Тұрлаш Қ.М
«Қаржы академиясы» АҚ
«Қаржы» мамандығының 2 курс магистранты
Осы мақалада мемлекеттік қаржылық
бақылау жүйесінің мемлекеттік аудитке көшуі
қарастырылған. Ғылыми
негізделген қаржылық саясатты, тиімді қаржылық
механизмді қалыптастыру қаржылық бақылаудың
мақсаты болып табылады. Сондықтанда мемлекеттік қаржылық бақылауды
жетілдіру жолында аудиторлық бақылаудың маңызы артып
отыр.
Түйін сөздер: қаржылық
бақылау, аудиторлық бақылау,қаржы аудиті
Мемлекеттік қаржылық бақылау
жүйесінің мемлекеттік аудитке көшуі
Қаржылық
бақылау - мемлекеттің қаржылық қызметінің
бөлінбейтін құрамдас бөлігі, экономиканың
және қаржылық жүйенің қалыпты қызмет
етуінің қажетті шарты. Экономиканы басқарудың
өзіндік қызметі бола отырып, бақылау басқарушылық
циклдің маңызды кезеңі болады, онда басқарушылық
объектіге әсер етудің нақты нәтижелері
қабылданған шешімдер мен нормативтік жазбалардың талаптарымен
салыстырылады, ал оларды бұзу анықталғанда, осындай
ауытқуларды жою бойынша қажетті шаралар қабылданады.
Қаржылық
бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі
қаржыға тек үлестіру қызметі ғана емес
бақылау қызметі де тән болуымен объективті түрде
шартталады. Осыған байланысты мемлекеттің өз міндеттерін шешу
үшін қаржыны қолдану олардың көмегімен осы
міндеттерді орындау барысында бақылауды жүргізуді қажет
етеді. Басқаша айтқанда, қаржылық бақылау
мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызды
бағыты болып табылады. Бұдан басқа ол бұл
қызметті шола отырып, оның әрбір элементін қамтиды.
Қаржылық
бақылауды жетілдіру барысындағы аса маңызды
бағыттарының бірі, қаржылық бақылаудың
тәуелсіз нысаны - аудиторлық бақылау болып табылады.
Бұл мемлекеттік емес, шаруашылық жүргізуші субъектілер
санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау,
есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің
өсуімен байланысты болып отыр.
Аудиторлық
бақылау - тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық
жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісімшарты
негізінде қаржы -шаруашылық қызметінің жай күйін
тексеру.
Аудиторлық
бақылау- ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық
бақылау. Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған «аудитор
біліктілігінің берілуі» туралы куәлік алған жеке
тұлға да, сондай -ақ ашық үлгідегі акционерлік
қоғам да, өндірістік кооператив пен мемлекеттік
кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті
жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық- құқықтық
нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық
ұйым жүргізе алады.
Қаржы аудиті
деп оған уәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың
қаржы әдістемесіне сараптама және талдау жүргізу,
қаржы- шаруашылық қызметін бақылау, шаруашылық
жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша
қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі
және солардың есебінен жүргізетін тәуелсіз
қызметін айтады.[1]
Аудит
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
талаптарына сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс
және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру
мақсатында заңды тұлғалардың қыржылық
есептемесін тексеру болып табылады.
Аудит мынадай
дәйекті стадиялар бойынша жүргізіледі:
- жоспарлау
(тараптардың іс қимылын іштей жүйелеумен);
- аудитор объектісі
туралы ақпарат алу және оны бағалау;
- аудитор
рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
- бақылау
жүйелерін тексеру және оның тесттері;
- аудит
рәсімін жүргізу;
- аудиторлық
қорынтындыны қалыптастыру.[2]


Сызба-1.Аудит пен
қаржылық бақылаудағы ерекшеліктер мен
артықшылықтар
Қазақстан
Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы (бұдан
әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы
Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан
халқына Жолдауына сәйкес әзірленді, онда: «Бізге
ең озық әлемдік тәжірибе негізінде мемлекеттік
аудиттің кешенді жүйесін құру қажет» деп аталып
өткен.
Қазақстандық
қоғамды дамыту және мемлекеттік аппарат алдында туындайтын
жаңа тұрпаттағы міндеттемелер мемлекеттік басқарудың
күшті жүйесінің жұмыс істеуін талап етеді.
Осы мәселелерді шешуде мемлекеттік
қаржылық бақылаудың мемлекеттік басқарудың
ажырамас бөлігі ретінде рөлі арта түседі. Алайда елде
қолданылып отырған мемлекеттік қаржылық бақылау
жүйесі бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жағдайлары мен
қаржылық бұзушылықтарды анықтауға
ғана бағытталған және «біржақты» болып табылады.
Бұл ретте басқарудың қазіргі жүйесіне баға
беретін және оны бұдан әрі тиімді дамыту бойынша
бағыттарын айқындайтын осындай институтты енгізу қажет.
Халықаралық практикада
мұндай рөлді мемлекеттік аудит атқарады.
Тұтас алғанда, мемлекеттік аудит
Қазақстан үшін тек қаржы мәселелерін ғана
емес, сонымен қатар анықталған кемшіліктер мен
тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстар негізінде
пәрменді ұсынымдарды берумен бірге, олардың
қызметінің барлық бағыттарын қамтитын аудит
объектілері қызметінің тиімділігінің тұтас және
тәуелсіз бағалауы ретінде көрінеді.
