Экономические
науки/13.Региональная экономика
Тараз
қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебі, Қазақстан
Республикасы
Джоланов Е.Е.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік
Университет,Қазақстан Республикасы
Қазақстандағы туризм дамуының
мүмкіншіліктері
Туризм
Қазақстан экономикасындағы қарқынды
салалардың бірі. Халық аралық сарапшылардың пікірінше
қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы
қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады.Туризм көп
елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына,қосымша
жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда
балансының белсенділігіне ықпал етеді.Соңғы жылдары
туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі.Туризм
индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық
түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен
қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың
экономикасының дамуына ықпалы өте зор.Қазақстанда
400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік
фирмаларымен келісім жасаған.Туризмнің біздің еліміздегі
негізгі дамыған аймақтары:Алматы,Шығыс
Қазақстан,Қарағанды, Павлодар,Оңтүстік
Қазақстан облыстары,сондай-ақ Алматы және Астана
қалалары. Осы облыстардың және қалалардың
туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін
құрайды. Ал Қазақстаннан туристердің мейлінше
көп баратын елдері:Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция,
БАЭ. Ал біздің елге келетін
туристердің басым бөлігі: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Польша және Турция.
Туристерді
тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор.Көптеген туристер шетелдік
авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып
тұр,ал ұлттық компаниялардың ролі төмен «Эйр-Казахстан»-
ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта
ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт
бар.Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен
саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік
құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына
байланысты. Қазіргі кезде «Сайран» автовокзалы үлкен қызмет
көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде,
қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейі қазіргі кезде туризмнің жаппай дамуын тежеп отыр.
Қазақстандағы туризмнің даму бағытышоп-туризмді
ұйымдастырумен байланысты, яғни материалдық
қажеттіліктен туындап отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді
тарту үлкен бәсекеге ие болып отыр. Көрші елдер Ресей,
Өзбекстан, Қырғызыстан, Монголия туризмді дамытуға
барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды
басып алуда.
Туризмді
дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың
ықпалы жоғары. Олардың ішінде маңыздысы:
мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт,
урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің,
орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс
күндері мөлшері, халықтың өмір
сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады.Қазақстан
Республикасы басқа да бірқатар дамыған мемлекеттер
сияқты толық бәсекеге түсе алатын және туризм
индустриясын дамытуға толық мүмкіншілігі бар. Ол үшін:
-
елімізде туристік рекреациялық ресурстың болуы;
‑туризмге
тура немесе жанама салалардың және кәсіп орындардың
дамуы;
-сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік
валютаны тартуы;
-аз
мөлшерде шығыншығарып табыс табу;
-алғашқыөндірісфакторын
қамтамасыз етудегі шығынның болмауы;
-халықты
жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын
бизнестің дамуы;
-еліміздің
қолайлы геосаяси жағдайы.Батыс пен Шығыс
аралығындағы халықаралық туристік және коммерциялық
ағымдардың өсуі;
-саяси
тұрақтылық, демократиялық қайта құру,
экономикалық реформаның өтуі және инвестициялық
ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы;
-еліміздің
тарихи- мәдениет мұрасының ерекшелігі;
-
мұсылман, христиан, будда ескерткіштерінің болуы;
-Қазақстанның
көп мәдениеттілігі, музей, мәдениет ошақтарының,
фольклорлы
-
этнографиялық және ұлттық кәсіпқой
өнерпаздардың көп болуы;
-туристік-рекреациялық
аймақтардың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік,
жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзотикалық тур, балық
аулау, аң аулау, өсімдіктер жинау т.б.;
-бос
еңбекресурстарының болуы (мамандар) қажет.
Айтакететін
бір жағдай, Республикада туризм дамуының үлкен концепциясы
құрылуы «ҰлыЖібек Жолының» жаңғыруы.
Қазақстанда туризмнің дамуын дұрыс жолға
қою тек табыс алып келу ғана емес, еліміздің басқа
елдермен байланысын нығайып, бет-бейнесі қалыптасады.
