Экономические науки/
Финансовые отношение
Капанова Шолпан
Аманжоловна
«Қаржы»
кафедрасының аға оқытушысы
Нармағанбет
Мөлдір
Фин-12-1 оқу
тобының студенті
Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ, Қызылорда қаласы
Кәсіпорынның
төлемқабілеттілігі мен өтімділігін есептейтін көрсеткіштері талдау
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау
мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушылармен, банктік
қарыздар және басқа да есеп айырсулар бойынша қарыздары
жоқ болса төлем қабілетті деп саналады. Келешекке арналған
төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның
төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел
міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы
ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын
көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы
көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге
тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау үдерісінде
төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау
керек.
Кәсіпорынның
перспективті (ұзақ
мерзімді – бір жылдан аса) төлем қабілетін бағалау үшін
өтімділіктің динамикалық, статистикалық
көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық
көрсеткіштердің бірі өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың
орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады.
Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет
айналымы, ал бөлімінде – осы кезеңдегі ағымдағы
міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады.
Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең
үшін ақша қаражаттарының ағымын көрсетеді.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті
төлем қабілетін талдауды нақтыландыру және
тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер
белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу
қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның
қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып
табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп, болашақта
кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу
қабілеттілігі түсіндіріледі.
Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8-10
пайыз шегінде жеткілікті болып саналады. Кәсіпорынның перспективті
төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын
активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық
және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық
көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады. Бұл жерде үш көрсеткіш жиі қолданылады:
1.
абсолютті өтімділік коэффициенті;
2.
аралық өтеу (жабу) коэффиценті;
3.
жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез
өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді
және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде
есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы
қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Кәсіпорынның
негізгі қысқа мерзімді төлемқабілеттілік көрсеткіштері
мына формулармен есептеледі:
1. абсолютті өтімділік
коэффициенті:
|
Кал = S/Pt |
(1) |
Ұсыналатын мәні Кал. ≥ 0,2 - 0,3
құраса, мұнда қысқа мерзімді
міндеттемелердің қандай бөлігі бос ақша
қаражаттарымен жабылатындығын көрсетеді.
Бұл - ағымдағы міндеттемелердің қандай
бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем
қабілеттілігінің қатаң белгісі В.П. Палий бұл
коэффициенттің мәні 0,2-0,25-тен жоғары болуы керек деп
санайды.
2. аралық өтеу
(жабу) коэффиценті:
|
Кпл = S+Ra/Pt |
(2) |
Ұсынылатын
мәні 0,8 – 1 құраса, қысқа мерзімді
міндеттемелердің қандай бөлігі дебиторлардан түскен
және ақша қаражаттарымен жабылатындығын
көрсетеді.
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның
басқа аталуы қауіпті өтім коэффициенті,
өтімділіктің дәл коэффиценті) ақша
қаражатының құрамына алдынғы
көрсеткіштің алымына дебиторлық қарыз және
басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның
дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында
болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы
міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты
есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер,
орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер
үшін түсімдер есебінен өтелетінен сипаттайды.
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі
шегін бағалау былайша өрнектеледі:
|
К пл. ≥ 1 |
(2.1) |
В.П. Палий бұл көрсеткіштің теориялық
ақталған бағалауы 0,7 - 0,8 аралығы деп
көрсеткен.
Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның
күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық қарыздың бір айналымының
орташа ұзақтығына
тең кезеңге сипаттайды.
3. жалпы өтеу (жабу)
коэффициенті:
|
Ктл = S+Ra+Z/Pt |
(3) |
Ұсынылатын
мәні 2,0 – 2,5 құраса, қысқа мерзімді
міндеттемелердің қандай бөлігі дебиторлардан түскен
және ақша қаражаттарымен жабылатындығын
көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және
қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін
белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс
құрылымының
тұрақтылық дәрежесін ғана емес,
кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді
қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Кәсіпорынның аралық өтімділік коэффициентінің
төмен және жалпы өтеу коэффициентінің жоғары
болуы кезінде айналымдылықтан аталған көрсеткіштерінің
нашарлауы осы
кәсіпорынның төлем
қабілетінің нашарлағанын көрсетеді. Өтімді
қаржылардың айналым көрсеткіштерінің нашарлауы болған кезде,
кәсіпорынның төлем қабілетін объективті бағалау
үшін осындай төмендеу себептерін айқындау керек [1, 154 б.].
