Серкебаева
Д.К.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ
БАСПАСӨЗДЕРДІҢ ДЕРЕКТІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Қазақ тарихындағы аса
ауыртпалыққа және
қасіретке толы ХХ ғасыр белгілі объективті себептерге
байланысты, тәуелсіздіктен соң ғана жалпы адамзат тарихы
контексінде, ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле
бастағандығы белгілі. Бұл ретте тарих ғылымы үшін
ғасыр айнасы іспетті болған мерзімдік
баспасөздердің деректік
орны ерекше. Негізінен ғасыр басында дүниеге келіп, ғасырмен
бірге дамыған қазақ баспасөзінің деректік
маңызын,олардың өзіндік ерекшеліктерінін, олармен жұмыс
істеу тәсілдерін білу үшін алдымен ұлттық мерзімді
басылымның тарихын зерттелу жағдайын білу қажет. Себебі,
біріншіден, тоталитарлық жүйе, коммунистік идеология
қазақ халқының тағдыры сияқты,
баспасөз тағдырында да шешуші рөл атқарды. Оның
тарихының зерттеуіне, өрескел бұрмалауына өз
ықпалын тигізді. Екіншіден, қазақ мерзімі
баспасөзінің өз дәрежесінде ұлт мүддесі
тұрғысынан зерттелуі, оның деректік маңызын
ашуға, ондағы салынған ақпараттардың
шынайлық дәрежесін айқындауға, сол арқылы
халық тарихын жазуға көмектеседі. Баспасөз беттерінде
жарық көрген көптеген материалдарды «Қазірігі
жағдайға сай келмейтін жат идеяларды таратқан, ұлтшыл
кертартпа көзқараста болған» -деп фактологиялық
тұрғыдан жеткілікті талданбай, біржақты зерттеудің
салдарынанан барымызды жоқ деуге шейін жеткен кезеңде, ол газет-журналдардың
тігінділерін өртеп, құрытып, жойып жіберілген еді.
ХІХ
ғасырдың екінші жартысындағы Түркістан
өлкесінің мәдени тарихы үшін маңызды
кезеңдердің бірі болып саналады. 1868 жылы Ташкент қаласында
кітапхана, бір қатар мұражайлар мен мәдени орталықтар,
сонымен қатар орыс-түземдік мектептер, кино және театр,
почта, телеграф, ауруханалар мен ғылыми орталықтар ашылды [1].
Қоғамда
болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты
уақиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет
жеткізу міндетін атқаратын мерзімді баспасөз, уақыт өте
келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналды.
Халыққа
болған уақиға туралы жедел ақпарат таратқан
мерзімді басылым, сол оқиға туралы өз бойына қажетті
мағұлматтарды да жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі
де тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп,
оқиғалардың кейбір қырларын ашуға
көмектеседі.
Қарапайым
қазақ қоғамының санасын уландыру, жергілікті
мұсылман халықтарының дінінен, тілінен, ділінен айыру,
түптеп келгенде орыстандыру мақсатында патша өкіметі Орта
Азияда ресми баспасөзді тимді пайдалануға әрекеттенді. Мәселен,
«Түркістанские ведомости» газетінің бірінші санында
жарияланған мақала патша өкіметінің Түркістан
өлкесін отарлаудағы мақсатын, алдарында тұрған
міндеттерін еш бүкпесіз көрсетіп отырған болатын [2].
Түркістанда
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында баспасөздің дамуына
өз үлестерін қосқан, 1895 – 1913 жылдары жарық
көріп отырған «Закаспииское обозрение», 1898 – 1907
жылдардағы «Русский Туркестан»,
1899 – 1918 «Асхабад» одан бөлек «Среднеазиатский вестник» газет -
журналдары жергілікті
халықтың сана сезімін оятуға өз ықпалын
тигізгенін жоққа шығара алмаймыз [1,15].
Көптеген
қалаларда әсіресе Ташкентте жеке меншік типографиялар мен газеттер
көптеп жарық көре бастады. Алғашқы жеке меншік
типография Ташкент қаласында 1877 жылы ашылса, Самарқан
қаласында 1880 жылы, Қоқанда 1887 жылы жұмыс істеген.
