Қазақстандағы экономикалық саясаттың
негізгі бағыттары

 

Жадигерова О.Ж.

 

Жалпы, Қазақстан экономикасының дамуы үшін 2014 жылы сыртқы факторлардың нашарлағаны байқалды.

АҚШ жалпы ішкі өнімінің өсу қарқынының нығаюы, сан жағынан жеңілдету бойынша федералдық резервтік жүйенің үшінші бағдарламасының тоқтатылуы барысында АҚШ доллары нығайып, пайыздық мөлшерлемелер жоғарылауда. 

Нәтижелер негізінде, АҚШ-та тақтатас мұнайын өндірудің ұлғаюы аясында Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 2014 жылғы маусымның соңындағы бір баррель үшін 155 доллардан 2014 жылғы 22 желтоқсанда бір баррель үшін 63 долларға дейін (45,2 %-ға) төмендеді.

Осығын орай, Қазақстан экономикасы 2014 жылғы 11 ай ішінде 4,2%-ға өсуі байқалды.

Осы болған жағдайларды сараптай келе, сыртқы экономикалық үрдістердің 2015 жылы Қазақстан экономикасы үшін тәуекелдері бар.

Осындай жағдайларда 2015 жылы экономикалық саясат елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сыртқы факторлардың салдарын нивелирлеуге бағытталатын болады.

Бүгінде ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкі саясатының басты мақсаттарының бірі болып макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз ету және қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болады.

Қазақстандағы 2015 жылы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:

1)   макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау;

2)   қаржы жүйесін нығайту және банк секторын сауықтыру арқылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

2014 – 2015 жылдары экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014 жылдың ақпанында Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Ұлттық қордан 1 трлн. теңге бөлінді.

Осығын орай, 2015 жылы 500 млрд. теңге мөлшеріндегі екінші транш шағын, ірі пен орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша жеңілдетілген түрде несие беруге және ең бастысы екінші деңгейлі банктерді сауықтыруға бағытталатын болады. Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы қаржыландырылатын болады.

Бүгінгі жаңа экономикалық саясат еліміздің экономикасында құрылымдық реформаларды оран әрі жалғастыруға бағытталады. Олардың ішінде: индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, көліктік, орта және шағын бизнесті дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілікті, өнімділікті жоғарлату және экономиканың құрылымын жақсарту болып табылады.

Осы бағыттарғы салаларға инвестициялар экономиканың өсуі мен жұмыспен қамтуға ең көп мультипликативтік әсер етеді және алдағы уақытта орнықты дамудың тұғырын қалыптастырады.

Ел экономикасын одан әрі индустрияландыру саясаты өңірлік ерекшелікті ескере отырып, белгілі бір басым секторлардағы өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы шеңберінде жүргізіледі.

Елде іскерлік белсенділікті одан әрі қолдау үшін Ұлттық қордан 2015 және 2016 жылдары жыл сайын 100 млрд. теңге бөлінетін болады. Бұл қаражат «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның банкаралық кредиттеуінің қолданыстағы бағдарламасын пайдалана отырып, орта, шағын және ірі шаруашылық субъектілерін несиелеуге, солардың қатарында: орта және шағын бизнесты қаржыландыруға – 100 млрд. теңге және ірі кәсіпкерлікті қаржыландыруға – 100 млрд. теңге бағытталатын болады.

Макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген ақша-несие және салық-бюджет саясаты мен инфляция деңгейін жоспарланған 6-8 % дәлізде ұстап тұру есебінен қамтамасыз етіледі. 

Ақша-несие саясатында орта мерзімді кезеңде инфляциялық таргеттеуге көшу үшін жалпы негіз қалыптастырылады.

Айталық, инфляциялық таргеттеу теңгедегі салым жинақтардың нақты кірістілігін арттыруға және күтілетін инфляцияны төмендетуге мүмкіндік береді.

Салық-бюджет саясаты Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасына сәйкес бюджеттің тепе-теңділігін қамтамасыз етуге бағытталады. Салық саясаты экономиканың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және өңдеуші өндірістердің өсуін ынталандыруға бағытталатын болады. Бұл ретте кәсіпорындарға салықтық жүктеменің өсімі көзделмейді.

