Жанилова
А.Т.,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
Жумашева
А.Ж.
Тараз инновациялық
гуманитарлық университеті, Қазақстан
КАРТОПТЫҢ БУДАН ТҰҚЫМДАРЫН КӨШЕТ
АРҚЫЛЫ ӨСІРІП, БІРІНШІ ЖЫЛҒЫ ТҮЙІН
ҰРПАҚТАРЫН АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Картоп – елімізде кең тараған
ауылшаруашылық дақылы. Оның өнімі дүние
жүзілік өсімдік шаруашылығында алдыңғы
орындарының бірінде.
Картоптың жан-жақты пайдаланылуы оның
аса бағалы қасиеттеріне байланысты. Картоп түйнегінде
жоғары сапалы белок, витаминдер және басқа заттар болуына
байланысты адам үшін аса бағалы азық. Мал азығы ретінде
де қолданылады, өсімдік тағамдарының ішіндегі
органикалық заттарының қорытылуы жөнінен бірінші
орында. Орташа өнім алған жағдайда картоп пен
тамыржемістілер, астық пен шөптесін өсімдіктерден көп
өнім береді. Картоп тек азықтық дақыл ғана емес,
сонымен қатар бағалы техникалық дақыл. Бір тонна
картоптан (крахмалдылығы 17,6) 112 литр спирт, 55 кг. сұйық
көмірқышқылын, 1500 литр барда, 170 кг. крахмал, 80 кг.
глюгоза, 60 кг. гидрол және басқа өнімдер алуға болады.
Картоптан алынған спирт фармацевтикада, парфюмерияда, арақ-шарап
өндірісінде кең қолданылады.
Біздің елімізде картоп шаруашылығы – ауыл
шаруашылығының аса үлкен бір саласы. Картоп селекциясында да
көп жұмыстар жүргізілуде. Қазір елімізде
картоптың әртүрлі сорты өндіріледі, ол отандық
селекционерлердің жемісі, ғалымдардың алдында
тұрған ендігі мақсат түрлі шаруашылық
маңызы бар, жоғары өнімді, ауруға төзімді, тез
өсіп жетілетін крахмалды картоп сорттарын шығару. Мұндай
сорттарды шығаруда соңғы жылдары белгілі болған
бағалы қасиеттерінің тұқым қуалауы
(ауруға төзімділігі, тез пісіп жетілуі, крахмалдылығы)
негізге алынуда.
Қазақстанда жүргізілген картоп
агротехникасы қолайсыз экологиялық жағдай мен бірінші кезекте
жаздың жоғары температурасының кері әсеріне қарсы
бағытталуы қажет.
Оңтүстікте картоп органикалық
заттарға бай ылғалды және салқын топырақтарда
жақсы өседі. Ойпаттар мен өзен жайылымдарында, Орта Азия мен
Қазақстанда шалғынның күңгірт,
өңделген шалғынды-батпақты және шымтезекті-батпақты
топырақтары картоп үшін қолайлы. Жақсы
өңделіп тыңайтқыш берілген жағдайда сұр топырақта да жақсы
өнім алуға болады. Орта Азия мен Қазақстанның
таулы аймақтарында
органикалық заттарға бай, жеңіл топырақтарында
да жақсы өнім алынады. Республикамыздың таулы, суармалы
егістерінде овац-шөпті-жусанды ауыспалы егісінде егіледі. Картоп
үшін қолайлы алдыңғы егістер – капуста, қияр,
бақша өсімдіктері және астық дақылдары. Ал, қызанақ,
баклажан және бірнеше жыл картопты бір жерге еккен жағдайда
өнімнің нәтижесі нашар болады. (И.В.Якушин. 1947ж.)
Оңтүстік-шығыс аудандар үшін кеш
пісетін картопты ерте капустаны, сәбізді, бұршақты,
күздік бидайды, жүгеріні жинаған соң
отырғызуға болады.
Калий тыңайтқышын егілген жерге немесе
құрамында калийі аз құнарсыз сұр топыраққа
берген дұрыс. Басқа жағдайда калийдің пайдасы аз, ал
тұзды топырақтарда өнімді кемітіп жібереді. Калиймен
күзде вегетация мерзімінде үстемелеп қоректендіреді. Картоп бүкіл
вегетация мерзімі барысында топырақтың қоректік заттарын
көп қабылдайды, әсіресе түйнек түзе
бастаған кезде, сондықтан қосымша қорек беріп
тұруды қажет етеді. Ерте пісетін картопты өнгеннен кейін бір
рет, ал кеш пісетін картопты өнгеннен кейін және түйін
байлардың алдында екінші рет үстемелеп қоректендіреді.