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғы шарттары
б.д.д.үшін шімың жылдық қалыптаса бастаған Ұлы
Жібек Жолының қалыптасуымен дамуы болып табылады. Сонымен, бірге,
Қазақстанның бірқатар сәулет,
археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті
жерлерінің тарихи мәнінеіс-жүзіндежарнама жасалмады
және сұраныс болмады. Келешекте экологиялық жағынан
таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар
аудару қажет. Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер
ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм
мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың
маңызды көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан,
Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту
қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін,
мұның өзі бірінші кезекте, көлік
құралдарының, орналастыру құралы, кадрлық
камтамасыз етудің жай-күйіне байланысты, келуші туризмді
дамытуға қайта бағдарлау қажет. Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі
туризм индустриясыматериалдық базасының
мүмкіндіктерінің төмендегі болып табылады. Қазіргі
уақытта, республиканың қонақ үйлерінде,
турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру
обьектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің
35%-інқұрайды. Сондай-ақ, елдегі қонақ
үйлердің саны 1997 жылмен салыстырғанда 40%, ал бір
жолғы кереует-орынға сыйымдылық тиісінше
30%-кетөмендеді. Соңғы бес жылда 605 қонақ
үй жабылды,1999 жылы республикада 205 қонақ үй
жұмыс істеп, номер қоры 15%-ке ғана толтырылды. Облыс
орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім
берудің
бастысебебітиістісыныптағықонақүйлердің
болмауы,ал қолдағы бар қонақүйбазасы 80
пайызға ескірген,қонақ үйлердің бір
бөлігінің жай-күйі мүлден ашар және
банкроттық жағдайда тұр,себебіолар өте ескі 60-шы
жылдарысалынған.Республикада жүзеге асырылып жатқан
әлеуметтік- экономикалық өмірді реформалау туризмді
және оның инфрақұрылымын толық қамти
қойған жоқ.Туризмнің материалдық базасының
нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды
жоғалтуда, бұл туристік салаға күрделі қаржыны,сондай-ақ
отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тартуды
қажет етеді.Ұлттық туристік өнім ерекшелігін ескеріп,
тұрақты туристер ағынын қамтамасыз етуге
қабілетті елдің туризм инфрақұрылымын дамыту үшін
жалпы пайдалану және туристік мүқтажды
қанағаттандыру үшін жол-көлік
инфрақұрылымын дамыту,леспе
инфрақұрылымды,қолданыстағы және ықтимал
туристік аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау,
кәріздер және катты қалдықтарды жою жүйесін,
телекоммуникацияларды дамыту,туристік кешендерді, этнографиялық
мүражайларды және демалыс аймақтарын
құру,тарихи-мәдени және этнографиялық
ескерткіштерді қалпына келтіру және мүражайға айналдыру
керек.Жерлері Ұлы Жібек Жолының учаскесінде сан алуан тарихи
оқиғалардың ғасырлар бойғы куәгері ретінде
Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқандығына
қарамастан, Қазақстан әлі де болса, туристік
бағыт ретінде әлемге танымал бола қойған жоқ.
Қазақстанның
тартымды туристік беделін құру тиісті кең ауқымды
шаралар кешенін әзірлеуді талап етеді.Шетелде Қазақстан
туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудиобейне жарнама
материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет.
Қазақстанға туристерді таруға өлкетану
жарияланымдары, жарнама баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар
мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз
ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технолгияларды
пайдалануға, оның ішінде интернет жүйесінде
Қазақстанның туристік фирмаларының WEB-сайттарын
құруға айрықша мән беру қажет.
Туристік
ағынды жөнелтуші елдердің туристік агенттіктері мен
бұқаралық ақпарат құралдары
өкілдеріне арнап Қазақстан бойынша танысу саяхаттарын
ұйымдастырудың тиімділігі мол болады.Қолайлы туристік беделді
құруға Қазақстанда халықаралық
дәрежеде әртүрлі мәдени, спорттық және
туристік іс-шаралар өткізу ықпал етеді.
Қазақстанның туристік беделін қалыптастыруда есепке
алудың компьютерлендірген бірыңғай жүйесін іске
қоса отырып, республика аумағына шетелдік азаматтардың кіруі,
шығуы мен болуы тәртібін, визалық және кедендік
рәсімдерді оңайлатудың зор мәні бар.
Қызмет
көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуір
дәрежеде осы салада жұмыс істейтін кадрлардың сапасына
байланысты болатын қызмет — туризмде адамдар ресурсын жоспарлау
айрықша мәнге ие.Туризм дамуындағы түйінді
мәселенің бірі туристік кадрлар даярлау болып
табылады.Қазіргі уақытта, Қазақстандағы
мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қосқанда, туризм
менеджрлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар.
Қазақстанда мұндай кадрлар даярлаудың негізі 1992 жылы
қаланғандығына қарамастан, туристік саланы мамандармен
қамтамасыз ету әлі күнге дейін
қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр.
Көптеген жоғары оқу орындарында мүның басты
себебі, Қазақстанда туристік әлеует туралы оқытушылар
құрамының білім және туристік саладағы жұмыс
тәжірибесі, деңгейінің жеткіліксіздігі болып отыр.
