Экономические науки/ 3.Финансовые отношения.

 

«Қаржы» мамандығының 1 курс магистранты Ержанов Қ.Е.

Ө.А Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясы, Қазақстан

Индустриалды-инновациялық қалыптастырудың негізгі бағыттары

 

Индустриалды-инновациялық экономика құру- ел келешегінің дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі. Соңғы жылдары индустриалды-инновациялық саясатты қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге айналды. Н.Ә. Назарбаев «индустриалды –технологиялық даму Қазақстан өз болашағы үшін қажет» атты жолдауында мынаны атап өтті: «Инновациялық жетілдіру, өмір сүру деңгейін жоғарлату, қоғамдағы тұрақтылық – осы үшеуі ең басты мақсат және ұранымыз ретінде ұстану» деген [1]. Құрылыс материалдар өнеркәсібі –экономиканың ең маңызды саласының бірі, бірақ Қазақстан Республикасында бұл сала әліде нақты деңгейіне жетілмеген. Тұрғын үй, азаматтық және өнеркәсіп құрылысына деген инвестициялар деңгейінің жоғарлауы, бұл саланың сәйкестікте қарқынды дамуына мүмкіншілік береді. Бірақ, қазіргі таңда Қазақстандағы құрылыстын өзіндік құны ТМД елдерінің арасында ең жоғарғы деңгейде екенің атап өткен жөн, мұның негізгі себебі республикамыздағы құрылыс материалдар бағасының жоғары болуы. Отандық материал өндірушілерінің көлемі мен өнім түрлері қазіргі құрылыс қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырарсыз, ал олардың тапшылығы импорт арқылы толықтырылады,  оның қымбат болуының ең басты себебі көлік шығындарымен байланысты. Осыған орай өзіндік бәсекеге қабілетті құрылыс материалдар өндірісін жетілдіру қажеттілігін, Қазақстан Республикасында мемлекеттік  бағдарламаларды «Қазақстан Республикасында 2005-2014 жылдарға құрылыс материалдар, бұйымдар мен конструкциялар өнеркісібін дамыту бағдарламасы» [2] және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік 2005-2007 жылдардағы тұрғын үй құрылысын жетілдіру бағдарламасы» [3] қабылдау аясында анық байқауға болады.

Стратегия 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттің тұтас және кешенді экономикалық саясатын қалыптастыратын және индустриялық-инновациялық дамудың нақты бағыттарын ұсынатын жалпы жүйелік құжат болып табылады. Стратегия экономиканы жеделдете жаңғырту мен әртараптандыру, жоғары технологиялар индустриясын құру және экономиканың экспорттық-шикізаттық бағыттылығынан арылу мен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін үздіксіз арттыру мақсатында қолда бар әлеуеттік артықшылықтарды пайдалану жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі мәні орнықты экономикалық даму мақсатында экономиканың шикізаттық емес секторында Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік мамандануын дамыту болып табылады.

Басты мақсат ұлттық экономиканы  шикізаттық бағыттылықтан арылуға ықпал ететіндей етіп одан әрі жаңғырту, әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді көздегенде сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Стратегияны іске асыру-дамуы ірі жүйе құраушы "серпінді" жобаларды іске асырудың табыстылығын айқындайтын қазіргі заманғы индустриялық инфрақұрылым қалыптастыру үшін мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде мемлекет пен жеке бизнестің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды білдіреді.

Индустриялық инфрақұрылымды одан әрі қалыптастыру арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтарды құру мен дамытуды білдіреді. Арнайы экономикалық аймақтар өңірді жедел дамыту, жаңа технологиялардың бір немесе бірнеше салаларын дамыту, жоғары тиімді экспортқа бағдарланған өндірістер құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын пысықтау, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында құрылатын болады. Инфрақұрылым элементтері ретінде индустриялық аймақтарды пайдаланудың негізгі идеясы белгілі бір өңірде жаңа өнеркәсіптік өндірістер ұйымдастыру үшін алғы шарттар жасау болып табылады. Бұл ретте инвесторлар үшін тартымдылық бір бағыттағы өндірістің шоғырлануынан, инфрақұрылымды жеткізуде қаражатты үнемдеуден, нәтижесінде жобаны іске асыруда шығындардың азаюына алып келетін жаңа өндірістерді (учаскелердің дайындығы) пайдалануға беру мерзімдерінің азаюынан тұрады.