Тұжырымдаманың
мақсаты мемлекеттік аудитті енгізудің негізгі бағыттары мен
тұжырымдамалық тәсілдерін айқындау және
мемлекеттік қаржылық бақылаудың
қолданыстағы жүйесін одан әрі дамыту болып табылады.
Мемлекеттік
аудиттің мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің экономиканы немесе оның жекелеген салаларын
дамытудағы қызметін бағалау, тексеру негізінде
мемлекеттің қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік
сектордың активтерін басқару және пайдалану тиімділігін
арттыру болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қаржылық
бақылау аудит объектілерінің жасаған бұзушылықтарын
жоюға және ден қою шараларын қолдануға
бағытталатын болады.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
1)мемлекеттік аудиттің түрлерін, субъектілері мен объектілерін регламенттейтін заңнамалық база қалыптастыру;
2) мемлекеттік аудитті жүргізу мен мемлекеттік қаржылық бақылаудың нормативтік құқықтық базасын дамытудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әдіснамалық негіздерін дайындау;
3) мемлекет қаражаты мен активтерінің тиімді пайдаланылуын бақылайтын мемлекеттік басқару құралы ретінде мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік аудитті енгізу;
4) мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының өкілеттіктерінің аражігін дәл ажыратуды және тиімді өзара әрекет етуін ескере отырып, олардың теңгерімді құрылымын қалыптастыру;
5) мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін халықаралық талаптарға сай даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін құру;
6) мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылаудың ықпалдасқан ақпараттық жүйесін құру;
7) мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жүйесін енгізу.
Мемлекеттік аудитті енгізу мемлекеттік қаржылық бақылаудың қолданыстағы жүйесін жоюды емес, енгізілетін мемлекеттік аудиттің жүйесіне оның үйлесімді енуін білдіруі тиіс.Аудиттің бақылаудан ерекшелігі, аудиттің неғұрлым ескерту сипатында болуында.
Мемлекеттік қаржылық бақылау бұзушылықтарды анықтау және ден қою (әкімшілік іс қозғау, залалды қалпына келтіруге (жоюға) мәжбүрлеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту, іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру) шараларын қолдануға бағытталатын болады, ал мемлекеттік аудит объектісінің қызметін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған басқаруды бағалау ретінде енгізілетін болады.
Осылайша, мемлекеттік аудит жүргізу кезінде аудит объектісінің қызметінде қолданыстағы заңнамадан ауытқулар анықталған жағдайда мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шарасын қабылдау түріндегі функциясы қолданылатын болады. Мемлекеттік қаржылық бақылау Есеп комитетінің, тексеру комиссияларының және ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметінде қолданылатын болады. [3]
Мемлекеттік
қаржылық бақылау жүйесінің мемлекеттік аудитке
көшуі Есеп комитетіне өз қызметін озық
халықаралық стандарттарға сай, әлдеқайда тиімді
әрі сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін болады.
Мемлекет басшысының ең озық әлемдік тәжірибеге
негізделген мемлекеттік аудиттің кешенді
жүйесін құру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру
мақсатында елімізде Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы
қабылданды. Аталған тұжырымдаманың мақсаты –
қолданыстағы мемлекеттік қаржылық бақылау
жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын және
мемлекеттік аудитті енгізуге тұжырымдамалық ұстанымдарды
айқындау.
Мемлекеттік
аудит пен қаржылық бақылаудың тиімді жүйесі
Мемлекет басшысын, Парламентті, Үкіметті және жалпы
жұртшылықты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі,
қаржыны жұмсаудың заңдылығы, үнемділігі
және тиімділігі принциптеріне сай, бюджет қаражаты мен мемлекет
активтерінің пайдалануы туралы объективті әрі шынайы
ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Осы мақсатқа
қол жеткізу үшін мемлекеттік аудиттің түрлерін, субъектілері
мен нысандарын регламенттейтін заңнамалық базаны қалыптастырып,
мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды
жүргізудің халықаралық стандарттарға сай келетін
әдіснамалық негіздерін дайындау, мемлекет қаражаты мен
активтерінің тиімді пайдаланылуын бақылайтын құрал
ретінде мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіріп,
мемлекеттік аудит органдарының өкілеттіктері мен өзара
іс-қимылының аражігін айқындай отырып олардың
теңдестірілген құрылымын қалыптастыру, мемлекеттік
аудит және қаржылық бақылау органдарының
қызметкерлерін даярлаудың, қайта даярлау мен олардың
біліктілігін арттырудың халықаралық талаптарға жауап
беретін жүйесін құру, мемлекеттік аудиттің
интеграцияланған ақпараттық жүйесін жасап, мемлекеттік
аудиторларды сертификаттаудан өткізудің жүйесін енгізу
қарастырылған.
Тұжырымдамаға
сәйкес мемлекеттік аудитті енгізу кезең-кезеңімен
жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезеңі – 2013-2014
жылдарға, екінші кезеңі 2015-2017 жылдарға есептелген.[4]
Осылайша,
мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің
мемлекеттік аудитке көшуі Есеп комитетінің өзінің
қызметін халықаралық
стандарттарға сәйкес, соғұрлым тиімді және сапалы түрде
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Пайдалынылған
әдебиеттер
1.Құлпыбаев
С. Қаржы негіздері: Оқулық.- Алматы: Экономика,2009/722б
2.Ажибаева З.Н. Аудит:
Оқулық.- Алматы: Экономика,2004ж
3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті
енгізу тұжырымдамасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013
жылғы 3 қыркүйектегі № 634 Жарлығы
4.
Қаржылық бақылау босаңсымайды, «Егемен
Қазақстан» газеті 30.01.2014ж