Экономические науки/ 3.Финансовые отношения.
«Қаржы» мамандығының
1
курс магистранты
Дүйсебаева А.Е.
Ө.А Жолдасбеков
атындағы Экономика және құқық академиясы,
Қазақстан
БЮДЖЕТТІК
ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАМДАУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бюджеттік
құралдардың қалыптасу, бөлісу және
пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау
арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың ролі
мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды
негізгі мақсаттарда, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен
әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық
сақтауды дамытуға, индустриалды–инновациялық дамуға,
аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің
мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар –
бюджетті құрғанда көрінді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық
қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында
қоғамдық өнім құны мен ұлттық
табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта
бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі
бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік
жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік –
экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Жалпы
қаржылық жоспарлау мен оның маңызды
құрамалы буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни бюджетті
құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық
халық шаруашылығын жоспарлаудың органикалық
бөлшегі болады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарын
басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың ролі өте зор, себебі
ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын
құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер
бойынша міндеттемелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру
көлемін анықтаумен шектелмейді.
Бюджеттік
жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
·
орталықтандырылған және орталықсыздандырылған
қаржылық жоспарлар арасындағы қажетті арақатынас
пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
·
бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің
дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу
дәрежесін тағайындау;
·
қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен
оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері
бойынша бөлу;
·
бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша
шығындар көлемін анықтау.
Бюджеттік
болжамдаудың негізгі мақсаты– ол экономикада қазіргі
кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметтік –
экономикалық шарттарды және олардың
өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып,
бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай
болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы–бюджеттік
саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Бюджет
кірістері–ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің
бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін
және заңнамаларға сәйкес билік органдарының
әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және
қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша
құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар
қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық
қатынастарды әлпеттейді.
Бюджет
кірістерінің басты материалды көзі–ол Ұлттық табыс.
Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік
бюджет кірістері көлемінің тұрақты ұлғаюын
қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістердің айтарлықтай
бөлігі – ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі
меншік формаларының кәсіпорындарында жасалған
қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жалпы
мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру
үшін әр түрлі кәсіптік іс – әрекетпен және
өндірістік пен өндірістік емес салаларда шұғылданатын
азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады.
Республикалық
бюджет түсімдерінің жоспары 2013 жылғы бірінші
жартыжылдықта 92,3%-ға орындалып, 2 988,1 млрд.теңгені
құрады , бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінің
деңгейінен 205,6 млрд.теңгеге төмен.
Бұл ретте
есепті кезеңде салықтық түсімдердің көлемі
жылдық болжамға қарағанда 46,9%-ды құрады.
Өткен
жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына салықтық
түсімдер 11,7 млрд.теңгеге төмендеген.
Болжамның
асыра орындалғанына қарамастан, 2013 жылғы 6 айда жекелеген
ұстанымдар бойынша 2012 жылдың осындай кезеңімен
салыстырғанда салықтық түсімдердің 99,3
млрд.теңгеге, соның ішінде: резидент емес заңды
тұлғалардан түсетін корпоративтік табыс салығы бойынша
– 65,2 млрд.теңгеге; үстеме пайда салығы бойынша – 19,4
млрд.теңгеге; кеден баждарының, салықтардың
бірыңғай ставкаларын қолдана отырып, Ресей Федерациясы мен
Беларусь Республикасы бөлген кеден баждары бойынша – 10,3
млрд.теңгеге төмендегені атап өтіледі.
Квазимемлекеттік
сектор субъектілерінің қызметінен республикалық бюджетке
түсетін кірістердің көлемі өткен жылдың осындай
кезеңімен салыстырғанда 7,4 есеге төмендеп, барлығы
24,8 млрд.теңгені құрады.
Салық бересісі
2013 жылғы 1 шілдеге 93,0 млрд.теңгені құрады,
бұл жыл басымен салыстырғанда 11,7 млрд.теңгеге немесе
13%-ға көп.
Бересінің
жалпы сомасынан 37,4 млрд.теңгесі немесе 40,2%-ы жалған
кәсіпкерлік белгілері бар салық төлеушілердің
бересілеріне тиесілі. Бұл ретте камералды бақылаудың
хабарламалары және салықтық
тексерулердің актілері бойынша қосымша есептелген сомаларды
бюджетке өнідіріп алудың үлес салмағы төмен
болыпотыр. 2013 жылғы 1-жартыжылдықта республикалық бюджет
шығыстары төлемдер бойынша 880,6 млрд.теңгеге
қаржыландырылуы жоспарланғанымен, 2 796,2 млрд.теңгеге,
немесе 97,1%-ға орындалған. 2014
жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен
түсімдер көлемі 722 млрд. теңгені құрады.
Бюджеттің тапшылығы 46,9 млрд. теңге деңгейінде
анықталып отыр.
Есепті кезеңде республикалық бюджеттің 89,9%-ын
табыстар (соның ішінде салықтар-93%) құрады.
Түсімдер көлеміндегі ресми трансферттер үлесі- 8%.
Шығындардың негізгі бөлігі-35,2% әлеуметтік сала мен
жалпы мемлекеттік қызметтер-21,5% үлесінде. 2014 жылғы тиісті
кезеңмен салыстырғанда бұл шығындар тиісінше 27,4%
және 25,5% артты, өндірістік салаға шығындар 54,8%
өсті. Бюджет мемлекеттің қызметтерін іске асыру
және мемлекеттік саясат шараларын іске асырудың негізгі
құралы болып табылады. Сондықтан да мемлекет қызметін
іске асыру және бюджет саясатын тиімді жүзеге асыру белгілі бір
бюджет қаражаттарын талап етеді.
Қазақстандық
бюджетті басқару процесінің негізгі мәселесі болып бюджеттік
процестің жоспарлау, қаржыландыру және бюджет
қаражаттарын пайдалану стадияларында қайталанып отыратын қателіктердің болуы.
Бюджеттік процестің барлық стадияларында, қаржылық
бақылауды қоса алғанда жүйелі байланыс болуы тиіс.
Бюджетті
басқару процесі жергілікті бюджеттің кіріс базасын арттыруға
аймақтардың әкімдерін ынталандыруы тиіс. Бірақ
қалыптасып отырған бюджеттік алулар жүйесі жергілікті
басшылық жағынан мұндай ынтаны туғызбайды. Бұл
мәселе барлығына яғни ресми трансферттер алатын облыстар мен
қалаларға да тән. Аймақтар өздерінің кіріс
базасын арттыруға ынталы емес, өйткені үш жылдық
мерзімге белгіленген ресми трансферттер сомасы міндетті түрде жергілікті
бюджетке түседі. Осындай жағдайда болдырмау үшін нақты
бюджеттік және экономикалық реформаны іске асыру қажет
және бюджетаралық қатынастардың дұрыс
құрылуына көңіл бөлінуі тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2010.
2.
Салық
кодексі–«Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті
төлемдер жөнінде» ҚР
Заңы. – Алматы: Юрист, 2009.
3.
Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет.
Оқулық. Алматы 2006 ж.–224 б.