Ресеймен, Қытаймен және Өзбекстанмен шекаралас өңірлерде шекара маңы саудасы аймақтарын қалыптастыруға және дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикалы мемлекет экономикадағы құрылымдық қайта құруларды жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтаса алады. Мұндай ынтымақтастықтың неғұрлым сәтті үлгілері Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және өзінің экономикалық дамуы саласында соңғы отыз жылда ірі ілгерілеу жасаған басқа да елдерде бар.

Дүниежүзілік Банк жүргізген және жетекші әлемдік экономистерді, оның ішінде Нобель сыйлығының иесі Дж.Стиглицті тарта отырып, 1993 жылы жарияланған (East Asian Miracle, 1993) Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің (бұдан әрі - ОША елдері) экономикалық феноменіне терең зерттеу жүргізулер ОША елдерінің үкіметтері қолданған индустриялық және инновациялық дамуға негізгі тәсілдерді жинақтауға мүмкіндік берді.

Экономикалық өсу мен дамудың қазіргі заманғы теориясы оларды 2 негізгі тәсілдер шеңберінде жүйелендірді. Шоғырландыру теориясы. Осы тәсіл шеңберінде 1960 жылдар мен 1990 жылдар аралығындағы 35 жылдық мерзімде әлемнің кедей елдері қатарынан неғұрлым жоғары кірістері бар елдер тобына кіріккен ОША елдерінің төтенше экономикалық өсуінің негізгі себебі инвестициялық "серпіліс" болып табылады.

Қорланымдар мен инвестициялардың жоғары деңгейі қарқынды экономикалық өсуді қамтамасыз ететін басты фактор болып табылады. Экономистер арасында кең таралған екінші теория-бұл сіңіріп алу теориясы, онда кәсіпкерлердің жаңа дағдыларды алуы, өнімділікті арттыру, инновацияларды енгізу, оқыту ОША елдерінің қарқынды дамуының негізгі факторы болып саналады.

Шоғырландыру теориясы экономиканың дамуын негізгі қорларға инвестициялардың жедел қарқынымен түсіндіреді, ал сіңіріп алу теориясы материалдық емес активтерге инвестицияларға: технологияларға, адам капиталына, білімге назар аударады.

Екі теория арасындағы басты айырмашылық мынадай 4 факторға олардың қарым-қатынасында болып табылады: бизнес шешімдерді қабылдау процесі; технологиялардың маңызы; биік деңгейде оқытылған жұмыс күшінің экономикалық мүмкіндіктері; экспорттың ролі.

Шоғырландыру теориясы тұрғысынан компанияның немесе корпорацияның ішкі құрамдас бөліктерінің шағын мәні бар. Олардың пікірі бойынша инвестициялық шешімді қабылдаудың басты өлшемі табыстылық болып табылады. Бұл ретте, табыстылық баға мен өзіндік құнның сыртқы факторларымен белгіленеді.

Сіңіріп алу теориясы бұл процесті бірінші кезекте компаниялардың ішкі факторлары тұрғысынан қарастырады. Инвестициялау туралы шешім қабылдау кезінде-табыстылық белгісіз, ал шешімді қабылдау осы компаниядағы жеткілікті зияткерлік және адам капиталының болуымен айқындалатын өзгерістерге компанияның дайындығы мен менеджменттің тәуекелге дайындығына көп жағдайда тәуелді.

Барлық факторларды кешенді қарау кезінде шоғырландыру теориясында өндіріс факторының болуы экономикалық өсудің айқындаушы факторлары деген қорытынды жасауға болады. Өндіріс факторларының: еңбек пен капитал ұсынысының өсуін ұлғайту өндірістің өсуіне алып келеді.

