ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ САЯСАТЫ

Нурманалиева Н.А.,Калымбетова С.Д.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.

 

Қоғамдық үрдістегі жастар рөлі, оның қызметінің түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылығы, қажеттіліктері мен психологиялық қасиеттері әлеуметтік және геосаяси даму сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипатымен шарттасылған.

Халықтың осы тобын зерттеудің негізгі мәселелерінің біріне, біздің ойымызша, жастар еңбегінің пайдаланылуын бағалау жататын сияқты. Бұл өз негізінде жастардың еңбек ресурстарын, жастардың еңбек нарығын және оның жұмыспен қамтылуы мен   жұмыссыздық, көшіп-қону, табиғи өсу сияқты құрамдас бөліктерін әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси және басқа проблемалар мен факторлар аясында теориялық және практикалық зерттеу қажет екенін көрсетеді.

Экономикалық тұрғыда жұмыссыздық еңбек рыногындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы арасындағы  сәйкессіздікті көрсетеді. Және де бұл сәйкессіздік  сандық және де сапалық та болуы мүмкін. /2/

Рыноктық шаруашылық жүйесіне өтуге байланысты еңбек рыногы және жұмыспен қамту мәселелері  алдынғы қатарға шығып отыр. Өтпелі экономикалы елдердің  экономикалық дамуының  рыноктық ориентациясы халықтың жұмыспен қамтылу сферасында  жаңа әлеуметтік-еңбек қатнастарының  орнауын талап етеді.  Жұмыспен қамтудың күрделі қатнастарын реттеу  дәстүрлі емес  тәсілдердің қолданылуын талап етеді.

Еңбек рыногы мынандай жүйелерді қамтиды: жұмыскерлердің жалдану жүйесі, олардың еңбегін толық және ішінара пайдалану, азаматарды жұмысқа орналастыруға көмектесу және  жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жүйелері. Еңбек рыногы бұл  әлеуметтік-экономикалық, психологиялық, миграциялық және тағы да басқа  мәселелердің  кең ауқымы және  де осы мәселелердің  шешілуі адам мен қоғамның  өмір сүруін анықтайды.  Жұмыс орны  кезегінде  өмір сүрудің материалдық-заттық факторы болады және де  мемлекеттік реттеуді қажет етеді.

Біздің елдің  еңбек рыногы мен  жұмыспен қамтылуы  нақты іс-әрекеттер  мен  шешімдерді талап етеді. Сонымен қатар осы салада  болып жатқан қарқынды  процестердің  территориялық қарастырылуы және бағалау қажеттілігі туындайды. Меншік нысандарының көп түрлілігі және әртүрлі шаруашылық субъектілердің пайда болуы нәтижесінде еңбек рыногы мен  жұмыспен қамтуда радикалды  өзгерістер болып жатыр. Жұмыспен қамтуда  халықтың статусы өзгеруде – жұмыс берушілер,  жалдамалы жұмыскерлер, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, отбасының көмекші мүшелері, жұмыссыздар және т.б. Жұмыскерлерді жалдаудың жаңа жүйесі қалыптасуда – контракт нысанында, уақытша еңбек шарттары. Жалпы жаңа  әлеуметтік-еңбек қатнастары  орнатылуда  және де олар  кәсіпорындардың  ұжымдық шарттарында, салалық тарифтік келісімдерде өз көрінісін табады.

Қазақстандағы  еңбек рыногына тән нәрсе ол  республиканың аймақтар еңбек рыноктарының  күрделі дифференциацияы және  контрасттары. Сондықтан да  еңбек рыногы және  жұмыс күшінің  жұмыспен қамтылу мониторингі, ал одан кейін макро деңгейде  бірыңғай  стратегияның  жасалуы аймақтардағы  жұмыспен қамтылуды  зерттеуінсіз және талдауынсыз болмайды. Республика экономикасын  реформалаудың қазіргі  кезеңінде  үлкен мағына әлеуметтік мәселелерді шешуде  аймақтардың белсенділеуіне беріледі.  Әсіресе басымдылықты  толық продуктивті жұмыспен қамтылу болып отыр. Ол кедейшіліктің азаюы  және әлеуметтік  шиеленісудің төмендеуіне нақты алғышарттар  жасайды.

Жұмыскерлердің жұмыстан босау, жұмыс орындарының және еңбек ресурстарының балансталуы мәселелері баса назар аударуды талап етеді. Рыноктық өзгерістер жағдайында жұмыстан босау экономиканың дестабилизациясы,  өндірістің төмендеуі  нәтижесінде  болып отыр. Жұмыс орындарының және жұмыс күшінің теңгермелеуі барлық түрлерінде  күшеюде: салалық та, территориялық та және кәсіби де.