Үстеме қорек ретінде азот тыңайтқыштарын немесе азот
тыңайтқышы мен суперфосфат қосындысын пайдаланады. Минералды
және органикалық тыңайтқыштар қосындысы да
жақсы қорек бола алады.
Қазіргі уақытта картоптың 2000-нан
астам селекциялық сорттары белгілі. Сорттар жиынтығы
өнімділігі, крахмалдылығы, түрлі ауруларға төзімділігі
жағынан зерттеу қажетті белгілері мен қасиеттері бар картоп
сорттарын шығаруға мүмкіндік береді.
Будандастыру жұмыстарын жүргізгенде
түрлердің генетикалық алшақтығы, көп
сорттардың тазалығы сияқты қиындықтар кездеседі.
Одан басқа, тек жекелеген сорттарда ғана фертильді
тозаңғы ие және будандастырғанда аталық форма
ретінде қолдануға болады. Сорттарды аналық немесе аналық өсімдік ретінде қолданғанда,
олардың қасиеттерін ұрпақтарына бере алу
мүмкіндігін ескеру қажет.
Ерте пісетін сорттар алу үшін ерте түйнек
байлайтын сорттарды пайдалану қажет. Әр елде картопты түрлі
бағытта пайдалануға байланысты әр елдерде
будандастыруға пайдаланылатын ата-аналық формалар әр
түрлі болады.
Біздің селекцияның сорттары өсірілетін
зоналарына байланысты қасиеттері әр түрлі. Еліміздің
селекциясында жаңа сорттар шығаруда негізінде Эпикур, Сишсповский,
Раняя роза және басқа сорттар қолданады.
Қазіргі селекцияда картопты тұқымнан
көбейту әдісі кеңінен қолданылуда. И.А.Веселовский мен
Т.Н.Катын-Ярцеваның деректері бойынша бұл әдіс картопты
түйнек түрінде жеткізу қиын таулы және солтүстік
аудандарға қолданған.
Жаңа сорттар тек қана жоғары
өнімді емес, сонымен қатар аурулар мен зиянкестерге төзімді,
механикалық өңдеу мен сақтауға қолайлы
болуы қажет. Бұдан басқа селекция алдында тұрған
мақсат картоп түйнегінде белок, крахмал сияқты маңызды
компоненттердің жоғары болуы.
Крахмалдығы және белогы жоғары сорттар
шығаруды академик П.И.Алсмик жемісті еңбек етті. Оның
мәліметтері бойынша крахмалдылығы жоғары ата-аналардан
крахмалдылығы жоғары көшет алуға болады.(1970 ж.)
Соңғы 50 жылда картоптың
крахмалдылығы 1,5-2% артты. Техникалық сорттардың
көбінің крахмалдылығы 20-23% арасында. Бүгінгі
таңда тұрақты өнім беретін, сақтау барысында аз
шығынға ұшырайтын, еңбекті минимальды талап ететін жаңа
сорттар қажет.
Топыраққа отырғызғаннан кейін 7-8
күннен соң көктей бастады. Өсімдікті мамыр айының
20-на дейін оранжереяда өсірдік. Көшеттерді егіс даласына
отырғызудың алдында 5-6 күн далада шынықтырдық.
Көшетті бір күннің ішінде егіс даласына отырғызып
шықтық.
Будан тұқымдардың өнімділігіне
қарап салыстырмалы түрде баға берілді. Өнім
жиналған соң – ол, морфологиялық жағынан
бағаланды. Будандардың арасында көзшелері терең
формасыз түйнектер де кездесті. №3 таблицада бірінші жылға
будандардың шаруашылық бағалы қасиеттеріне анализ
жасалған.
Біздің мәліметтеріміз
бойынша будан тұқымдарынан өсімдікті көшет арқылы
өсіру селекциялық және тұқымдық материал
алуда тиянақты жол деп санаймыз. Біздің зерттеулеріміздің
көрсеткіштеріне қарағанда түйін
ұрпақтарынан алынған өсімдік вегетация дәуірінде
Х-вирусын басқа өсімдіктерден толық жұқтырады.
Әдебиеттер:
1.
Амбросов А.Л. Приомы повышения болезнеустойчивости
картофеля. Минск: 1958.
2.
Амбросов А.Л. Вирусные болезни картофеля и методы
выращивания здоровых клебней, Минск: 1964.
3.
Ассеева Т.В. Генетика картофеля. Москва: 1937.
4.
Актуальные проблемы современного картофелеводства.
Гл.ред. А.Ф.Богдановский. 1997.