Шоғырландыру теориясы тәжірибе, басқару, зияткерлік және адам капиталы сияқты факторларды жинақтай отырып, компаниялардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне үлкен назар аударады, технологиялық дайындық өндіріс факторларының ұсыныстарымен айқындалғандағыдан жедел дамуға қабілетті [4].

Мемлекеттің индустриалды-инновациялық саясатының басты мақсаты өндеу өнеркісібі мен қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және импортты алмастыру тауарларын, жұмыс немесе қызмет өндіру болып табылады.

Құрылыс материалдар өнеркәсібінің алдына қойылған негізгі мақсат импорттық өнімді алмастыра алатын жоғары сапалы құрылыс материалдар мен бұйымдарды шығаруды ұйымдастыру, сонымен қатар ішкі және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу.

Алда қойылған мақсатты шешу үшін нақты осы саланы және құрылыс материалдар нарығын тиянақты зерттеу қажеттілігі бірінші сатыда тұр. Бұл экономика салаларының индустриалды-инновациялық даму келешегі мен проблемаларын анықтауға мүмкіншілік береді.

Инновациялық даму мәселелерінің шешімі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті болуына және   сәйкестіктегі өнім нарығында өзіне лайықты орын алуына мүмкіншілік береді. Бірақ, бұл үшін инновациялық қызметке мемлекет тарапынан тікелей және жанама түрде қолдау көрсетілуі тиіс, сонымен қатар инновациялық жобалар мен үдерістерді жүзеге асыру бойынша әсерлі экономикалық механизімдерді және құралдарды жасау, және де инновациялық жетілдіруді жүзеге асыруда инновациялық қызмет субъектілерінің қызығушылығын арттыру.

Жоғарыда аталғандарға сүйенер болсақ мынаны қорытындылауға болады, егер мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмесе айтарлықтай нәтиже бермейтіні дәлел, сондықтан-да Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясатын жүзеге асыру мемлекеттік бақылау объектісі ретінде болуы тиіс.

Инновация негізіндегі индустриализация біздің қоғамымыздың жаңа құнды бағытымызға айналды [5]. Қазақстанда бәсекелестікті нығауту және жоғарлатудың мынадай экономикалық факторлары бар, олар айтарлықтай ғылыми және білім беру потенциалы сияқтылар. Оларды нарықтық экономика жағдайында тек қана адам интеллектісінің жетістіктерін жүзеге асыру арналары, ғылыми-техникалық нәтижелері сияқты инновациялар арқылы іске қосуға болады. Қазіргі заман экономикасында инновациясыз еш бір мақсаттың түп негізін шешуге болмайды.

Соңғы жылдары мемлекетімізде ғылым мен инновациялық қызметті дамыту үшін әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылуда. Мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған, сондай-ақ шикізаттық бағыттылықтан арылуға және экономика салаларын әртараптандыру үшін ҚР-ның индустриалды-инновациялық дамыту Стратегиясы, ҚР-ның қарқынды индустриалды-инновациялық дамыту Бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасынан бірінші болып ұлттық инновациялық жүйені дамыту және қалыптастыру Бағдарламасын жасап шығарды.

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстанның индустриалды-технологиялық дамуы өзіміздің болашағымыз үшін. 15 мамыр 2009 жылғы «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеуі.

2. Қазақстан Республикасында 2005-2014 жылдарға құрылыс материалдар, бұйымдар мен конструкциялар өнеркісібін дамыту бағдарламасы. 13 желтоқсан 2004 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген  №1305.-Астана,2004.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік 2005-2007 жылдардағы тұрғын үй құрылысын жетілдіру бағдарламасы. 11 маусым 2004 жылы №1388 Қазақстан Республикасының Президентінің  Бұйрығымен бекітілген. -Астана, 2004.

4. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының  2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы. 17 мамыр 2003 жылы №1096 Қазақстан Республикасының Президентінің Бұйрығымен бекітілген. –Астана, 2003.

5. Лекция Президента РК в Назарбаев университете г.Астана, 5 сентября 2012 года.