Ресей
мемлекетінің экономистері ұсынған ұзақ мерзімді
төлемқабілеттілігінің көрсетіштері төмендегі формулалармен есептеледі.
4. Жалпы
төлемқабілеттілік коэффициенті барлық мүліктердің
құны бойынша:
|
Коп = Ba/Pt+Kd |
(4.1) |
Мұнда
мүліктің бір теңгесіне қарыз капиталының қаншалықты келетінін
көрсетеді.
Жалпы
төлемқабілеттілік коэффициентін
ағымдағы активтердің
сомасы бойынша анықтау:
|
Коп = At/Pt+Rd |
(4.2) |
5. Ұзақ
мерзімді төлемқабілеттілік коэффициентін №3 нысан бойынша
анықтау:
|
Кдп = ДСнг+ПДП/ОДП |
(5) |
Ұсынылатын
мәні : >=1
ДСнг - жыл басындағы ақша
қаражаттары
ПДП – жағымды ақша ағымы
ОПД - теріс (жағымсыз) ақша ағымы
[1, 155 б.].
Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның
күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық қарыздың бір айналымының
орташа ұзақтығына
тең кезеңге сипаттайды.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел
және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын
өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс
құрылымының
тұрақтылық дәрежесін ғана емес,
кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді
қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Кәсіпорынның аралық өтімділік коэффициентінің
төмен және жалпы өтеу коэффициентінің жоғары
болуы кезінде айналымдылықтан аталған көрсеткіштерінің
нашарлауы осы
кәсіпорынның төлем
қабілетінің нашарлағанын көрсетеді. Өтімді
қаржылардың айналым көрсеткіштерінің нашарлауы болған кезде,
кәсіпорынның төлем қабілетін объективті бағалау
үшін осындай төмендеу себептерін айқындау керек.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығының маңызды
көрсеткіштерінің бірі – төлем қабілеттілігі. Ол
баланстың өтімділігімен тығыз байланысты. Сонымен бірге
кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің басты
факторлары – елдегі саяси және экономикалық жағдай,
ақша нарығының жағдайы, кепілдік және банктік
заңдардың жетілуі, меншіктің капиталмен қамтамасыз
етілуі, дебиторлық қарыз, кәсіпорынның қаржы
жағдайы және басқалар әсер етеді.
Төлем қабілеттілігін талдау кезінде осы факторларды кешенді
түрде қарастыру маңызды, бұл талданатын
кәсіпорынның қаржы жағдайын объективті
бағалауға мүмкіндік береді (1 кесте).
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті
және қатыстырылған капиталдың көрсетілген
көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру
себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде
өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз
қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық
тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
1-кесте бойынша кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен
өтімділігін есептеуге арналған көрсеткіштер жүйесі
берілген.