Тапшылық жөніндегі фискалдық шектеулер бойынша бюджет шығыстарын айқындау, мемлекеттік міндеттемелердің кезең-кезеңмен өсуі, жекеше сектордың инвестицияларын бюджеттік инвестициялармен ауыстыруды болдырмау бюджет саясатын қалыптастырудың негізгі тәсілдері болып табылады.

Республикалық бюджетке жүктемені азайту мақсатында қоса қаржыландыру шарттарында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарының сыртқы қарыздары тартылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері пайдаланылады.

Сонымен қаржылық тұрақтылыққа әлемдік экономикадағы ықтимал жаһандық тепе-теңсіздік тудырған кері әсерлерді мейлінше азайтуға, яғни,  қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралармен қолдау көрсетіледі.

2015 жылы қаржы жүйесін реттеу саясатының негізгі басым бағыттары:

1) экономикада ұлттық валютаның рөлін арттыру;

2) экономиканы несиелеуді одан әрі ұлғайту үшін банктердің теңгелік өтемділігінің өсуін ынталандыру;

3) банк секторын сауықтыру болып табылады.

а. Ұлттық валютаның экономикадағы рөлін арттыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:

1) теңгедегі жинақтарды ынталандыру мақсатында салымшыларға кепілдік берілетін, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін сомасы капиталдандыруды ұлғайта отырып, 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады;

2) халықтың доллардағы кепілдік берілетін депозиттері бойынша ұсыным берілетін сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері жылдық 4 %-дан 3%-ға дейін төмендетіледі;

3) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын шартты бірліктермен белгілеуге тыйым салынады.

б.Экономиканы кредиттеуді одан әрі ұлғайту үшін банктердің теңгедегі өтімділігін өсіруді ынталандыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:

1) қажет болған жағдайда пруденциалдық реттеудің жекелеген нормаларын уақытша төмендету мүмкіндігі қарастырылады;

2) коммерциялық банктердегі өтімділіктің тапшылығына жол бермеу үшін оларға теңгедегі өтімділік беріледі.

в. Банк секторын сауықтыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:

1) банктердің проблемалық активтерінің деңгейін азайту жөніндегі жұмыс жалғастырылады. «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ жарғылық капиталы 250 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтылады, оның банктермен ынтымақтастығының тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады.

Проблемалық активтермен жұмыстың басқа тетіктерін жетілдіру, оның ішінде ұйымдардың жұмыс істемейтін активтерді басқару бойынша қызметін, салық салу мәселелерін (салықтық әкімшілендіру) жетілдіру де басым бағыттар болады;

2) реттеу саясаты саласында «Базель III» банктер капиталының жеткілікті болуының жаңа стандарттары кезең-кезеңмен енгізіледі. Бұл ретте жаңа стандарттарға біртіндеп және ауыртпалықсыз көшу мақсатында бірінші кезеңде банктерге капиталдың, капитал құрамдауыштарының жеткілікті болуы бөлігінде неғұрлым жұмсақ талаптар белгіленеді. Ұлттық Банк қалыптасып отырған экономикалық жағдайды ескере отырып, банктердің капиталдың жеткілікті болуының жаңа нормативтерін орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады.

Қорыта келе, бүгінде, 2015 жылы экономикалық саясат сыртқы теріс факторлардың салдарын жұмсартуға, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын нығайтуға бағытталады.

Қаржы секторын сауықтыру, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау және экономиканы әртараптандыру арқылы қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі міндеттер шешілетін болады.

Осы шаралар елдің макроэкономикалық дамуының қол жеткізілген оң нәтижелерін сақтау және экономиканың одан әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін теңгерімделген сипатта болады.

 

Әдебиеттер:

1. ҚР Үкіметі мен ҰБ экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы бірлескен Мәлімдемесі, 2014 жыл.

2. http://nationalbank.kz

3. www.google.kz