Кейбір
акрил мономерлері негізіндегі полимерлердің және олардың
полиакрил қышқылымен поликомплекстерінің беттік белсенді
қасиеттері
Пірімова Э.Р.
А. Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Жұмыста Вильгельми әдісі бойынша
2-гидроксиэтилакрилаттың (ГЭА) бутилакрилатпен және метилакрилатпен
(МА) сызықты сополимерлері және олардың полиакрил
қышқылымен (ПАҚ) интерполимерлік комплекстері үшін сулы
ерітінді-ауа фазалық бөліну шекарасында беттік қасиеттері
зерттелінген. Ерітінділердің тепе-теңдік беттік керілу
мәндері бірнеше сағат аралығында
тұрақтанатындығы дәлелденген, яғни бұл
ЖМББЗ-ға тән қасиеттер болып табылады. Полимерлер концентрацияларының
беттік керілу шамасына әсерін зерттеу барысында ГЭА-БА СПЛ-нің
мөлшерін 0,005-тен 0,1-ге дейін өсіру жүйенің беттік
қасиеттерін белгілі мәнде төмендететіндігі көрсетілген.
Сополимер құрылымындағы гидрофобты буын – БА мен МА болуы
адсорбцияның ұзақтығына айтарлықтай әсерін
тигізеді. ГЭА-БА сополимерлерінің беттік активтілігі ПГЭА-мен
салыстырғанда шамамен 1,52 есе жоғарыласа, стандартты еркін
адсорбция энергиясы шамамен 20 кДж/негіз-моль мәнде жоғары екендігі
анықталған /1/.
Бұл жұмыста (со)полимерлер үшін
адсорбциялық қабаттардың релаксация уақыты, беттік
активтілік және адсорбцияның стандартты еркін энергиясы
есептелінген, өйткені бұлар су-ауа фазаларының бөліну
шекарасында өздігінен жинақтаушы заттарға тән
маңызды сипаттамалар болып табылады. Сополимер құрамындағы
гидрофобты компонент (БА, МА) болуы адсорбциялық қабаттағы релаксация
уақытын төмендетіп, жүйенің беттік активтілігін
жоғарылатады /2/.
ГЭА негізіндегі гомо- және сополимерлердің
ПАҚ-пен комплекс түзілуінің әсері сулы ерітінді-ауа
бөліну шекарасында беттік қасиеттері зерттелінген. Беттік
керілудің тепе-теңдік мәні 20 минут аралығында тез
тұрақтанған. Полимер ерітіндісінде ПАҚ-тың
құрамы көбейген сайын, беттік керілудің
төмендейтінін және белгілі-бір қатынасына жеткенде
өсетіні анықталған. Сонымен қатар, полимер – ПАҚ
үшін беттік активтілік және стандартты еркін адсорбция
энергиясының мәндері есептелінген. Түзілген
поликомплекстердің құрамы полиқышқыл
ерітінділерімен полимер ерітінділерін турбидиметриялық және
вискозиметриялық титрлеу арқылы дәлелденген /3/.
Өзіндік ГЛБ санына сәйкес ГЭА-БА сополимерлерінің эмульгаторлар
ретінде қолданылуына үлкен мүмкіншілік ашылған. ЖМББЗ
ретінде алынған сополимердің гирофильді-липофильді баланс (ГЛБ)
саны есептелінген. Өзіндік ГЛБ санына сәйкес алынған
(со)полимерді эмульгатор ретінде қолданудың үлкен
мүмкіншілігі ашылған /4/.
Әдебиеттер:
1. Pelletier S., Hubert P., Payan E., Dellacherie E. Amphiphilic derivaties
of sodium alginate and hualuronate: synthesis and physic-chemical properties of
aqueous dilute solutions // Carbohydrate Polym., 2000, 43, 343-349.
2. Rosilio V., Albrecht G., Baszkin A., Merle L. Surface properties of
hydrophobically modified carboxymethylcellulose derivatives. Effect of salt and
proteins // Colloids & Surfaces B,2000, 19, 163-172.
3. Philippova O.E., Volkov E.V., Sitnikova N.L., Khokhlov A.R., Desbrieres
J., Rinaudo M. Two types of hydrophobic aggregates in aqueous solutions of
chitosan and its hydrophobic derivative // Biomacromolecules, 2001, 2, 483-490.
4. Miralles-Houzelle M.C., Hubert P., Dellacherie E. Hydrophobic alkyl
chains-pectin conjugates. Comparative study of some physicochemical properties
in relation to covalent coupling vs ionic association // Langmuir 2001, 17,
1384-1391.