерімен тікелей байланысты, ол нарыққа тән күрделі экономикалық сардарларды тудырады – түспей қалған пайда, штрафтар, тапсырыстарды және беделін жоғалту[1].

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетудің және жоспарлы-ескерту жөндеулерінің мерзімділігін анықтау күрделі техника-экономикалық мәселе.

Бұл мәселені шешу үшін көбіне пайдалану шығындарының жиынтығын немесе техникалық қызмет пен жөндеу шығындарын азайту моделіқолданылады (сурет 1).

 

Сурет 1 – Техникалық қызмет көрсетудің оңтайлы мерзімділігін анықтау:

S – шығындар; L – жүріс;  Lопт - оңтайлы мерзімділік;S - техникалық қызмет шығындары; STP ағымды жөндеу шығындары;  SЭпайдалану шығындары; SПағымды жөндеуде тұрғаннан түспей қалған пайда;Sсумшығындар жиынтығы

Техника-экономикалық әдіс техникалық қызмет көрсету (ТҚ) және жөндеудің үлесті шығындар жиынтығын анықтауға және оларды азайтуға негізделген. Минималды шығындарға техникалық қызмет көрсетудің оңтайлы мерзімділігі  lосәйкес келеді. Бұл кезде техникалық қызмет көрсетудің үлесті шығындары:

CТҚ =  ,

мұндағы  d  -  ТҚ операцияларын орындау құны;  l –ТҚ  мерзімділігі.

Мерзімділікті үлкейткенде техникалық қызмет көрсетудің бір реттік шығындары (d ) өзгерусіз қалады немесе азғана өседі, ал үлестік шығындар едәуір қысқарады.  

ТҚ мерзімділігін үлкейту, әдетте, бөлшектің немесе агрегаттың ресурсының қысқаруына және жөндеудің үлесті шығындарының өсуіне әкеледі:       

САЖ =   ,

мұндағы  с – жөндеу шығындары;  L – жөндеуге дейінгі ресурс.

Өрнеки =CТҚ + САЖ мақсаттық функция, оның экстремалдық  мәні оңтайлы шешімге сәйкес келеді. Бұл жағдайда оңтайлы шешім үлесті шығындардың минимумына сәйкес келеді. Минималды мақсатты функцияны және техникалық қызметтің мерзімділігінің оңтайлы мәнін анықтау графикалық түрде анықталады (сурет 1) немесе аналитикалық түрде, егер келесі тәуелділіктер белгілі болса  CТҚ = f (l ) және  САЖ = ψ (L).

Бұл әдіс қауіпсіздікпен байланысты емес көп операциялардың оңтайлы мерзімділіктерін анықтауға қолданылады. Егер тәуекел деңгейін белгілеген кезде жол оқиғаларымен байланысты шығындарды есепке алса, техника-экономикалық әдіс қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін операциялардың да оңтайлы мерзімділіктерін анықтауға қолданылады.

Автобус паркіндегі ТҚ-1 еңбек сиымдылығы – 20,3 адам-сағ. Бұл жұмыстың орташа разряді – 2,6 [2]. Егер орташа разряд бүтін емес санға тең болса орташа сағаттық тарифтік төлем есептеп анықталады

 

Сс ТҚ-1 = С1сағ ×Кортар

Мұндағы С1сағ – 1-ші разрядтың сағаттық тарифтік төлемі, тенге (722,07 тенге);

Кортарорташа тарифтік коэффициент, ол келесі өрнекпен анықталады

 

Кортар = К ктар+ ( Күтар  – Кнтар ) (Рор – Рк) ,

 

мұндағы   К ктар–ортасында орташа разряд бар екі көрші разрядтардың кішісінің тарифтік коэффициенті;

Күтар- ортасында орташа разряд бар екі көрші разрядтардың үлкенінің тарифтік коэффициенті;

Кнтар- нормативті коэффициент;

Ророрташа тарифтік разряд;

Рк - ортасында орташа разряд бар екі көрші разрядтардың кішісі.

 

К ктар =1,09 [2, кесте 7.1]; Күтар =1,20;Рор= 2,6;Рк =2

Кортар =1,09+(1,2-1,09) (2,6-2) =1,156

 

Сонда, Сс ТҚ-1 = С1сағ × Кортар = 722,07× 1,156 =834,71тенге

Бір ТҚ-1 жұмысының ұны

 

                                  d=Сс ТҚ-1× tТҚ-1 = 834,71× 20,3= 16944,6тенге

Парк  деректері бойынша ағымды жөндеудің үлесті шығындарын анықтап, нәтижелерін  кесте 2 енгіземіз

Кесте 2. Үлесті шығындардың техникалық қызметтің мерзімділігінен тәуелділігі, тенге/мың км

ТҚ мерзімділігі, мың км

1

2

3

4

5

6

7

8

ТҚ үлестік шығындары СТҚ

16944.6

8473

5648.

4236.

3389.

2824

2420

2118

АЖ үлестік шығындары САЖ

4400

6600

8250

11000

13750

15950

17600

19800

ТҚ және АЖ шығындар

 жиынтығы, С

21344,6

15073

13898

15236

17139

18774

20020

21918

 

Excel бағдарламасы және кесте1бойынша график тұрғызамыз және үлестік шығындар теңдеуінің коэффицикенттерін үшінші дәрежелі полинома түрінде анықтаймыз (сурет 2).

 

Сурет 2 – Техникалық қызмет көрстетудің үлесті шығындары

 СТҚ (1) , ағымды жөндеу шығындарының САЖ (2) және шығындар қосындысының (3) мерзімділіктен тәуелділігі.

 

Келтірілген эксперименталдық мәліметтер  бойынша минималды шығындар жиынтығы ТҚ мерзімділігінің 3,5 мың км сәйкес келіп тұр. Мерзімділіктің мұндай мәні парк автобустарының пайдалану басталғалы бері жүрістерінің 250 мың км шамасынан асқанымен  байланыстыруға болады.

 

Әдебиеттер

1.           Зайцев Е.И. Организация производства на предприятиях

автомобильного производства : учеб. пособие для студ. высш. учебн. заведений. М.-2008.-176с.

2.           Туревский И.С. Дипломное проектирование автотранспортных

предприятий: учебное пособие – М. – 2006. – 240с.