Республика бойынша жұмыссыз жастардың кәсiптiк-классификациялық құрамын тексергенде, олардың үштен бiрiнiң мамандықтары инженерлiк-техникалық және гуманитарлық салаларынан болып шыққан. Жұмыссыз жастардың 8,3%-ы жоғары бiлiктi, дәрежелi маман жұмысшыларды құраған. Осылайша, жастардың жұмыс бастылығының, әсiресе жастардың арасындағы жұмыссыздықтың үздiксiз өсуiмен қоса, ұзақ мерзiмдiлiгiне байланысты анықталған тенденциялар, оның қазiргi жағдайына оптимистiк тұрғыдан баға беруге негiз бола алмайды, яғни жағдайдың бiрқалыпты емес екендiгiн көрсетедi.

Мемлекет жұмыспен қамту саясатын жүргізе отырып,  жұмыскерлер мен жұмысберушілер арасында  құқықтық нормалар мен қатынастардың   сақталуына бақылауды жүзеге асырады.  Осыған байланысты  мұнда  еңбек нарығының  нормативтік-құқықтық  базасының жұмыс істеу тиімділігіне байланысты  институционалдық факторлар ерекшеленеді. Институцоналдық факторлар олар үшін, бір жағынан,  мемлекет немесе аймақ деңгейінде арнайы мақсатты бағдарламалар жасалатын, екінші жағынан,  түрлі жәрдемақылар, стипендиялар, гранттар және т.б. төлеумен байланысты осы бағдарламалар мен түрлі заңнамалық актілер шеңберінде  жұмыспен қамту қорлары құрылатын  жастардың еңбек ресурстарымен тығыз байланысты.

Жастарға қатысты  жұмыспен қамту қызметінің іс-әрекеті  еңбек нарығының жай-күйі  мен  жастарға онда бар вакансиялар  туралы  ақпарат жинау және өңдеумен байланысты болуы тиіс. Еңбек нарығының жай-күйі туралы  ақпарат жинау және өңдеу негізінде  жұмыспен қамту  қызметі жұмыссыздарға   оқу және қайта оқуға көмек, олар үшін қоғамдық жұмыстар құру және т.б. ұйымдастырумен байланысты іс-шараларды өткізеді.

Жұмыспен қамту қоры, сонымен қатар әлеуметтік төлемдер мөлшерлері  тиімді инвестициялық және салық саясатын өткізуге байланысты болатын салық төлемдері түрінде алынатын бюджет  қаражаты есебінен қаржыландырылады. /1/

Аймақта инвестициялық белсенділік деңгейінің ұлғаюы және шетелдік, сондай-ақ жергілікті капиталдарды тарту жаңа жұмыс орындарының ашылуына, соның ішінде жастар үшін де жұмысқа орналасу мүмкіндігін туғызады. Басқа факторлардың дамуы да осы экономикалық фактордың оң әсеріне байланысты болады, оларға кәсіпорындардың негізгі қорларының жаңа жабдықтар сатып алу және моральдық тозған ескілерін ауыстырумен байланысты  техникалық және технологиялық қайта жарақтануына жұмсалатын шығындарды жатқызуға болады.

Еңбек нарығындағы еңбек ресурстары оларды ұдайы өндіру үрдісінде  өзгеріп тұратын жастық-жыныстық, сандық және сапалық сипатта болады.  Сондықтан қазіргі еңбек нарығының қалыптасуында демографиялық факторлар ерекше орын алады.

Жастардың жұмыс бастылығын ретке келтiрушi жүйе реттеушiлiк әсерiн тигiзу жұмыс бастылықты басқарудың парадигма сұлбасына бағытталған тұтас жүйе болып көрiнуi мүмкiн. Оның мәнi “емдеуде” емес, әлеуметтiк қолайсыз жағдайлардың алдын алуда, сол сияқты жастардың жұмысқа орналасу талаптарын қанағаттандыру мақсатында болып отыр. Жастарды басқару жүйесiнiң негiзiн реттеушi қызметтердiң мақсаттары мен мiндеттерi құрайды. Реттеудiң негiзгi функциялары: алдын алу, терапия, түзету, реабилитацияның маңыздары қаралған. Реттеушi ықпалдардың элементтерi: басқарудың субъект немесе объектiнiң бiлiми құндылық бағыттары, мотивтерi, мақсаттары, әрекеттiк стратегиялары, ықшам социумы түсiндiрiлiп жазылған және атап көрсетiлген. Технологиялық база – нормативтiк, операциялық және инструментальдық блоктармен көрсетiлген. Жастардың жұмыс бастылығын басқару жүйесiн қарастыру ұйымдастырылу жүйелерi қорытындылайды. /4/

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Закон Республики Казахстан «О труде в Республике Казахстан».

2.Никифорова А. Рынок труда. Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии. Аналитический журнал №9, сентябрь 2002г. - б.4-13.

3.Закон Республики Казахстан от 23 января 2001г. №149-II «О занятости населения».

4.Молодёжь Казахстана./ Итоги переписи населения 2008 в Республике Казахстан. Статистический сборник. / Агентство Республики Казахстан по статистике / - Алматы, 2012. – 106б.

5.Кузина Н.А. Система регулирования безработицы. Актуальные проблемы труда и социальной политики.: Материалы региональной научно-практической конференции. Омск, 2003. – б.40-42.