Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары

Удасбекова А.М.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

Қажеттіліктердің жоғарлауы, дәстүрлі ресурстарды пайдалану, халық санының өсуі екі бірегей міндетті: экономикалық өсу мен экономиканың тиімділікті шешуді көздейді. Экономикалық өсу жасалынатын пайдалылықтардың көлемінің көбеюі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы болып табылады.

Өздігінен экономикалық өсу қарама-қайшылықтарға толы. Сөйтіп өндірістің және материалды игіліктердің тұтынуының ұлғаюын олардың сапасы мен өмір сүру жағдайының нашарлануының, тазартқыш құрылғыларды үнемдеудің арқасында жүзеге асыруға болады, ал өндірістің уақытша өсуіне ресуртарды жемқорлықты пайдаланудың нәтижесінде жетуге болады. Мұндай өсу не тұрақсыз, не мүлдем мәнсіз болып келеді. Сондықтан экономикалық өсу әлеуметтік тұрақтылық пен оптимизммен үйлескенде мән-мағынаға толы болады. Мұндай өсу бірқатар салмақталған мақсаттарға жетуді көздейді: өмір сүрі ұзақтығын көбейту, ауыруға шалдығу мен жарақаттану, мертігуге ұшырауды төмендету, білім беру менмәдениет деңгейін жоғарлату, қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мен тұтынудың рационалдылығы, әлеуметтік тұрақтылық пен өз келешегіне деген сенімділікті арттыру, кедейшілік пен өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашалықтарды жеңу, максималды жұмысбастылыққа жету, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті жоғарлату, қылиысты төмендету, т.с.с.

Экономикалық өсудің жолдары – бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің тарихи қалыптасқан бастапқы жолы. Әрине өзінің біріншілігінің нәтижесінде ол экономиканың бірқатар салаларын қамтитын көптеген мәселелерімен соқтығысты. Ал бұл мәселелерді атап өту экономикалық қатынастардың кейінгі дамуында болдырмау үшін маңызды. Экономикалық жағдайы боынаша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бқұл елдер дами алады, бірақ қазіргі кезде экономикалық дамығандардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады.

Даму кілті басты төрт факторларға негізделген:

1.      Халық

2.      Табиғи ресурстар

3.      Капитал жинақтау

4.      Техника

Сондықтан экономикалық даму жағдайында осы факторлармен байланысты сұрақтарды қарастыру қажет. Олар: табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту және оны анықтау, халықтың жұмысбастылығы жайлы мәселелер, капитал салымының техника экономикалық прогресі туралы негізін қамтиды. 

Экономикалық өсудің категориясы кез-келген шаруашылық жүйелер кезінде қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады.

Экономикалық өсу – уақыттың белгілі бір кезеңіндегі қоғамдық өнімді сандық және сапалық жетілдіру болып табылады /1/.

Экономикалық өсу уақыттың әрбір берілген бөлігінде ресурстар шектеулігінің мәселелерін шешуді белгілі бір дәрежеде жеңілдетуді және адам қажеттіліктерінің неғұрлым кең шеңберін қанағатттандыру мүмкіндігін білдіреді.

Экономикалық өсу бір-бірімен тығыз байланысты екі әдіспен анықталып, өлшенеді: белгілі бір уақыт аралығындағы айнымалы, не болмаса потенциалды ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде және белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңнің жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде екі анықтама да қолданыла береді. Мысалы, егер басты назар саяси әскери потенциалының мәселелеріне арналса, онда бірінші анықтама сәйкес келеді. Бірақ жеке елдермен аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейін салыстыру кезінде екінші анықтама сәйкес келеді. Сөйтіп Үндістанның ЖҰӨ-і Швейцарияның ЖҰӨ-інен 70%-нан асады, әйтсе де Үндістан Швецариядан халықтың өмір сүру деңгейі бойынша 60 есеге артта қалып отыр. Әдетте бұл анықтамалардың кез келгенінен экономикалық өсу пайызбен, өсудің жылдық қарқындарымен өлшенетіндігі шығады.

Ең жалпылама түрдегі экономикалық өһсу өндіріс пен оның факторларының (өнімділігінің) нәтижелерінің сандық және сапалық өзгеруін білдіреді.

