Жаманқұлова А.М.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Қазіргі кезде Қазақстан өз алдына
тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде
тарихымыздағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйедегі
орын алған қасіретті, қиын кезеңдердегі саяси,
экономикалық және мәдени саладағы жағдай
зерттеліп талданып тиісті бағасы берілуде.
Жамбыл облысының құрылғанына бір ғасыр
болмаса да, оның орталық қаласының және Ұлы
Жібек жолында орналасқан қалашықтарының, облыс
аумағындағы қазіргі аудандарының өмір жасы
бірнеше ғасырдан тұрады.
Орталығы екі мыңжылдық тарихында замана желінің
әсерімен аты талай рет өзгеріп, ертеректе Талас, Тараз,
Әулиеата, Мирзоян, Жамбыл, сонан соң 1997 жылы облыс
жұртшылығының тілегіне орай, еліміздің
тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың Жарлығымен өзінің ежелгі Тараз атауы қайтарылған
Жамбыл облысына 75 жыл толып отыр.
Жамбыл облысынаң жері туралы 2004 жылы қараша күні
облыстың 65 жыл толуына байланысты салтанатты жиналыста облыс әкімі
болған Б.Б.Жексембин: «Жамбыл жері - көне замандардан сыр шерткен
шаһарларымыз бен тарихи мәдени жәдігерлеріміздің жайлы қоныс
тапқан жері. Жамбыл жері - қаймағы бұзылмаған
қалың қазақтың қара шаңырағы,
Қазақ хандығының туы тігілген жер. Жамбыл
жері-азаттық үшін жан алысып жан берісер ақтық
шайқасқа айналған Аңырақайдың азалы
үні, өшпес ізі қалған жер, ақ найзаның
ұшымен, ақ білектің күшімен елін қорғап
басын оққа байлаған көзсіз ерлер - Саңырақ,
Өтеген, Көшек,Қойгелді, Қосы,Мәмбет, Сыпатай
және басқа да батырлардың елінің бірлігі мен
жерінің тұтастығын ойлаған дана би – Төле бидің
туған өңірі.
Жамбыл жері - шаруашылығы сан-сапалы, өндірісі өрге
басқан, қойнауы қазынаға толы құтты мекен»
- деген болатын [1].
Шынын айту керек тәуелсіздігімізді алғаннан кейін
Қазақстанның барлық облысындай Жамбыл облысы да
барлық әкономикалық, мәдени, әлеуметтік
және басқа салаларда төмен құлдыраушылық
қиыншылықтар мен күрделі мәселер болды, бірақ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарған саясаттың
арқасында көп ұзамай еліміз еңсесін көтере
бастады. Жамбыл облысында 2000 жылдың қарсаңында экономика,
әлеуметтік және мәдени салаларда жетістіктер мен даму
дәрежесі біртіндеп көтеріле бастады. Нақтырақ
айтсақ Жамбылда, 1998 жылдан бастап өнеркәсіп
өндірісінің өсу үрдісі қалыптасты. Жамбыл
облысында тұтас Қазақстан сияқты, экономикадағы
дағдарыстарды жеңіп шығуы керек болды.
2002 жылдан бастап облыс дағдарысты кезеңдерді артта
қалдырып, облыс өнеркәсіп өндірісі тұрақты
дамуға бағыт алды деп толықтай айтуымызға болады.
Соның куәсі ретінде мына көрсеткіштерді келтіруге болады.
2001 жылы облыстағы өндіріс кәсіпорындары 30902,3
млн. теңгенің өнімін өндірді. Ал, физикалық
көлем индексі 2000 жылдың деңгейімен салыстырғанда
118,0%-ды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің
құрылысы ерекше өзгерді
2001 жылы өңдеу өнеркәсібінің жалпы
көлемдегі үлес салмағы 74,4%-ды, сол мерзімде 1998 жылы
бұл көрсеткіш 46,8%-ды, 2000 жылы 63,%-ды құрады [2].
Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне
жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 21,4%-ы тиді.
Салыстырмалы талдаудың көрсеткеніндей 2001 жылы 2000 жылымен
салыстырғанда ұсақталып ұнтақталған фосфат
шикізатын өндіру – 29,4%-ға, түйіршіктелген фосфат шикізаты
-2,9 есеге, фосфат қышқылы – 2,6 есеге, химиялық минералды
тыңайтқыштар 105,5 есеге артты. Республикамызда өндірілстін
сары фосфорды жалғыз Жамбыл облысы шығарады. 2001 жылы оның
өнімі 2000 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өсті.