Бұл
типография мен литография орталықтарынан жеке меншік газеттер мен орыс
буржуазиясының газеттері басылды. Осыған байланысты Түркістан
өлкесінде цензуралық мекеме комитеттері мен телеграфа агентігі де
пайда болды. 1882 жылы баспасөздегі мақала өкіметке зиян
келтіретін болса шығартпау туралы заң шығарып, Министрліктер
бұл редакцияны және редакторын жауып бұдан былай газет немесе
журнал шығару құқығынан айырды
1916
жылы Ташкентке Көлбай Төгісов келіп, 26 қарашадан бастап
«Туркестанский курьер» баспаханасынан Мәриям Төгісовамен бірлесіп
«Алаш» газетін аптасына бір рет шығара бастады. Патша үкіметі
«Алаш» газетінің шығуына бірден көңіл аударып,
оның қандай мақсат ұстанғанын анықтауды
Түркістан өлкелік қорғау бөлімінің
бастығына жүктеген. Газетке жан-жақты талдау жасалынып,
оның мақсаты туралы Түркістан генерал-губернаторлығына
арнайы хат түскен. Газетте қазақ халқы үшін
өткір әрі ауыр мәселелердің бірі қазақтарды
отырықшылыққа көшіру, одан кейін халық
ағарту ісі, әскери жағдай, жер мәселесі, Думадағы
өкілдік, сот мәселесі, әйел теңдігі, экономикалық
жағдайлар ерекше көрсетіліп отырған. Газеттің
шығуына қазақ қыз-келіншектері де атсалысқан.
Түркістан өлкесінің барлық оқыған саналы
қазақ азаматтары газетке мақала ғана жазып қоймай
сонымен қатар, газетті кеңінен таратуға, мәдени
ағарту ісін және барлық қазақтардың бірігу
қажетігін де насихаттаған. «Алаш»
баспасөзі 1917 жылдың екінші жартысынан бастап өз
қызметін тоқтатты [3].
1917
жылы Ташкентте «Бірлік туы» газеті жарық көрді Осы жылдың
тамыз айында исламның және Түркістан жадидизмнің
ықпалындағы Сырдария қазақтары мен Ташкентте
аймақтық конференция өткізіп, ұлттық автономия
жобасын жасады. Конференция делегаттары апталық «Бірілік туы» газетін
шығаруға шешім қабылдады. Бұл газет сол кездегі
өзге қазақ газеттеріне қарағанда ислам дінін
көбірек уағыздады. Бұл тұста баса көрсететін
жайт, газет «Құрама газеті» деп аталады. Себебі, ол
өлкенің көпшілік халқына түсінікті өзбек және
қазақ тілінде ортақ тілде жазылды. Қарастырып
отырған кезеңде Түркістан қазақтары Орта Азия мен
Қазақстан халықтарының рухани дамуына жетекші рөл
атқарады [4].
1917
жылғы Қазан төңкерісінен кейін жаңа өмірді
дәріптейтін газет-журналдар шығарыла бастады. Соларға
тоқтала кетсек: 1920 жылы сәуір айында Ташкентте
«Қырғыз-қазақша» жетісіне екі рет шығатын, сыпайы
тілдегі саяси - шаруашылық «Жаңа Өріс» газеті
жарыққа келді.
Ол
Ресейлік еншілестер табының кеңесімен Түркістандық
Атқару Кеңесінің саяси бөлімі атынан шығады деп
жарияланды. «Жаңа Өріс» алғаш тегін таратылды. Оның шет
елдерде, Кеңестер ішінде, аймақ хабарлары деген бөлімдері
болды. Ал 1920 жылдың желтоқсанынан бастап «Жаңа Өріс»
негізінде Түркістан орталық партия комитетінің тілі «Ақ
жол» газеті шығарылды [1,65].
Ақ
жол газетінің 1921 жылғы 22 ақпанындағы нөмірінде
«Шолпан» журналы деген хабар шықты. Қазан айынан бастап Ташкентте
қырғыз-қазақ тілінде «Шолпан» атты жаңадан
айлық журнал шыға бастады. Журналда саясат, әдебиет, білім
мен шаруашылық жайы талқыланып отырған.
1923
жылы қаңтарда Ташкентте «Сана» журналы шығарылды. Ол
Түркістан Мемлекет Білім Кеңесінің білім-әдебиет
журналы деп аталды. Сана журналының тиражы 2000 дананы
құраған. «Сана» журналында медереселердің
жай-күйін, өнер-білім, үкіметтің ғылым мен білім
туралы бұйырық-жарлықтарын, нұсқауларын жариялап,
сын бөлімінде қазақ-қырғыз тіліндегі және
қазақ-қырғыз туралы шыққан кітаптарды
таныстырып отырды [1,25].
Қорытындылай
келе айтарымыз, ХХ ғасырдың бас кезінде демократиялық
бағыт ұстанған қазақ тіліндегі баспасөздер
Түркістан өлкесінде де көптеп шыға бастады. Мұнда
ел болашағына алаңдаған көптеген мақалалар
шығып тұрған.
Бұл басылымдар әлі де болса толық зерттеуді
қажет ететін қазақ тарихының көкейкесті
мәселесі екендігін жоққа шығаруға болмайды.
Әдебиет:
1. Эрназаров Т.Э,
Акбаров А.И. История печати Туркестана (1870-1925гг) Ташкент, 1976.
2. Добросмыслов
А.И. Ташкент в прошлом и настоящем // Исторический очерк. Ташкент. 1960 - С.
365.
3. Көлбай
Төгісов шығ.жинағы. Алматы, 2003.
4. Кенжебаев Б.
Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер. -
Алматы.1956.