УДК 629.12.5
АВТОМОБИЛЬДІҢ ТЕЖЕУ
ЖҮЙЕСІН СЫНАУ СТЕНДІНДЕ ТЕКСЕРУ
Сейтимов С.А.,т. ғ. к., Өтепберген Б.М.,магистрант
Қазақ ұлттық
аграрлық университеті
Аңдатпа: Осиповтің жаңа түрлендірілген тежеу
стендінің конструкциясы қарастырылады.
Түйін сөздер: автокөлік
құралы,жол қозғалысының қауіпсіздігі,
тежегіштерді және аспаны тексеру, күштік алаңдық стенд,
кездейсоқ ауытқулар,тежелу тиімділігі.
Автомобильді сынау стендттері – автокөлік
құралдарының конструкциясын, пайдаланушылық
қасиеттерін және техникалық күйін зерттеуді, сонымен
қоса олардың параметрлерінің қойылатын талаптарға
сәйкестігін тексеруді қамтамасыз ететін
құрылғылар. Мұндай тексерулер тежеулік және
тербелістік диагностау стендттерімен іске асырылады, олар жұмыс істеу
қағидалары және конструктивтік орындалуы бойынша жіктеледі. Бірінші
кезекте қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін
жүйелер мен түйіндерді тексеруге арналған. Бұл құрылғылар
үздіксіз жетілдірілуде, өйткені олар жаңа автокөлік
құралдарына және күрделенуі өсіп отырған
жол қозғалысының жағдайына сәйкес болуы керек.
|
Сурет 1 – Күштік алаңдық тежегіш
стенді: 1 – дөңгелектерді қоюға арналған жылжымалы
тіреу; 2 – жылжымалы тіреудің тартушы барабаны; 3 - электрқозғалтқыш; 4 - вариатор; 5 – тіреулерді
бойлық жылжытуға арналған шарикті бағыттауыш; 6 – жарықтық сигналдық
құрылғы; 7 – тежегіш
педалін іске қосушы және күшті анықтайтын
құрылғы; 8 – дөңгелектерге
тіреуіш; 9 – дөңгелекке
түсетін салмақ сезгіші; 10 – жылжымалы
тірек қозғалысының сезгіші; 11 – тежеу кұшінің сезгіші; 12 – сезгіштерден түскен сигналдарды күшейткіш; 13 - аналогты-цифрлы түрлендіргіш; 14 -
компьютер; 15 – басып шығарушы құрылғы; 16 - монитор; 17- дөңгелектерге роликті тіреу; 18 – дөңгелектердің айналуының
бұрыштық жылдамдғының сезгіші; 19 – көлденең
бағыттағы жылжымылы платформа; 20 – жылжымалы платформа сырғанауының бағыттауышы; 21 - жылжымалы
платформаның жүрістік винттік берілісі; 22 – жылжымалы тіреу жетегінің болат канаты. |
Иркутск НИТУ
мамандары , соңғы жылдары инерциялы роликтік және
күштік алаңдық тежеулік стендттардың бірнеше
түрлерін жасап шығарды [1]. Соның бірі, күштік
түрде жұмыс істейтін жылжымалы алаңдық (жазық)
тіреулерден құралған стенд, ол тежелетін
дөңгелектің тіреу бетімен әсерлесу механизмін
нақты жол жағдайына максималды жақындатады және оны
кішігірім автокөлік кәсіпорындарында да пайдалануға болады,
өйткені оның бағасы салыстырмалы қол жетімді,
үлкен энергетикалық еңбекті және материалдық
пайдаланушылық шығындарды, сонымен қатар оны
қолданатын мамандардың жоғары біліктілігін қажет
етпейді. Стенд автомобильді сыналатын осінің дөңгелектерімен
қоюға арналған
бойлық бағытта орналасқан екі жылжымалы жазық
бетті алаңдық тіреулерден 1 құралған. |
Алаңдық тіреудің біреуінің шариктік
бағыттауыштары 5 жылжымалы платформада орналасқан, ол
көлденең бағытта жүрістік винттік беріліспен 21 жылжытылады.
Бұл диагносталатын кез-келген автомобильдің
дөңгелектерінің ара қашықтығына
сәйкес алаңдық тіреулерді қоюға болады. Жылжымалы
алаңдардың бірдей сызықтық жылдамдықпен синхронды жылжытылуын және
бастапқы жұмысшы орнына тұрақты қайтуын
электромеханикалық тросты жетек 3 қамтамасыз етеді (суреттер 1,2).