Кесте 1
Кәсіпорынның
төлемқабілеттігі мен өтімділік көрсеткіштерінің
жүйесі
|
Көрсеткіш |
Көрсеткіштің
сипаты |
Есептеу үшін
алынатын ақпарат көздері |
Көрсеткішті
есептеу формуласы |
Оңтайлы мэні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. Абсолютті өтімділік
коэффициенті |
Балансты
құрастыру кезіндегі (мерзімдегі) қысқа мерзімді
міндеттемелердің қандай бөлігінің
жабылатындығын көрсетеді |
№1 нысан |
(Ақша
қаражаттары және олардың баламалары + қысқа
мерзімді қаржылық инвестициялар) / қысқа мерзімді
міндеттемелер |
0,2-0,3 |
|
2. Дағдарысты
өтімділік коэфициенті /аралық жабу коэфициенті/ |
Дебиторлардан түсетін
түсімдер мен қолда бар ақша қаражаттарының
қандай бөлігінен қысқа мерзімді
міндеттемелердің жабылатындығын көрсетеді |
№1 нысан |
(Ақша
қаражаттары және олардың баламалары + қысқа
мерзімді қаржылық инвестициялар + қысқа мерзімді
дебиторлық қарыздар) / қысқа мерзімді міндеттемелер |
0,8-1 |
|
3. Ағымдағы
өтімділік коэфициенті /жалпы жабу коэфициенті/ |
Қысқа
мерзімді міндетемелердің қандай бөлігін айналым
активтерімен жабу дәрежесін бағалауға мүмкіндігін
береді |
№1 нысан |
Айналым активтерін
бөлеміз қысқа мерзімді міндеттемелерге
Нақтылаған есепке: (Айналым активтерінен - ұзақ
мерзімді дебиторлық қарыздарды)/қысқа мерзімді
міндеттемелер |
1,5-2 |
|
4.Таза активтер |
Ұйымдардың
меншікті қаражаттарының шамасын сипаттайтын, ұйым
міндеттемелерінің ішіндегі активтердің қаншалықты
өсімін көрсетеді |
№1 нысан |
[Есептеуде
қолданылатын активтер (А)] шегереміз [Есептеуде қолданылатын
пассивтер (П)] Мұндағы, А – баланс жиыны; П – (III бөлім
«Қысқа мерзімді міндеттемелер» + IV бөлім «Ұзақ
мерзімді міндеттемелер») |
>Жарғылық капитал |
|
5.Таза айналым
активтері |
Меншікті айналым
капиталына қажеттілігін сипаттайтын, ұйымдардың
қысқа мерзімді міндет- темелердің айналым активтерінен
қаншалықты өсімін көрсетеді |
№1 нысан |
Айналым активтерінен
шегереміз қысқа мерзімді міндеттемелерді |
х |
|
Е С К Е Р Т У – кесте
мәліметтері[1, 204 б.] алынған |
||||
2-кесте бойынша
төлемқабілеттілігін есептейтін негізгі үш
көрсеткіштің есептелу жолдарына тоқталуға болады.
Кесте 2
«Най-Мир» ЖШС-нің ағымдағы
активтерінің өтімділік көрсеткіштерінің есептелу
жолдары
|
№ |
Көрсеткіштер |
2011 ж |
2012 ж |
2013 |
өзгерісі (+,-) |
|
|
2012/ 2011 |
2013/ 2012 |
|||||
|
1 |
Ағымдағы активтер,
оның ішінде |
54796832 |
109815069 |
96175216 |
55018237 |
-13639853 |
|
1.1 |
Ақша қаражаттары |
2729706 |
4764356 |
9509839 |
2034650 |
4745483 |
|
1.2 |
Дебиторлық қарыз
және басқа да активтер |
48918149 |
27099659 |
11200567 |
-21818490 |
-15899092 |
|
1.3 |
Қорлар |
3148980 |
77951054 |
75464810 |
74806074 |
-2486244 |
|
2 |
Қысқа мерзімді
міндеттемелер |
49536481 |
141070821 |
149838757 |
91534340 |
8767936 |
|
3. |
Өтімділік
көрсеткіштері |
- |
- |
- |
- |
- |
|
3.1 |
Абсолютті өтімділік
коэффициенттері (1.1қатар/2қатар) |
0,55 |
0,03 |
0,06 |
-0,52 |
0,03 |
|
3.2 |
Аралық өтімділік
коэффициенті (1.1қатар+1.2
қатар)/2қатар |
1,04 |
0,23 |
0,14 |
-0,81 |
-0,09 |
|
3.3 |
Жалпы өтімділік
коэффициенті (1.1 қатар + 1.2 қатар+ 1.3 қатар)/ 2
қатар |
1,11 |
0,77 |
0,64 |
-0,34 |
-0,13 |
|
Е С К Е Р Т У – «Най-Мир» ЖШС 2011-2013жж. бухгалтерлік
баланстың мәліметтерін пайдалану арқылы автормен
құрастырылған |
||||||
2-кесте бойынша ағымдағы активтер мен қысқа
мерзімді міндеттемелердің арақатынасы ретінде анықталатын
төлемқабілеттілік көрсеткіштерін есептеу уақытында 2012 жылды 2011 жылмен
салыстырғанда ақша қаражаттарының көлемінің
және қысқа мерзімді міндеттемелердің өскендігін, қалған
дебиторлық қарыздар мен басқа да ағымдағы
активтердің көлемі соңғы екі жылда
азайғандығын көруге болды. Қорлардың көлемі
2012 жылы 74 806 074 теңгеге өссе, керсінше 2013 жылы 2 486 244
теңгеге азайған.
