Қазақстан Республикасында
құрылған бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының қызметі мен ерекшеліктері
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің оқытушысы, э.ғ.к. Бекешева Д.А.
Жаңадан
құрылған Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорында салымшылардың жеке зейнетақы шоттары
жүйесі сақталған, яғни ЖЗҚ азаматтардың
жеке шоттарындағы қаражат толықтай аударылатын болады.
Бұл арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорын құру азаматтардың зейнетақы
жинақтарын мемлекет меншігіне беру деген сөз емес. Бұл – бір.
Екінші және бұл да маңызды мәселенің бірі –
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа
заңнама қолданысқа енгізілгенге дейін зейнетақымен
қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша мирасқор болып
табылады, яғни ЖЗҚ-дан БЖЗҚ-ға өту кезінде
салымшыларға қосымша шарт жасаудың қажеті болмайды.
БЖЗҚ-ға ауыстыру кезеңінде әрбір салымшының
инвестициялық кірісі капиталдандырылатын болады. Түсінікті тілмен
айтқанда, жиналған барлық қаражат бір шоттан келесісіне
ауыстырылады. Салымшылардың барлық зейнетақы жинақтары
толық көлемде БЖЗҚ өткізілген соң,
зейнетақы жинақтарын иемденуші әрбір азамат зейнетақы
жарналары мен инвестициялық кірістеріне сәйкес, өзінің
меншікті активтеріндегі қаражат туралы ақпарат алатын болады.
Әрбір зейнетақы қоры Зейнетақы төлемдерін
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО)
орталықтандырылған базасына салымшылардың тізімін салыстырып
тексеруден өткізу керек. БЖЗҚ-ға түскен салымшылардың
жеке шоттарына аударылған зейнетақы жарналарының
нәтижесі бойынша, ЗТМО тарапынан жеке тұлғалардың
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына келіп
түскен тізімге тағы да салыстырып тексеру жасалады. Салымшылардың
жеке зейнетақы шоттарын және олардың жинақтарын
БЖЗҚ-ға аудару Ұлттық банк белгілеген қатаң
кесте бойынша жүзеге асырылады. Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
шарт бойынша зейнетақы активтері мен жинақтаушы зейнетақы
қорының міндеттемелерін тапсыру және қабылдау кестесі
2013 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі төрағасының бұйрығымен
бекітілді. Жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен
міндеттемелерін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қоры» АҚ-ға тапсыру және қабылдау
жұмыстары – 2013 жылдың 11 қазанында басталып, 2014
жылдың 26 маусымында аяқталуы тиіс. Қабылдаушы ұйым –
«БЖЗҚ» АҚ болса, қабылдаушы банк – «ҚР
Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
БЖЗҚ-ға
9 ЖЗҚ активтері мен міндеттемелері өткізілетін болады:
«Республика»
ЖЗҚ. Берудің басталу күні – 2013 жылғы 11 қазан,
аяқталуы – 2014 жылғы 11 қаңтар.
1.
«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы
қоры. Берудің басталу күні – 2013 жылғы 29 қазан,
аяқталуы – 2014 жылғы 29 қаңтар.
2.
«Капитал» ЖЗҚ. Берудің басталу
күні – 2013 жылғы 18 қараша, аяқталуы – 2014
жылғы 18 ақпан.
3.
«Атамекен» ЗЖҚ. Берудің басталу
күні – 2013 жылғы 9 желтоқсан, аяқталуы – 2014
жылғы 9 наурыз.
4.
«Астана» ЖЗҚ. Берудің басталу
күні – 2014 жылғы 3 қаңтар, аяқталуы – 2014
жылғы 3 сәуір.
5.
«МұнайГаз-Дем» ЖЗҚ. Берудің
басталу күні – 2014 жылғы 23 қаңтар, аяқталуы –
2014 жылғы 23 сәуір.
6.
«Грантум» ЖЗҚ. Берудің басталу
күні – 2014 жылғы 10 ақпан, аяқталуы – 2014 жылғы
10 мамыр.