Тамақ өнімдерін өндіру облыстағы жалпы
өнеркәсіп өнімдері көлемінің 36,2%-ын
құрайды. Салада ыстық нан пісіру 98,9%-ға,
алкогольсіз сусындар шығару –
24,1%-ға, қант-13,8%-ға, арақ шарап, ликер шығару
– 6,3%-ға ұлғайды [2,5].
Облысымыздың орталығы Тараз қаласы
экономикасының өркендеуіне, 2004 жылы тұрғын үй
құрылысын жүргізуге мүмкіндік тудырды. Тек осы
жылдың қаңтар – қыркүйек айлары аралығында 15,2 мың шаршы
метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілсе,
қаізргі кезде мұның көлемі еселеп артуда.
Тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту
және оның құнын төмендету мақсатында Елбасының 2014 жылғы Жолдауына
орай тұрғын үй құрылысының
бағдарламасы жасалып, бекітіліп іске асырылуда.
Жамбыл облысында жұмыссыздықпен күрес жөніндегі
кешенді бағдарламаны жүзеге асыру одан әрі жалғасуда.
Мәселен 2004 жылдың тоғыз айында 1803 адам
жұмысқа орналастырылды, бұл 2003 жылмен салыстырғанда
43,5 пайызға артық, квота бойынша 264 адам жұмысқа
орналастырылса, 596 адам қоғамдық жұмыстарға
тартылды [2,7].
Соңғы жылдары, облыстың бюджеттен бөлінген
қаржы есебінен Қарасу тұрғын
аймағында 1266 оқушыға арналған жаңа мектеп
құрылысы пайдалануға берілді.
Барлық жұмыс белгіленген кесте бойынша жүргізілді.
Көшелердің ой- шұңқырларын асфальттау толық
аяқталды. Соңғы жылдары облыстың
макроэкономикалық көрсеткіштері де едәуір жақсарды,
бұл өңірлік және салалық бағдарламалардың
іске асырылуынан болып отыр, олардың шеңберінде тауарлар мен
қызметтер өндірісін жақсарту, өнімінің
бәсекеге қаблетті түрлерін шығару мен
кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру үшін
жағдайлар жасау және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі
мақсаты жүзеге асырылады.
2005 жылы алдын ала мәліметтер бойынша жалпы өңірлік
өнім ( ЖӨӨ) 151,8 млрд. теңгені құрады
және бес жылда 2,6 есеге артты халықтың жан басына
шаққанда – 2001 жылғы 59,8 мың теңгеге
қарсы 152,4 мың теңгені (2,5) құрады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі қазіргі
кезде 2001 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге дейін артты, бұл
экономиканың негізгі салаларындағы өндіріс
көлемдерінің артуынан болды: тау кен өндіру (2,2 есе),
өндеу (1,5 есе), электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен
таратуда (1,5есе).
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен тарату көлемі
1,5 есеге артты, бұл электр энергиясын өндірудің («Жамбыл
ГРЭС-і» АҚ, «Таразэнергоорталығы» АҚ,) 7,6 есеге, жылу
энергиясының – 1,5 есеге артуымен байланысты [3].
Облыс индустриясының динамикалық дамуына Индустриалды –
инновациялық даму Стратегиясы септігін тигізді. Стратегия
шеңберінде 2004 жылдан бастап облыста 14 жаңа өндіріс ашылып,
4,6 млрд. теңгенің 30 инвестициялық жобалары іске асырылды,
1456 жаңа жұмыс орны ашылды.
Қорыта келе айтарымыз, Елбасы 2014 жылғы Жолдауында: «Қуатты Қазақстан
дегеніміз - ең әуелі өңірлердің
қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі
зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен
жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып,
әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы
қажет» - деп қадап айтты [4].
Жамбыл облысы Қазақстанның басқа облысындай
жылдан - жылға өркендеп, өсіп түбегейлі жаңа
кезеңге батыл қадам жасап,
алға басып келеді.
Әдебиет:
1.
«Ақ жол»
- Тараз, 2004, 13 қараша.
2.
Жамбыл
облысының 2006 жылғы және 2007 жылдың
қаңтарындағы әлеуеттік-экономикалық жағдайы
туралы ақпараттық анықтамалық материалдар.-Тараз,
Облыстық әкмшілік материалдары, 2007.
3.
«Ар-Ай» –Тараз, 2007, 1 наурыз, 12б.
4.
Қазақстан
жолы – 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. //Егемен Қазақстан 2014 жылғы 17 қаңтар.