Қазіргі кезде әртүрлі ұлттар, халықтар мен олардың үкіметтерімен жүргізілетін экономикалық талқылаулар мен пікір сайыстарда экономикалық өсу мәселелері алдыңғы қатарларда тұр. Нақты өндірістің өсіп келе жатқан көлемі кез-келген шаруашылық жүйе соқтығысатын мәселелерді: адамдардың шексіз қажеттіліктерін шектеулі ресурстар жағдайында қанағаттандыруды белгілі – бір дәрежеде шешуге мүмкіндік туғызады.

Экономикалық өсудің эксиенсивті және интенсивті түрлерін ажыратуға болады. Бірінші жағдайда қоғамдық өнімнің көбеюі өндіріс факторларының сандық көбеюінің: өндіріске еңбек, капитал (өндіріс құралдарын), жердің қосымша ресурстарын жұмылдырудың нәтижесінде жүзеге асады. Бұл кезде өндірістің технологиялық базасы өзгермейді. Өйткені дәнді дақылдардың неғұрлым үлкен көлемін алу мақсатында тың жерлерді жырту, электр станцияларын құру мен сатық жинайтын комбайындарды үлкен көлемде шығару үшін жұмысшылардың неғұрлым үлкен көлемін тарта беру – осының бәрі қоғамдық өнімді көбейтудің экстенсивті жолдарының мысалы. Экономикалық өсудің бұл типі кезінде өнімнің өсіміне жұмысшылар санын мен олардың мамандану құрамының сандық өсуінің және кәсіпорын қуаттылығының көбеюінің арқасында, сонымен қатар орнатылған жабдықтың көбеюінің арқасында қол жеткізуге болады. Нәтижесінде бір жұмысшыға есептегендегі өнім шығару бұрынғыдай қала береді.

Ал экономикалық өсудің интенсивті түрі кезінде қолданылатын еңбек, капитал мен басқалардың көлемі өзгеріссіз қала берсе де бастысы өнімділік тиімдлігінің жоғарлауы мен өндірістің барлық факторларын пайдаланудан түскен кері қайтарылымдықтың өсуі болып табылады. Мұнда негізгісі болып өндіріс технологияларының жетілуі, өндірістің негізгі факторларының сапасының жоғарлауы табылады. Интенсивті экономикалық өсудің маңызды факторы – еңбек өнімділігінің жоғарлауы. Бұл көрсеткішті бөлшек түрінде белгілеуге болады: ЕӨ= Е/Ө, мұндағы ЕӨ - еңбек өнімділігі, Е- натуралды немесе ақша түрінде өрнектелген жасалынған өнім, Ө - еңбек бірлігінің шығындары ( мысалы, адам – сағат).

Экономикалық өсудің интенсивті түрі неғұрлым тиімді және сапалы жасалынған өндіріс факторларының кең қолдануына негізделген өнім шығару ауқымының көбеюімен сипатталады. Өндіріс ауқымының өсуі неғұрлым жетілдірілген техникаларды, алдыңғы қатарлы технологияларды, ғылыми жетістіктерін, аса үнемді ресурстарды, жұмысшылар мамандануын көтеруді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл факторлардың арқасында өнім сапасының жоғарлауына, еңбек өнімділігі мен ресурстарды жинақтаудың өсуіне, т.с.с. қол жеткізіледі.

ХХ ғасырда етек алған ғылыми-техникалық революция жағдайында батыстың индустриалды елдерінде дамудың артықшылықты үлгісі ретінде интенсивті экономикалық өсу мойындалды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.            М. Тодоро « Экономическое развитие» - М. 1995 г., 15 бет

2.            Аубакиров Я. А «Экономикалық теория» - 1999ж. Алматы, 135 бет

3.            Костюк В.К «История экономических учений» М-1997 г. 57 бет

  1. Х. Худокормов В. «История экономических учений» -М. 1994г., 237 бет
  2. А.Смит. Исследования о природе и причинах богатства народов.М: 1991, с15
  3. Курс предпринимательства В. Я. Горфинкель, В.А. Швандер – М.1997 г. «Экономика».  
  4. А.С. Храпунов. «Региональная экономика г.Алматы». –А. 2000г.       
  5. Тургинбаева С.А. Менеджмент в малом бизнесе. Алматы. 2000г.
  6. Оразәлі Сәбден. XXΙ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 192 б.