7.
«ҰларҮміт» ЖЗҚ. Берудің
басталу күні – 2014 жылғы 3 наурыз, аяқталуы – 2014
жылғы 3 маусым.
8.
«Қазақстан Халық банкі» ЖЗҚ.
Берудің басталу күні – 2014 жылғы 26 наурыз, аяқталуы –
2014 жылғы 26 маусым.
2014
жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорында 2167137, 26 млн. теңгедегі
зейнетақы активтері тіркелегн және ол 1-суретте
көрсетілген.
млн. тг

Сурет 1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорындағы зейнетақы активтері
Суреттен
көріп отырғанымыздай БЖЗҚ –ғы зейнетақы
активтерінің сомасы ай сайын өсіп отыр, мұның себебі,
бекітілген кестеге сәйкес барлық жинақтаушы зейнетақы
қорлары өз активтерін БЖЗҚ-ға аударып жатыр.
Осыған
байланысты, салымшылар санының
арта түсетіндігі де белгілі. 2- суретте салымшылар саны туралы
мәлімет берілген.
мың. саны

Сурет 2. Жеке зейнетақы шоттарының саны, мың саны.
2-суретте
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2013
жылдың наурыз айынан бастап 2014 жылдың 1 ақпанына дейінгі
аралықтағы жеке зейнетақы шоттарының саны
көрсетілген. Жеке зейнетақы шоттарын жеке зейнетақы
қорларынан БЖЗҚ толық көлемде аудару салымшыларды
салымшылардың қатысуынсыз автоматты режимде жүргізілетін
болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуының
перспективалары және оның бағалы қағаздар
нарығына әсері зейнетақы активерінің және
инвестицияланатын қаражаттар көлемінің сәйкесті
өсуімен байланысты. Сәйкесінше, Қазақстанның
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барынша маңызды
мәселелері болып келесілер табылады:
1)
ұлттық қор нарығының дамымауы, яғни,
активтерді инвестициялау үшін құралдар тапшылығы;
2)
қызметтің негізгі қағидалары бойынша
тұрғындардың сауатсыздығы және
мағлұматсыздығы;
3)
жинақтаушы зейнетақы қорларынң қызметімен
тұрғындардың толық қамтылмауы;
4) ерікті
және кәсіби зейнетақы жарналарының кеңінен
қолданылмауы;
5) қоржынның
нашар диверсификациясы және аффилиирленген тұлғалармен
мәмілелер;
6)
отандық сақтандырудың дамымаған класстарының
бірі-зейнетақылық аннуитеттер.
Сонымен,
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
Үкіметтің 2013 жылғы 31 шілдесіндегі №747 қаулысымен
құрылды. Қордың акционері мен құрылтайшысы
– Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ
міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы
жарналарын тартатын және азаматтардың өз таңдауы
бойынша ерікті зейнетақы жарналарын енгізуді жүзеге асыратын жалғыз
ұйым болып табылады. Сондай-ақ салымшылардың жеке
зейнетақы шоттарын есепке алу және зейнетақы жинақтары
есебінен зейнетақы төлемдерін іске асыру Қордың
функциясына жатады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорын (БЖЗҚ) құрудағы негізгі міндеттер мен мақсаттар
мынадай:
–
салымшылардың зейнетақы шоттарын тиісінше есепке алу,
олардың жағдайын бақылау, дер кезінде өзгерістер
енгізіп отыру, салымшылардың іс-әрекеттеріне байланысты (кету,
зейнетақы жасына жету және т.б.) және зейнетақы
жарналарын жүзеге асыру, зейнетақы активтерін, зейнетақы
төлемдерін инвестициялау мәселелері бойынша ақпараттық
түсіндіру жұмыстарын жүргізу және т.б.;
–
зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістеріне мониторинг
жүргізу;
- зейнетақы жинақтары төлемдерін жүзеге асыру.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
басты ерекшелігі – оның біртұтастығында. Барынша жоғары
тиімділікті, шынайылықты және сенімділікті, мемлекет тарапынан
салымдардың сақталынуына кепілдемелерді анықтауды
қамтамасыз етеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорын құру кезінде жалпы зейнетақы
жүйесінің тиімділігін төмендетіп жіберген көптеген жинақтаушы
зейнетақы қорларындағы (ЖЗҚ) қателіктер
ескерілді. Біріншіден, бұл қосымша жаңа қатысушыларды
тартудағы бәсекелестіктің тұрақсыздығы.