Кесте 3
«Най-Мир» ЖШС-нің өтімділік
коэффициенттері
|
№ |
Көрсеткіштер |
Оңтайлы
мәні |
2011 ж |
2012 ж |
2013 |
өзгерісі (+,-) |
|
|
2012/ 2011 |
2013/ 2012 |
||||||
|
1 |
Абсолютті өтімділік
коэффициенттері (1 формула) |
0,2-0,25 |
0,55 |
0,03 |
0,06 |
-0,52 |
0,03 |
|
2 |
Аралық өтімділік
коэффициенті (2 формула) |
>1 |
1,04 |
0,23 |
0,14 |
-0,81 |
-0,09 |
|
3 |
Жалпы өтімділік
коэффициенті (3 форомула) |
2-2,5 |
1,11 |
0,77 |
0,64 |
-0,34 |
-0,13 |
|
Е С К Е Р Т У – «Най-Мир» ЖШС 2011-2013жж. бухгалтерлік
баланстың мәліметтерін пайдалану арқылы автормен
құрастырылған |
|||||||
3-кесте бойынша «Най-Мир» ЖШС-нің
төлемқабілеттілігін анықтайтын өтімділік
көрсеткіштері соңғы жылдары берілген мәннің
нәтижесіне сәйкес келетінін көріп отырмыз. Абсолютті
өтімділік коэффициенті 2011 жылы 0,55-ке, 2012 жылы 0,03 және 2013
жылы 0,06 тең болған. Мұның оңтайлы мәні 0,2-0,25 тең болуы қажет еді. Аралық өтімділік коэффициенті 2011 жылы 1,04
қажетті нормаға сәйкес келеді, қалған 2012 жылы 0,23 және 2013 жылы 0,14
тең болған. Мұның оңтайлы мәні >1 тең болуы қажет еді. Жалпы өтімділік коэффициенті 2011 жылы
1,11-ге, 2012 жылы 0,77
және 2013 жылы 0,64 тең болған. Мұның
оңтайлы мәні 2-2,5 тең болуы
қажет еді.
Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті бірден
үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық
жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер
төлем қабілеттілігінің коэффициенті 1-ден аз болса, онда
талдау үдерісінде төлем қаражаттарының жетіспеу
себептерін анықтау керек. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай
келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның
дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша
төлемдер жүргізуге дайындығын түсінуі. Бірақ бұл үшін
кәсіпорынның есеп айырсу, валюта және басқа да
шоттарында ақшалары болуы керек.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп,
ағымдағы активтің сомасы ағымдағы
міндеттемелерінен көп жоғары
кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды
өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс
үшін қаржылары болуы керек.
Серіктестіктің төлемқабілеттілігі
мен қаржылық тұрақтылығын талдау барысында отандық
және шетелдік, Ресей авторларының Л.В. Донцова
және Н.А. Никифорованың ұсынған үлгісін
ұсынуға болады.
Бұл
әдістемелік үлгінің маңызы қаржылық
тұрақтылық пен төлемқабілеттілігін балдық
деңгейде ашу, сол арқылы
оны сыныптарға бөлуге болады.
І сынып. Қарыз
капиталын уақытында қайтаруға мол қорының бар
болуы және қаржылық тұрақтылығы
жоғары кәсіпорындар.
ІІ сынып. Бірнеше
қарыздары бар тәуекелге баратын кәсіпорындар.
IIІ сынып. Проблемасы бар кәсіпорындар. Бұл
жерде қаражаттарды жоғалту қаупі бар, пайыздар алуға
күмәнмен қарайтын кәсіпорындар.
IV сынып – қаржылық
сауықтырудан өткен және банкроттықтың
жоғары тәуекелі бар кәсіпорындар. Кредиторлар
өздерінің қаражаттары мен пайыздарын жоғалу
тәуекеліне барады.
V сынып – өте
жоғары тәуекелі бар және практикалық
тұрғыдан төлемқабілетілігі жоқ
кәсіпорындар.