Соның нәтижесінде, мамандарды даярлау отандық
туристік-рекреациялық ресурстарды ұстау, туристерді қабылдау
үшін оларды пайдалану технологияларымен ықтимал клиенттер арасында
туристік қызмет көрсетулерді атаулы жарнамалаудың
әдістемесі жеткілікті түрде ескерусіз
жүргізілуде.Сондықтан, жоғары оқу орындары
түлектерінің едәуір бөлігінің
туроператорлық қызметті толық атқаруға шамасы
жетпейді.Қазақстандағы тиімді туристік салаға
сәйкес кадрлар әлеуетін қалыптастыру үшін:жаңа
буындағы «Туризм» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік
білімнің мемлекеттік стандартын әзірлеу,туристік кадрларды
даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристік
қызметтің әртүрлі қажетілігі мен даму
деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау.Қазіргі заманғы
туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы
дамуының құрылымын, тетігі мен заңдылықтарын
ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы
дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесін
құрамайынша мүмкін болмайды.Дегенмен, Қазақстанда
бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушілер үшін әлі
күнге игерілмеген «тың» күйінде қалып отыр.Әлі
күнге дейін ұлттық экономика теориясына туризм халық
шаруашылығының толыққанды саласы және
ғылыми жағынан талданатын пән ретінде қарастырылмайды.Сол
себепті республикада туризм бағдарламасын құрастыру
қажет. Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицензия
алған туристік фирмалар жұмыс істейді.Соған қарамастан
Қазақстан кәсіпкерлері туризмді қазірше
жоғарғы табысты кызмет сферасы деп карамайды.Қазақстан
әлемде туристік бағытта әлі де болса белгісіз ел.
Сондықтанда Қазақстанның туристік бейнесін көтеру
үшін бірқатар кең көлемде шаралар қажет.Негізгі
шаралардың бірі туристік негізгі шаралардың бірі туристік фирмалар
мен агентстволардың халықаралық туристік жәрмеңке,
көрме конференция т.б. әлемдік деңгейдегі шараларға
қатысуы және Қазақстан жерінде де өткізу.
Қазақстанда
Еуразияның қоғамдық және мәдениет
орталығын жасау үшін конгрестік туризмді дамыту
маңызды.Туристік бет-бейнені қалыптастыру үшін туристік
хабарлама орталықтарын ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдердегі
Қазақстан елшілігіндегі өкілетті тұлғаларды
араластыру жұмыстарына көңіл бөлуі керек.
Еліміздің туристік қуатын жарнамалауда ұлттық әуе
қатынасын және басқа да транспорттық
кәсіпорындарда пайдалана білу.Шет елдерде Қазақстан туралы
жоғары сапалы полиграфиялық үнтаспаларды уағыздау
жұмысына көңіл бөлуі.Сонымен бірге
Қазақстанда әлемдік деңгейде әр түрлі
мәдениет, спорт, туристік шараларды өткізу қажет.Туризм жалпы
алғанда, мемлекеттің экономикасына мынадай нәтиже береді:шетел валютасының
құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт
сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды;халықтың жұмыс пен
қамтылуын көбейтуге көмектеседі,туризм тура немесе жанама түрде экономикан саласының дамуына ықпал
жасайды, жыл ішінде туристік инфрақұрылымның
бірқалыпты жүктемесін камтамасыз етуге бағытталған
маркетингтік және базалық тэсілдерді қолдану арқылы
туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту ұлттық,
туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттык
технологияларын пайдалану туризмді дамытудың тұрақты сипатын
насихаттау қажетелдің инфрақұрылымын дамытуға
жәрдемдеседі.Қорыта айтқанда Қазақстан
Республикасында туризмді дамытудағы негізгі мақсат олар:
-туризмді экономиканың табысты салаларының біріне айналдыру;
-республиканың
туристік потенциалын дамыту;
-мәдениет
тарихын және табиғи байлықтарымызды сақтау және
үтымды пайдалану;
-туристік ресурстарды барлық
халықтық қол жеткізу мүмкіншілігіне көңіл
бөлу, тұтынушыларды максималды қанағаттандыру;
-халықты ынталандыру;
-орта және шағын
кәсіпкерлерді дамыту.
Қолданылған әдебиеттер
тизімі:
1.Байгісиев.М.
Халықаралық экономикалық қатынастар:Оқу
құралы- Алматы: Санат, 1998.-1926.
2.Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика:
Оқуқұралы. Алматы: Экономика, 2000. - 886.
3.Кешенова
Б.А. Ақша,несие,банктер,валюта қатынастары:Оқу
құралы.-Алматы:Экономика, 2000-3086.
4.Алиева.Ж.Н.
Туризм негіздері Алматы ,2004
5.Дуйсен.Г.М.
Основы формирования и индустрия туризма в Казахстане.Алматы 2002,с-94