|
Сурет
2- Стендттің алаңдық тіреулері жетегінің принципиалды
сұлбасы: 1-алаңдық тіреу; 2-тежеу күшінің
сезгіші; 3-тартушы болатты канат; 4-тіреулерді қайтару канаты;
5-подшипник; 6- муфта; 7-қайтару барабаны; 8-жетекші білік; 9-тартушыбарабандар;
10-электрқозғалтқыш; 11-вариатор; 12-жылжымалы платформ; 13-сырғанау
бағыттауышы; 14- жүрістік винттік
беріліс;15-теңестіргіш;16-бағыттауыш блок Сурет
3 – Пластиналық жасанды тегісеместіктің қосылмаған
(а) және қосылған (б) кездегі сұлбасы:
1-алаңдық тіреу;2-жылжымалы платформа;3-сырғанау бағыттауышы;4-жұдырықша;5-бұрылу
топсасы; 6-пластина |
Тәжірибе
мен теориялық зерттеулер көрсеткендей [2], автокөлікті
тежеу кезінде оның рессорланған және рессорланбаған
массаларының тербелістері болады. Олар тек кенет тежеу кезінде
дөңгелектер айналмай қалғанда ғана емес,
автокөлікті тегіс жолда қызметтік тежеу кезінде де орын алады,
және де дөңгелектердің кездейсоқ сирек
табиғи және жасанды кедергілерден (мысалы «жатқан
полицейлерді») өткен кезде де болады. Осындай тербелістерді ескеру
үшін стенд қажетті жүйемен жабдықталған,
өйткені, зерттеулер көрсеткендей, ол тербелістер тежелу
тиімділігін 25...30% төмендетеді. Бұл жүйе
аспаның
амплитудалық-жиілік сипаттамасын анықтайтын өлшеуіш
компьютерлік кешеннен және автомобильдің рессорланған
және рессорланбаған массаларының мәжбүрлі
жасанды тербелістерін тудыратын қосымша құрылғыдан құралған
(сурет 3,а,б). Импульстік әсер етіп, жасанды тегісеместікті тудыратын қосымша құрылғы
бойлық алаңдық тіреулерге орналастырылған. Мұндай
тегісеместіктің конструкциясы топсаға 5 бекітілген металл
пластинасы 6 түрінде орындалған, оны алаңдық
тіреудің 1 бетінен қажетті бұрышқа көтеруге
болады. Бұл көтеруді червякті жетекпен қолмен немесе автоматты жетекпен
жұдырықшаның 4 көмегімен іске асыруға болады. Дөңгелек
көтерілген пластинаның үстін басқан кезіндегі тежелу
моментінде автомобильдің рессорланбаған және
рессорланған массаларының мәжбүрлі тербелістері
туындайды. |
Мұны 4 суретте көрсетілген тежелудің динамикасы
растайды.Стендттің 3-ші суретке, (а) сәйкес кедергісіз жұмыс істеуі
кезіндегі тежеу күшінің өзгеруі қисық 1
сәйкес болады, ал кедергі бар болған кезде (б)– қисық 2
сәйкес. Жасанды тегісеместіктің басқа да түрлерін
пайдалануға болады, мысалы, кең профильді сегмент түрінде, ол
серіппені босатқаннан кейін өз осінде бұрылады (5 сурет). Импульсті
әсер ететін сегмент 7, осьте 8 бекітілген және серіппеге 4
қосылған. Серіппе
созылған кезде сегмент алаңдық тіреудің 1
үстіңгі жанасу бетімен бірдей болады, осы жағдайда ол
түсіргіш механизммен 5 бекітіледі, оның шүріппесі 6 алаңдық
тіреудің үстіне шығарылған.
Сурет 4 – Жасанды тегісеместікте тежеу процесінің
жазылуы: 1-стандартты әдіспен алынған тежеу күші;
2-дөңелектің жасанды тегісеместіктен өткеннен кейінгі
тежеу күші
Сурет 5 –
Кеңпрофильді сегмент түріндегі жасанды тегісеместіктің
түсірілген (а) және көтерілген (б) кезіндегі сұлбасы:
1-алаңдық тіреу: 2-жылжымалы платформа; 3-сырғанау
бағыттауышы; 4-серіппе; 5-түсіруші механизм; 6-түсіруші
механизмнің шүріппесі; 7-кеңпрофильді сегмент; 8-сегмент осі
Түсіру механизмінің 5 шүріппесі 6 айналған
дөңгелекпен жанасқанда сегмент 7 бекіткіштен босайды да
серіппенің күшімен бұрылып, өз осінің 8 бойында
көтеріліп, алаңдық тіреудің үстіне шығып,
айналатын дөңгелекке қосымша
бұрыштық жылдамдық беріп, тежелудің
бастапқы сызықтық жылдамдығын нақты жол
жағдайларына сәйкесті мәндерге жақындатады.
Жоғарыда аталғандарға сәйкес,
бұл стенд тежегіш пен аспаны диагностауды бір мезетте іске асырады. Бұл
кезде автомобильдің рессорланбаған және рессорланған
массаларының мәжбүрлі тербелістері орын алған кезде
тежеу тиімділігін шынайы бағалаудың нақты мүмкіндігі
пайда болады.
1 Эволюция конструкции тормозного стенда Осипова. / Автомобильная
промышленность, 2015, №7.
2 Яценко Н.Н. Колебания автомобиля при торможении / Н.Н. Яценко,А.А.Енаев –
Иркутск, изд – во «Вос.-Сиб. Правда». 1989. – 246с.