VI сынып – дағдарыстық
кәсіпорындар [2, 18-19 б.].
Кесте 4
Кәсіпорынның
төлемқабілеттілігін деңгейі бойынша сыныптарға
топтастыру
|
Көрсеткіштер |
Критерийлерге сәйкес сыныптардың шегі |
|||||
|
I сынып |
II сынып |
III сынып |
IV сынып |
V сынып |
VI сынып |
|
|
Абсолютті өтімділік коэффициенті |
0,25% және
одан жоғары (20 балл) |
0,2% (16 бал) |
0,15% (12 балл) |
0,1% (8 балл) |
0,05% (4
балл) |
0,05 %
төмен (0 балл) |
|
Ағымдағы өтімділік коэффициенті |
2% және
одан жоғары (16,5
балл) |
1,9 -дан 1,7% -дейін (15 –тен 12 баллға) |
1,6 –дан 1,3-ке ( 10,5 -дан 7,5 баллға дейін) |
1,3 -дан 1,1% ( 6 –дан 3 баллға) |
1 % (1,5
балл) |
1% -дан
төмен (0 балл) |
|
Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
0,7% және
одан жоғары (20 балл) |
0,69 –дан 0,45%
дейін (19,9-дан 10 баллға) |
0,44 –дан 0,3% -дейін ( 9,9-дан 5 баллға) |
0,29 –дан 0,20% ( 5-тен 1 баллға) |
0,19 -дан 0,1% (1 балл) |
0,1% -дан
төмен (0 балл) |
|
Сыныптардың шегі |
100 балл |
99-дан 65 баллға дейін |
64 –тен 35 баллға дейін |
34 –дан 10 баллға дейін |
9-дан 6 баллға дейін |
0 балл |
|
Е С К Е Р Т У – кесте мәліметтері [26, 20 б.]
алынған |
||||||
4-кестенің
мәліметтері бойынша «Най-Мир» ЖШС-нің 2011 – 2013
жылдар бойынша төлемқабілеттілігінің деңгейін
талдауға болады.
Кесте 5
«Най-Мир» ЖШС-нің 2011 – 2013
жылдар бойынша төлемқабілеттілігінің деңгейін
анықтау
|
Көрсеткіштер |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
|||
|
Көрсеткіштің нақты есептелген мәні |
Баллдардың саны |
Көрсеткіштің нақты есептелген мәні |
Баллдардың саны |
Көрсеткіштің нақты есептелген мәні |
Баллдар- дың саны |
|
|
Абсолютті өтімділік коэффициенті |
0,55 |
20 |
0,03 |
- |
0,06 |
4 |
|
Ағымдағы өтімділік коэффициенті |
1,04 |
1,5 |
0,23 |
- |
0,14 |
- |
|
Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті |
0,10 |
20 |
0,12 |
20 |
0,27 |
5 |
|
Барлығы |
х |
41,5 |
х |
20 |
х |
9 |
|
|
|
ІІІ сынып |
|
ІҮ сынып |
|
Ү сынып |
|
Е С К Е Р Т У – кесте мәліметтері [2, 20 б.]
негізінде автормен есептелген |
||||||
5-кесте бойынша
есептеу барысында 2011 жылы «Най-Мир» ЖШС-нін IIІ-қа сынып, яғни
проблемасы бар кәсіпорындарға жатқыза аламыз. Бұл жерде
қаражаттарды жоғалту қаупі бар, пайыздар алуға
күмәнмен қарайтын кәсіпорындар жатады.
2012 жылы IV сыныпқа
– қаржылық сауықтырудан өткен және
банкроттықтың жоғары тәуекелі бар
кәсіпорындарға, яғни кредиторлар өздерінің
қаражаттары мен пайыздарын жоғалу тәуекеліне барады.
2013 жылы V сыныпқа
– өте жоғары тәуекелі бар және практикалық
тұрғыдан төлемқабілетілігі жоқ
кәсіпорындарға жатқызуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Литовченко
В.П. Финансовый анализ: Учеб. пособие / В.П. Литовченко.-М.:
Издательско-торговая корпорация «Дашков и Ко», 2010.-216 с.
2. Подъяблонская Л.М. Финансовая устойчивость и оценка
несостоятельности предприятий //Финансы. – 2010. – №12. – С. 18 – 20.