Қазақстан
Республикасындағы коммерциялық банктердің
қызметтерінің ұйымдастырылу негіздері мен атқаратын
қызмет түрлері
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің оқытушысы, э.ғ.к. Бекешева Д.А.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 – ге
жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге
әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық
банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз
жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін
тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан
түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған
барлық елдердің коммерциялық банктері несие
жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы
кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының
жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын
көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық
операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы
делдары ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің
депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер
қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне
пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ
қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ
қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы
қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін
болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскелік
операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту
мүмкін емес.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын
сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді
ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген
клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады [1. 23
б.]. Көптеген клиенттер үшін облигацияға
немесе акцияға жұмсағанға қарағанда,
мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Коммерциялық
банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды
жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа
қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті
ол ақша жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол
ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар
түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі
экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін
іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай
туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік
және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақаш қаражаттарын жинақтайды және несие
түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының
қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа
төлем құралдарын жасайды.
Банк жүйесін
ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге
болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал
Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік
ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық
банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы
аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал
өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен
ашады.
Банк филиалы –
бұл бас банктің берген құқықтары шегіде
банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы
заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды
және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен
өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан
басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз
атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды
тұлға болып табылмайтын, құрылымдық
бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қордың 50% - нан астамы
бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік
мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО – ның
монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы
мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк,
Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық
аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан
құрылған коммерциялық банктер де сондай өз
филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк,
Темірбанк және т.б.) [2. 320 б.
].
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда,
бөлімшелері бар банктердің артықшылығы – олар бас
банктің толық бақылауында және оның балансында
болады.
Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған
банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі
Алматыда орналасқан,
оған облыстық
басқармалар бағанса, ал соңғысына аудандағы
бөлімшілер бағынышты болып келді.
Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға
және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы.
Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг,
факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға мамандандырылған.
Қазақстандағы
соңғы уақыттарда құрылған барлық
коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып
келеді.
Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және
соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі,
бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да
банктің бір – екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан
басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да
барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны
міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе
мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз
болмауға тиіс.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Коммерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б.
Алматы: Издат маркет, 2004
2.
Кураков Л.П. и др. Современные банковские системы.
Учебное пособие. 3-е издание. Переработанное и дополненное. М:Гелиос АРВ, 2000-320б.