Екіншіден, салымшылардың ғана емес, өз мүдделерін
білдіретін коммерциялық қорлардың зейнетақы активтерін
басқарудағы және инвестициялаудағы тиімділігі мен
шынайылығының жеткіліксіздігі. Мұның бәрі
қордағы кіріс төмендегенде ғана анық болды.
Кезінде біз сіздермен жинақтаушы зейнетақы
қорларының салымшылары болған кезіміздегі ескерусіз шығындар
енді артта қалды. Ақырында, осы жазда он шақты коммерциялық
ұйымдарда көп қаражаттың жоқтығы
байқалды. Шындыққа көз жеткізер болсақ,
коммерциялық негіздегі ұйымдар көптеген кеңселерді
жалға алуға, қызметкерлерінің іссапардағы
шығындарына, қызметтік көліктер сатып алуға, жұмысшылардың
жалақыларына, кеңсе жиһаздарына салымшылардың
жинақтары есебінен қаражат жұмсап отырған. Одан
өзге, жеке арнайы қорлардағы жоғалған ақшалар
да біздің сіздермен бірге жиған қаражатымыздың есебінен
жұмсалған. Бұған қоса, БЖЗҚ
құру арқылы тағы да бірқатар жағымды
өзгерістерге қол жеткіземіз. Мәселен, зейнетақы
активтерінің есебі, әкімшілік шығындардың сақталуына
байланысты операциялық шығындардың төмендеуі.
Соған сәйкес, бірыңғай қорда комиссиялық
сыйақылар деңгейі қазіргі сыйақылар деңгейінен
екі есе төмен болады. Одан өзге БЖЗҚ құруда,
салымшылардың ауысуы тоқтайтын болады. Бұл жөнінде
бұрындары да талай рет сөз қозғалған, оның
кері әсері зейнетақы жүйесінің жалпы
тиімділігінің төмендеуіне алып келген. Ал, жинақтаушы
зейнетақы қорлары үшін бірнеше мүмкіндіктер
ұсынылады. Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы
қорларына, әсіресе, инвестициялық кампанияларды
жүзеге асыруда қандай да бір жағымды тәжірибелері бар
қорлар үшін өз жұмыстарын жалғастыру
ұсынылады. Атап айтқанда, тиісті лицензиясы болған
жағдайда зейнетақы активтерін басқару бойынша тендерлерге
қатысуға құқық берілетін бағалы
қағаздар нарығы туралы қолданыстағы заңнама
аясында инвестициялық портфельді басқарушы ұйым болып
қайта ұйымдастырылады. Екінші нұсқа –
азаматтардың ерікті зейнетақы жарналарын тартатын ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларын құру.
Соңғы үшінші жол – бұл қорды тарату, яғни
қызметін тоқтату. Ұстап отыру шығынын және пайда
әкелмейтіндігін есептейтін болсақ, бұл да жаман емес
сияқты. БЖЗҚ қорын құрудың, белсенді
азаматтық ұстаным тарапынан кез келген адам үшін тағы
да бір маңызды да елеулі жағы бар. Инвестициялық
стратегияға сәйкес және олардың сақталу
жағдайындағы зейнетақы жинақтары түрлі инфрақұрылымдық
жобаларды ұзақмерзімге қаржыландыруды жүзеге асырады.
Бұл, өз кезегінде азаматтарға зейнетақы
шоттарындағы дивидендтер түрінде пайда әкеліп қана
қоймай, мемлекеттің дамуына үлес қосуға да
мүмкіндік берілетін болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» заң жобасы / 2013 жылдың 16 мамыр/