Экономические науки/ Финансовые отношение

 

Капанова Шолпан Аманжоловна

«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы

Нармағанбет Мөлдір

Фин-12-1 оқу тобының студенті

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда қаласы

 

Кәсіпорынның    қаржылық  механизмі

 

 

Кәсіпорын жүйе ретінде екі қосалқы жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылатын (1 сурет) [1., 15 б]. Басқарушы қосалық жүйе негізінен бірнеше бөлімдерден (департаменттерден) тұрады: техникалық, коммерциялық, өндірістік, қаржылық, есеп-қисап және т.б.

Басқарылатын қосалқы жүйе, яғни шаруашылық қызмет, өндірістік бөлімшелер түрінде болады және келесі элементтермен сипатталады:

-өндірістік техникалық жарақтандыру (техника мен технология);

-өндірісті ұйымдастыру;

-еңбекті ұйымдастыру;

-кәсіпорын қызметкерлері арасында экономикалық қарым-қатынасты қалыптастыру;

-кәсіпорынның сыртқы экономикалық байланысын ұйымдастыру;

-ұжымда еңбек етуге әлеуметтік жағдай жасауды ұйымдастыру;

-табиғатты пайдалануды ұйымдастыру.

Кәсіпорынның қаржы механизмі дегеніміз – бұл қаржы әдістерінің көмегімен қаржы тұтқалары арқылы кәсіпорынның қаржы қатынастарын басқару жүйесі. Қаржы механизмінің элементтері болып: қаржы қатынастары қаржылық басқарудың объектісі ретінде, қаржы тұтқалары, қаржы әдістері, қаржылық басқаруды құқықтық және ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету.

Қаржы қатынастары – бұл инвестициялау, несиелеу, салық салу, қаржы тұтқаларының жүйесі, сақтандыру.

Қаржы тұтқалары – бұл қаржы көрсеткіштерінің жиынтығы, осы көрсеткіштер арқылы басқарушы жүйе кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ықпал ете алады. Бұл көрсеткіштерге: пайда, қаржы санкциялары, баға, дивиденттер, пайыздар, еңбек ақы, салықтар және т.б. жатады.

Қаржы әдістері – бұл қаржылық есеп, қаржылық талдау, қаржылық жоспарлау, қаржылық реттеу, қаржылық бақылау.

 

Сурет 1. Кәсіпорынның негізгі қосалық жүйелері

 

Қандайда бір коммерциялық кәсіпорынның мақсаты пайда алу үшін өнім шығару бойынша шаруашылық қызметін ұйымдастыру болып табылады.

Коммерциялық кәсіпорынан коммерциялық емес кәсіпорынның айырмашылығы пайда табу негізгі мақсаты еместігінде. Коммерциялық кәсіпорын пайда табуы мүмкін, бірақ оны дивидент түрінде бөлмейді, тек қана осы кәсіпорынның дамуына жұмсайды.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі үш сатыдан тұрады: жабдықтау, өндіру (өндіріс), және өткізу.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметін ақпаратпен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қаржы нәтижесінің көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолютті тиімділігін сипаттайды. Осы көрсеткіштердің ішіндегі маңыздысы кәсіпорынның экономикалық дамуының негізін құрайтын пайда көрсеткіштері болып табылады. Пайданың өсуі кәсіпорында өзін-өзі қаржыландыру үшін қаржы базасын жасауға, ұлғаймалы ұдайы өндіріске, еңбек ұжымының әлеуметтік және материалдық қажеттілігі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Пайда есебінен сондай-ақ кәсіпорынның бюджет, банк және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі орындалады. Сонымен, пайда көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалау үшін маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қаржылық сәттілігінің  деңгейін сипаттайды. Пайда арқылы осы кәсіпорынның активтерге салынған салымдарының табыстылығы мен авансыланған қаражаттардың қайтарымдылық  деңгейі анықталады.

Пайда көрсеткіштерін есептеудегі бастапқы кезең болып өнім өткізудегі кәсіпорынның айналымы табылады. Өнімді өткізуден түскен түсім кәсіпорынның өндірістік циклінің аяқталуын, кәсіпорынның өндіріске авансыланған қаражаты нысанында қайтарылуын және барлық қаражаттарының айналымында жаңа циклдің басталуын сипаттайды.  Өнім    өткізу көлемінің өзгеруі кәсіпорын қызметінің қаржылық қызметіне өте үлкен әсер етеді, сондықтан қаржы бөлімі күнделікті өнімді тиеумен өткізу үдерісін оперативті бақылауы тиіс.

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін талдаудың негізгі міндеті: пайда көрсеткіштерінің серпінін бағалау, олардың нақты мөлшерін құру мен бөлудің негізділігі, пайдаға әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруі және оны анықтау, өндіріс көлемі мен шығындарды төмендету негізінде пайданы келешек одан әрі арттырудың мүмкін резервтерін бағалау.

Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесін талдаудың теориялық базасы пайданы қалыптастыруға негізделген меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорын үшін қабылданған шаруашылық механизімінің бір тұтас үлесі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. ШереметА.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятий: Учебн. Пособие. М: Инфра-М, 1997.

2. Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2008.- 376 бет